Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
446524_6BD99_kyulmanov_deloproizvodstvo_na_kaza...doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.03.2025
Размер:
3 Мб
Скачать
☆

7. Жақтардың жауапкершілігі және дауларды шешу

7.1. Осы Шартта көрсетілген міндеттердің орындалмағаны немесе тиісті дәрежеде орындалмағаны үшін келісуші екі жақ Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес жауап береді.

7.2. Осы Еңбек шартын орындау барысында екі Жақ бір-біріне материалдық шығын келтірген жағдайда олар бір-бірінің алдында толық материалдық жауапкершілік туралы шартқа және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жауап береді.

8. Еңбек шартын тоқтату және бұзу

8.1. Осы Еңбек шарты төмендегідей жағдайларда тоқтатылады:

а) Шарт әрекеті мерзімінің бітуіне байланысты;

б) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 53-бабына сәйкес екі Жаққа тәуелсіз жағдайларда.

8.2. Осы Шарт мына жағдайларда бұзылуы мүмкін:

а) екі Жақтың келісімі болғанда екі Жақтың жазбаша келісімі бойынша (Еңбек кодексінің 52-бабының 1-тармағы);

б) бір Жақ екінші Жақты осы Шарттың бұзылуына дейін кем дегенде бір айдан кешіктірмей жазбаша түрде ескертсе, бір Жақтың бастамасы бойынша (Еңбек кодексінің 54-бабы);

в) белгілі бір мерзімге жасалған шарттың әрекет ету мерзімінің бітуіне дейін ҚР Еңбек кодексінің 54-бабында қарастырылған жағдайларда алдын ала жазбаша ескертпе жасамай-ақ, Жұмыс берушінің бастамасы бойынша.

9. Қорытынды ережелер

9.1. Осы Шартта қарастырылмаған жағдайлар бойынша Жақтар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.

9.2. ҚР Еңбек Кодексі Қызметкердің Шарт талаптарына қатысты еңбек жағдайларын жақсартуға қарай өзгерген жағдайда соңғысы (Шарт) түзетілуі тиіс, ал қатаңдандырған жағдайда Шарт өзгеріссіз әрекет етеді.

9.3. Осы Шарт 2 (екі) данада, әрқайсысы мемлекеттік және орыс тілінде жасалған, заңдылық күштері бірдей, рәсімделуден кейін олардың біреуі – Қызметкерде, екіншісі Жұмыс берушіде болады.

Қосымша:

1. Толық жеке материалдық-жауапкершілік туралы шарт.

2. Мәліметтерді жария етпеу, мемлекеттік құпияны және Заңмен қорғалатын басқа да құпияларды сақтау туралы міндеттеме.

Осы Шартқа қол қоярда ______________ ауданы әкімі аппараты қызметкерлерінің қызметін реттейтін төмендегі құжаттармен таныстым:

– ________________ ауданы әкімі аппаратының жұмыс регламенті;

– Көріктендіру және құрылыс бөлімінің бас маманының қызметтік міндеттемелері:

________________ ____________________________________________________

(қолы) (аты-жөні)

200__ жылғы «___» ___________

9.4. Осы Шарт қол қойылған күннен бастап өз күшіне енеді және осы Шартта көрсетілген біту мерзіміне дейін әрекет етеді.

Жұмыс беруші:

Қазақстан Республикасы

___________ қаласы, _______________ көшесі, ______________.

__________ ауданының әкімі ___________ __________________

(қолы) (аты-жөні)

Қызметкер: ___________________________________________________

______________________________________________________________

Жеке куәлік (төлқұжат) № _______________________________________

СТН _________________________ЖӘК ____________________________

Мекенжайы: ___________ қаласы, __________________ көшесі,

______ үй, ________________ пәтер, телефон № _____________________.