Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Мамандану елінің тарихы БАТЫС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682 Кб
Скачать
☆

5 Тақырып. Испан мұрагерлігі үшін соғыс

Тапсырма

1. Әр бір құжаттарды және арнайы әдебиеттерді пайдаланып жекелеген мәселелерге реферат жазу.

2. Швеция-Ресей арасындағы соғыс жөнінде баяндама жазу.

3. Соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі соғысушы мемлекеттердің күш ара салмағын жазып келу.

Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау

Испан мұрагерлігі үшін соғыс Еуропаның жаңа тарихы кезіндегі халықаралық қатынастардағы бет-бұрыс оқиға болды. Оған дейін ұлы держава болған Франция, сондықтан Утрех бітімін сараптағанда осы ойларды еске алу керек.

Реферативтік сараптауға ұсыылған екінші құжат 1700-1721 жж. солтүстік соғыс атанған оқиғалардың нәтижесі болған Ресей мен Швеция арасында болған Нештад бітімі. Бұл оқиғада Еуропаның халықаралық қатынастарға елеулі өзгеріске жол салған Нештад бітімінің нәтижесінде Швеция ұлы державалық жағдайдан айырылды, оның орның Ресей басты.

Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154

Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154

6 Тақырып. Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және жеті жылдық соғыс

Тапсырма

1. Австрия мұрагерлігі үшін соғыс қандай сылтаумен басталды. (Фридрих ІІ позициясы).

2. Франция және Ресей не себептен осы соғысқа араласты.

3. Англия не себепті өзінің саяси позициясын өзгертіп Пруссия жағына шықты.

Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау

Құжаттарды зерделегенде, соғысқан жақтардын позицияларын, олардың мүдделерін анықтай келгенде бұл соғыстардын мазмұны жаңа көтеріліп келе жатқан Пруссия ұмтылысынан туған оқиға екендігін ұмытпау керек.

Жеті жылдық соғыс кезінде Пруссия Англияға арқа сүйей отырып Еуропаның ұлы мемлекеттеріне қарсы тұра ады. Нәтижесінде, Еуропаның бесінші ұлы мемлекетіне айналды. Осы тұрғыдан барлық құжаттарды (7 құжат) зерделеу қажет.

Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154

Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154

7 Тақырып. Тәуелсіздік үшін соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар

Тапсырма

1. Франция неге Американ тәуелсіздігі үшін соғысқа қатысты.

2. Англияның халықаралық саясатының мәні.

3. Қарулы бейтараптық принципінің мәні мен мазмұнын түсіндіріңіз.

Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау

Бұл оқиғаға қатысты екі маңызды құжатты сараптау қажет. Біріншісі, Ресей патшалығының 1780 жылы 28 ақпандағы қарулы бейтараптық жөніндегі декларациясы. Бұл маңызды принцип, тарихта бірінші рет жарияланған. Студент арнайы әдебиеттерді алып, ол принцип не себепті айқындалғанын және АҚШ-тың тәуелсіздік соғысына қандай оңтайлы жағдай жасағандығын көрсете біліуі тиіс.

Екінші құжат 1783 жылғы Англиямен оның он үш штаттары арасындағы Париж бейбіт бітімі. Бұл құжаттың баптарында он үш штаттардың өздерінің халықаралық статусын бекітендігін және Британияның оны мойындауын осы құжаттар негізінде және арнайы әдебиеттер қолдана отырып жан-жақты талдау.

Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154

Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154

8 Тақырып. Наполеон соғыстары дәуіріндегі халықаралық құжаттар

Тапсырма

1. Лекция мен семинарда жалпылама қарастырылғанымен оқылмайтын, 1800-1814 жж. аралығындағы халықаралық бітімдерді қарастыру.

2. Наполеон бітімдерін сараптағанда оларды қандай екі топқа бөлініз. (Наполеон соғыстарының 1 кезендегі және 2 кезеніндегі өзгеруі)

3. Бұл құжаттарды зерделей келіп студент Наполеонның Еуропа мемлекеттерінің ұлттық шекарасына қарамай бөліп-жарғанын дәлелдеңіз.