- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің
- •Құрылымы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқытушы туралы жалпы мәліметтер
- •2.Оқу уақытын бөлу
- •3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3.1 Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •3.2 Соөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •3.3Сөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •5.Глоссарий
- •Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •Бағалау бойынша мәлімет
- •6.Пәннің дәріс кешені
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •3.1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырудың теориялық негіздері
- •Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
- •Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері
- •1. Экономикалық өсудің мәні
- •6.1 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны
- •6.2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
- •6.3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
- •2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау.
- •3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
- •4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
- •1 Ел экономикасын бюджеттік реттеу
- •2 Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы
- •2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
- •3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
- •Қазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі неше гектарды құрады?
- •Мемлекеттік реттеу әдістерін неше топқа бөлуге болады?
- •7.Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар Студенттің оқытушының жетекшілігімен жұмысы аясындағы сабақты өткізу түрі: тақырып бойынша пікір-талас, баяндама мен рефератты талқылау,
- •1.Тақырып Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен обьектісі
- •2.Тақырып Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3.Тақырып Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •4.Тақырып Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
- •5 Тақырып Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
- •7.Тақырып Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
- •8 Тақырып Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
- •10.Тақырып Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •11 Тақырып Экономиканы реттеудің қаржы – бюджеттік әдістері
- •12.Тақырып Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
- •13.Тақырып Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14.Тақырып Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы-экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
- •9.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •1 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
- •2 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3 Тақырып. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •4 Тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
- •5 Тақырып. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
- •7 Тақырып. Ғылыми техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
- •8 Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
- •10 Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •11 Тақырып. Экономиканы реттеудің қаржы – бюджеттік әдістері
- •12 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
- •13 Тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы-экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
- •10.СтуденттІң оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар.
- •Бақылау-өлшеу құралдары: емтихан тапсыруға арналған тест сұрақтар
- •Пән бойынша емтиханға дайындық үшін сұрақтар
Қазақстанда БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі бағдарламасының қолдауымен қай жылдан бері Шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық бағдарламасын дайындау жүргізіледі?1996 жыл;1991 жыл;1994 жыл;1999 жыл;2001 жыл;
Қазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі неше гектарды құрады?
- 20 млн;- 12 млн;-17 млн;-23 млн;-26 млн;
Мемлекеттік реттеу әдістерін неше топқа бөлуге болады?
2 топ;3 топ;4 топ;5 топ ;6 топ;
1997 жылдың қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады.- 1997 жыл 15 шілде;- 1991 жыл 7 желтоқсан; -1994 жыл 29 ақпан;- 1999 жыл 17 наурыз;- 2001 жыл 25 қазан;
АҚШ-та табиғатты қорғауға байланысты қандай биржа Қалдықтар биржалары құрылған?Қалдықтар биржасы; Табиғат биржасы;Жасыл ел биржасы;
Тазалық биржасы;Аймақты тазалау биржасы;
Жыл сайын Қазақстанның аумағына және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз көшіріледі?- 150 мың;- 100 мың;- 200 мың;- 250 мың;- 300 мың;
Қосымша ақпарат, Қазақстанның су ресурстарының 45%-ы Ресейден, Тәжікстаннан, Өзбекстаннан, Қыргызстаннан және Қытайдан ағып келетін өзендерден құралады және тек 55%-ы ғана республика аумағында: 19%-ы - Қытайдан, 15%-ы - Өзбекстаннан, 8%-ы — Ресейден және 3%-ы — Қырғызстаннан қалыптасады. Қазақстанның суға ңажеттілігі 34-40 текше километрді құрайды.
Сондай-ақ Каспий теңізінің жайы да ерекше толғандырады. Оның деңгейінің көтерілуіне байланысты бес мұнай-газ кен орны,
коммуникациялар, елді мекендер мен өнеркәсіп нысандары су басқан аймақта қалды. Каспий теңізінің ластану нәтижесінде суда жүзетін құстардың, итбалықтың жаппай қырылу жағдайлары орын алды.
Арал теңізі - экологиялық апат аймағы. Өзен тармақтарының көп жылдан бері қысқаруы оның деңгейінің 15 метрге төмендеуіне және су құрамында зиянды заттардың моолаюына әкеп соқтырды. Жыл сайын Қазақстанның аумағына және одан тысқары теңіз түбінен 150 мың тоннадай шаң-тозаң мен тұз көшіріледі. Теңіз бассейнінде биологиялық ортаның азуының қайталанбайтын процестері күшеюде.
Қазақстанның жайылымдары - республканың ұлттық байлығы. Олар 182 млн га ауданда орналасқан және сонымен бірге республика аумағының 67%-ын және бүкіл ауыл шаруашылығы жайылымдарының 81%-ын ала отырып, республиканың негізгі экологиялық ортасы болып табылады.
Жердегі барлық тіршілік континенттерді жабатын жұқа, берік емес қабатқа байланысты. Осы бағалы қабат өте ұзақ уақыт бойы қалыптасады, алайда бүлінуі де тым жылдам болуы ықтимал.
«Әлемдік қорғаушы» институтының деректері бойынша жыл сайын континенттер топырақтың сыртқы құнарлы қабатының 24 млрд тоннасын (АҚШ-тың бүкіл жыртылатын жерінде соншама) жоғалтады және жағдай одан әрі нашарлауда. Африкада 1 млрд га-дан астамы, Азияда да 1,4 млрд га аздап немесе тұтастай шөлейттенген, ал Солтүстік Америкадда қуаң жерлер 74%-ды құрайды; ЕО-ның 15 елі де шөлейттенуден зардап шегуде.
Шөлейттену неден пайда болады және оны не шиеленістіреді? Адам қызметінің мына төрт түрі оған тікелей себепкер болады:
топырақты тым аздыртуға әкеп соқтыратын жерді шамадан тыс пайдалану;
малды топырақты бүлінуден қорғайтын өсімдік жабынын шамадан тыс құртатындай жаю;
жер бетіндегі топырақты ұстап тұратын ағаштарды жойып ормансыздандыру;
суармалы жерлерді тұздандыруға әкеп соқтыратын суландырудың қате әдістері.
Өзіміз көргендей, шөлейттену - әлемді шөлдердің басуы емес, бұл биологиялық және экономикалық өнімділікті жоғалтумен қоса қуаң жерлердің азуы.
Негізінен шөлейттену жер ресурстарын ұқыпсыз пайдаланудан (481,1 млн. га) және техногендік факторлардан (6 млн га) пайда болады.
Қазақстанда БҰҰ-ның қоршаған орта және даму жөніндегі бағдарламасының қолдауымен 1996 жылдан бері Шөлейттенумен күрес жөніндегі іс-қимылдардың ұлттық бағдарламасын дайындау жүргізіледі.
Жерлердің одан әрі азуының алдын-алу; егістіктердің құнарлығын қалпына келтіру; орман көлемін кеңейту; ерекше қорғалатын аумақтар желісін құру; жер қойнауын ұтымды пайдаланудың экономикалық тетіктерін әзірлеу; жерлердің техногендік бүлінуінің алдын алу және оларды қайтадан өңдеу сияқты іс-қимылдар қарастырылған.
Адам өміріне көп зиян тигізетін проблемаларды қысқаша атап өтелік:
1. Улы өнеркәсіптік қалдықтарды жинау, құрғату, қайта өңдеу және көму мәселелері. Барлығы 2 млрд тонна жиналды, жыл сайынғы өсім 73 млн тоннаны құрайды.
2. Шиеліністі радиациялық жағдай.
Қазақстан - шикізат өндіру, ядролық оқ-дәрі жасау және сынау, ядролық ракеталарды сынау және жою, қалдықтарды көму ядролық-стратегиялық бағдарламалар толық мөлшерде жүзеге асырылған Жер бетіндегі жеке дара орын. Мұның барлығы радио-нуклидтермен, радиоизотоптарымен, уран кәсіпорындарының, зымыран-ғарыштық кешендердің өнеркәсіптік қалдықтарымен ластануына байланысты.
Қазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі 20 млн гектарды құрады; жалпы қуаты 50 мегатоннаға жуық 500 әуе және жер асты жарылыстары жүргізілді.
Қоршаған ортадағы орын алған өзгерістер халықтың денсаулығына өте әсер етеді. Адамдардың үшінші ұрпағының өзі топырақ, су, өсімдіктер, мал еті арқылы зиянды ықпалға ұшырайды. ;
2-сұрақ. Мемлекеттік реттеу әдістерін екі топқа бөлуге болады:
• Технологиялық стандарттарға негізделген әкімшілік-құқықтық әдістер.
Бірінші кезекте мемлекеттің табиғи ортаның түрлі элементтерін қорғау талаптарының орындалуын ынталандыруына негізделген экономикалық әдістер.
Әкімшілік-құқықтық әдістер тастауға жол берілетін нормаларды белгілеуді; шикізаттың немесе өнімнің белгіленген түрін қолдануға тыйым салуды; түрлі салаларға арналған сараланған экономикалық стандартгар жүйесін белгілеуді қарастырады.
Қоршаған ортаны қорғаудың экономикалық әдістері мыналар болып табылады:
1) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау және қаржыландыру;
2) табиғи ресурстарды пайдалану үшін төлем төлеу;
3)табиғи ресурстарды қорғау және ұдайы өндіру үшін төлем төлеу;
4) қоршаған ортаны қорғауды экономикалық ынталандыру;
5) экологиялық сақтандыру;
6) қоршаған ортаны қорғау қорларын құру.
Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру барлық деңгейдегі бюджеттерде жеке жол болып бөлінеді.
Табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану және ұдайы өндіруді қамтамасыз ету үшін жауапты уәкілетті мемлекеттік органдардың мына функцияларын қарастырайық: ,
• табиғи ресурстарды баскару;
• қоршаған ортаны қорғауды және жақсартуды жоспарлау;
• экологиялық нормалау;
• қоршаған ортаға әсерді бағалау;
экологиялық сараптама;
экологиялық лицензиялау;
экологиялық аудиттеу;
экологиялық мониторинг;
экологиялық бақылау;
экологиялық тәрбие және білім беру.
Қоршаған ортаның және табиғи ресурстардың мемлекеттік мониторингін қоршаған ортаны қорғау мен табиғи ресурстарды пайдалану саласында басқарушылық және шаруашылық шешімдер қабылдау мақсатында, қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты пайдалануды басқару функцияларын жүзеге асыратын арнайы уәкілетті мемлекеттік органдар жүргізеді.
Экологиялық нормалау - ПДК қорғау саласында нормативтер белгілеу.
Экологиялық аудиттеу - кәсіпорындардың табиғатты ұтымды пайдалануын қамтамасыз ету жөніндегі қызметінің жай-күйін тексеру.
Қазақстан Республикасында қоршаған ортаны қорғау саласында мемлекеттік, ведомстволық, өндірістік және қоғамдық бақылау жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау үшін жауап беретін мемлекеттік органдар:
ұйымдарға және меншік нысанына және бағыныстылығына қарамастан басқа да нысандарға (қызметтік куәліктерін көрсетіп) кедергісіз кіруге, танысу үшін құжаттаманы,талдаулардың нәтижелерін және бақылауды жүзеге асыруға қажетті өзге де материалдарды сұратуға және тегін алуға;
қоршаған ортаны қорғау мен сауықтандыру жөніндегі жоспарлар мен іс -шаралардың орындалуын тексеруге;
мемлекеттік экологиялық сараптама өткізу жөнінде ұсыныс енгізуге және оның қорытындыларының орындалуын тексеруге;
- республика аумағына экологиялық қауіпті жүктерді (бұйымдарды), қалдықтарды және қоршаған орта сапасының және экологиялық талаптардың нормативтері бұзылып жүзеге асырылатын шикізат ресурстарын экелуге, сондай-ақ транзиттеуге тыйым салу жөнінде ұйғарымнама шығаруға;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманы бұзу нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға және осының нәтижесінде кінәлі тұлғаларға осы зиянды ерікті түрде өтеуге талап қоюға немесе сотқа талап табыс етуге;
- экологиялық сараптама жөнінде қорытынды жасауға тиісті қаржы-кредиттік ұйымдарға экологиялық талаптар бұзылып немесе экологиялық сараптаманың жағымды қорытындысыз жүзеге асырылып жатқан шаруашылық немесе өзге кызмет нысандарын салуды және пайдалануды қаржыландыруды тоқтату туралы ұйғарымнама табыс етуге құқылы.
3-сұрақ. Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі органдардың нақты жағдайлардағы іс-қимылдары құқықтық құжаттарға жауап беруі тиіс, осы құжаттар - атап айтқанда 1997 жылдың 15 шілдесінде қабылданған ҚР «Қоршаған ортаны қорғау туралы» Заңы болып табылады.
Осы заңға сәйкес мемлекет экологиялық қауіпсіздіктің жалпы нормаларын, стандартгары мен ережелерін айқындайды. Заңда қоршаған ортаның сапасын нормалаудың мақсаты экологиялық қауіпсіздікті және халықтың денсаулығын қорғауға кепілдік беретін қоршаған ортаға әсер етудің ғылыми негізделген шекті жол берілетін нормаларын белгілеу болып табылады.
Қоршаған ортаның сапа нормативтерінің негізгі түрлеріне мыналар жатады:
1) қоршаған ортадағы зиянды заттардың шекті жол берілетін шоғырлану нормативтері;
2) шудың, тербелудің, магниттік өріс пен өзге де зиянды физикалық әсерлердің шекті жол берілетін деңгейлерінің нормативтері;
радиациялық әсердің шекті жол берілетін деңгейінің нормативтері;
қоршаған ортаға шығарылатын және тасталатын ластайтын заттардың шекті жол берілетін нормативтері;
ауыл және орман шаруашығында агрохимикаттарды қолданудың шекті жол берілетін нормалары; қорғау, санитарлық-қорғаныс және өзге де қорғаныс аймақтарының нормативтері.
4-сұрақ. Табиғатты пайдалануды экономикалық реттеуде дамыған индустриалды елдердің тәжірибесін қарастырайық.
АҚШ-та қазіргі уақытта экономикалық реттеудің нарықтық әдістерінің негізінде «баббл-қағидат» әдісі («құты қағидаты») аталатын әдіс алынады. Бақылау әрбір жеке құбырға, пешке емес, қоршаған ортаны ластайтын көптеген қондырғылары бар бүкіл кәсіпорынға орнатылады. Қандай да бір немесе өзге заттардың тасталуының мөлшері анықталады. Кәсіпорын ластанудың тапсырылған деңгейі аспауға тиіс орасан зор күмбездің («құтының») астында деп қарастырылады. Кәсіпорын осы деңгейдің шектерінде жекелеген құбырлардан шығатын зиянды заттардың мөлшерін өзі белгілейді және жалпы нормативке жетуге болатын түрлі тәсілдерді өзі таңдай алады: отынның бұдан да таза түріне көше алады, технолгияның бір түрін басқаға ауыстыра алады, өндіріс бейінін өзгерте алады, оның мөлшерін қысқартып, ең қауіпті цех-тар мен учаскелерді жаба алады.
«Баббл-қағидасының» артықшылығы, эсіресе, ол тастаудың жалпы лимиті (немесе нормативі) заң жүзінде белгіленген өңірдің барлық кәсіпорындарына таралғанда көрінеді. Егер бір кәсіпорындар қалдықтарды залалсыздандырудың тиімді әрі қымбат емес тәсілдерін тауып, сонымен бірге қалдықтарды тастаудың өмірлік нормативтен төмен болуын қамтамасыз ете алса, онда басқалар олардан орта деңгейден тыс тастау құқығын (алайда өмірлік норматив шеңберінде) сатып ала алады.
Батыс Европада, сондай-ақ АҚШ-та Қалдықтар биржалары құрылған. Бұл қалдықтар шығарушылар мен оларды ықтимал тұтынушылар арасындағы делдалдық ұйымдар, сондай-ақ олар қалдықтардың қайсысы өндірістік қажетке жарамды екенін қадағалап отырады. Қалдықтар биржалары өнеркәсіпшілерді қоқыс тастайтын жерге әкелгенді пайдалануға немесе өңдеуге, сонымен бірге бастапқы шикізаттың орнына пайдалануға тартуға тырысады. Екінші жағынан, биржалар кәсіпорындарды олардың өздерінің қалдықтарын өздеріне өңдеуге мүдделі етуге тырысады.
Негізгі әдебиет
1.Каренов Р.С. Государственное регулирование экономики. Алматы: Ғылым, 1999-254с.
2.Бабашкина А.М. Государственное регулирование национальной экономики. - М.: Финансы и статистика. 2004.
3.Бибатырова И.А. Государственное регулирование национальной экономики: Учебное пособие. – Алматы : Қазақ университеті. 2004.
4.Мамыров Н.К., Ихданов Ж.О. Государственное регулирование экономики в условиях Казахстана. – Алматы: Экономика . 1998
5.Ходрв Л.Г. Госдарственное регулирование национальной экономики: Учебник. – М: Экономисть. 2005.
6.М.Б.Төреғожина Экономиканы мемлекеттік реттеу – Алматы: Экономика. 2008.
Қосымша әдебиет
1.Государственное регулирование рыночной экономики: Учебник для вузов/ Под общ. ред. Кушлина В.И., Волгина Н.А.; редкол.: Владимирова А.А. и др.-М.: ОАО «НПО «Экономика»», 2000.-735 с.
2.Государственное регулирование рыночной экономики: Учеб.пособие.-М: Дело, 2001 .-280 с. - (Сер. «Наука управления»).
3. Орешин В.П. Государственное регулирование национальной экономики: Учеб. пособие. -М.: Юристь, 1999. - 272 с.
4.Мищенко В. В. Государственное регулирование экономики: Учеб. пособие. - М.: ИНФРА - М, 2002.- 408 с.
5.Исингарин Н. Казахстан и Содружество: проблемы экономической интеграции. Учебное пособие. - Алматы: ОФ «БИС». - 2000, с. 170-172, 175.
6.Конституция Республики Казахстан от 30 августа 1995г.
7.Закон РК. О защите и поддержке частного предпринимательства. Ш 1543-ХИот4 июня 1992г.
8.Закон РК от 2 июля 1998 г. N 267-1 «О борьбе с коррупцией» (с изменениями, внесенными в соответствии с Законами РК от 23.07.1999 т. N 454-1; от 28.04.2000 г. N 46-И).
