- •Қазақстан республикасы ауылшаруашылығы министрлігі
- •3. Пререквизиттері: қазақ тілі (мектеп базасы), қазақ әдебиеті, орыс тілі, Қазақстан тарихы, география, сөйлеу мәдениеті.
- •5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:
- •6. Пәннің мазмұны
- •6.1. Практикалық сабақтарының тізбесі
- •7. Пән бойынша сөж тапсырмаларын орындау және тапсыру кестесі
- •Менің Отаным
- •Тәуелсіз Қазақ елі
- •Қазақстан
- •Қазақстан жері
- •Лексикалық тақырып: Ел басқару жүйесі. Президент. Парламент. Үкімет. Сот
- •1. Тірек сөздермен танысыңыз
- •2. Мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің 1 бөлігіндегі мәліметтер қайдан алынған?
- •Соөж тапсырмалары
- •Грамматикалық минимум
- •Парламент. Үкімет
- •Лексикалық тақырып: Ұлттық қауіпсіздік. Қарулы күштер. Құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы
- •Парламентінің және үкіметінің қорғаныс саласындағы өкілеттіктері
- •Қорғаныс саласындағы орталық және жергілікті атқарушы органдардың функциялары, азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен міндеттері
- •Ерек туған ер Мәлік
- •Аэроұтқыр әскері – айрықша құрылым
- •Қазақстан – 2030
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •Экономика
- •Банк жүйесі
- •Ұлттық банк
- •Ұлттық валюта
- •2. Тірек сөздерді теріп жазыңыз
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыз
- •2.Сөздікті жаттап алыңыздар.
- •3.Бірінші қатардағы антонимдердің сыңарын екінші қатардан көрсетіңіздер.
- •4.Мәтінді оқыңыздар. Халықаралық экономикалық қатынастар
- •5.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •12.Мәтіндегі етістіктерді көшіріп жазып, қай шақта тұрғанын айтыңыздар.
- •13.«Қазақстанның халықаралық қатынастары» тақырыбында реферат жазыңыздар.
- •Мемлекет – адамдық өркениет институты
- •1.Cіз өз құқығыңызды білесіз бе?
- •2. Адамдар өз құқықтарын дұрыс білмегендіктен, келеңсіз жағдайларға түседі ме, жоқ әлде кішіпейіл болғандықтан кешіріммен қарайды ма?
- •3. Сіз бір ыңғайсыз жағдайға түссеңіз, өз құқығыңызды айтып, мәселенің дұрыс шешілуін талап етесіз бе, әлде мені кейін сотқа шақырады, уақытым кетеді деп көзжұма қарайсыз ба?
- •Отбасы мүшелері
- •Отбасы – шағын мемлекет
- •Ұлттық тәлім-тәрбие. Үлкенге құрмет, кішіге ізет. Отбасы тәрбиесі
- •Салт-дәстүрлердің түрлері
- •Сөж тапсырмасы
- •Сөж тапсырмасы
- •Дені саудың – жаны сау
- •1. Пайдалы нәрселер 2. Зиянды нәрселер
- •Сөж тапсырмасы
- •Шығыс халықтарындағы тазалықтың 7 ережесі:
- •Ұлттық тағамдар
- •1. Еттен жасалатын тағамдар 2.Сүттен жасалатын тағамдар
- •Сертификатталмаған тағамнан сақ болыңыз
- •«Астана-Арена» жабық стадионы
- •Сөж тапсырмасы
- •1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?
- •3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)
- •4. Мәтінге қатысты сұрақтар құрыңыздар.
- •9. Мәтін мазмұны бойынша сұрақтар жазыңыздар.
- •14. Сұхбатты рөлге бөліп оқыңыздар. Заманауи технология
- •15. Ал сіздер заманауи техникалық құралдарды қолданасыздар ма? Олардың пайдасы мен зияны туралы айтыңыздар.
- •16. Берілген тірек сөздерді пайдаланып, полилог құрыңыздар. Рөлдерде ойнаңыздар.
- •17. Мәтінді оқып, тақырыпқа қатысты сөздерді теріп жазыңыздар. Интернет байланысы
- •18. Сөйлемдерге қажетті сөздерді анықтаңыз.
- •3. Мәтін бойынша сұрақтар құрыңыз.
- •3.Сәйкестендіріп жазыңыз.
- •5. Берілген сөздермен сөйлемдер құраңыз.
- •7. Көп нүктенің орнына тиісті етіс жұрнақтарын қойыңыз.
- •9. Мәтінді оқыңыздар. Мереке күндер
- •11. Мәтінді аударыңыз. Мазмұнын айтыңыз.
- •15. Мақал-мәтелдерді пайдаланып, сөйлемдер құраңыз.
- •Сөж тапсырмалары:
- •Адамгершілік, имандылық – тәрбие негізі
- •2. Мәтін бойынша бірнеше сұрақ құрастырыңыздар.
- •3. Мереке күніне құттықтау жазыңыздар.
- •Шілдехана тойы
- •2. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •5. Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •6. Мәтінді қазақ тіліне аударып, тақырып беріңіздер.
- •7. Сөз тіркестерімен сөйлем құраңыздар.
- •8. Сүндет тойда айтылатын тілекті оқыңыз. Көп нүктенің орнына тиістісөздерді қойыңыз.
- •9. Мәтінді ретімен орналастырыңыздар. Аударыңыздар.
- •10. Берілген сөздердің синонимін табыңыздар.
- •11. Мақал – мәтелдерді аударыңыздар. Жаттап алыңыздар.
- •2.Мәтінге сүйеніп сұрақтарға жауап беріңіздер.
- •3. Ырымдардың себебін жазыңыздар.
- •Негізгі әдебиеттер
- •10. Білімнің бағалануы туралы ақпарат
- •11. Баға қою саясаты Пән бойынша білім бағалау кестесі
Салт-дәстүрлердің түрлері
Діни әдет ғұрыптар а) Ырымдар мен нанымдар (оң және теріс бата, күн жайлату, отқа май құю, алғыс-қарғыс, ауруды емдеу т.б.) ә) Діни рәсімдер мен мейрамдар (намаз оқу, ораза ұстау, зекет-садақа беру, қажыға бару т.б.) 2. Отбасылық той-томалақтар мен жиындар а) Үйлену тойы ә) Бала тәрбиелеу дәстүрлері б) Жерлеу салты 3. Маусымдық халықтық мерекелер а) Жалпы халықтық тойлар (Наурыз мейрамы. Қымызмұрындық. Сабантой. Соғым басы.) ә) Кәсіптік мейрамдар (бие байлау, жүн қырқар, тулақ шашар, күйек байлау, шашыратқы, уызқағанақ т.б.)
10-тапсырма Білгенге маржан. Ұлағатты сөздер:
1. Жақсы адам болып қалыптасу үшін жаратылысынан гөрі, жаттығудың ролі зор
Демокрит
2. Жігіт адамға 3 нәрсе кесір болады: 1- еріншектік, 2- ұйқышылдық, 3- тіл алмау. Содан сақтан.
Әйтеке би
3. Біз өз бойымызда әдеп сезімін дамытуға тиіспіз. Өйтпесек, адамдардың ілтипатынан оп-оңай айырылып қалуымыз мүмкін. Бұл қателігі үшін адам өмірде көп зиян шегеді. Және, өкінішке орай, ұрпақтарын осы ауыр зияннан құтқара алмай-ақ келеді.
И. Гете
4. Шынайы сыпайыгершілік адамдарға тілектестікпен қараудан құралады.
Ж. Ж. Руссо
5. Дөрекі болу — өз басының қадір-қасиетін ұмыту деген сөз.
Н. Г. Чернышевский
6. Осыншама әдептілікті кімнен үйрендіңіз? деп сұрағанда Лұқпан Хакім: «Әдепсізден үйрендім» — депті.
11-тапсырма Екі бағандағы сөздерден сөз тіркестерін жасаңыз
Әдепті аспан
Кең көйлек
Ашық көше
Терең тау
Қысқа бала
Биік өзен
Сөж тапсырмасы
1-тапсырма «ОТБАСЫ. НЕКЕ. БАСПАНА. БАЛА ТӘРБИЕСІ» тақырыбын мазмұндау
2-тапсырма«Отбасы тірегі» тақырыбында эссе жазу
3-тапсырма «Әке, ана» тақырыбында өлең жаттаңыз
9-апта
Лексикалық тақырып: Білім.Кәсіби бағдар.
Грамматикалық тақырып: Қимыл есімдерінің қызметі.
1-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.
Знание, высшее учебное заведение, будущее поколение, зарубежом, образовательные программы, в результате, частные учебные заведение, платное, бесплатное
2-тапсырма. Мәтінненнегізгі ақпаратты жеткізетін маңызды фактілерді жазып алыңыз.
Қазақстан Республикасында білім алудың бірнеше жолы бар. Біріншіден, азаматтардың мемлекеттік оқу орындарына тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Ол дегеніміз жасөспірім балалардың орта білім алуға міндеттілігі. Екіншіден, азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқығы бар. Үшіншіден, қазақстандық кез келген азамат ҰБТ нәтижесі негізінде төлемақылы негізде жеке меншік оқу орындарында да білім алуға құқылы.Жеке меншік оқу орнында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздермен тәртіп бойынша жүзеге асырылады. Қалай болғанда да мемлекет білім берудің жалпыға міндетті нормаларын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі сол нормаларға сай болуы керек.
3-тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұхбат құрастырыңыз.
Білім алу құқығын әлеуметтік және мәдени құқық ретінде қарастыруға болады. Әлеуметтік құқық сияқты білім алу құқығы да мемлекеттің әр адамын осы құқықпен қамтамасыз етіп, әр адамның білім алуына мемлекеттік кепілдік береді. Білім алу құқығы тек мемлекетпен берілетін әлеуметтік кепілдіктермен ғана шектелмейді, оның айтарлықтай мәдени маңыздылығы да бар. Мәдени құқық ретінде әр азамат білім алуға құқылы, әрі білім алу бостандығы бар.
Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бастап білім қатынастарын реттейтін заңнама даму мен қалыптасу кезеңдерінен өтті. Білім саласы заңнамасын реформалаудың бастапқы кезеңі ҚР «Білім туралы» (1992 ж.) және ҚР «Жоғары білім туралы» Заңдарының (1993 ж.) қабылдануымен байланысты. Бұл кезеңде білім саласындағы кейбір сұрақтар бұрынғы СССР заңнамасымен реттелді. Сондықтан, қоғамдық қатынастардың қарқынды жаңаруы мен нарықтық механизмдердің енгізілуі білім саласындағы қоғамдық қатынастарды реттеу жолдарының өзгеруін талап етті. Және қолданыста болған заңнама 1995 жылғы ҚР Конституциясына сәйкес болуы қажет болғандықтан, бұрынғы заңдарды қолдану тәжірибелерінің жинақталуын ескере отырып, әлемдік білім кеңістігіне қосылуды көздеп, 1999 жылы білім қатынастары заңнама базасын реформалау мен дамытудың жаңа кезеңі ашылды. Сөйтіп 2007 жылдың 7 шілдесінде ҚР «Білім туралы» Заңы әзірленіп, қабылданды. Бұл Заң ұлттық және жалпы адамдық құндылықтар, ғылым мен тәжірибедегі жетістіктер негізінде тұлғаның кәсіби қалыптасуы мен дамуына қажетті жағдайларды жасаудың құқықтық негізін қалады. Отандық білім беру жүйесінің алдында тұрған басты міндет – білім беру сапасын халықаралық деңгейге көтеру.
Әрбір адам азаматтығына қарамастан, білім алу құқығын еш кедергісіз жүзеге асыруға құқылы. Ал, мемлекет, өз тарапынан барлық адамдарға бұл құқықтарды жүзеге асыруға тиісті жағдайлар жасауы тиіс.
4-тапсырма. Берілген даналық сөздерді жаттап, жадыңызға сақтаңыз.
Даланың заңдары тек достық пен бауырластыққа негізделеді
(Анахарсис).
Ақыл атасы – ақиқат (Анахарсис).
Ең жақсысы өкімет – ең жақсы азаматтар билік құрған өкімет
(Анахарсис).
Ел қамын жеген ер – басшы (Тоныкөк).
Көсемнің соңынан көп ерер (Білге Мерген).
Тату елге – тыныштық пен тоқшылық нәсіп (Күлтегін).
Халқына – бегі, бегіне – халқы сенген ел ұзақ жасайды (Күлтегін).
