- •1.Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны.
- •2.Корпорациялар қаржысының функциялары.
- •3.Корпоративтік қаржының қалыптасуы мен негізгі белгілері.
- •4.Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидалары.
- •5.Корпорациялардың қаржылық қызметтері және олардың функциялары.
- •6. Корпорациялардың қаржылық ресурстары.
- •7. Корпорациялардың айналымнан тыс активтерінің сипаттамасы.
- •8. Амортизация және оның негізгі қорларды жаңартудағы рөлі.
- •10.Материалдық емес активтер, олардың көздері мен амортизациясы.
- •9. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістерінің сипаттамасы.
- •13. Корпорациялардың қаржылық инвестициялары және оларды қаржыландыру көздері.
- •14. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қаржыландыру көздері және оларды қаржыландыру тәсілдері.
- •15. Өндірістік айналым қорларының құрамы, құрылымы және айналымы.
- •16.Корпорациялардың меншікті айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау қажеттілігі.
- •17 .Айналым құралдарын тиімді пайдалану көрсеткіштері. Сипаттамасы.
- •18. Өнімді, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізу бойынша шығындардың сыныптамасы.
- •19. Өнімді, жұмыс пен қызметті өткізуден түсетін табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны.
- •20. Өткізумен түскен ақшалай түсім көлемі мен корпорация пайдасына бағаның әсері.
- •21. Табыс – корпорацияның меншік қаржы ресурстарының негізгі көзі.
- •22. Рентабельділік көрсеткіштері мен оларды есептеу әдістері.
- •23. Корпорациялардағы қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны.
- •24. Қаржылық жоспарларды құру реті, олардың сипаттамасы.
- •25. Резервтер, корпорациялар табысын ұлғайту факторлары.
- •26. Инвестициялау үрдісін бюджеттік қаржыландыру. Сипаттамасы.
- •27. Корпорацияның қаржылық анализінің мәні мен мазмұны.
- •28. .Корпорация пассивтері мен қаржылық тұрақтылығының анализі.
- •29. .Корпорация қорлары мен шығындарының қалыптасу көздері.
- •30. .Корпорацияның қаржылық қорытындылары анализінің мазмұны.
- •31. Рентабельділік коэффициенттерінің экономикалық мағынасын түсіндіріңіз.
- •32. Корпорацияның қаржылық стратегиясы.
- •33. Ақ қаржылық ресурстары, ақша қорлары мен резервтері.
- •34. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар бойынша табыстар төлеу тәртібі
- •35. Ақшаның уақытша құндылығы. Капиталдың шынайы және болашақтағы құны..
- •36. Жай және күрделі пайыздар. Дисконттау мен компаундтау
- •37. Корпорацияның меншік капиталы. Оның құрамы мен құрылымы.
- •38. Компанияны қаржыландырудың тартылған көздері.
- •1. Корпорация тұрақсыздығының негізгі белгілері.
- •2. Банкроттыққа ұшырамау шаралары;
3.Корпоративтік қаржының қалыптасуы мен негізгі белгілері.
Корпоративтік ресурстарының кұрылымына мыналар жатады: 1) Корпорацияның меншікті капиталы. 2) Корпорацияның заемдық жэне тартылган қаражаттары. Корпорацияның меншікті капиталы - корпорацияның қаржылық тұрақтылығын, коммерциялық және шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін құрылган корпорацияның эр түрлі қорлары мен сол сияқты агымдагы қызметінің нәтижесіне байланысты және өткен жылдардагы бөлінбеген пайдасы. Сонымен, казіргі корпорацияның меншікті капиталы мынадай баптар құрайды: • жарғылық капитал; . • резервтік капитал; • қосымша капиталдар; • корпорацияның операциялары бойынша тәуекелдерді төмендету мақсатында құрылган қорлар (резервтер); • бөлінбеген корпорацияның пайдасы. Корпорацияның жарғылық капиталы корпорацияның заңды түлға ретінде міндетті түрде күрылуын жэне өмір сүруінің экономикалык негізін қүрайды. Жарғылық капиталдың төменгі мөлшері Қазақстан Ұлттық банктердің пруденциялық нормативтерімен реттеліп отырады. Корпорацияның жарғылық капиталы, оның күрылтайшыларының қосқан жарналары немесе пайлары сомасынан тұрады. Қазақстанда корпорацияның төмендегідей екі ұйымдык формаларда құрыла алады: • акционерлік банк формасында; • пай қосу арқылы, яғни жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында; Резервтік қор - корпорацияның қызметінде пайда болуы мүмкін зияндардың орнын жабу мақсатында кұрылған қаражат қоры. Сондай-ақ, резервтік қор банктің тұрақты қызмет етуін қамтамасыз етеді. Резервтік кордың шамасы заңды түрде жарғылық капиталға белгілі бір пайыз мөлшерінде, айталық, 25% мөлшерінде құрылатын болса, оның мөлшері жарғылық қормен теңескен жағдайда жарғылық капиталға толығымен аударылады. Резервтік кордың құралуының негізгі көзіне корпорацияның пайдасы жатады. Кейде, корпорацияда пайда болмаған жағдайда резервтік қор есебінен банктің артықшылығы бар акциялары бойынша пайыздар төленеді. Қосымша капиталдар - негізгі кұралдардың тозуына байланысты аударылған аударымдар есебінен және белгілі мақсатқа бағытталатын пайданы бөлу нәтижесінде құрылатын қаражаттар. Арнайы қорлар - негізгі қорларды қайта бағалау негізінде, валюталық қаражаттарды қайта бағалау коры, яғни ұлттык валюта мен шетел валюталары арасындағы айырма нэтижесінде курылады. Валюталык каражаттарды қайта бағалау қоры шетел валютасында жарғылық капиталды калыптастыру барысында маңызды. Келесі қорға жекелеген банктік операциялар бойынша тәуекелді төмендету мақсатында құрылатын арнайы резервтер жатады. Мұндай резервтерге: несиелік тэуекелді жабуға жэне бағалы кағаздардың құнсыздануына байланысты құрылған резервтер жатады. Бөлінбеген пайда - акциялар бойынша дивидентті төлегеннен кейін жэне резервтік корға аударғаннан қалған пайданың бөлігін білдіреді. Корпорацияның меншікті капиталын ұлғайту жолдарына мыналар жатады: - корпорация пайдасы; - акциялар шығару; - құрылтайшылар жэне пай косушылар санын арттыру.
4.Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидалары.
Корпоративтік қаржыларды үйымдастыру қағидаларына темендегілер жатады:1) шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу; 2) өзін-өзі қаржыландыру жэне өзін-өзі өтеу; 3) айналым қорларын қалыптастыратын көздердің меншікті жэне тартылған болып бөлінуі; 4) ақшалай (резервтер) ресурстардың болуы. Шаруашылык қызметті өзін-өзі реттеу-корпорацияларга өндірістік жэне ғылыми-техникатық дамуы туралы шешімдерді қабылдауға жэне оны іске асыруға қолда бар материалдық, еңбек жэне қаржылық ресурстар түрғысынан дербестік беру. Корпорация тікелей өзі қызметін жоспарлайды жэне өндірілетін өнімге (қызметке) деген сұранысына байланысты даму перспективасын анықтайды, Жедел жэне ағымдағы жоспарлардың негізін өнімді тұтынушылар мен материалдық шикізаттарды жеткізушілермен жасалған келісім-шартгар (контрактілер) құрайды. Қаржылық жоспарлар өндірістік (бизнес-жоспарларды) жоспарларда көзделген шараларды ақшалай ресурстармен қамтамасыз етуге, сонымен қатар мемлекеттің бюджет жүйесінің мүддесіне кепілдік беруге бағытталған. Қосымша-қаржы ресурстарды тарту үшін корпорациялар бағалы қағаздарды (акциялар, облигациялар) шыгарады жэне қор биржалардың қызметіне қатысады. Өзін-өзі өтеу - корпорацияның дамуына жүмсалған қаражаттар пайда және басқа да меншікті қаржылық ресурстар есебінен өтелуі тиіс. Бүл қаражаттар корпорацияның меншікті капиталының минималды нормативтік экономикалық тиімділігін қамтамасыз етуге қажет. Қаржыландыру жай жэне үдайы өндірістегі меншікті көздердің жэне бюджет есебінен жүргізіледі, бюджет жүйесіне салық төленеді. Өзін-өзі қаржыландыру өзін-өзі өтеуге қарағанда тек рентабельдік жүмысты емес, сонымен бірге бюджет жүйесінің кірісін қалыптастыруды жай жэне үдайы өндірісті іске асыратын коммерциялық негіздегі қаржы ресурстарын қалыптастыруды көздейді. Өзін-өзі қаржыландыру қағидасы келісімшарттағы міндеттемелерді, несиелік-есеп айырысу жэне салыкты төлеу ережелерінің орындалуы үшін корпорацияның материалдық жауапкершілігін күшейтуге мақсатталған. Шаруашылық келісімшарттарды бұзғаны үшін айыппүл толемдерін өтеу, басқа үйымдарға шығындарын толеуден, кәсіпорынды өнімді (жүмысты, қызметті) жеткізу міндеттемесін орындаудан босатпайды. Айналым капиталының қорлану көздерінің меншікті жэне тартылған болып бөлінуі экономиканың арнайы салаларында өндірісті үйымдастыру жэне технологиялық ерекшеліктерімен анықталады. Маусымдық сипаттағы ондіріс салаларында айналым қорлардың тартылған кездерінің үлесі басым, ал ауыр өнеркэсіп, көлік, коммуникация салаларында меншікті айналым қорлары басым. Қаржы резервтерін кұру қағидасы нарықтық конъюнктура жағдайында корпорацияның серіктестіктері алдындағы өз міндеттемелерін өтемеу жауапкершілігін реттейтін тұрақты қызметін қамтамасыз ету үшін қажет. Акционерлік қоғамдағы қаржы резервтері таза пайдадан зацды негізде қүрылады, ал басқа шаруашылық субъектілерде олардың жинақталуы құрылтайшылық құжаттарда белгіленеді. Практикада бүл қағидалардың іске асырылуы қаржы саясатын жасау жэне шаруашылық субъектісінің қаржысын басқару жүйесін ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Ол үшін төмендегідей жагдайларды ескерген жөн: - қызмет саласы (коммерциялық жэне коммерциялық емес); - қызмет түрі (бағыты) - экспорт, импорт; - салалық ерекшелігі (өнеркэсіп, құрылыс, көлік, байланыс, ауыл шаруашылығы); - кэсіпкерлік қызметтің ұйымдық-құқықтық нысандары. Бұл қағидаларды орындау корпорацияның табыстылығын жэне каржылық тұрақтылығын практика жүзінде арттырады.
