Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

1.2.Жалға берушінің қаржылық есептілгіндегі жалгерліктің танылуы

Жалға берушіде жалға берілген объектілер бухгалтерлік баланстың активтері арасында танылады, өйткені меншік құқығы ауысқан жоқ, тек қана қолдану құқығы ауысты. Сондықтан бухгалтерияда жалға беруші жал бойынша соманы жалгерлік бойынша дебиторлық берешек ретінде таниды және олар жалгерлікке жасалған таза инвестицияларға тең. Сонымен қоса, жалға берушінің есебінде жалгерлік бойынша дебиторлық берешекті келесі шоттарда көрсетеді:1)шот 1260 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді дебиторлық берешек»; 2)шот 2160 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді дебиторлық берешек».

Егер қаржылық жал болса жалгерлік бойынша барлық тәуекелділіктер мен сыйақыларды жалға алушыға ауыстырады. Ал жалға беруші жалгерліктің негізгі сомасының дебиторлық қарызын және қаржылық табысты таниды. Бұд жерде жалға берушіның бухгалтериясында қаржылық кірістің тусуі бойынша арнайы график сызылады. Аталған графикте жалға берушідегі орны толтырылмаған және пайданың тұрақты нормасы көрсетіледі. Жалға беруші график арқылы кірісті жүйелендіріп рационалды түрде белгілеуге тырысады. Егер жалға беруші өндіруші немесе диллерлік компания болса, онда жалгерліктің кірісі және рәсімделуіне есептік саясатта белгіленген ережелер қолданылады. Осыған байланысты кей-кездерде төмендеттірілген қойылымдар қолдануы мүмкін (коммерциялық пайыздық қойылым). Бұл жерде жалға беруші балансқа түсіндірме хатында келесі көрсетілімдерді ерекше ашады: жалға алушымен жасалған салыстырмалы актысының нәтижелері; алынбағана қаржылық кіріс;жепілдірілмеген қалдық құн; жинақталмаған резерв; шартты жалгерлік төлемдер.

1.3.Жалға алушының қаржылық есептілігінде жалгерліктің танылуы

Өзінің қаржылық есептілігіде жалға алушы келісім-шарт бойынша жалға алынған активтерді баланстан тыс шотта көрсетеді. Ал жалгерлік бойынша міндеттемелерін, яғни жалға берушінің алдындағы кредиторлық берешегін, баланстың міндеттемелері арасында белгілейді және келеіс шоттарда көрсетеді:1)шот 3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек»;2)шот 4150 «Жалдау бойынша ұзақ мерзімді кредиторлық берешек».

Жалға алушы минималдық жалгерлік төлемдерді анықтаған кезде, дисконттау коэффициенті жалгерліктің пайызына тең болады. Егер жалгерліктің келісім-шартында осы пайыз анықталмаған болса, онда сәйкес дисконттау коэффициенті тартылған капиталдың пайызына теңестіруге болады.

Қаржылық есеп 2-де жалға алушының бухгалтериясында жалгерлік операцияларында жал бойынша шығыстарды және жалгерліктің міндеттемелерін таниды. Ол үшін қаржылық шығыстар жалгерліктің мерзімінде бірқалыпты бөлініп таратылуы қажет. Өйткені әр мерзімге бірдей сальдо көрсетілуі тиіс.

Амортизацияалық шығыстарды қаржылық жалгерлікте жалға берушінің мойынына арттырлады. Бұл жерде бухгалтерия амортизациялық саясасатында меншікті активтердің амортизациясы бойынша белгіленген ережелерді қолданады.

«Жалгерлiк» 17 (IAS) ЕХС активтерді жалдау бойынша қаржылық есеп берудегі операциялардың тәртібін, бағалауды, ашылуын реттейді.

Қаржыландырылатын жал өз мәнi бойынша жалға алушының есебiнен ұзақ мерзiмге алынатын несиелеудiң нысаны болып табылады.

Қаржыландырылатын жал - мүлiкке меншiктiк құқығымен байланысты, жалға берушiнiң олжасымен қоса, онымен байланысты болатын тәуекелдiлiктiң де үлкен бiр бөлiгiн жалға алушы өз жауапкершiлiгiне алады. Бұл кезде жалға алушы алынған мүлiктердi өз балансында көрсетедi. Ал жалгерлiк кезеңдегi құқықтың өзi берiлуi немесе берiлмеуi мүмкін.

Жалға алушының қаржылық есебiнде келесi жағдайлар айқын көрсетiлуi тuic: қаржыландырылатын жалгерлiкке алынған мүлiктiң жалпы құны; мүлiктi жалға алу бойынша ағымдағы және ұзақ мерзiмдi мiндеттемелер; қаржыландырылатын жалгерлiк және мерзiмi бiр жылдан артық бiртұтас (кepi қайтарымсыз) ағымдағы жалгерлiк кезiндегi ең төмЖалға берушідегі ен жалгерлiк төлемдер (төлемдердiң жүзеге асырьrлу мерзiмi мен сомалары қысқаша формада көрсетiлуi тиiс) бойынша мiндеттемелер; жалгерлiктi немесе мүлiктi сатып алу уақытын ұзартуды таңдау құқығы, келiсiм-­шарттардан туындайтын күтпеген жалгерлiк төлемдер және басқа да күтпеген жағдайлар.

Жалға берушiнің, к,аржылық есебiнде келесi жайттар айқ,ын көрсетiлуi тuic: қаржыландырылатын жалгерлiкке жалпы капитал салымы (ақша қаражатын жұмсау); жалға берiлген мүлiктен түскен пайдаланбаған табыс; активтердiң құны, сондай-ақ осыған байланысты есептi кезең iшiндегi активтердiң түрлерi бойынша жинақталып қалған амортизациялық аударымдар.

Жалға берiлген мүлiктiң пайдалану құқығының басым бөлiгi мынадай жағдайда берiлуi мүмкiн:

- жалға алынған мүлiктi тұрақталған (тiркелген) бағасы бойынша немесе жал соңында анықталған бағасы бойынша жалға алушының сатып алу құқығы бар болса;

- егер де жалға берiлген мүлiктiң пайдалану қызметiнiң мерзiмi 8O%-кe жетсе;

- егер де негiзгi құралдың жал мерзiмi бiткен кезде бастапқы құны оның 20%-

тiн ғана құраса;

- бүкiл жал кезеңiнде оның дисконтталған құны төленетiн жал ақысының 90% құраса;

- жал мерзiмi 6iткeн соң, жалға алушы жалға 6ерушiден негiзгi құрал о6ъектiсiн сатып алуға немесе алмауға құқығы 6ар болса.

Қаржыландырылатын жал мерзiмiнiң iшiнде жалға 6ерiлген мүлiк 6аланста 6ip ғана 6аға бойынша көpiнic та6ады.

Жал төлемi eкi төлемнен тұрады: қаржыландырудан (яғни, пайыз бойынша төленетiн шығысынан) және жалгерлiк мiндеттемесiнен, демек о6ъектiнiң 6аланстық құнын азайтатын төлемнен (негiзгi мiндеттемесiн өтеуден).

Жалгерлiк төлем: ағымдағы 6ағасы бойынша немесе дисконтталған құн бойынша (активтi пайдаланғаны үшiн төленетiн пайызын ескере отырып) есептелiнуi мүмкiн.

Дисконтталған құн бойынша есептеген кезде жал ақысының өте аз (минималды) деңгейiн анықтау үшiн қарастырылған пайыздық мөлшерлемесiн пайдаланады, ал егер де оны анықтау мүмкiн болмаған жағдайда қарыз капиталына пайдаланатын өсiп (артып) отыратын пайыздық мөлшерлемесiн қолданады.

Жалға беруші мен жалға алушы арасындағы мәміле жалдау шартына негізделетіндіктен, олардың арасында келісілген анықтаманы пайдаланған дұрыс болады. Осындай анықтамаларды жалға беруші және жалға алушының бірдей емес жағдайларға қарай қолдану жалдаудың бір түрін әртүрлі жіктеуге әкеліп соқтыруы мүмкін. Мысалы, егер жалға беруші жалға алушымен байланысты емес тарап ұсынған тарату құнының кепілдігінен пайда алған жағдайда орын алуы мүмкін.