Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Мамандану елінің тарихы БАТЫС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682 Кб
Скачать
☆

2 Тақырып. Англияның Солтүстік Америка отарларында тәуелсіздік үшін соғысы және і революция. Ақш тың құрылуы.

(1775-1787)

Сұрақтар:

1. Америкада отарлаудың қалыптасуы және тарихи даму ерекшеліктері.

А) Солтүстік Американы ағылшын отарына айналдыру кезеңдері.

В) Отарлардың саяси құрлысы және тұрғындардың әлеуметтік құрамы.

2. ХVІІ-ХVІІІ ғ. бірініші жартысындағы Англияның Солтүстік Америка отарларының экономикалық дамуы

3. Американ ұлтының қалыптасуының негізгі факторлары мен динамикасы.

4. Американдық ағартушылық идеологиясының ерекшліктері. Антиколониалдық идеологияның қалыптасы.

5. Революция қарсаңындағы ұлттық буржуазия қозғалысы. Колония мен метрополия арасындағы қатынастың шиелене түсуі.

6. І Континенттік конгресс, саяси ахуал, американ халқының тәуелсіздікке бет бұруы. Тәуелсіздік үшін соғыстың басталуы.

7. ІІ Континенттік конгресс, солтүстік штаттардың тәуелсіздігінің жариялануы. 1775-1778 жж. соғыс қимылдары және республиканың халықаралық жағдайы. Тәуелсіздік деклорациясының қабылдануы

8. Соғыстың соңғы кезеңі 17383 жылғы Париж бейбіт бітімі.

9. АҚШ тың алғашқы ата заңының 1881 ж. қабылдануы.

10. Республиканың алғашқы жылдары және Конституцияның қабылдануы.

А) Америка халықтарының демократиялық құқықтары үшін күресі. Федералшылдар мен Республиканшылдар.

Б) Заңдар мен түзетілмелердің қалыптасуы.

10. Американ бржузиялық революциясының нәтижесі, сипаты және маңызы.

Тапсырма

1. Солтүстік Американы еуропалықтардың отарлауының кезенің анықтау.

2. Онтүстік және Орталық Американы қай елдер отарлады.

3. Америка құрлығына қара нәсілді құлдар қай кезеннен бастап әкіліне бастады, неге?

Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154

Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154

Әдістемелік нұсқау

Англияның Солтүстік Америкадағы Тәуелсіздік үшін көтерілісі революция деп аталады. Ол отаршылыдық пен жоғарыдан қондырылатын феодалдық езгіге қарсы, тәуелсіздік үшін халықтың көтерілісі болған еді.

Солтүстік Американы қоныстану оңтүстік (испандық) Америкадан өзгеше жолмен жүргізілді. Осы мәселеге тоқтаған жөн. Англиядан (кейін басқа Еуропа елдерінен) мұнда көшіп келгендер әуелбастан революцияшыл әлеуметтік топтар екенін сипаттау мәселені түсіну үшін маңызды шарт.

Отарлардың үш түрлі әлеуметтік-діни, меншіктік формасын талдай келе бәрінің де буржуазиялық мәнін түсінген жөн.

Қоныстанудың басты объектісі жер болса АҚШ тарихының кейбір ерекшеліктері, соның ішінде буратана америкалық үндістерді қырып жою (геноцид), Англияның отаршылдық саясатының толығымен сәтсіздікке ұшырауын және американдық ағартушылардың идеологиясының ерекше мәні өзінен-өзі түсінікті болады.

Солтүстік Америкадағы құлиеленушілік капиталистік қанаушылық пен алғашқы қорлану деп түсінген жағдайда ғана бұл елде ұлт-азаттық идеялармен қатар құлиеленушілік пен нәсілдік кемсіту бірге жүргені түсінікті жәйт.

Тәуелсіздік соғыстың алғышартын түсіну үшін Солтүстік Америкада ерекше ұлт қалыптасқаны, оның мәдени және дүниетанымдық өзгешелігіне тоқтау керек. Американдық ағартушылардың философиялық және қоғамдық-саяси көзқарастарын орыс тілінде басылған олардың еңбектерін талқылау арқылы түсінуге ұмтылу керек (әдебиет тізімінде «Американские просветители» деген екі томдық жинақты қолдану ләзім).

Бұл идеология революцияның қарсаңындағы, көбінесе 1760-1770 жж. қалыптасты. Бұл арада 7 жылдық (1756-1763 жж.) соғыс бетбұрыс болғаны нақтылы айтылған жөн.

1775 ж. соғыс басталар бұрын және алғашқы жылдары 13 штаттарда үлкен пікірталас болғанына мән берген жөн. Осыдан соғыс және революцияға ұласқаны туралы нақтылы материалдар көтерілуге тиісті.

Соғыстың екі кезеңін (1775-1778; 1783) соғысушы жақтардың күш ара салмағы американдықтардың қиыншылықтарын, бас сардар Д.Вашингтонның оқиғалар барысында үлкен рөл атқарғанын, Б. Франклиннің мәмлегерлігін, Франциямен одақ құрудың қиыншылықтары мен жетістіктерін жан-жақты оқып білген жөн. 1778 ж. Франциямен одақ, соғыстың барысының өзгеруі, Ресейдің жаңа дипломатиялық бастамасы-осының бәрі нақтылы фактілермен дәлелденуі керек.

АҚШ мемлекетінің құрылуы да қиыншылықтар жағдайында болғаны, алғашқы конституцияның (1781) осалдығы, 1787 ж. Конституциялық конвент те демократиялық тұрғыдан сын алғаны, америкалық демократтарының «құқықтар туралы билль» қабылданғаны тарихи оқиғалармен көркемделу керек.

АҚШ конституциясының басты принциптері, билік тармақтарының таразылық және қызметтестік пен әрекеттестікті қадағалауы, штатттардың өзін-өзі басқаруы, демократиялық үрдістерді бүкіл халық болып қадірлеуі және басқа жетістіктері мен үлгілік жақтары жан-жақты талқылану ләзім.

Семинардың соңында бірінші Американдық революцияның дүниежүзілік тарихи маңызы мен терең мәні байқатылуға тиісті.

Семинар барысында қойылатын сұрақтар:

1. Америкалық отарлардың 3 түрін сипаттаңыз.

2. Солтүстік Америкада құлиеленушілік не себепті пайда болды, оның байырғы құлиеленушіліктен айырмашылығы неде?

3. Солтүстік Американың ақ нәсілді халқы қандай әлеуметтік топтарға жіктелді?

4. Солтүстік америкалық отарларды саяси басқару қалай ұйымдастырылған еді және қалай өзгерді?

5. Англияның отарларға байланысты саясаты қалай өзгеріп отырды?

6. 1763 ж. Кейін Англия тарапынан қандай қыспақ шаралар жүргізілді және оларға қарсы американдықтар наразылық білдірді?

7. Отаршылдыққа қарсы идеология мен программаны сипаттаңыз?

8. Томас Пейннің «Ақылға салсаң» деген памфлетінің жаңашылдығы неде еді?

8. 1776 ж. 4 шілдедегі Тәуелсіздік деклорациясы не себептен ұлттық қана емес, дүниежүзінің тарихи маңызы бар айқындама болды.

9. АҚШтың тәуелсіздік үшін соғысын не себептен қос революция деп атады?

10. Революция кезіндегі негізгі экономикалық-әлеуметтік және саяси жаңалықтар енгізілді?

11. АҚШ конституциясының негізгі қағидаларын сипаттаңыз. Олардың қайсысы қазірге дейін күшінде?