- •1.Корпоративтік қаржының түсінігі мен мазмұны.
- •2.Корпорациялар қаржысының функциялары.
- •3.Корпоративтік қаржының қалыптасуы мен негізгі белгілері.
- •4.Корпоративтік қаржыны ұйымдастыру қағидалары.
- •5.Корпорациялардың қаржылық қызметтері және олардың функциялары.
- •6. Корпорациялардың қаржылық ресурстары.
- •7. Корпорациялардың айналымнан тыс активтерінің сипаттамасы.
- •8. Амортизация және оның негізгі қорларды жаңартудағы рөлі.
- •10.Материалдық емес активтер, олардың көздері мен амортизациясы.
- •9. Амортизациялық аударымдарды есептеу әдістерінің сипаттамасы.
- •13. Корпорациялардың қаржылық инвестициялары және оларды қаржыландыру көздері.
- •14. Негізгі қорлардың ұдайы өндірісін қаржыландыру көздері және оларды қаржыландыру тәсілдері.
- •15. Өндірістік айналым қорларының құрамы, құрылымы және айналымы.
- •16.Корпорациялардың меншікті айналым қаражаттарына қажеттілікті анықтау қажеттілігі.
- •17 .Айналым құралдарын тиімді пайдалану көрсеткіштері. Сипаттамасы.
- •18. Өнімді, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізу бойынша шығындардың сыныптамасы.
- •19. Өнімді, жұмыс пен қызметті өткізуден түсетін табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны.
- •20. Өткізумен түскен ақшалай түсім көлемі мен корпорация пайдасына бағаның әсері.
- •21. Табыс – корпорацияның меншік қаржы ресурстарының негізгі көзі.
- •22. Рентабельділік көрсеткіштері мен оларды есептеу әдістері.
- •23. Корпорациялардағы қаржылық жоспарлау мәні мен мазмұны.
- •24. Қаржылық жоспарларды құру реті, олардың сипаттамасы.
- •25. Резервтер, корпорациялар табысын ұлғайту факторлары.
- •26. Инвестициялау үрдісін бюджеттік қаржыландыру. Сипаттамасы.
- •27. Корпорацияның қаржылық анализінің мәні мен мазмұны.
- •28. .Корпорация пассивтері мен қаржылық тұрақтылығының анализі.
- •29. .Корпорация қорлары мен шығындарының қалыптасу көздері.
- •30. .Корпорацияның қаржылық қорытындылары анализінің мазмұны.
- •31. Рентабельділік коэффициенттерінің экономикалық мағынасын түсіндіріңіз.
- •32. Корпорацияның қаржылық стратегиясы.
- •33. Ақ қаржылық ресурстары, ақша қорлары мен резервтері.
- •34. Акционерлік қоғамдардың бағалы қағаздар бойынша табыстар төлеу тәртібі
- •35. Ақшаның уақытша құндылығы. Капиталдың шынайы және болашақтағы құны..
- •36. Жай және күрделі пайыздар. Дисконттау мен компаундтау
- •37. Корпорацияның меншік капиталы. Оның құрамы мен құрылымы.
- •38. Компанияны қаржыландырудың тартылған көздері.
- •1. Корпорация тұрақсыздығының негізгі белгілері.
- •2. Банкроттыққа ұшырамау шаралары;
18. Өнімді, жұмыс және қызметті өндіру мен өткізу бойынша шығындардың сыныптамасы.
Шығындар дегеніміз - өнімді өндіру, өткізу шығындарының, сауда делдалдарының қызметтеріне байланысты шығындардың, басқа да өндірістік емес іс-эрекеттерді қаржыландыруға байланысты болатын шығындар жиынтығының ақшалай формадағы көрінісі. Операционды шыгындар - бұл шығындарды қаржыландыру көзіне кэсіпорынның пайдасы, бюджеттен бөлінген қаражаттар, ғылыми-зерттеу жүмысына тапсырыс берушілерден түскен түсімдер құрайды. Бүл топтағы шығынның ерекшелігі -ұзақ уакыттағы сипатқа ие, көлемі жагынан түрақсыз (шығын), бұл шығындар ұзақ уақыт бойы өтеледі. Сондықтан да өнімнің өзіндік құнына қосылмайды. Бұл шығынның жұмсалу бағыты: өнімнің тиімділігін жэне сапасын жақсартуға қабілеттілігі зор.Ол өндіру мен өткізуге байланысты шығындар жатады. Өндіріске жүмсалатын шығындар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:1) Өнімнің өзіндік қүнына жатқызу тэсіліне байланысты шығындар тікелей және жанама болып бөлінеді.Тікелей шығындар дегеніміз - жеке өнімдер түрін өндірген кезде өндірілген өнімнің өзіндік құнына бөгетсіз тікелей жатқызылатын шығындар. Мысалы, шикізатгар мен негізгі материалдар т.б. Жанама шығындар дегеніміз - жеке бір өнімнің шығындарына жатқызылмайды, өйткені олар кәсіпорынның жалпы іс-әрекетімен байланысты болады, яғни құрал-жабдықты пайдалануға жэне ұстауға байланысты, ғимаратты жөндеу жэне ұстаумен байланысты шығындар, жүмысшылардың еңбекақысымен байланысты шығындар жэне т.б. Бұл шығындар өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау жэне есепке алу, жоспарлау мэселелері бойынша салалық-эдістемелік ұсыныстарда анықталған арнайы әдістің көмегімен өнімнің өзіндік қүнына қосылады.2) Өндірістің көлемімен байланысты шығындар шартты-түрақты жэне шартгы-өзгермелі шығындар болып бөлінеді. Шартты-түрақты шыгындар дегеніміз - өнімді шығару көлемінің өсуіне немесе азаюына байланысты жалпы көлемі айтарлықтай өзгермейтін шығындар (пропорңионалды емес шығындар деп те атайды). Шартты-түрақты шығындарға: баскару персоналына еңбекақы төлеу, амортизациялық аударымдар, әкімшілік-шаруашылық қажеттіліктерге жүмсалатын ақшалай шыгындар т.б. жатады. Шартты-өзгермелі шыгындар өнімді шығару көлемінің өзгеруімен байланысты шығындар өседі немесе азаяды. Шартты-өзгермелі шығындарға: технологиялық жанармай жэне энергия, өндіріс жүмысшыларының еңбекақысы, шикізат, негізгі материалдар және т.б.3) Біртектес деңгейіне байланысты шығындар кешенді жэне элементтік болып жіктеледі. Кешенді шығындар шығынның әртүрлі элементінен түрады. Бүл бағытгағы шығындар нақты экономикалық бағыты бойынша топтастырылады.
Элемент бойынша шығынды топтастырудың мақсаты -өнімнің түрлері бойынша өндіруге кеткен барлық шығындарды анықтау. Мысалы, (мынадай элементтерді бөліп қарастырады. Шығындар элементі бірыңғай экономикалық мэнге ие. Бір топтағы шығындардың жұмсалу бағыты эр түрлі.) материалды шығындар, еңбекақы, негізгі өндірістік қорлардың амортизациясы және т.б.
19. Өнімді, жұмыс пен қызметті өткізуден түсетін табыстардың экономикалық мәні мен мазмұны.
Өнімді өткізуден тускен түсімдер кэсіпорынның есеп айырысу шотына түскен ақшалай қаражаттарды білдіреді. Түсімнің уакытылы түсуі кэсіпорының шаруашылық қызметінде маңызды орын алады. Біріншіден, өнімді өткізуден түскен түсім - кэсіпорын үшін ақшапай түсімнің негізгі түрақты көзі. Екіншіден, кэсіпорынның ақшалай қаражаттарының айналым үдерісі өнімді өткізумен жэне түсімиің түсуімен аяқталады, яғни өндіріске жүмсалған ақшалай қаражаттардың қайтуын жэне келесі айналымды жаңіырту үшін кажеіті жағдайларды калып тастыруды білдіреді. Кэсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығы, айналым қаражаттарының жағдайы, пайданың көлемі, бюджетпен жэне бюджеттен тыс қорлармен, банкпен, жабдықтаушымен, кэсіпорынның жұмысшыларымен, қызметкерлерімен уақытылы есеп айырысу түсесін түсімге байланысты. Уақытылы түспеген түсімдер қажетгі есеп айырысу операциясын жүргізуге кері эсерін тигізеді. Нэтижесінде өндірістің тоқтауына экеліп соқтырады. Өнімді экспорттайтын кэсіпорын валюталық түсім алады. Валюталық түсім есепке алынуы үшін транзиттік валюталық шот (шетел валютасында толық көлемде түсімдер есепке алынады) жэне ағымдық валюталық шот (кэсіпорынның меншігінде қалған қаражат есепке алынады) алынады. Транзиттік шоттан валюганы сатқаннан кейін валюталық қаражаттың қалған болігі кэсіпорынның ағымдық валюталық шотына есептеледі жэне эр түрлі максатта пайдаланылуы мүмкін. Кәсіпорынның есеп айырысу шотына түскен түсімдер есебінен бюджеттік, бюджеттен тыс қорларға аударымдар жасалынады, еңбекақы төленеді, қаржылык жоспарда қарастырылған шығындар қаржыландырылады. Өнімді өткізуден түскен түсім пайда болып табылмайды, себебі алдымен еңбекақы төленуі керек, материалдық шыгындар өтелуі керек. Түрлі шыгындар өтелгеннен кейін қалган түсімнің бөлігі кэсіпорынның таза табысы немесе пайдасы деген форманы қабылдайды. Өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуден түскен түсімнің көлеміне мынадай факторлар эсер етеді: 1) өндіріс саласында — өнімнің көлемі, өнімнің сапасы, өнімнің ассортименті жэне т.б.; 2) айналыс саласында - транспорттық жэне есеп айырысу құжаттарын уақытылы рэсімдеу, қүжат айналымдылыгының мерзімі, шарттың орындалуы, есеп айырысудың оптималды формасы, бағаның деңгейі; 3) кэсіпорынның қызметіне байланысты емес факторлар -транспорттың жетіспеушілігі, сатып алушының қаражатының жоқтығынан өнім үшін төленетін төлемдерді уакытылы төлемеу жэне т.б.
