Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
new корпоративт __аржы гос.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
261 Кб
Скачать
☆

25. Резервтер, корпорациялар табысын ұлғайту факторлары.

Резервтік қор - корпорацияның қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында кұрылған қаражат қоры. Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік кордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік кордың құралуының негізгі көзіне корпорацияның пайдасы жатады. Кейде, корпорацияда пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді. Қосымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар. Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау коры, яғни ұлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нэтижесінде курылады. Валюталык каражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды калыптастыру барысында маңызды. Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Кэсіпорындардың қарамағында қалатын қаражаттар негізінде, яғни салықтар мен басқа да міндетті толемдерді өтелгеннен кейін кэсіпорындар мен ұйымдар түтыну қоры мен қорлану корларын құрады. Тұтыну қоры мыналарды қамтиды: - бүкіл персоналдың (өндірістік, өндірістік емес) еңбегіне акы төлеу шығындары; - ақшалай төлемдер, оньщ ішінде жылдың қорытындысы бойынша сыйақы мен төлемдер; - еңбегі үшін көтермелеудің ақша және натуралдық нысандағы басқа түрлеріне жұмсалған қаражаттар; - материалдық көмек; - еңбек жэне элеуметгік жеңілдіктерді белгілеуге жұмсалатын қаражаттар; - еңбек үйымдарының акциялары мен үжым мүшелерінің кэсіпорынның мүлкіне қосқан салымдарына қарай төленетін табыстар (дивидендтер, пайыздар); - басқа да жеке сипаттағы төлемдер. Сөйтіп тұтыну қоры еңбекақыға төленетін қаражаттар мен қызмегкерлерді материалдық көтермелеу жэне эртүрлі элеуметтік төлемдер үшін кәсіпорындар қарамағында қалатын пайданың бір бөлігі есебінен құрылады. Қордың қаражаты қызметкерлердің жеке тұтынуына жұмсалады. Қорлану қоры мыналардың есебінен қалыптасады: - кэсіпорынның қарамағында қалатын пайда (табыс); - негізгі капиталды қалпына келтіруге жұмсалатын амортизациялық төлемдер; - шығып қалған мүлікті өткізуден түскен түсім-қаржы;- банктердің несиесі;- басқа да көздер.Қорлану қоры үлғаймалы өндірісті қамтамасыз етуге арналған шығындарды қаржыландырады, яғни: негізі жэне айналым капиталдарын молайтуға (арттыруға); ғылыми-техникалық прогресті дамытуға, жаңа өнімдерді игеруге; - табиғат қорғау шараларын жүзеге асыруға;- өндірістік инфрақұрылым объектілерін салуға қатысуға пайдал анылады.Ірі кэсіпорындар мен ұйымдар кешенді тұтыну мен қорлану қорларының орнына қүрылу көздері мен шығындарының мазмұны жағынан ұқсас мынандай жеке қорлар құра алады: еңбекке ақы төлеу, өндірісті дамыту, элеуметтік даму т.б. қорлары.Кэсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары валюта қаражаттарының есебінен мынандай көздерден қалыптасады:- экспорттан валюталық түсім-ақша;- жарғылық капиталға түсетін жарналар;- банктердің, оның ішінде шетел, басқа қаржы мекемелерінің және шетелдік заңды түлғалардың валюталық несиелері;- ішкі валюта рыногында өкілетті банктер мен айырбастау пунктері арқылы валюта сатып алу;- резидент еместерге көрсететін қаржы көмегі (гранттар).