Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shmkt.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
476 Кб
Скачать
☆

58.Жапонияның 1947 ж Конституциясы.

1947 жылы 3 мамырда күшіне енген жапон конст/сы императорды ұлт пен мемл/ң рәмізі ретінде жариялайды. Императордың мемл/к істер б/ша барлық әрекеттері Кабинетпен келісіліп отыруы тиіс болған. Сонымен қатар, бұл Конст/я жапон халқының соғыстан бас тартуын ұлттың егемендігі құқығы ретінде ж/е әскер мен әскери флоттың болмауын жариялады. Формальды теңдік пен қандай да болмасын нысанда, қандай да болмасын белгісі б/ша кемсітуге жол бермеу танылды. Тең жалпыға ортақ сайлау құқығы жарияланды. Заң шығарушы билікті екі палатадан тұрған Парламент жүзеге асырды, оның палаталары: Өкілдер палатасы ж/е Кеңесшілер палатасы. Екі палата да сайланбалы болды: біріншісі 4 жылға, екіншісі 6 жылға сайланды. Парламент сессиялары жылына бір рет шақырылатын. Өкілдер палатасы қабылдаған заң жобасына байланысты кеңесшілер палатасы басқа шешім шығарған болса, бұл жоба өкілдер палатасының қатысушы мүшелерінің кем дегенде үштен екі бөлігі қайта қабылдағанда ғана заңға айналатын. Атқарушы билікті премьер министр мен мемл/к министрлерден құралған кабинет жүзеге асырды. Ерекше атап өтетін жайт, конст/я барлық министрлердің азаматтық тұлғалардың болуын талап етті. Мемл/к министрлердің басым көпшілігі сияқты премьер министр да парламент мүшелерінен қатарынан ұсынылатын. Кабинет парламенттің алдында ұжымдық жауапкершілікте болды. Сот билігін басында жоғарғы сот тұрған соттардың біртұтас жүйесі жүзеге асырды. Судьялар 10 жылға сайланатын, ал егер заңмен белгіленген жасқа жетпесе, қайтадан сайлана алатын. Сонымен қатар, жоғарғы сот кез келген заң мен актінің конст/ға сай н/е сай емес екендігі жөніндегі мәселені шеше алатын.

59.Қытайдағы 1911 жылгы революция. Маньчжур билігін құлату және республиканы жариялау.

Сунь Ятсен тұрған Қытайды қайта өрлету одағының басшылығымен революциялық ұйымдар құрылды. Қытайдың біріккен одағына Сунь Ятсен президент болып сайланды. 1911 жылы 10 қазанда Учан қаласында солдаттар көтеріліске шықты, Синьхай революциясы басталды. 1911 жылғы 25 желтоқсанда Сунь Ятсен Қытайдың президенті болып сайланды. Монрахия контрреволюциялық күштермен келісудің нәтижесінде жойылды. Қытайлық революциялық бірлескен одақта либералдар жеңіске жетті. Олар партияның таратылуын ж/е оның ұсақ буржуазиялық партиялармен бірігуін талап етті. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Қытайда күшейген ұлттық буржуазия мен қытай нарығындағы шетелдік монополистердің арасындағы қайшылықтар өрши түсті. Халықтың белсенділігі ұлт азаттық белсенділігі ұлт азаттық бағытқа бет бұрды. Халықтың белсенділігінің артуы Гоминьданның оң қанатының контрреволюциялық бағытты ұстануына түрткі болды. Халықтық саяси кеңесушілік конференцияның бірінші сессиясы ашылды, оның жұмысына барлық демократиялық партиялар мен қозғалыстардың делегаттары қатысты. Мемл/к биліктің жоғарғы органы болып орталық халықтық үкіметтік кеңес табылды. Осылай мемл/ң саяси құрылымын өзгертусіз экономиканы басқарудың нарықтық әдістері үшін үлкен бостандықтар туындады. Реформалардың нәтижесінде ҚХР дамыған мемл/ке айналды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]