- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •5В020200 - Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.6 Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.9 Баға туралы ақпарат:
- •Рейтинг-шкала
- •1.10 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері
- •1 Тақырып. Мамандану елдерінің (Батыс) тарихы пәнінің міндеттері мен кезеңдері
- •2 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың басындағы Германия
- •3 Тақырып. XVI ғ. -xvіі ғ. Бірінші жартысындағы Испания
- •4 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Италия
- •5 Тақырып. XVI ғасырдагы және XVII ғасырдың басындағы Англия
- •6 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Франция
- •7 Тақырып. XVII іі-ші жартысындағы XVIII ғғ. Англия
- •8 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Және хіх ғасыр басындағы Франция
- •9 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Еуропа континентінің ірі мемлекеттері: Германия, Австрия, Испания, Италия.
- •10 Тақырып. Францияда капитализмінің толық дамуы
- •11 Тақырып. Өнеркәсіп төңкерісі тамамдалған кездегі Англия. Виктория дәуірі
- •12 Тақырып. Рисорджименто дәуіріндегі Италия
- •13 Тақырып. Германия біріктіру дәуірінде
- •14 Тақырып. Ақш: Тәуелсіздік соғыстан азамат соғысына дейін
- •15 Тақырып. Хіх ғ. Соңғы ширегіндегі ақш
- •16 Тақырып. Хіх ғ. Соңғы үштігіндегі Ұлыбритания, Франция.
- •17 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы ақш
- •18 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Ұлыбритания
- •19 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Франция
- •20 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Германия
- •21 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Италия
- •22 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Солтүстік Америка елдері
- •23 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Ұлыбритания
- •24 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Франция
- •25 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Германия.
- •26 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Италия
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып. Хvіі ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы (1640-1660 жж.)
- •Әдістемелік нұсқау
- •2 Тақырып. Англияның Солтүстік Америка отарларында тәуелсіздік үшін соғысы және і революция. Ақш тың құрылуы.
- •Әдістемелік нұсқау
- •3 Тақырып. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (1789-1799 жж.)
- •Әдістемелік нұсқау
- •4 Тақырып. Ақш-тағы азамат соғысы
- •Әдістемелік нұсқау
- •5 Тақырып. Ақш президенті ф.Рузвельттің
- •Әдістемелік нұсқау
- •6 Тақырып. Испаниядағы революция және азамат соғысы
- •Әдістемелік нұсқау
- •7 Тақырып. Екінші дүниежүзілік соғыс
- •Әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. Франция: іv Республикадан V Республикаға ауысу
- •Әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. 1945-1970 жж. Еуропадағы интеграциялық процесс
- •Әдістемелік нұсқау
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •1 Тақырып. Ұлы жағрафиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің қалыптасуы
- •2 Тақырып. Швейцариядағы Реформация. Еуропадағы феодалдық реакция және контрреформация
- •3 Тақырып. Еуропадағы абсолютизмнің тарихи мазмұны
- •4 Тақырып. Еуропадағы жаңа заман басталған дәуірдегі ірі әулеттер (патшалық) генеологиялық кестесі
- •5 Тақырып. Испан мұрагерлігі үшін соғыс
- •6 Тақырып. Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және жеті жылдық соғыс
- •7 Тақырып. Тәуелсіздік үшін соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. Наполеон соғыстары дәуіріндегі халықаралық құжаттар
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. Германияның бірігуі
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •10 Тақырып. Италиядағы Риссорджименто
- •11 Тақырып. Германия империясының конституциясы. 1871 жылы 16 ақпан
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •12 Тақырып. Еуропалық интеграцияның қазіргі кезеңі: Ортақ рыноктан Еуроодаққа ауысу
- •13 Тақырып. Германияның бірігуі
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •7 Тақырып. Франциядағы і империя және Наполеон соғыстары
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. 1871 жылғы Париж коммунасы
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. Герман социал-демократиясының революциялық күрес кезеңінде
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •10 Тақырып. Неоконсерватизм революциясы кезеңіндегі ақш-тағы екіпартиялық жүйе
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстардың тақырыбы
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе.
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 «Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Қысқартылған журнал аттары
- •Мазмұны
- •«Мамандану елдерінің тарихы (батыс)» пәні бойынша
- •5В020200 - Халықаралық қатынастар
26 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Италия
1. ІІ ДЖС кейінгі жыдардағы Италия.
2. 60-70 жж. Италия.
3. 80-90 жж. Италия.
4. ХХІ ғ. басындағы Италия.
Карсыласу қозғалысы және республиканың құрылуы. 1945 ж. сәуір көтерілісі. Ұлттық майдан үкіметі. Саяси партиялардың рөлі. 1948 ж. парламенттік сайлаулар. ХДП билік басында. Аграрлық реформаның жүргізілуі, оның нәтижелері. Италиядағы әлеуметтік-экономикалық даму және ғылыми техникалық революция. Мемлекеттік реттеудің күшеюі.
50-60-шы жылдардағы Италияның ішкі және сыртқы саясаты. 70-ж. ортасындағы дағдарыс және Италия. Экономикадағы құрылымды өзгерістерге байланысты әлеуметтік және саяси күрестің шиеленісуі. Экстремизмге қарсы күрес.
Италияның ЕО, НАТО және басқа халықаралық ұйымдарға қатысуы. Балкан саясаты.
80-ші жылдардағы Италияның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.
1994ж. сайлаулар. ХДП-нің үш саяси бағытқа бөлінуі. С.Берлускони үкіметі мен оның биліктен кетуі. 1996 ж. Парламенттік сайлаулар. Қоғамның 2-блокқа бөліну үрдісі: сол және оң. Р. Прадо үіметі, оның бағдарламасы. С.Берлускони.
Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154
Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154
2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
1 Тақырып. Хvіі ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы (1640-1660 жж.)
Сұрақтар:
1. ХVІІ ғ. 1 жартысындағы Англияның әлеуметтік- экономикалық және саяси дамуы.
2. Англиядағы реформация. Революцияға дейінгі кезеңдегі діни және конституциялық шиеленістің өрши түсуі.
3. Англияның абсолютизмі Стюарт әулетінің дағдарысқа ұшырауы.
4. Революцияның басталуы және ұзақ парламенттің бағдарламасы.
5. Бірінші азамат соғысы және пресвитерияндық парламенттің саясаты.
6. Индепенденттер мен левеллрдің саяси пікірталасы. Екінші азамат соғысы және Карл І өлім жазасына кесілуі.
7. Индепенденттік республика кезеңі. Ішкі және сыртқы саясаты. Левеллер және диггерлердің бағдарламасының мақсаты және олардың әлеуметтік құрамы. Д. Лильберн. Д. Уинстенли.
8. Кромвелдің протекторатының диктатуралық билікке ұласуы және Реставрацияның себептері.
9. Англиядағы парламенттік монархияның қалыптасуы.
10. Англия буржузиялық революциясының нәтижесі мен маңызы.
Тапсырма
1. Англиядағы ортағасырлық және жаңа дәуірдегі әулеттердің генеалогиялық схемасын жасаңыз.
2. Англиядағы діни реформация қашан және қалай басталды.
3. Англияда рыноктық қатынастар неге қарқынды дамыды.
Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154
Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154
Әдістемелік нұсқау
Ағылшын революциясын түсіну үшін ең алдымен оның алғышарттары мен себептерін анықтау керек. Осымен байланысты революция қарсаңында Англиядағы феодалдық-абсолюттік құрылыстың дағдарысы мен мәнін түсінген жөн. Бұл арада XVI ғасырдағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер барысында капиталистік өнеркәсіптің алғашқы формаларының қалыптасқанын, үлкен өзгерістер өткенін, солардың нәтижесінде феодалдық таптың өзінде (жаңа бегзадалар), сол сияқты крестьяндар ішінде көзге түсетін әлеуметтік жіктелу өткенін айтқан жөн. Қорытындысында Англияда капиталистік қатынастар шешуші факторларға айналғаны дәлелденуге тиісті.
XVII ғасырда таққа отырған шотландиялық Стюарт әулеті (1603 ж.) Англияның ежелгі тәртібі мен саяси дәстүрлерін: парламент пен қауымдардың тарихи қалыптасқан заң шығару, салық пен саудадағы ерекше құзырларын түсінбей Еуропадағыдай дарабилік жүргізе бастағанын семинар барысында нақтылы факторлармен дәлелдеу керек. Стюарттар мен парламент арасында дін мәселесі жөнінде түсінбеушілік туғанына тоқтай келіп бұл елдегі протестантизм (пуратанизм) екі ағымнан: пресвитериандық және индепенденттіктен тұратындығын, олардың таптық мәнін бейнелеу қажет.
Стюарттардың диссиденттерді қуғындауы Карл I кезіндегі 11 жылға созылған дарабилік революциялық ахуал, Шотландия көтерілісі жағдайында (1639) монархияның қаржылық және әскери тығырыққа ұшырауы, парламент шақыруға мәжбүр болғанын айта келіп бұл революцияны зерделеу керек.
Революцияның 1640 жылы ұзақ парламентті шақырудан басталуы, оның алғашқы конституциялық кезеңі туралы сөз болғанда документтер жинақтарындағы (сборник документов по истории английской буржуазной революции, М,. 1973) буржуазиялық қайта құрулар мен программалық құжаттар, соның ішінде «Ұлы ремонстрация» жан жақты сарапталуы керек. Соның нәтижесінде алғашқы кезенде революцияға көсемдік жасаған одақтас таптардың – буржуазия мен жаңа бекзадалардың – төнкерісті реформа жолымен, монархиямен мәмілеге келуге тырысқаны анықталады. Осыдан келіп бірінші азамат соғысының пресвитериандар бастаған (1642-1644 жж.) кезеңіндегі оқиғалардың барысы түсінікті болуға тиісті.
Пресвитериандардың ымырашыл саясатына қарсы индепенденттер, О.Кромвель радикалды шешулік, пуритандық революция күштерін (жаңа үлгідегі армияны) ұсынды. 1644-1646 жж. индепенденттер үстемдігі орнайды.
Ағылшындық революция басталған күннен халық бұқарасының белсенділігін еске алсақ 1647-1649 жж. революцияның шарықтау кезеңінде теңдестірушілер (левеллерлер) қозғалысының сахнаға шығып шешуші ықпал еткені кездейсоқ оқиға емес. Левеллерлер қозғалысының себептері ұзақ парламенттің феодалдық тәуелділіктен азат ету мәселесін сыңар жақты шешуі мен байланысты. Бұл жерде 1646 ж. «Рыцарьлық ұстанымдарды жою» туралы заңды сараптау керек. Оның үстіне жер сатқанда, дін мәселесі шешілгенде крестьяндық бұқара мен жалпы еңбекші халық мүдделері еске алынбағаны айтылуға тиісті. Семинар барысында левеллер қозғалысы, оның көсемі Д.Лильбернның еңбектері, программасы («халық келісімі»), қозғалыстың сипаты мен нәтижесі сарапталуға тиісті.
1649-1653 жж. индепенденттік республиканың, мәні мен сипаты, теңдестірушілердің және жер қазушылар (диггерлер) қозғалыстарын, Ирландия көтерілісін басу Кромвельдің Диктатурасының алғышарттары болды.
Оливер Кромвельдің ішкі және сыртқы саясаты (жаулап алушылық) 1653 жылы желтоқсанда протекторлық билік (қамқорлық) – диктатураға апаруының себептері айтылуға тиісті.
Кромвель диктатурасы ол қайтыс болғаннан (1658 ж.) кейін 1659-1660 жж. қысқа мерзімдік II республика тұрақсыздығы жағдайында монархиялық реставрацияға ұшыратады.
1640-1660 жж. Ағылшын буржуазиялық революциясы Еуропалық масштабтағы деген мағына түсіндірілуі керек. Сонымен қатар бұл революцияның консервативтігі, феодализм шылауларының қалғаны дәлелденген, семинар барысында қорытындылану керек.
Семинар тақырыбын мазмұнды игеру үшін аталған құжаттар жинағымен қатар деректер тізімінде көрсетілген жаңа тарих пәнінің хрестоматиялары мен 1990 жылы шыққан құжаттар жинақтары, әдебиет ішінде С.А.Архангельскийдің (аграрлық мәселе), М.А.Баргтың (1991 ж), Т.А.Павлованың және шетелдік авторлар Ф.Гизоның, Т.В.Маколейдің, А.Мартонның, К.Хиллдың, Г.Холореншоудың және басқалардың тақырыбқа қатысты еңбектері оқылып, зерттелгені ләзім.
