- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің
- •Құрылымы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқытушы туралы жалпы мәліметтер
- •2.Оқу уақытын бөлу
- •3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3.1 Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •3.2 Соөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •3.3Сөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •5.Глоссарий
- •Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •Бағалау бойынша мәлімет
- •6.Пәннің дәріс кешені
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •3.1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырудың теориялық негіздері
- •Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
- •Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері
- •1. Экономикалық өсудің мәні
- •6.1 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны
- •6.2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
- •6.3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
- •2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау.
- •3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
- •4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
- •1 Ел экономикасын бюджеттік реттеу
- •2 Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы
- •2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
- •3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
- •Қазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі неше гектарды құрады?
- •Мемлекеттік реттеу әдістерін неше топқа бөлуге болады?
- •7.Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар Студенттің оқытушының жетекшілігімен жұмысы аясындағы сабақты өткізу түрі: тақырып бойынша пікір-талас, баяндама мен рефератты талқылау,
- •1.Тақырып Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен обьектісі
- •2.Тақырып Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3.Тақырып Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •4.Тақырып Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
- •5 Тақырып Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
- •7.Тақырып Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
- •8 Тақырып Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
- •10.Тақырып Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •11 Тақырып Экономиканы реттеудің қаржы – бюджеттік әдістері
- •12.Тақырып Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
- •13.Тақырып Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14.Тақырып Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы-экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
- •9.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •1 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
- •2 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3 Тақырып. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •4 Тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
- •5 Тақырып. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
- •7 Тақырып. Ғылыми техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
- •8 Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
- •10 Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •11 Тақырып. Экономиканы реттеудің қаржы – бюджеттік әдістері
- •12 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
- •13 Тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы-экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
- •10.СтуденттІң оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар.
- •Бақылау-өлшеу құралдары: емтихан тапсыруға арналған тест сұрақтар
- •Пән бойынша емтиханға дайындық үшін сұрақтар
Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар Студенттің оқытушының жетекшілігімен жұмысы аясындағы сабақты өткізу түрі: тақырып бойынша пікір-талас, баяндама мен рефератты талқылау,
Тақырып бойынша пікір-талас - студенттердің тақырып бойынша білімдерін кеңінен бекітуге, неғұрлым толық мағлұмат алуға мімкіндік беретін бақылау нысанының түрі болып табылады. Пікір-таласқа дайындалу үшін студенттер алдын ала талқылауға арналған сұрақтар бойынша СОӨЖ сабағына дайындалып келуі тиіс. Талқылауға арналған сұрақтар – студенттің дәріс сабағында алған теориялық білімін бекітуге мүмкіндік беретін СОӨЖ-да орындалатын тапсырмалардың бірі. Сұраққа қатысты әрбір студент өз ойын білдіруге мүмкіндік алады және олардың талқылау нәтижесінде мол ақпарат алуына жол ашылады.
Студент өзіндік жұмыс тапсырмасы ретінде ұсынылған баяндама және мәнжазба тақырыптарының ішінен тақырыпқа сәйкес жинақтаған материал көлеміне, мазмұнына байланысты өз еркімен баяндама немесе мәнжазба нысанында орындап, СОӨЖ сабағында қорғайды.
Реферат – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі.
Реферат жазу төмендегідей тәртіпте жүзеге асырылады:
Реферат тақырыбы оқу жылының басында студенттерге таратылады;
Реферат тақырыбын таңдау «таңдау еркіндігі» принципіне негізделе отырып жүргізіледі;
Реферат жазуға студенттің қабілетіне және тақырыптың күрделілігіне байланысты 1 ай уақыт беріледі;
Реферат жазбаша формада аттестация уақытына дейін қорғалады.
Реферат төмендегідей бөлімдерден құрылуы керек:
кіріспеден;
негізгі мәтіннен;
қорытындыдан;
пайдаланылған әдебиеттен.
Рефератты орындауды 6 кезеңге бөлуге болады:
тақырып таңдау;
әдебиет таңдау және оқу;
мәнжазба жоспарын құру;
нақты және статистикалық материалдарды жинау және өңдеу;
мәнжазба жазу;
мәнжазбаны қорғау.
Реферат тақырыбы ұсынылатын тақырыптардың ішінен өз бетінше таңдалады. Кей жағдайда тізімде болмаған тақырыпты студент өзі ұсына алады. Тақырыбы таңдалғаннан кейін каталог бойынша қажет әдебиет тізімі қаралып, таңдап оқылады. Студенттің басты міндеті – қазақстандық, ресейлік және шетелдік әдебиеттің ішінен тек рефераттың таңдалған тақырыбына қатысты сұрақтарды мазмұндайтын оқулықтар, журналдар мен мақалаларды ғана таңдау. Әдебиетті таңдап оқығаннан кейін студент рефераттың мұқият ойластырылған жоспарын құруы керек, ол оның негізгі сұрақтарын неғұрлым толық ашуға мүмкіндік береді. Жоспар – бұл рефераттың негізі, оның қалай құрылғанынан барлық жазбаша жұмыстың деңгейі тәуелді болады. Әдебиет таңдалып, жоспар құрылып, нақты материалдар алынып және сәйкесінше өңделгеннен кейін мәнжазба жазуға көшуге болады. Бұл кезеңде жұмыс жоспарын нақтылауға, маңызды сұрақтарды пункттер мен подпункттерге бөлуге болады.
Реферат сәйкесінше безендірілуі керек. Безендіруге қойылатын талаптар төмендегідей:
титулдық бет;
жұмыс жоспары мен атауы;
кіріспе;
негізгі мәтін;
қорытынды;
әдебиет, мұнда нормативтік – құқықтық актілер, сонымен қатар авторлар аты-жөні алфавиттік тәртіпте құрылады.
Жұмыстың мәтіні мұқият тексерілуі және қолмен түсінікті жазылуы немесе компьютерде терілуі керек. Рефераттың беттері нөмірленуі керек.
Баяндама – студенттердің өзіндік жұмыстары үшін берілетін тапсырманың кең тараған және маңызды түрі. Ол студенттің ғылыми ізденуіне дағдыландыратын тапсырманың бірі. Баяндамада тақырыптың өзектілігі сипатталып, тақырып мазмұны логикалық тізбектілікпен, жүйелікпен орындалуы қажет.
