Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shmkt.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆
  1. Абсолюттік монархия кезеңіндегі Англияның мемлекеттік құрылысының ерекшеліктері.

Шексіз монархия Англияда феодализмнің құлау жəне ыдырау жəне капиталистік өндірістік қатынастардың туындау кезеңінде пайда болды. Ағылшындық шексіз монархияның ерекшелігі оның аяқталмағандығында болды, яғни, қуатты патша билігімен қатар парламент те өз қызметін жалғастыра берді. Мемлекеттік билік пен басқарудың жоғарғы органдары болып мыналар табылды: патша — көп- теген, өзіне ғана бағынатын органдары арқылы шынайы заң шығару, атқарушы жəне сот билігін жүзеге асырды; құпия кеңес — мемлекеттің жоғарғы лауазымды тұлғаларынан тұрды, олар: лорд — канцлер, лорд — қазына басқарушы, жеке мөрді сақтаушы — лорд жəне адмирал — лорд; парламент — сословиелік өкілдік органы.

Жергілікті басқару. Графтықтар сақталып қалды, алайда төменгі аумақтық бірлік ретінде приход орнықты.

Орталық мемлекеттік органдар:король, Құпия кеңес, Парламент. Ең жоғарғы шіркеу органы-Комиссия болды.Басқарудың жоғарғы органы Құпия кеңес болды. Оның компетенциясында болды:теңіз колониясын басқару,сыртқы сауданы бақылады,оның қатысуымен ордононстар шығарылды.Құпия кеңес бірінші инстанциядағы және апелляциондық реттіндегі сот ретінде кейбір сот істерін қарады. Жұлдызды Палата Құпия кеңестің бөлімі болды.Ж.П. король билігіне қарсы шыққандармен күрес жүргізіді, және әкімшілік трибунал ретінде құрылды.Ол азаматтық,қылмыстық істерді қарады.Іс инквизициялық сипатта болды,қинауға мүмкіндік берілді.Баспа шығармаларының цензурасын іске асырды.Осы функцияны Жоғарғы Комиссия да атқарды(оның өкілідгінде шіркеуді тікелей басқару болды).Парламенттің ролі аз болды.ХІҮғ.соңында корольдік кхатшы қызмет атағы п.б.Оның ХҮІғ.ролі күшейді.Осы кезде хатшы саны екеу болды,олардан өте маңызды мемлекеттік істер өтті.

Сот жүйесінде «шындық сотының» маңызы зор болды.Жергілікті басқару баяғы қалпында қалды. Өз бақылауына қарату үшін үкімет графстволарда лорд-лейтенант атағын шығарады(ол әлемдік судьяларды және полицияны басқарды)

  1. Феодалдық Германиядағы қылмыстық құқық жəне кылмыстық іс жүргізу. 1532 ж. Каролина.

Шаруалардың ұлы соғысынан кейін 1532 жылы Германияның рейхстагы "Каролина" деген заң жинағын шығарды. Ол императордың атымен (Карл Бесінші) Каролина деп аталды. Онда 219 бап бар, олардың 142 бабы қылмыстық процестен, қалғаны қылмыстық нормалардан тұрады. Бұл занды тарихшылар "қанмен жазылған" дейді. Каролина шеффендер қолдану үшін жазылған талқылау, сондықтан ішкі құрылысы анық емес.

Бүл құқықтық мұраны империяның барлық жерлері тегіс қолдануға міндетті болмаған. Бірақ шаруаларға қарсы жаза қолдану үшін Каролинаның баптарын жүзеге асырды.

Неке құқықтары. Əйел адам мен ер адамның некедегі құқықтары тең емес. Отбасының мүлігін ер адам иелік етеді. Əйел адам күйеуінің рүқсаты болмаса үйдегі мүлікті басқара алмайды. Бірақ олардың жалпы меншігінде əйелдің де үлесі бар, оған үйдің заттары мен өзінің бұйымдары жатады. Бұл заттар оның қыз баласына мұрагерлікпен беріледі, олар əйелдің үлесі деп аталатын. Əйел күйеуінен ажырасса немесе күйеуі өлсе, олардың жалпы меншігі былай бөлінетін. Əйел адам күйеуімен ажырасса, ол өзіне күйеуінің сыйлаған заттары мен өз үлесін ғана қалдыра алатын. Ал күйеуі өлген жағдайда ол күйеуінің сыйлығын, əйелдің бөлігін өмірбойғы өзін жəне балаларын асырайтын мүлікті де өзіне қалдыратын еді. Мұрагерлік нормалар мұраның ер адамдарға қалуға тиісті екенін мəлімдеді. Мұра тек қана заң бойынша таратылатын. Бірақ мұрагерлік мəселелері кейбір кезде өсиет бойынша да шешілетін болды. Мусылман құқықтық нормаларындағы сияқты герман құқығы да өлген адамның үлесін анықтайтын, бұл үлес өлген адамның жерлеуіне жұмсалатын болды.

Қылмыстық құқық. Бұл нормалар көбіне Каролина құжатында айтылған. Каролина феодалдық қылмыстық құжаттардың ең таңдаулыларына жатады. Қылмыстық құқықтың тұжырымдары мұнда өте анық жəне түсінікті айтылған еді. Каролинада қастық пен қауіпсіздік, қылмысты ауырлататын жəне жеңілдететін жағдайлар, аяқталмаған қылмыс жəне аяқталған қылмыс, қылмысқа бірге қатысу тəрізді түсініктер туралы толық айтылған. Өзін қорғау кезінде басқа адамды өлтіру туралы бірнеше баптар бар. Қылмыстардың бөрі бірнеше топтарға бөлінеді: шіркеуге, мемлекетке, жеке меншікке жəне адамдарға қарсы қылмыстар.

Бірақ Каролинаның ең қиын жəне ауыр баптары жазалар туралы болатын, жазалардың мақсаты - халықты қорқытып ұстау. Бұл заң жинағында өлім жазасы туралы көп айтылған жəне өлім жазасының ауыр түрлері көп еді. Жазалардың түрлері: өлім жазасы, дене мүшесін зақымдау жазалары, ұрыны бірнеше құқықтан айыру, темір қарғыны мойнына кигізіп, жұрттың көзінше ұстау, масқаралау, түрмеде ұстау, зиянын төлету, айыппұл жəне басқа да жазалар. Қылмыстардың көбіне өлім жазасы берілген, ал оның түрлері: өртеу, дөңгелекке салып өлтіру, асып өлтіру, суға салып өлтіру, тірідей көміп өлтіру. Негізгі жазаға қосымша жазалар да белгіленетін: мүлікті тəркілеу, өлтірудің алдында ыстық темірмен сынау, өлтіру орнына сүйрелеп апару.

Сот процесі. Ерте феодализм кезінде айыптау процесі қолданылатын. Каролина айыптау процесінің орнына сынау процесін орнатты. Азаматтық жəне қылмыстық процестердің арасында айырмашылық жоқ еді. Бірақ ХІІ-ХІV ғасырларда айыптау мен жазалау мемлекеттің атынан өткізілетін болды. Сотта жекпе-жек қолданылатын. Инквизициялық процестің енгізілуі рим құқығының дамуына байланысты болды. Бұл процестің үш кезеңі бар: тергеу, жалпы тергеу жəне ерекше тергеу.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]