Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new корпоративт __аржы гос.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

22. Рентабельділік көрсеткіштері мен оларды есептеу әдістері.

Операциондық тұттқа СВОР=Жалпы маржа\Пайда. Жалпы маржа= Сатудан түсім-Өзгермелі шығындар. Егер сатудан түскен түсім 5% жоғарлайтын болса, ал СВОР 10 болса, онда Пайда 50% жоғарлайды. Рентабельділік шегі шығындардың өтелу мерзімін анықтауға мүмкіндік береді. Неғұрлым рентабельділік шегі төмен болса, соғұрлым ол тез өтеледі. Рентабельділік шегі=Тұрақты шығындар\ жалпы маржа\сатудан түсім. Рентабельділік шегінен (0,-1) өтісімен, өзінің шығындарын өтеп, пайда нөлге тең болады. Қаржылық Тұрақтылық Запасы=Сатудан түсім- Рентабельділік шегі.

23. Корпорациялардағы қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны.

Қаржылык жоспарлау -бүл, біріншіден, компанияның жэне оның құрылымдық бөлімшелерінің болашағын анықтау, екіншіден, қызмет нәтижелерін жоспарлау, үшіншіден, мақсат еткен нәтижелерге қол жеткізу үшін эрекеттердің эдістерін, құралдарын (ресурстарын) жэне тэртібін анықтау. Корпорация қаржысын басқару мен қаржылық жоспарлаудың мазмұны келесілерге қол жеткізуге арналады:кэсіпорын активтері (қаражаттары) мен пассивтердің (қаржыландыру көздері) оңтайлы тепе-теңдігін қамтамасыз ету; басқаша айтқанда, қаржыландыру көздері мен активтерінің турақты және экологиялық тиімді сэйкестігін қамтамасыз ету; төлем айналымының кірістері мен шығыстарының тепе-теңдігі, яғни кэсіпорынның барлық міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралдарының жеткілікті көлемін қамтамасыз ету. Ағымдағы жэне капиталдық акгивті операциялар (өндірістік-коммерциялық қызмет, капитал салымдары) қаржыландырудың қажетті көлемі мен сипатын қалыптастырады. Қаржылық басқарудың міндеті - осы активті операцияларды сэйкесінше қаржы көздерімен қамтамасыз ету. Жоғарыда айтылган міндеттердің екіншісі біріншімен тыгыз байланысты. Ағымдағы қызмет (ағымдағы операциялар) түрғысынан қаржылық басқарушының назарына ең алдымен төлем айналымының тепе-теңдігі алынады, алайда оның негізінде кэсіпорын активтерінің оның міндеттемелеріне сәйкестігі жатады. Активтер мен пассивтердің тепе-теңдігінсіз төлем айналымын дүрыс қалыптастыру мүмкін емес (ең алдымен айналым активтері мен агымды міндетгемелердің, соның ішінде дебиторлық жэне кредиторлық қарыздардың). Қаржылық жоспарлаудың «қосарланған» мазмүны (активтер мен пассивтерді, түсімдер мен төлемдерді жоспарлау) қаржыландырудын екі объектісі - активтер мен облигациялар -болатынын көрсетеді. Активтерді қаржыландыру кезі ретінде пассивтер, яғни ком-панияның міндеттемелері қарастырылады. Бүл міндеттемелер белгілі бір мерзімнен кейін қайтарылуы тиіс, ягни қарыздың болуы мүмкін немесе кэсіпорынның оның иелерінін алдындағы міндеттемелерін білдірді, яғни үлестік (мерзімсіз) болуы мүмкін. Операцияларды қаржыландыру көздеріне телем қүралдары ретінде қолданыла алатын өтімді активтер жатады. Қалыпты экономикалық жүйеде операцияларды қаржьшандыру көзі ретінде ақша қаражаттары мен коммерциялық вексельдер қарастырылады.

24. Қаржылық жоспарларды құру реті, олардың сипаттамасы.

Қаржылык жоспарлау -бүл, біріншіден, компанияның жэне оның құрылымдық болім-шелерінің болашағын анықтау, екіншіден, қызмет нәтижелерін жоспарлау, үшіншіден, мақсат еткен нәтижелерге қол жеткізу үшін эрекеттердің эдістерін, құралдарын (ресурстарын) жэне тэртібін анықтау. Жоспарлау тәртібі әдетте мынадай: мақсатгы анықтау; компанияның болашақ жагдайының үлгісін (моделін) жасау; оган қол жеткізу эдістерін анықтау; кеткен нәтижелерді мақсатқа айналдыру (трансформация) жэне орындаушылардың міндеттерін белгілеу. Осылайша, жоспарлау дегепіміз - бұл; мақсаттарды жүйелі қалыптастыру жэне оларға қол жеткізу шараларын жасау; - компания кызметінің параметрлерін үлгілеу (жобалау), олардың өзара байланысын, қол жеткізу шарттары мен мерзімдерін анықтау; болашақ окиғалармен байланысты басқарушылық шешімдерді жүйелі дайындау.