Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shmkt.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

49.Францияның 1804 ж. Азаматтык Кодексі.

Континетальдық құқық жүйесінде заңдарды жүйелеу жұмыстары ХІХ ғасырдың басында белсенді жүргізілді. Сол жұмыстарды басқарған саяси қайраткерлердің Наполеон Бонапарт. Ол Францияны басқарған кезде 1804 жылы Азаматтық Кодексті қабылдады. Бұл Кодекс римнің құқық жүйесі негізінде жасалған еді. Оның ішкі құрылысы тұлағалар, заттар, міндеттемелер деп бөлінді. Кодекс бойынша ол тұлғалардың қатарына жай адамдар және заңды тұлғалар ұйымдар жатқызылды. Тұлғалардың бәрінде заң алдында тең екендігі көрсетілді. Кодекс бойынша феодалдық жеңілдіктерге және жеке құқтарға байланысты нормалардың бәрі жойылды. Кодекстің бірінші бөлімінде адам туралы, неке құқығы туралы, некені бұзу мен ажырасу туралы, отбасы қатынастары туралы, некесіз туған балалар туралы, әке билігі туралы, кәмелетке толмағандар мен қамқоршылар қолындағы балалардың құқықтары туралы мәселелер қамтылды. Екінші бөлімінде заттар,олардың түрлері, жекеменшіктің түрі, дүние мүлік, меншік туралы мәселелер толық қамтылды. Мыс: 554-бап бойынша «меншік бұл абсолютті түрде қолдану және билеу, қолдану заңға немесе регламентке қарсы болмау керек» деп жазылған . Үшінші бөлімінде негізінен міндеттемелер туралы құқық нормалары қамтылған. Онда шарттар оның жасау жолдары, мұрагерлік туралы, жалдану келісім туралы өсиет туралы нормалар қамтылды. Бұл бөлімде көрсетілген нормалар буржуазиялық тіршілікке кәсіпкерлікке жол ашты. Кодекс негізгі буржуазиялық қарым – қатынастарының нышандарын бекітті. Жеке меншік ең қасиетті қол сұғылмайтын құқық , өнеркәсіптің, шарттардың бостандығы, мемлекеттің жұмысшы мен жеке меншік иесінің қарым қатынастарына араласпайтындығы реттеліп көрсетілген. Наполеоннің бұл кодексі буржуазиялық қарым қатынастарды реттеуге бағытталған сол кездегі мемлекеттің негізгі құқықтық актісі еді.

50.Францияның 1810 ж. Қылмыстық кодексі. 1810 ж Францияда Қылмыстық кодекс қабылданды. Бұл өзінің заманына өте жақын кодекс еді. Ол азаматтардың істеген қылмыстарын үшке бөлді: бірінші, жеңіл қылмыстар, оларды істеген азаматтар полицияның жауапкершілігіне ұшырайды, оларды полицейлік тәртіп бұзу деп атайды. Екінші, қылмыстар, оларды істеген адамдар түзету жасына тартылады. Үшінші жазықты болушылық, теріс қылық, ауыр қылмыстар, ұятты қылмыс, бұларды істеген адамдар ұятты ж\е ауыр қылмыспен жазаланады.

Қылмыстық жазалар азаптау, масқаралау ж\е тек масқара деп бөлінеді.

Азаптау жазалары: өлім, өмір бойы жер аударылып, азап жұмыстарына жіберу, деспотия сайлау құқығынан айыру, тыштандыратын үйге орналастыру

Масқаралау жазалары: масқарасын шығару, масқаралау бағына байлау, мойына жіп байлап, қуып шығу, азаматтық деградация

Түзету жазалары: түрмеге салу, уақытша саяси. Азаматтық ж\е неке құқығын жою.

51.Франциядағы Төртінші ж/е Бесінші Республикалар

1946 жылғы сәуір айында құрылтай жиналысы конст/ң жобасын жасап аяқтады. Бұл жоба б/ша жалғызпалаталық парламент енгізу, президентті вето құқығынан, парламентті таратып жіберу құқығынан, кешірім жасау құқығынан айыру ж/е де өнеркәсіптің жекелеген түрлерін ұлттандыру бекітілді. Бұл жоба референдумның барысында қайтарылып жіберілді. Конст/ң жаңа жобасы 1946 жылғы қазандағы референдумда бекітілді. Преамбулада 1789 жылғы Адам ж/е азамат құқықтары т/лы Декларацияда жарияланған азаматтың құқықтары мен бостандықтары салтанатты түрде бекітілді. Сонымен қатар, қосымша саяси құқықтары да енгізілді. Республика жаулап алушылық соғыстарды жүргізбеуге міндеттенді. Конст/я парламенттік республиканы құруды көздеді.

Бесінші республика. Төртінші республиканың конст/қ режимінің құлауының тікелей себебі болып Алжирдегі жағдайлар табылды. Онда 1958 жылдың сәуір-мамыр айларында ұлт азаттық көтерілісті басуды талап еткен оңшыл күштер күшейе түсті. Жаңа конст/ң жобасы жасалды. Оның негізін Голльдың идеялары құрады. 1958 жылғы конст/ны қабылдау Бесінші республиканың п.б/н білдірді. Конст/ға сәйкес президентке атқарушы биліктің басшысы ретінде көптеген өкілеттіктер берілді. Үкіметтегі үшінші тұлға болып премьер министр табылды, ол үкіметке басшылық жасады. Конст/ң негізінде құрылған жаңа орган болып Конст/лық кеңес табылды. Оларды палаталар төрағалары мен президент теңдей тағайындайтын. Францияның барлық экс президенттері оның өмір бойлық мүшелері болып табылды. Атқарушы биліктің нормативтік актілеріне бақылауды мемл/к кеңес жүзеге асыратын. Бесінші республиканың режимі 1969 жылы Голль отставкаға кеткен соң да сақталып қалды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]