- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •«Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәнінің
- •Құрылымы
- •Пәннің оқу бағдарламасы
- •Оқытушы туралы жалпы мәліметтер
- •2.Оқу уақытын бөлу
- •3.Пән бойынша тапсырмаларды орындау және тапсыру кестесі
- •3.1 Семинар сабақтарының тақырыптық жоспары
- •3.2 Соөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •3.3Сөж тапсырмасын орындау және тапсыру кестесі
- •Ұсынылған әдебиеттер тізімі
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •4.Пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі
- •5.Глоссарий
- •Студенттің рейтингін қою шкаласы
- •Бағалау бойынша мәлімет
- •6.Пәннің дәріс кешені
- •3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері
- •1.Негізгі әдебиет
- •2. Қосымша әдебиет
- •3.1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің ұйымдастырудың теориялық негіздері
- •Қазақстан Республикасындағы экономиканы мемлекеттік реттеудің тұжырымдамасы
- •Келешектегі экономикалық даму көрсеткіштерінің негізделу әдістері
- •1. Экономикалық өсудің мәні
- •6.1 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны
- •6.2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
- •6.3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
- •2. Қалыптасқан экономика құрылымын реформалау.
- •3. Үйлесімдік құрылымға мемлекеттік ықпал ету әдістері
- •4. Инвестициялық құрылымның қайта құрылуының басымдылығы. Кластерлі өндірістік жүйелердің қалыптасуы
- •1 Ел экономикасын бюджеттік реттеу
- •2 Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы
- •2. Кредиттік ресурстарды реттеу үшін мемлекеттің қолданатын құралдары және тұтқалары. Орталық банктің рөлі
- •3. Баға белгілеуді реттеудің мемлекеттік әдістері
- •Қазақстан аумағындағы әскери полигондардың көлемі неше гектарды құрады?
- •Мемлекеттік реттеу әдістерін неше топқа бөлуге болады?
- •7.Семинар сабағының тақырыптық жоспары
- •Студенттің өзіндік жұмысы үшін материалдар Студенттің оқытушының жетекшілігімен жұмысы аясындағы сабақты өткізу түрі: тақырып бойынша пікір-талас, баяндама мен рефератты талқылау,
- •1.Тақырып Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен обьектісі
- •2.Тақырып Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3.Тақырып Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •4.Тақырып Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
- •5 Тақырып Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып Әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
- •7.Тақырып Ғылыми-техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
- •8 Тақырып Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
- •10.Тақырып Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •11 Тақырып Экономиканы реттеудің қаржы – бюджеттік әдістері
- •12.Тақырып Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
- •13.Тақырып Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14.Тақырып Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы-экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
- •9.Пәнді оқыту бойынша әдістемелік нұсқау
- •1 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
- •2 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің методологиясы жөніндегі ұғым және оның элементтері
- •3 Тақырып. Экономиканы реттеудің ұйымдастырушылық негіздері мен оның шетелдік тәжірибесі
- •4 Тақырып. Транзиттік экономиканың негізгі мінездемесі және оның заңдылықтары
- •5 Тақырып. Экономикалық өсудің негізгі факторлары мен оны қамтамасыз етудегі мемлекеттік шаралар
- •6 Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеу қызметінің басты сатысы әлеуметтік-экономикалық болжау мен жоспарлау
- •7 Тақырып. Ғылыми техникалық прогрестің бағыттары мен оны жеделдетудегі мемлекеттің рөлі
- •8 Тақырып. Халықты еңбекпен ұтымды қамту мен әлеуметтік қорғауды мемлекеттік реттеу
- •9 Тақырып. Мемлекеттің инвестициялық саясатының қалыптасуы мен оны жүзеге асыру механизмдері
- •10 Тақырып. Жер ресурстарын тиімді пайдаланудағы мемлекеттік шаралар жүйесі
- •11 Тақырып. Экономиканы реттеудің қаржы – бюджеттік әдістері
- •12 Тақырып. Мемлекеттің ақша – несие саясатын жүзеге асырудың негізгі механизмдері
- •13 Тақырып. Қазақстан аймақтарының әлеуметтік–экономикалық дамуын мемлекеттік реттеу
- •14 Тақырып. Мемлекеттің табиғатты қорғау және сыртқы-экономикалық іс-әрекеттерін реттеу
- •10.СтуденттІң оқудағы жетістіктері және бақылау бойынша материалдар.
- •Бақылау-өлшеу құралдары: емтихан тапсыруға арналған тест сұрақтар
- •Пән бойынша емтиханға дайындық үшін сұрақтар
Студенттің рейтингін қою шкаласы
№ |
Бақылау түрлері |
Бағалау критериі (%) |
1 |
Дәріс сабағына қатысу |
20 % |
2 |
Семинар, тәжірибе сабақтарына қатысу |
20 % |
3 |
Семинарда белсенділік таныту |
20 % |
4 |
СӨЖ тапсырмаларын орындау |
10 % |
5 |
СОӨЖ тапсырмаларын орындау |
10 % |
6 |
СҒЗЖ қатысуы |
10 % |
7 |
Ағымдағы бақылау тапсырмасын орындау |
10 % |
8 |
Барлығы |
100 % |
Студенттің қорытынды білімін бағалау оқытудың несиелік технологиясына сәйкес бағалау шкаласымен қойылады.
Бағалау бойынша мәлімет
Әріптік бағалау жүйесі |
Балл |
%- |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалау |
А |
4,0 |
100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
қанағаттанарлықсыз |
И= (Р1+Р2)/2* 0,6+Э*0,4
Мұндағы
Р1- бірінші рейтинг бойынша сандық эквивалент;
Р2 - екінші рейтинг бойынша сандық эквивалент;
Э- емтихандағы бағалаудың сандық эквиваленті
6.Пәннің дәріс кешені
1 -Тақырып. Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық астары мен оның обьектісі
1. Экономикаға мемлекеттің араласуының объективті қажеттілігі
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары
3. Экономиканы мемлекеттік реттеудің міндеттері, мақсаттары және қызметтері.
1. Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайындағы мазмұны, қолданылып жүрген әлеуметтік экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады.
1.Экономиканы мемлекеттік реттеудің нарықтық шаруашылық жағдайы
-мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі ;- қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету- халықтың әл-ауқатының жоғарылауы- әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы- мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік
Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін өзі реттеу қағидалары негізінде эккономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі, Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейеді, өндіріс пен капиталдың бірігуі әр түрлі елдің бір бірімен өзара тәуелділігі өсті. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін нарық пен іс –әрекеттің қарама – қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етті.
2.Мемлекет-...-саяси биліктің институты;-экономиканы мемлекеттік реттеуші-халыққа қызмет етуші орган-заңды емес тұлға-әлеуметтік проблемаларды шешу институты
Мемлекет – саяси биліктің институты. Ең алғаш рет stato терминін Н.Маккиавелли мемлекетті саяси биліктің институты ретінде бейнелеу үшін енгізді. Мұндай институт еңбектің қоғамдық бөлінуінің, жеке меншік пен кластардың пайда болуының заңды нәтижесі болып табылды.
3.Мемлекетті саяси биліктің институты ретінде бейнелеу үшін «stato» терминін ең алғаш рет енгізген ғалым-Маккиавелли-Менгер-К. Викселль-Дж. М. Кейнс-М. Фридман
Алдымен, жеке тұлғалар, одан соң бірнеше топтар белгісіз органға өз функцияларын берді. Мұндай орган бірте-бірте белгілі бір аймақта өмір сүретін халықты заңды түрде мәжбүрлеу құралдарын иеленген институтар жүйесіне айналды. Заңдық, атқарушы және сот билігі арқылы нормалық, реттеу және бақылау функияларын атқаратын мемлекет осылай пайда болды.
4.Нарықтық механизмнің жағымсыз эффектілерінің әсерін төмендететін фактор
- қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету;- экономиканың циклға қарсы дамуын қамтамасыз ету-ақша айналымын реттеу- ғылым, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал жасау- халықтың толық жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету
Мемлекет – бұл тек саяси басқару органы ғана емес, бұл саяси билік органы, бұл экономикалық жағынан үстемдік етіп отырған кластың қолындағы саяси қару.
Мемлекет «түнгі қарауыл» ретінде. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың ортасына дейін мемлекеттің ролі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, олардың мүлкін сақтаумен (меншік құқығын қорғау), шаруашылық субъектілердің өзара қарым-қатынасы үшін қажетті құқықтық база жасаумен, келісім-шарттардың орындалуын бақылаумен байланысты функцияларды орындаумен шектелді. Бұл кезеңде мемлекеттің неғұрлым толық анықтамасын ешкім де, ешнәрсе де қалыптасқан тәртіпті бұзбауын бақылауы қажет «түнгі қарауылмен» теңестіру арқылы түсіндіруге болады.
5.Ұлғаймалы ұдайы өндірісті, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін факторлар
-экономиканың циклға қарсы дамуын қамтамасыз ету,халық шаруашылығының тиімді құрылымын жасау,ақша айналымын реттеу; - халықтың толық жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету- әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі- әлеуметтік тұрақтылықтың экономикалық негіздерін қамтамасыз ету, әлеуметтік кернеуді қысқарту- халықтың әл-ауқатының жоғарылауы
Мемлекеттік саясат XX ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 70-жылдарының ортасына дейін келесідей алғы шарттар негізінде қалыптасты:
1. Экономика тек қана жеке капиталистік емес, аралас болуы қажет. Экономикаға мемлекеттің араласу қажеттілігі нарықтық экономиканың ресурстарды тиімді бөле алмайтын кемістігінен туындады. Мұндай кемшіліктерге қоғамдық игілік, табиғи монополия және сыртқы әсерлердің болуы мен ақпараттың толық еместігі жатады.
2. Нарық өз-өзінен тұрақты макроэкономикалық нәтижелерге әкеле алмайтындықтан реттелінген макроэкономикалық саясат қажет.
3. Нарық өз-өзінен табысты бірдей бөлістіре алмайды. Сондықтан мемлекет бір жағынан, табысты бөлістіруді реттеуі қажет, ал екінші жағынан – қандай да бір себептермен табыс көзінен айырылып қалғандарды қорғауы қажет. Солармен бір мезгілде мемлекет білім беру және денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуы қажет.
6.Әлеуметтік проблемаларды шешумен байланысты факторлар- әлеуметтік тұрақтылықтың экономикалық негіздерін қамтамасыз ету, әлеуметтік кернеуді қысқарту,халықтың толық жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
- аз рентабельді салаларда мемлекеттік инвестицияға қажеттілік
- қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету
- әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі
- ғылым, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал жасау
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін көптеген саяси партиялардың бағдарламалық құжаттарында, сондай-ақ Батыс Европаның үш мемлекетінің конституциясында (ГФР Негізгі Заңы 1949 ж., Франция Конституциясы 1958 ж., Испания Конституциясы 1978 ж.) «әлеуметтік мемлекет» термині пайда болды. Қазақстан Республикасы да өзін ҚР Конституциясында «әлеуметтік мемлекет» деп жариялады (1995 ж.)
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар бірнеше, олар келесі кестеде топтап көрсетілген.
7.Қай экономист экономиканы мемлекеттік реттеудің қажеттілігін дәлелдеді:- Дж. М. Кейнс;
-Смит-К. Менгер-К. Викселль-М. Фридман
Кесте 1.
Экономиканы мемлекеттік реттеу қажеттілігін түсіндіретін факторлар
Факторлар тобы
|
Факторлар мазмұны
|
1.Нарықтық механизмнің жағымсыз эффектілерінің әсерін төмендететін факторлар |
1.Қоғамдық тауарлар өндірісін, қоғамдық қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қамтамасыз ету 2.Әлемдік нарықта бәсекелестіктің күшеюі |
2.Ұлғаймалы ұдайы өндірісті, экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін факторлар
|
1.Экономиканың циклға қарсы дамуын қамтамасыз ету. Халық шаруашылығының тиімді құрылымын жасау. Ақша айналымын реттеу. Ғылым, ғылыми-техникалық прогрестің дамуына ықпал жасау. Аз рентабельді салаларда мемлекеттік инвестицияға қажеттілік |
3. Әлеуметтік проблемаларды шешумен байланысты факторлар
|
1.Әлеуметтік тұрақтылықтың экономикалық негіздерін қамтамасыз ету, әлеуметтік кернеуді қысқарту. 2.Халықтың толық жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету.
|
Экономиканы мемлекеттік реттеудің негізгі, басты мақсаты қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету болып табылады. Кез келген мемлекетте мемлекеттік реттеудің бұл басты мақсатының тікелей салдары экономикалық өсудің бастапқы жағдайы мен потенциалының қалыптасуы, ал осының негізінде – халықтың әл-ауқатының жоғарылауы болып табылады.
8.Экономикалық либерализм дегеніміз не:-мемлекеттің экономикаға араласпауы;-мемлекеттің экономикадағы активті ролі-макроэкономикалық тепе-теңдік жүйесі-нарықтағы тепе-теңдік-монополияны шектеу
2. Экономиканы мемлекеттік реттеудің объектісі және құралдары
ЭМР – дің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР –дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.
9.Мемлекеттік реттеу дегеніміз не:-экономикада макроэкономикалық тұрақтылықты қатамасыз ету масатында -жүзеге асырылатын шаралар жүйесі;-мемлекеттің административті – құқылы іс-әрекеті-бәсекені үдетуге бағытталған шаралар жүйесі
-экономикада мемлекеттің бақылауын күшейтуге бағытталған шаралар жүйесі-монополияны шектеу
ЭМР – дің объектілері – бұл автоматты түрде шешілмейтін, немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы –әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты даму үшін қажетті.
10.Экономиканы мемлекеттік реттеудің құралдары:- қазыналық және қаржылық саясаты, сыртқы экономикалық саясат;
- әкімшілік және экономикалық құралдары- экономикалық өсуді қамтамасыз ететін инвестициялық саясат- амортизациялық, ғылыми-техникалық саясаттар
- экономикалық коньюнктураны жоспарлау және болжау саясаты
ЭМР – дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қаайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.
ЭМР – міндеті «экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың, күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет.
11.Мемлекеттік меншік нені көрсетеді?- сату – сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті;-қазба байлықтар мен мемлектеттік институттарды
- қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қабылданған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды- экономикалық ұйымдастыру-экономикалық аспектісін- қоғам қолындағы ресурстарды өнімге айналдыру процестерін
ЭМР аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рһл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі.
Экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды объектісі – капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.
12.Жоспарлы экономикадағы мемлекеттік реттеудің мәні:-экономиканы толық түрде реттеу;
-монополияға қарсы саясатты қолдану-жағымсыз сыртқы эффектілерді жою-кәсіпкерлікті қолдау-бәсекені тежеу
ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.
ЭМР –дің құралдары. Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінде мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеще құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына –қазыналық және қаржылық саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т.б. жатады.
ЭМР –дің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекетт билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді. Мемлекеттік реттеудің экономикалық құралдары ақша несие қаржылары мен бюджеттік саясатқа бөлінеді.
13.Экстенсивті даму дегеніміз не:
-технологияның өзгеріссіз жағдайында, өндірісте көп мөлшерде ресурстарды пайдалану;
-инновациялық дамудың артуы;-ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуы
-экономиканың инвестициялық потенциалының артуы-өңдеуші өндірістердің дамуы
