- •1.Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны.
- •2.Корпорациялар қаржысының функциялары.
- •3.Корпоративтік қаржының қалыптасуы мен негізгі белгілері.
- •4.Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидалары.
- •5.Корпорациялардың қаржылық қызметтері және олардың функциялары.
- •6. Корпорациялардың қаржылық ресурстары.
- •7. Корпорациялардың айналымнан тыс активтерінің сипаттамасы.
- •8. Амортизация және оның негізгі қорларды жаңартудағы рөлі.
- •10.Материалдық емес активтер, олардың көздері мен амортизациясы.
- •9. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістерінің сипаттамасы.
- •13. Корпорациялардың қаржылық инвестициялары және оларды қаржыландыру көздері.
- •14. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қаржыландыру көздері және оларды қаржыландыру тәсілдері.
- •15. Өндірістік айналым қорларының құрамы, құрылымы және айналымы.
- •16.Корпорациялардың меншікті айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау қажеттілігі.
- •17 .Айналым құралдарын тиімді пайдалану көрсеткіштері. Сипаттамасы.
- •18. Өнімді, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізу бойынша шығындардың сыныптамасы.
- •19. Өнімді, жұмыс пен қызметті өткізуден түсетін табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны.
- •20. Өткізумен түскен ақшалай түсім көлемі мен корпорация пайдасына бағаның әсері.
- •21. Табыс – корпорацияның меншік қаржы ресурстарының негізгі көзі.
- •22. Рентабельділік көрсеткіштері мен оларды есептеу әдістері.
- •23. Корпорациялардағы қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны.
- •24. Қаржылық жоспарларды құру реті, олардың сипаттамасы.
- •25. Резервтер, корпорациялар табысын ұлғайту факторлары.
- •26. Инвестициялау үрдісін бюджеттік қаржыландыру. Сипаттамасы.
- •27. Корпорацияның қаржылық анализінің мәні мен мазмұны.
- •28. .Корпорация пассивтері мен қаржылық тұрақтылығының анализі.
- •29. .Корпорация қорлары мен шығындарының қалыптасу көздері.
- •30. .Корпорацияның қаржылық қорытындылары анализінің мазмұны.
- •31. Рентабельділік коэффициенттерінің экономикалық мағынасын түсіндіріңіз.
- •32. Корпорацияның қаржылық стратегиясы.
- •33. Ақ қаржылық ресурстары, ақша қорлары мен резервтері.
- •34. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар бойынша табыстар төлеу тәртібі
- •35. Ақшаның уақытша құндылығы. Капиталдың шынайы және болашақтағы құны..
- •36. Жай және күрделі пайыздар. Дисконттау мен компаундтау
- •37. Корпорацияның меншік капиталы. Оның құрамы мен құрылымы.
- •38. Компанияны қаржыландырудың тартылған көздері.
- •1. Корпорация тұрақсыздығының негізгі белгілері.
- •2. Банкроттыққа ұшырамау шаралары;
7. Корпорациялардың айналымнан тыс активтерінің сипаттамасы.
Корпорацияның айналымнан тыс активтеріне негізгі қорлар, ұзақ мерзімді қаржы салымдары, материалдық емес активтер жатады. Негізгі қорлар (негізгі капитал) айналыстан тыс активтерге салынған кәсіпорын мүлкінің бір бөлігі болып табылады. Негізгі құралдар деп өнім өндіруде (қызмет көрсетуде) немесе ұйымның қажеттіліктері үшін 12 айдан артық пайдаланатын, қайта сатуға арналмаған және пайда алып келетін құралдарды айтамыз. Негізгі құралдарға ғимараттар, ғимараттар, жұмыс және күш машиналары, есептеуіш техника, көлік құралдары, құралдар, инвентарь т.б. нысандар жатады. Негізгі құралдардың құрамында жалға алынған негізгі құралдар, жер телімдері, табиғатты пайдалану нысандарына (су, жер қойнауы және басқа ресурстар) капитал салымдары есепке алынады. Материалдық емес активтер деп өнім өндіруде (қызмет көрсетуде) немесе ұйымның қажеттіліктері үшін 12 айдан артық пайдаланатын сатып алынған немесе интеллектуалдық қызмет нәтижесінде жасалған және басқа интеллектуалдық меншік нысандары (оларға ерекше құқық). Сонымен бірге материалдық емес активтер экономикалық пайда әкеліп, тиісті рәсімделген құжаттары мен интеллектуалдық қызмет нәтижесіне ерекше құқығы болуы керек. Материалдық емес активтерге жататындар: – патент иесінің шығармашылық, өнеркәсіптік үлгі, пайдалы модельге ерекше құқығы; – ЭЕМ, мәліметтер базасы үшін бағдарламаларға ерекше авторлық құқық; – тауарлық және қызмет көрсету белгісі, тауардың шығу орнының атауына ерекше құқық. Материалдық емес активтерге іскерлік репутация және ұйымдастыру шығындары да жатады. Капитал салымдары бухгалтерлік есепте негізгі құралдар және материалдық активтер (аяталмаған құрылыс, жөндеуді қажет ететін құрылғылар, жер телімдері және т.б.) ретінде қабылданатын нысандардың шығындарынан тұрады. Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар – бұл мемлекеттік бағалы қағаздар, басқа ұйымдардың акция, облигация, қарыздары. Негізгі құралдарды есепке алу және бағалау натуралдық және ақшалай түрде жүргізіледі. Натуралдық түрде есепке алу негізгі құралдардың құрылымын, техникалық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Негізгі құралдарды ақшалай түрде бағалау бастапқы, қалпына келтіру және қалдық құны бойынша жүргізіледі.
8. Амортизация және оның негізгі қорларды жаңартудағы рөлі.
Жалпы негізгі қорлар өндіріске қызмет ету кезінде тозады, яғни физикалық қасиетін жогалтады немесе гылым меи техниканың дамуына байланысты қазіргі талапқа сай болмай қалады. Осыган сэйкес негізгі қорлардың қүны өзгеріске ұшырайды. Тозу физикалық жэне моральдық болып бөлінеді. Физикалық тозу негізгі қорларды пайдалану барысында сырткы факторлар (табиғи күштер, еңбек процесі) эсерінен болатын тозу. Моральдық тозу ғылыми-техникалық прогреспеи байланысты негізгі қорлардың қазіргі уақытқа сай болмай қалуы немесе толық физикалық тозудың мерзімінен бұрын болуына байланысты болады. Амортизация - өндірілген өнім есебінен негізгі қорлардың тозған бөлігін толықтыру. Ол екіге бөлінеді: амортизацияланатын (ғимараттар, үйлер, құрал-жабдықтар, көлік-құралдары); амортизацияланбайтын (жер, көп жылдық өсімдіктер, консервациядағы негізгі қорлар, тарихи ескерткіштер, мұражай құндылықтары т.б.). Амортизация – негізгі құрал жабдықтың құнын тозу шамасына қарай өнімге көшірудің объкетивтік процесі. Негізгі құралдардың қызмет ету мерзімінің ұзақ болуы салдарынан олардың құны өнімге бір өндірістік кезеңде толықтай емес, олардың табиғи және сапалық тозу шамасына қарай бөліктермен көшіріледі. Амортизациялық аударым істен шыққан негізгі құрал жабдықты қайта жаңартуға жұмсалады. Амортизациялық аударым амортизация нормасы бойынша жүргізіледі. Амор.нормасы – амортизациялық аударымның жылдық сомасының негізгі құрал жабдықтың пайызда көрсетілген орташа жылдық құнына қатынасын білдіреді. Амортизация келесі негізгі құрал жабдыққа, яғни өнімді мал, енеке,бұқа, тиісті әкімшіліктерге қарасты кітапхана қорлары, жалпы пайдаланыстағы автокөлік жолдары, консервацияға қойылған жабдық бойынша есептелмейді. Амортизация есептеудің келесі әдістері бар:1) Құнды біркелкі есептен шығару. 2) Құнды орындалған жұмыстың мөлшеріне сәйкес есептеп шығару. 3) Кемімелі және қосалқы кемімелі әдіс.4) Кумулятивті әдіс.Амортизация мөлшерін есептеуге келесі факторлар әсер етеді: бастапқы құн, қалпына келтіру құны, қалдық құн, амортизациялық құн , тарату құны, пайдалы жұмыс істеу мерзімі. Кэсіпорынның амортизациялық саясаты - мемлекеттің жалпы ғылыми-техникалық саясатының қүрамдас бөлігі. Амортизация нормасын бекіту кезінде оның есептелуі мен пайдалануының тәртібі мен мемлекет оны қайта өндірудің, олардың жаңару жылдамдығын реттейді. Мемлекет дүрыс амортизациялық саясатты жүргізген кезде кэсіпорындарға негізгі қорлардың жай жэне кеңейтілген қайта ондірісіне амортизациялық аударымдар түріндегі қаражаттармен жеткілікті қамтылуына комектеседі. Негізгі қорлардың объектілері бойынша амортизациялық аударым амортизациялық қордың жеке шотында жинақталады. Олар тек мақсатты түрде негізгі қорлардың толық қайта өндіріске қаржыландыру көзіне пайдаланылады. Кәсіпорынның амортизациялық саясаты меншікті қаржы ресурстарының қалыптасуының жалпы саясаттың маңызды бөлігі болып табылады.
