Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Қаржылық есеп II Лекциялар.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
862 Кб
Скачать
☆

2.Құнсыздану, хеджирлеу құралдары.

Қаржылық инвестициялар тәуекелділігі анықталатын активтердің бірі болған соң, олардың қайта бағалануы және құнсыздануы жүргізіледі.

Мерзімдері, шарттары және есеп саясаты. Пайыздық мөлшерлеме тәуекелі. Несиелік тәуекел. Әділетті құн. Ашып көрсетілуге тиісті басқа да талаптар. Тануды тоқтату. Кепілдік. Көптеген туынды элементтерден тұратын құрама қаржылық құралдар. Пайда және зиян арқылы әділетті құн бойынша бағаланатын қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер. Пайда және зиян жөніндегі есеп және капитал. Құнсыздану. Міндеттемелерді орындау және бұзу (нарушение). Активтерді беру. Қаржылық активтерді типтік сату немесе сатып-алу. Қаржылық міндеттемелерді тануды тоқтату.Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелерді бағалау.

Өтелуге дейінгі ұсталынып отырған улестік бағалы қағаздар амортизациялық құнмен бағаланады, бұл бағалы қағаздар бойынша қайта бағалау жүргізілмейді.

Амортизацияланған құн- бұл дисконт немесе сыйақы амортизация есебімен алынған құн.

Үлестік бағалы қағаздар өтелуге дейін ұсталынып отырған ретінде классификацияланбауы тиіс, егер шаруашылық субъект мыналарды иемденсе:

1.алдағы орындалатын істер (болжамдар),

2.өтеу мерзіміне дейін бұл бағалы қағаздарды ұстауға мүмүкіншілігі болса .

Үлестік бағалы қағаздарға облигиация мен вексельдер жатады.

Егер компания бағалы қағаздарды анықталмаған уақытқа дейін ұстап отыруды жоспарласа және белгілі бір себептерге байланысты бағалы қағаздарды сататын болса,онда бұл қағаздар өтелуге дейінгі ұсталынып отырған ретінде классификацияланбайды.

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар есебінің мысалын қарастырамыз.

2000 жылдың 1 қаңтарында “Балтимор” компаниясы “Асем” корпорациясының құны 50000 $ 8 %-дық облигациясын 47461$ төлеп алды. Облигацияның жабу мерзімі 2003 жылдың 1 қаңтарына келеді, пайыздарды төлеу әр 1 шілде мен 1 қаңтарда.

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар есебінің мысалын қарастырамыз.

2000 жылдың 1 қаңтарында «Балтимор» компаниясы «Асем» корпорациясының құны $50000 8%-дық облигациясын $47461 төлеп алды. Облигацияның жабу мерзімі 2003 жылдың 1 қаңтарына келеді, пайыздарды төлеу әр1 шілде мен 1 қаңтарда. $2539 мөлшеріндегі жеңілдік 10% көлемінде пайыздық пайда әкелді.

Егер пайыздарды төлеу жылына екі рет жасалса, онда кезең саны тең болады 3жыл*2=6, ал пайыздық ставка 10%/2=5%

Негізгі соманың ағымдағы құны 50000*0,7462 (6 пер, 5%) 37310

Пайыздың ағымдағы құны 2000 *5,0757 (6, 5%) 10151

Облигацияның ағымдағы құны $47461

Жеңілдіктер 50000-47461 $2539

2000 жылдың 1 қаңтарындағы инвестицияны көрсету проводкасы келесідей:

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар 47461

Ақша құралдары 47461

Жеңілдіктер 2000-2003 үш жыл аралығында әр кезеңде көрсетілген пайыздық пайдаға өтелуі тиіс. Әр жылы есептен шығарылатын жеңілдіктер көлемін анықтау үшін, амортизациялық кестені құраймыз.

Облигациялар бойынша пайыздық пайда мен жеңілдіктер амортизациясы – тиімді пайыздар әдісі.

1.1.-кесте. 8% -дық сатып алынған облигация 10% береді.

Мерзімі

Алынған ақша қаражаттары

Пайыздық пайда

Облигациялар бойынша жеңілдіктер

Облигацияның баланстық құны

1.1.00

1.7.00

2000(1)

2473(2)

373(3)

$47461

1.1.01

2000

2392

392

47834(4)

1.7.01

2000

2411

411

48226

1.1.02

2000

2432

432

48637

1.7.02

2000

2453

453

49069

1.1.03

2000

2478

478

49522

$12000

$14539

$2539

50000

  1. 50000*4 %=2000, вексель бойынша жылдық пайыздық ставка 8% , пайыздарды төлеу жылына 2 рет, онда 8%/2=4%

  1. Алдыңғы жылдың соңғы баланстық құны алынады және тиімді нарықтық ставкаға көбейтіледі.

47461*5%=$2373

  1. Жеңілдіктер амортизациясы = Пайыздық пайда – Алынған ақша қаражаттары

2373-2000=$373

  1. Кезең соңындағы баланстық құны = Алдыңғы жылдың баланстық құны+Жеңілдіктер амортизациясы

47461+373=$47834

Есепте келесідей проводкалар жүргізіледі:

  1. 2000 жылдың 1 шілдесінде пайыздарды алу.

Ақша қаражаттары 2000

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы қағаздар 373

Пайыздар бойынша табыс 2373

  1. “Балтимор” компаниясы күнтізбелік жыл негізінде есеп жүргізеді, ол 2000 жылдың 31 желтоқсаны жағдайында пайыздарды есептейді және жеңілдіктерді амортизациялайды.Яғни, сәйкестілік қағидасына сәйкес компания есепті жылдың соңында табыстар мен шығыстарды тануы тиіс.біздің жағдайымызда, бұл пайыздар бойынша табыстар, оларды компания есептейді, яғни таниды, бірақ оларды 2001 жылдың 1 қаңтарында алады.

Алынуға тиіс пайыздар 2000

Жабылғанға дейінгі ұсталынатын бағалы 392

Пайыздар бойынша табыс 2392

5.Өз-өзін бақылау сұрақтары

  1. Бірлескен қызмет нысандарының есебі

  2. Бірігіп бақыланатын операциялардың есебі

  3. Бірігіп бақыланатын активтердің есебі

  4. Бірігіп бақыланатын міндеттемелердің есебі

  5. Бірігіп бақыланатын ұйымдардың есебі

  6. Бірігіп бақыланатын ұйымдардың қаржылық есептілігін ұсыну

  7. Бірігіп бақыланатын ұйымдардың есептілігін пропорционалды шоғырландыру

  8. Бірігіп бақыланатын ұйымдардың есебіндегі үлестік қатысу бойынша есептеу әдісі

  9. Бірігіп бақыланатын операциялар типтерінің ортақ сипаттамалары

  10. Бірігіп бақыланатын операциялардың танылуы және ұсынылуы