Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК В1 - Студ.docx
Скачиваний:
563
Добавлен:
18.02.2016
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

1. Суреттер бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіздер.

1. 2.3.

а) Суреттегі адамдар сіздерге таныс па?

ә) Олар туралы не білесіздер?

б) Олардың есімдері берілген қала, ауыл, оқу орындары, көше, т.б. аттарын білесіздер ме?

2. Қалай сұрап, қалай хабарлауға болады?

Үлгі: - Бізге қазақтың ұлы ғалымдары туралы айтып беріңізші!

- Мен сіздерге қазақтың тұңғыш ғалымы туралы айтып берейін.

Оқылым

3. Мәтінді оқып, сөздікті пайдаланып, аударыңыздар. Шоқан Уәлиханов (1835-1865)

Шоқан Уәлиханов – қазақтан шыққан ең бірінші ғалым, саяхатшы және зерттеуші. «Шоқан» – деген аты әке-шешесінің еркелетіп қойған аты. Ақылды, парасатты Шоқан әжесінің бауырында өсті. Ол ерте хат таныды. Кітап оқуды өте жақсы көрді.

Шоқан Уәлиханов 12 жасында Омбыдағы кадет корпусына оқуға түсті. Әуелде орысша бір ауыз сөз білмей келген Шоқан, екі-үш жылдың ішінде озат оқушылардың қатарына қосылды. Ол сол кезде оқуға тыйым салынған кітаптарды оқыды. Мұғалімдер Шоқанды 14-15 жасында болашақ ғалым, зерттеуші деп атады.

Шоқан Уәлиханов Семей, Аягөз, Капал, Алакөл, Тарбағатай, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау жерлерінде болып, қазақ халқының ауыз әдебиетінің үлгілерін, тарихы мен этнографиясына байланысты материалдар жинады.

Ыстықкөл аймағында болып, қырғыз, ұйғыр, дүнген, қытай халықарының тарихын, өмірін зерттеді. Қырғыз халқының асыл мұрасы «Манас» жырын алғаш рет хатқа түсірді. Оның «Іле өлкесінің географиялық очеркі», «Жоңғария очерктері», «Қырғыздар туралы жазбалар», «Ыстықкөл сапарының күнделігі», т.б. зерттеулері бар.

1857 жылы Шоқан жиырма екі жасында Орыс география қоғамына мүше болып сайланды. Үлкен ғалым атанды. Ол орыс халқының алдыңғы қатарлы, озық ойлы ғалымдары П.П. Семенов-Тянь-Шанскиймен, Ф.М. Достоевскиймен дос болды. Ф.М. Достоевский Шоқанды туған бауырындай көрді. Шоқан туған халқының жақсы тұрмысқа жетуін армандады. Шоқанның еңбектерін орыс ғалымдары жоғары бағалады. Шығыс зерттеушісі Е.И.Ковалевский Шоқанды «Қазақ халқының ең жақсы досы әрі орыстың мемлекет мүддесін қадір тұтушы»деп атады. Потанин оны «Шығыстың құйрықты жұлдызы» деді. Шоқанның еңбектері бірнеше рет қазақ, орыс тілдерінде жарық көрді. Алматыда, Көкшетауда ескерткіштер орнатылды. Қазақстан Ғылым Академиясының Тарих, археология және этнография институтына Шоқан Уәлихановтың есімі берілді.

(Ш. Бектұров, А. Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих» оқулығынан)

Сөздік:

еркелетіп қойған аты – уменьшительно- асыл мұра – ценное наследие

ласкательное имя хатқа түсіру – записать

ақылды – умный Іле өлкесі – территория Или

парасатты – понятливый күнделік – дневник

әжесінің бауырында – воспитывала бабушка қоғам – общество

хат тану – обучиться грамоте озық ойлы – прогрессивно

мыслящий

озат – лучший туған бауырындай – как брата

тыйым салынған – запрещенный мемлекет мүддесін қадір тұтушы -

болашақ – будущий защитник интересов государства

Ыстықкөл аймағы – окрестности Иссык Куля құйрықты жұлдыз – комета

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]