- •Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі
- •3. Пререквизиттері: қазақ тілі (мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті.
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Менің Отаным
- •Тәуелсіз Қазақ елі
- •Қазақстан
- •Қазақстан жері
- •Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •1. Тірек сөздермен танысыңыз
- •2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?
- •Соөж тапсырмалары
- •Грамматикалық минимум
- •Парламент. Үкімет
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
- •Парламентінің және үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
- •Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
- •Ерек туған ер Мәлік
- •Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
- •Қазақстан – 2030
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •Экономика
- •Банк жүйесі
- •Ұлттық банк
- •Ұлттық валюта
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.
- •4.Мәтінді оқыңыздар. Халықаралық экономикалық қатынастар
- •5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •Мемлекет – адамдық өркениет институты
- •1.Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?
- •2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?
- •3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •Салт-дәстүрлердің түрлері
- •Сөж тапсырмасы
- •Сөж тапсырмасы
- •Дені саудың – жаны сау
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Сөж тапсырмасы
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •«Астана-Арена» жабық стадионы
- •Сөж тапсырмасы
- •1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?
- •3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- •4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.
- •9. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар.
- •14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология
- •15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.
- •16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.
- •17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы
- •18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.
- •3.Сәйкестендіріп жазыңыз.
- •5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.
- •7. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Мереке күндер
- •11. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
- •15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі
- •2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
- •3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.
- •Шілдехана тойы
- •2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.
- •7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.
- •9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.
- •10. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.
- •11. Мақал – мәтелдерді аударыңыздар. Жаттап алыңыздар.
- •2.Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Ырымдардың себебін жазыңыздар.
- •Негізгі әдебиеттер
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
8-бап. Орталық атқарушы органдардың қорғаныс саласындағы функциялары
Орталық атқарушы органдар өз құзыреті шегінде:
саланың жұмылдыру даярлығына, жұмылдыру мақсатындағы объектілерді,
қорғаныс мұқтажы үшін қажетті өнімдерді әзірлеу, өндіру, шығару және жөндеу жөніндегі қуаттарды жасауға, дамытуға және сақтауға қатысады және жұмылдырылатын резервтердің жинақталуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік қорғаныс тапсырысы тапсырмаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
3) соғыс уақытында саланың тұрақты жұмыс істеу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырады, оны соғыс уақыты жағдайындағы жұмыс режиміне көшіру жоспарларын әзірлейді;
4) ел аумағын жедел жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады;
5) азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастырып, жүргізеді және ведомстволық бағынышты ұйымдардың оларды орындалуын қамтамасыз етеді;
6) республика халқын қорғанысқа даярлауға қатысады, Қазақстан Републикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.
11-тапсырма Қарамен жазылған сөздерді мағынасы жақын сөздермен ауыстырып, жазыңыз
Ерек туған ер Мәлік
Ақмола топырағынан шыққан Кеңестер Одағының 27 батырының ішінде Мәлік Ғабдуллиннің тұлғасы жаратушы сый еткен асыл алмастың қырларындай жан-жақтылығымен жарқырай көрінеді.
Мәлік ағамыздың Отан қорғаудағы ерліктерін бүгінгі ұрпаққа үнемі айтып отыру қажет. Ол кісі шын мәніндегі көзсіз батыр еді. Жүрегі таза, жақсылығы ұшан-теңіз, мейірімі мұхиттай жан майданда ерлікті көзге түсейін, атақ алайын деп жасамаған болатын. Мәлік Отанын, қазақ деген халқын шын сүйген еді. Оның осы қасиеттері бейбіт уақытта да көрініс тапты. Жеңістен соң үлкен қызметтерде істеді. Қандай биіктерге шықса да, қарапайым қалпынан, жұртын, мемлекетін ойлаудан және сол жолдарда жанқиярлықпен еңбек жасаудан жаңылған жоқ. Академик, ғылым докторы, мемлекет, қоғам қайраткері бола жүріп, кісіге, маңына үнемі жақсылық нұрын шашумен болды ағамыз.
12-тапсырма Берілген мәтінді оқып шығып, синонимдерді теріп жазыңыз
Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
Аэроұтқыр әскерлері – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас Қолбасшысының резерві. Аэроұтқыр әскерлері - кез келген уақытта, кез келген жерде, күн демей-түн демей соғыс ошағы тұтанған жерге ең алдымен жететін әскери құрам. Негізгі міндеті - өте шапшаң жиналып, көзделген нысанаға әуе арқылы жету. Елімізді, кең байтақ жерімізді жаудан қорғау. Сарбаздардың әскери міндеттері жауаптылықты, ептілік пен қырағылықты, сақтықты, керек кезінде өжеттікті қажет ететін аса жауапты қызмет.
13-тапсырма Берілген мәтінді түсініп, оқып шығыңыз. Асты сызылған тірек сөздердің мағынасын ашып, түсіндіріп жазыңыз
Қазақстан – 2030
Біз қуатты сыртқы күштер келешегімізді айқындауға сөзсіз елеулі рөл атқаратын күннен-күнге өсе түскен ауқымдану мен ұлғайып келе жатқан өзара тәуелділік дәуірінде өмір сүріп отырмыз.
Егер біз өз ниетімізді байсалды ұстансақ және пайымды да парасатты болсақ, өз дамуымыздың ішкі және сыртқы факторларын бүкпесіз талдап-таразылауға қабілетті болсақ, онда біздің жалпы топтасуымыз, өз тарихымыз бен ерекше жағдайларымыз негізінде дұрыс жолды таңдап алу мүмкіндігіміз де бар.
4-апта
Лексикалық тақырып: Экономика. Ішкі және сырқы сауда. Ақша-кредит саясаты. Банк жүйесі. Ұлттық валюта.
Грамматикалық тақырып: Болымсыздық категориясы.
Ойтүрткі:
1.Экономика дегенді қалай түсінесіз?
2.Банк жүйесі туралы не айта аласыз?
3.Ұлттық валюта жайлы өз ойыңызды айтыңыз.
1 - тапсырма Мәтінмен танысыңыз
Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика да, табиғат та объективті. Экономика заңдары табиғат заңдарымен тығыз байланысты, ол да объективті. Егер табиғатты түсінбесек, табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай: егер экономиканы білсек, ол бізге байлық, пайда әкеледі.
Экономика – бұл үй шаруашылығын игеру, басқару өнері дегенді білдіретін көне грек сөзі. Бір сөзбен айтсақ, экономика дегеніміз - өзіміздің тұрмысымыз.
Базарға шыққанда кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, қанша аласыз, бәрін есептеу – экономика. Мамандық таңдау кезінде сіз ойлайсыз, қай мамандық қоғамға көбірек қажетсіз оны да есептейсіз. Күнделікті өмірде қандай мамандарға сұраныс көп, дәрігер ме, экономист пе, заңгер ме, оқытушы ма, инженер ме - мұны білу де – экономика, яғни экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді.
Экономика сіз өмірге келгеннен бастап-ақ өміріңізге араласа бастайды. Бала дүниеге келеді, ата-ана қуанып, той жасайды немесе нәрсе – сол балаға қарапайым нәрсе киім алу керек, ол да белгілі мөлшердегі ақшаны қажет етеді. Ол бала өседі, мектепке барады, университетте оқиды, ол да –ақша. Жігіт үйленеді, ол үшін кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мемлекетті басқару - үлкен өнер. Шетелде жастар үйленген кезде некелік шартқа тұрады. Кәдімгі екі мемлекет сияқты. Шартта көп мәселе қамтылады: болашағымыз бала десек, некелік шартта сол баланың болашағына дейін ойластырылған. Яғни ұрпаққа нені қалдырамын, ұрпағым нені жалғастырады деп ойлау да – экономика.
Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру - ол да экономика, себебі сіз баланы жеткізу, аяғынан тұрғызу үшін, көп нәрсені есептейсіз, сіз ауырмауды ойлайсыз, шаршамауды ойлайсыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен өзіңді ойлау, денсаулығыңды ойлау – бәрі де экономика.
Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика – байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол.
2 - тапсырма 1.Мәтіннен таныс емес сөздерді теріп жазыңыз, сөздіктен аудармасын іздеңіз.
