Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shmkt.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆
  1. Ежелгі Вавилон халқының құқықтық жағдайы. Құлдық жəне оның ерекшеліктері.

Ежелгі Вавилонда заңдар жинағы жеке нақты оқиғаларға арналып жазылған. Онда жалпы құқық көрсетілмеді. Ежелгі Вавилон құқығының маңызды ескерткіштерінің бірі – Хаммурапи патшаның заңдар жинағы. Бұл ескерткішті 1901 жыли заңы француз ғалымы де-Морган Сузыдан тапқан. Заң жинағы 282 баптан тұрады. Хаммурапи заңдарының Вавилон заңдарына әсері күшті, ол ертедегі шумер заңдарының одан әрі жетіле дамуы және жинақталып, тәртіпке салынуы б/т. Хаммурапи заңдары өз кезеңінен бізге жеткен көптеген құжаттармен қатар, Вавилон қоғамының шаруашылыққа белсенді түрде араласқанын көрсетеді. Жер мен құрылысты сату, бақша мен егістік жерді жалға беру, дала жұмыстарына адам жалдау – осының барлығы заңды тұрде реттелген.

Ежелгі Вавилондық қоғамның ерекшелігі -патшалардың мемлекетті ірі жер иеленуші мен құл иеленушіге айналдыруында. Патшаның жер қоры дін орындары жерлерін мемлекеттің меншігіне айналдырудан жəне сондай-ақ жаулап алу мен қауымдық жерлерді сатып алудан құралды. Қоғамның екінші ерекшелігі - патшалық билік пен жеке иеленушілік биліктің күшеюіне қарамастан, қауымдық құрылыстың сақталуында еді. Əрине, бұл жер шаруашылығының ирригациялык жүйесіне байланысты болатын.

Вавилон халқының қүқықтық жағдайы сол уақыттың негізгі ескерткіштерінің бірі Хаммурапи патшаның заңдарында сипатталған. Халықты негізінен еріктілер жəне құлдар деп бөлумен бірге бұл ескерткіш еріктілерді "авилум" еркек адам жəне "мушкенум" кішкене адам деп сословиеге бөледі. Екеуі де байдан немесе кедейден бола беретін, құлды ұстау, ұстамауын өздері шешетін, бірақ құқықтық қатынаста олардың арасында айырмашылық едөуір еді. Оларға қарсы жасалған тонаушылық қылмыстар мемлекет қазынасын тонағанмен бірдей теңестірілді. Тіпті олардың құлдары да басқа жеке меншік иеліктегі құлдарға қарағанда бірқатар артықшылықтарға ие болды. Академик В. В. Струве "мушкенум" - Хаммурапи басып алған жердің халқы да, ал "авилум"-басқыншылардың еліндегі құрметті азаматтар деп есептейді.

Хаммурапи заңдары б/ша тағы бір халық өкілі – саудагерлер тамкар деп аталды. Сарай қызметінде болған тамкарлар мемлекет қазынасындағы әлеуметтік–экономикалық мәселелерімен айналысты. Олар мем/к маңызы бар экон/қ катынас құжаттарымен жұмыс жүргізіп, елдермен сауда байланысын нығайтты. Капитал көздерін жинап, ірі сауда орталықтарын құрды. Олар бай болғанымен олардың беделі авилум мен мушкенумге қарағанда әлдеқайда төмен болды.

Құлдық. Кез келген құл иеленуші мемлекет ретінеде Ежелгі Вавилон қоғамы құлиеленуші мен құлға бөлінді. Құлдар қоғамның ең соңғы сатысын құрады. Соғыс кезінде тұтқынға түскен адамдар, қылмыскерлер және қарызын төлей алмаған адамдар құлдарға айналған. Құлдар толығымен қожайындарының құзіретінде болды, яғни мұрагерлікпен берілді. Сатылды,сатып алынды. Олар заң тарапынан мүлік ретінде қаралды. Құлдың денсаулығына келтірілген зиян істер мен оны өлтіргені үшін оның қожайына айыппұл төленді. Мысалы: құлды абайсыздан өлтіріп койса оның орнына бір құл төлеу керек; құлдың көзін шұқығаны үшін немесе сәтсіз өткен опирация үшін оның қожайынына құлдың жарты бағасы төленді. Құлмен сатып алу шартын жасаған адам өлім жазасына кесілді. Қашып шыққан құлды жасырып, қожайынына қайтармағаны үшін өлім жазасы кесілді. Әр құлға денесіне таңба басылды. Құлдар патшаның храмның және жеке меншіктегі құлдар болды. Құлдардың иеленген мүліктері қожайының мүлігі болып саналды. Хаммурапи заңдары құл иеленушінің құлға деген билігін шектемеді. Құл ерікті адамға үйлене алады және осы некеден туған нәресте ерікті адам болып саналады. Қарызын төлей алмаған ерікті адам қараз беруші адамның құлына 3 жыл мерзімге айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]