Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

2.Байланысты тараптардың өзара қатынастарының есебі

Байланысты тараптармен өзара қатынастар ұйымның пайдасына немесе залалына, сондай-ақ қаржы жағдайына және операциялық қызметінің нәтижелеріне ықпал етуге қабілетті. Байланысты тараптар байланысты емес тараптар қатыспайтын мәмілелер жасай алады. Мысалы, өзінің бас ұйымының тауарларын өзіндік құны бойынша сататын ұйым осы тауарларды басқа сатып алушыға сол жағдайларда жеткізуден бас тарта алады. Сонымен қатар, байланысты тараптар арасындағы операцияларды байланысты емес тараптар арасындағы операциялар сияқты көлемде жүзеге асыра алмайды.

Ұйымның пайдасы немесе залалы және қаржы жағдайы байланысты тараптармен қарым-қатынастарға тіпті олармен операциялар жоқ болған кездің өзінде байланысты болуы мүмкін. Ұйым басқа тараптармен жүзеге асыратын операцияларға ондай өзара қарым-қатынастардың болуының өзі ықпал ете алады. Мысалы, еншілес кәсіпорын сауда әріптесімен қарым-қатынасын бас кәсіпорын бұрынғы сауда әріптесі жұмыс істеген салада жұмыс істейтін басқа еншілес кәсіпорынды сатып алғаннан кейін үзе алады. Және керісінше, бір тарап басқа тараптың елеулі ықпал етуі салдарынан іс-әрекеттерден тартынуы мүмкін – мысалы, еншілес ұйым өзінің бас ұйымынан зерттеулер мен талдамалар жүргізбеу жөнінде нұсқау алуы мүмкін.

Осы себептер бойынша, байланысты тараптардың операциялары, өзара есеп айырысулардың өтелмеген сальдолары және байланысты тараптармен қатынастар туралы ақпараттың болуы ұйым қызметіне қаржы есептілігін пайдаланушылар беретін бағаға, соның ішінде ұйым алдағы уақытта тап болатын тәуекелдер мен мүмкіндіктерге берілетін бағаға ықпал етуі мүмкін.

Байланысты тараптарға төленетін және олардан алынатын түрлі санаттарға жатқызылатын сомалар жіктемесі 1-«Қаржы есептілігін ұсыну» IAS Халықаралық стандартының не баланста, не ескертпелерде берілетін ақпаратты ашып көрсету туралы талаптарына қосымша болып табылады. Ол санаттар байланысты тараптар арасындағы өзара есеп айырысулар сальдосына неғұрлым кешенді талдау жасау мақсаттарында ұлғайтылған және байланысты тараптармен операцияларға қолданылады.

Төменде өздері туралы ақпарат ашып көрсетілуге тиісті, байланысты тараппен жүзеге асырылатын операциялар мысалдары келтірілген:

(а) тауарлар (дайын немесе аяқталмаған өнім) сатып алу немесе сату;

(b) мүлікті және басқа активтерді сатып алу немесе сату;

(с) қызметтер көрсету немесе алу;

(d) жалгерлік;

(е) зерттеулер мен талдамаларды беру;

(f) лицензиялық келісімдер бойынша беру;

қаржы келісімдері бойынша беру (соның ішінде ақшалай немесе заттай нысандағы несиелер және жарғылық капиталға жарналар);

кепілдіктер беру немесе қамтамасыз ету;

  1. басқа ұйым атынан немесе басқа тарап атынан ұйымның міндеттемелерді өтеуі.

5.Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашып көрсету.

  2. Байланысты тараптардың өзара қатынастарының есебі.

  3. Байланысты тараппен кез келген өзара қатынастардың есепте бейнеленуі

  4. Байланысты тараптарға төленетін және олардан алынатын түрлі санаттарға жатқызылатын сомалар жіктемесі

  5. Байланысты тараптар операцияларының есебі

  6. Байланысты тараптардың анықтамасы және операциялары

  7. Байланысты тараптарға қатыстырылмайтын баптар

  8. Байланысты тараптарға ұйымдастырылатын бақылау.

  9. Топ ішіндегі байланысты тараптар операцияларының есебі

  10. Бас және еншілес компанияларының байланыстытараптары.