- •Қазақстан Республикасы ғылым және білім министрлігі
- •5В020200 - Халықаралық қатынастар
- •1. Пәннің оқу бағдарламасы – syllabus
- •1.1 Оқытушы туралы мәліметтер:
- •1.2 Пән туралы мәліметтер:
- •1.3 Пререквизиттері:
- •1.4 Постреквизиттері:
- •1.5 Пәннің қысқаша мазмұны:
- •1.7 Пән бойынша тапсырмаларды орындау және өткізу кестесі
- •1.8 Әдебиеттер тізімі
- •1.6 Оқыту нәтижелері (пәндік және пәннен тыс құзыреттілік)
- •1.9 Баға туралы ақпарат:
- •Рейтинг-шкала
- •1.10 Курстың саясаты мен рәсімі
- •2. «Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні бойынша оқу-әдістемелік мәліметтер
- •2.1 Курстың тақырыптық жоспары
- •2.2 Лекциялық сабақтар тезистері
- •1 Тақырып. Мамандану елдерінің (Батыс) тарихы пәнінің міндеттері мен кезеңдері
- •2 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың басындағы Германия
- •3 Тақырып. XVI ғ. -xvіі ғ. Бірінші жартысындағы Испания
- •4 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Италия
- •5 Тақырып. XVI ғасырдагы және XVII ғасырдың басындағы Англия
- •6 Тақырып. XVI ғасырдағы және XVII ғасырдың бірінші жартысындағы Франция
- •7 Тақырып. XVII іі-ші жартысындағы XVIII ғғ. Англия
- •8 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Және хіх ғасыр басындағы Франция
- •9 Тақырып. Хvіі-хviii ғғ. Еуропа континентінің ірі мемлекеттері: Германия, Австрия, Испания, Италия.
- •10 Тақырып. Францияда капитализмінің толық дамуы
- •11 Тақырып. Өнеркәсіп төңкерісі тамамдалған кездегі Англия. Виктория дәуірі
- •12 Тақырып. Рисорджименто дәуіріндегі Италия
- •13 Тақырып. Германия біріктіру дәуірінде
- •14 Тақырып. Ақш: Тәуелсіздік соғыстан азамат соғысына дейін
- •15 Тақырып. Хіх ғ. Соңғы ширегіндегі ақш
- •16 Тақырып. Хіх ғ. Соңғы үштігіндегі Ұлыбритания, Франция.
- •17 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы ақш
- •18 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Ұлыбритания
- •19 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Франция
- •20 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Германия
- •21 Тақырып. Хх ғасырды бірінші жартысындағы Италия
- •22 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Солтүстік Америка елдері
- •23 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Ұлыбритания
- •24 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Франция
- •25 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Германия.
- •26 Тақырып. Хх ғасырдың екінші жартысы ххі ғасырдың басындағы Италия
- •2.3. Семинарлық сабақтар жоспары
- •1 Тақырып. Хvіі ғ. Ағылшын буржуазиялық революциясы (1640-1660 жж.)
- •Әдістемелік нұсқау
- •2 Тақырып. Англияның Солтүстік Америка отарларында тәуелсіздік үшін соғысы және і революция. Ақш тың құрылуы.
- •Әдістемелік нұсқау
- •3 Тақырып. Ұлы Француз буржуазиялық революциясы (1789-1799 жж.)
- •Әдістемелік нұсқау
- •4 Тақырып. Ақш-тағы азамат соғысы
- •Әдістемелік нұсқау
- •5 Тақырып. Ақш президенті ф.Рузвельттің
- •Әдістемелік нұсқау
- •6 Тақырып. Испаниядағы революция және азамат соғысы
- •Әдістемелік нұсқау
- •7 Тақырып. Екінші дүниежүзілік соғыс
- •Әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. Франция: іv Республикадан V Республикаға ауысу
- •Әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. 1945-1970 жж. Еуропадағы интеграциялық процесс
- •Әдістемелік нұсқау
- •2.5 Оқытушының жетекшілігімен орындалатын студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша өткізілетін сабақтардың жоспары.
- •1 Тақырып. Ұлы жағрафиялық жаңалықтар және отарлық жүйенің қалыптасуы
- •2 Тақырып. Швейцариядағы Реформация. Еуропадағы феодалдық реакция және контрреформация
- •3 Тақырып. Еуропадағы абсолютизмнің тарихи мазмұны
- •4 Тақырып. Еуропадағы жаңа заман басталған дәуірдегі ірі әулеттер (патшалық) генеологиялық кестесі
- •5 Тақырып. Испан мұрагерлігі үшін соғыс
- •6 Тақырып. Австрия мұрагерлігі үшін соғыс және жеті жылдық соғыс
- •7 Тақырып. Тәуелсіздік үшін соғыс жылдарындағы халықаралық қатынастар
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. Наполеон соғыстары дәуіріндегі халықаралық құжаттар
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. Германияның бірігуі
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •10 Тақырып. Италиядағы Риссорджименто
- •11 Тақырып. Германия империясының конституциясы. 1871 жылы 16 ақпан
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •12 Тақырып. Еуропалық интеграцияның қазіргі кезеңі: Ортақ рыноктан Еуроодаққа ауысу
- •13 Тақырып. Германияның бірігуі
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •2.6. Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары
- •7 Тақырып. Франциядағы і империя және Наполеон соғыстары
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •8 Тақырып. 1871 жылғы Париж коммунасы
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •9 Тақырып. Герман социал-демократиясының революциялық күрес кезеңінде
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •10 Тақырып. Неоконсерватизм революциясы кезеңіндегі ақш-тағы екіпартиялық жүйе
- •Жұмысты орындауға қажет әдістемелік нұсқау
- •2.6.1 Курс бойынша жазба жұмыстардың тақырыбы
- •2.7. Оқу сабақтарына бағдарламалық және мультимедиялық ілеспе.
- •2.8 Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары
- •2.9 «Мамандану елдерінің тарихы (Батыс)» пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Қысқартылған журнал аттары
- •Мазмұны
- •«Мамандану елдерінің тарихы (батыс)» пәні бойынша
- •5В020200 - Халықаралық қатынастар
4 Тақырып. Ақш-тағы азамат соғысы
Сұрақтар:
1. ХІХ ғ. ортасындағы АҚШ аймақтарының әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері. Солтүстік және Оңтүстік арасындағы қарама-қайшылықтың себептері.
2. 1860 ж. президенттік сайлау және азамат соғысының басталуы. Оңтүстік конфедерацияның құрылуы.
3. Азамат соғысының І кезеңіндегі соғыс қимылдары (1861-1862 ж.) У. Грант Р. Ли.
4. Соғыс кезеңіндегі президент А. Линкольннің ішкі және сыртқы саясаты. Гомстед жөніндегі заң. Құлдарды аат ету.
5. Азамат соғысының екінші кезеңі (1862-1865) және Оңтүстік конфедерациясының жеңілісі.
6.1865-1877 жж. Оңтүстікті «қалпына келтіру» (реконструкция). Аграрлық және негірлер мәселесін шешу. Президент У. Грант.
Тапсырма
1. Революция кезінде құлиеленушілік мәселе шешілмей қалды.
2. Миссури (1820 ж.) мәселесінің мәнін анықтаныз.
3. Аболиционистік қозғалыс қай кезде бастлды, қандай әлуметтік топарды қамтыды.
Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154
Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154
Әдістемелік нұсқау
Семинардың бірінші сұрағы АҚШтың ХІХ ғ. ортасындағы әлеуметтік-экономикалық дамуының ерекшеліктері және солармен байланысты себептерін қарайды. Бұл мәселелерді түсіну үшін бұл елдегі капитализмның екі түрлі жолмен дамығанын сараптап түсіну керек. Солтүстік штаттарда капиталистік өндіріс, фермерлік шаруашылық өріс алады. Бұл тарихи қалыптасқан американдық капитализмның жаңа жерлерге қоныс аударуы барысында және Англия мен АҚШтың өзінде өндірістік төңкерістің дамуымен тығыз байланыстығын зерделеу керек. Бұл мәселелер әдебиетте С.А.Гонионскийдің, история США (І том), очерки новой и новейшей истории, Г.П. Куропятниктің және У.З. Фостердің еңбектерінде жазылған.
Оңтүстік пен Солтүстіктің шиеленісінің шешілмейтін түйінге айналуы 1850 ж қарай қалыптасты. Бұл жағдай бос жер қорынын таусылуы және өндірістік дамуымен байланысты екенін дәлелдеу керек, шиеленістін қоғамдық сипат алуы елде (солтүстікте) қалыптасқан өндірістік өркениет пен жаңа қоғам, құлиеленушілікке қарсы қоғамдық қозғалыс (аболюционистер, фрисойлерлер) Республикандық партияның құрылуы мәселелері де есте болуы керек. Оқиғалар барысындағы 1850 ж. Жаңа мәселе, «Канзас-Небраска» шиеленісі. Дред Скотт оқиғасы, Джон Браун көтерілісі әдебиетте арнайы зерттеулермен аталған.
Семинардың екінші сұрағы, 1860 ж. Президенттік сайлау, оңтүстік конфедерацияның құрылуы, азамат соғысының басталуы – осы мәселелер бір-бірімен ұштасып жатқанын айту керек. Республикандық партияның міндет программасы, плантаторлардың бөлініп шығудағы мақсаты, бітіспейтін шешімділігі, соғысты бастауды біріншілігі – осының бәрі нақтылы материалдармен дәлелденіп айтылуы керек. Бұл мәселелер К.Сэнбергтің А.Линкольн жөніндегі кітабында, А.Маныкинның, В.В. Согринның монографиясында жазылған.
Азамат соғысының бірінші кезеңі (1861-1862) конституциялық болуы шиеленістің ауқымының бұлынғыр болуымен байланысты екенін, мықты дайындық пен әскери басымдылық, стратегиялық озықтық конфедерация жағында болғандықтан алғашқы шайқастар федералды күштер үшін сәтсіз болғанын айту керек. Бұл мәселелер американдық автор Д.Бурстиннің, Ресейлік Болховтың еңбектерінде мазмұндалған. Семинардың 3,4 сұрақтары азамат соғысының шешуші революциялық кезеңін зерделеуді қажет етеді. Бұл арада президент А.Линкольнның «гомстед акті» (қоныстану үкімі) ерекше орын алады. Бұл жер мәселесін шешуді қарағанда студент «гомстед акт» бойынша фермерлерге жер беруді «Еуропадағы буржуазиялық революциялармен салыстыруы арқылы оның радикалды мәніне тоқтау керек. Гомстед акт пен негрлерді азат ету прокламациясын хрестолматияның біреуінен алып оқып, олардың азамат соғысына деген халықтың көзқарасын өзгертіп бетбұрысқа тиек болғанын нақты фактілер келтіріп ерікті жасақтардың молайғаның, жаңа революцияшыл рух біткенін байқаған жөн. Бұл үрдіс конгрестің өзінде де (радикалдарды атау керек) де байқалады. Еріктілер де келгенін айту керек (кімдер, қай елдерден?)
Азамат соғысы революцияшыл сипат алады.Бұл пікір талас тудыратын мәселе болғандықтан оқырман аргументтер келтіруге тиісті. 1863-1865 жж. күш ара-салмағының солтүстіктің пайдасына өзгергенін, сол сияқты Линкольнның сыртқы саясаты оңтайлы шешімдер қабылдап конфедерация сырттай көмек ала алмай оқшауланғанына да мән берген жөн. Нәтижесінде 1863-1865 жж. үлкен шайқастарда (олардың оқиғаларын картамен нақтылы фактілермен көркемдет) жеңіс революцияшыл күштердің жағында болғанын дәлелдеу керек. Негрлердің белсенділігі де көрсетілуге тиісті.
Жеңіс күндері президент А.Линкольнның кісі қолынан өлген, оның жеке басының оқиғалардағы ролі мен орны жан-жақты суреттелуге тиісті.
Семнардың соңғы мәселесі-Реконструкция (қайта құру) плантациялық система түбегейлі ерікті капитализм жолын салу және афро-американдық халықты (негрлерді ) құлдықтан азат етіп қана қоймай оларға азаматтық құқық (конституцияға 14 түзетілме) және әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді беру мәселесі болғанын сараптаған жөн. Бұл мәселелерді қарағанда Реконструкцияның екінші кезеңі президенттік және радикалды қайта құру және олардың мәнін талдап оқыған жөн. 1866-1867 жж. конгресмен Стивенсон бастаған радикалды республикашылдардын АҚШ тарихында аса маңызды радикалшыл-демократияшыл үрдіс болғанын баса айтқан жөн.
Жалпы алғанда Реконструкция толық және радикалды жүргізілмей қалғанының себептеріне тоқтағанда Американың азамат соғысынан кейінгі дамуында үлкен өзгеріс болғандығын, Республикандық партияның байырғы буржуазиялық партияға айналғанын Марк Твенның айтуынша «алтындалған ғасырдың» келуімен байланыстыру керек.
Семинарда қойылатын сұрақтар:
1. ХІХ ғ. бірінші жартысында американдық құлиеленушіліктің экономикалық өрлеуінің себептері қандай еді?
2. Қара нәсілділерге көзқарастың Солтүстік пен Оңтүстіктегі өзгешеліктері қандай болды?
3. Солтүстік пен Оңтүстік арасындағы 1820 және 1850 жж. бітім-шарттарды салыстырыңыз.
4. Солтүстік пен Оңтүстік арасында қайшылықтар 1840 ж аяғы -1850 жж. неге күшейе түсті?
5. «Канзас-Небраска» заңы азамат соғысының басталуына жол салғанын сипаттаңыз.
6. АҚШтың Республикандық партиясы қалай пайда болды? Оның «Ерікті еңбек». «Ерікті жер», «Еркін адамдар» ұрандарының мәнін түсіндіріңіз.
7. Азамат соғысын болдырмауға мүмкін ба еді? Тарихшылар қандай пікір айтады?
8. Қашан және не себепті оңтүстік штаттар конфедерациясы құрылды? Оның идеологиясы мен мақсаттары қандай еді?
9. Азамат соғысының бірінші және екінші кезендерінің айырмашылығын сипаттаңыз.
10. Азамат соғысы кезінде шыққан негізгі заңдарды сипаттаңыз, олардың оқиғалар қандай ықпалы болды?
11. А. Линкольнның Геттисберг шайқасының (1863 ж.) құрбандарын жерлегенде сөйлеген сөзінің мәнін айтыңыз.
12. Оңтүстікті қайта құру (Реконструкция) дегеніміз не? Конституция 13,14,15 түзетілмелердің мазмұнын сипаттаңыз.
13.«Саквояжниктар» және алаяқтар деген кімдер?
14. Оңтүстікті Реконструкциялау неге толық іске асырылмады?
