Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
бухучет ЧИНА.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188 Кб
Скачать
☆

14.К.Родбертус есептің барлық тарихын неше сатыға бөлді және олардың сипаттамасы

Атақты экономикс К.Родбертус (1870ж.) есептің барлық тарихын екі сатыға бөледі:

  • табиғи;

  • құндық.

Бірақ осылай бөлуді ешкім қанағаттандырған жоқ, өйткені:

Біріншіден, есептің дамуының жіктелуі сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп отырды;

Екіншіден, құндық есеп капиталистік шаруашылықпен емес тауарлық шаруашылықпен байланысты болады;

Үшіншіден, құндық есеп қай кезден басталатындығы анық емес.

15.Ортағасырдағы есептің негізгі екі түрі және оларга сипаттама

Ортағасырда есептің негізгі екі түрі қалыптасады:

  • камеральды бухгалтерия;

  • қарапайым бухгалтерия;

Камералдық бағыттағы есеп объектісіне тән кассалық және кассаға түсетін ақша мен кассадан төленетін ақшалар есебі жүргізілген. Барлық түсетін және төленетін ақшалар міндетті түрде арнайы тіркеуден өткізіп, табыстар мен шығындар жөніндегі мәліметтер алдын ала есептелініп жазылатын болған.

Қарапайым бухгалтерияда барлық мүліктер есебін жүргізумен қатар, кассаның толық есебінде күнделікті жүргізіліп, табыстар мен шығындар есебі бухгалтерлер үшін ең негізгі объектілер болып танылған.

Қарапайым бухгалтерия өрісінде барлық мүліктер есебі арнайы счеттар да дебиттік және кредиттік принциппен жүргізілген. Меншікті қаражаттар есебі қарапайым бухгалтериядағы ақпараттар жүйесіне жазылмаған. Біртіндеп тауарлы шаруашылықтың тездеп өрістеуіне сай бірінші кезекке ақша мен міндеттемелер есебі енгізіле бастаған. Мұның негізінде вексельдер мен чектер пайда болды. Сатылатын тауар үшін несие алу мүмкіндігі п.б. Шаруашылық жүргізудің басты мақсаты – байлықтың өсу қарқынымен өлшеніп, сатылған нәпселерден түскен пайда жанама категория ретінде қаралып отырды. Қарапайым бухгалтерия кезінде қаржыландыру категориясына қарағанда тұтыну немесе тауарлар сату категориясына бас назар аударылды.

16.Әр түрлі ғалымдардың көз қарасы бойынша Бухгалтерлік есептің даму сатыларының түрлері

Атақты экономикс К.Родбертус (1870ж.) есептің барлық тарихын екі сатыға бөледі: табиғи; құндық.

Бірақ осылай бөлуді ешкім қанағаттандырған жоқ, өйткені:

Біріншіден, есептің дамуының жіктелуі сыртқы жағдайларға байланысты өзгеріп отырды;

Екіншіден, құндық есеп капиталистік шаруашылықпен емес тауарлық шаруашылықпен байланысты болады;

Үшіншіден, құндық есеп қай кезден басталатындығы анық емес.

Атақты Италияндық ғалым Дж.Чербони төрт сатыға бөлді:

  • көне әлем – есептік ой-пікірлердің қалыптасуына позитивтік әдістердің болмауы;

  • Л.Фибоначчиден Л.Пачолиге дейін, Л.Пачолиден Ф.Виллаға дейін қос бухгалтериягың қалыптасуы;

  • ғылыми бухгалтерияның пайда болуы мен даму – бұл көзқараста есептің тұжырымдық проблемлары қарастырылды. Л.Фибоначчи осыған үлкен үлес қосты. Ол араб сандарын тарата бастады.

Көрнекті француз экономисі мен бухгалтері Леон Сэй есеп дамуын төрт сатыға бөлді:

1.Немоникалық. Бұл екі кезеңге бөлінеді: а) ауызша; б) жазбаша. 2.униграфикалық – қарапайым бухгалтерия. 3.диграфикалық – қос бухгалтерия. 4. логисмографикалық.

Жазбалардың дұрыстығы инвентарлық тізіммен ресконтраны салыстыру арқылы бақыланды.

  • қарапайым – жазбалар қарама-қарсы айналымдарды салыстыру арқылы бақыланды.

  • қос Италияндық – барлық тіркеу мен есептеулер екі жақты жазудың көмегімен бақыланды.

  • ағылшындық – есеп жүйесіне енгізілген арнаулы тәсілдер арқылы бақылау күшейтілді.

  • қос Италияндық және Ағылшындық біріктірілген – алдыңғы екі сатының бақылау кезеңдерінің комбинациясы.

  • орыс үштік бухгалтериясы - қос Италияндық бухгалтерияда тек екі белгі болса (Дт және Кт), ал орыс бухгалтериясында олар 19 болды.

Антон Хаар (1926ж.) есеп кезеңділігін бес сатыға бөлді:

1.соңғы түгендеуі мен соңғы балансы жоқ бухгалтерия;2.инвентарлық тізімсіз пробный баланс;3.түгендеусіз баланс;

4.статикалық (мүліктік) баланс – белгілі есеп кезеңдерінде түгендеу негізінде капитал ұсынылып отырды.

5.динамикалық (қаржылық) баланс – ол пайда сомасын анықтауға қызмет етті