Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМК Мамандану елінің тарихы БАТЫС.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
682 Кб
Скачать
☆

6 Тақырып. Испаниядағы революция және азамат соғысы

Сұрақтар:

1. Испанияның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қайшылықтар. Примо де Ривера диктатурасы кезіндегі жоғарыдан жүргізілген модернизация.

2. 1930-31 жж. саяси дағдарыс және 1931-1933 жж. халықтық-демократиялық революцияның бірінші кезеңі.

3. Испанияда фашистік күштердің бас көтеруі. «Қаралы екі жыл» (1933-35 жж. оқиғалар).

4. Халық майданының құрылуы. 1936 ж. сайлауда жеңіске жетуі. Бағдарламасы.

5. Халық майданы үкіметінің ішкі саясаты. Азамат соғысының басталу себептері мен сипаты.

6. 1936 ж. маусымдағы республикаға қарсы бүлік және азамат соғысының басталуы. Ф.Франко.

7. Азамат соғысының негізгі кезеңдері. Халықтық-демократиялық революцияның жеңілуінің себептері.

Тапсырма

  1. Азамат соғысының алғы шарттарын анықтау.

  2. Испанияда азамат соғысы жылдарындағы халықаралық қатынастардағы ахуалды жан-жақты қарастыру.

Негізгі әдебиет: 1-3,20,21,27,29,131,132,152,154

Қосымша әдебиет: 29,33,53,54,55,61,84,95,154

Әдістемелік нұсқау

Испания импераиализм дәуірінде. ХХ ғасырдың бірінші онжылдықтарында мемлекет басшылығында консервативті күштер (монархия, шіркеу, армия, ірі жер иемденушілер) үстемдігінің сақталуымен байланысты саяси-әлеуметтік және ұлттық қайшылықтар сақталған ел болғанын айту керек. Буржуазиялық топтардың режимге наразылығын ескерген жөн.

Елдің халқының басты еңбеккерлері-шаруа табы мен пролетариаттың өмір деңгейі төмен болғанын еске алған жөн.

Өндірістік дамудың жоғарыдан (де Ривера кезінде) модернизациялауы жартылай сипат алады. Сонымен қатар елде жақсы ұйымдасқан социалистік жұмысшы партия (ИСРП) және кәсіподақтар (ВСТ) болғанын ұмытпау керек.

1929 жылы басталған экономикалық дағдарыс бүкілхалықтық толқулар туғызып, саяси оқиғалар бейбіт (Сан-Себастьян пакті) сипат алып, антимонархиялық республикашылдар мен социалистер біріккендігінің нәтижесінде буржуазиялық-демократиялық революция реформалардан басталады. Ол реформалардың радикалды жүргізілгенін мазмұндау керек. Әсіресе, еңбекші бұқараның мүдделерін қорғау саласында.

Сонымен бірге алғашқы қателіктер (шіркеумен шиеленіс) Республиканың тағдырына қырсығын тигізеді. Ұлттық мәселенің де жартылай шешілгенін ұмытпау керек. Жер реформасы шала жүргізілген. Ал, ірі капитал және несиелер қаржылық топтар армия басшылығында консерватившіл генералдар-реформаға қарсы күш ретінде қалған болатын. М. Асания (солшыл республикашыл) демократияшыл қозғалысқа мән бермегенін де айту керек.

Революцияның екінші кезеңі (1933-1936 жж.) Антиреспубликашыл блок (СЭДА) бүкіл консерватившіл топтардың ұйымы.

Испанияда фашистік қозғалыс бас көтереді. Оның ерекше ұлттық идеологиясында ұлтшылдық пен діншілдік, авторитаризм, ұтымды экономика құру сияқты идеялар болғанын зерделеу керек. «Испандық фаланга» және бұрынғы диктатордың баласы Примо де Ривера оның көсемі ұлттық революция жасау идеясын национал-синдикалистік мемлекет құру концепциясымен ұштастырады. Бұл арада Испанияда анархо-синдикализмнің кең тарағанын еске алу керек.

Контрреформа республикасы, не болмаса «қаралы екі жыл» (1933-35 жж.) кезінде А.Лерус үкіметінің керітартпа саясатына қарсы солшыл республикашылдар (М.Асанья) солшыл социалистер (Хасе Диас Д.Ибаррури) біріксе, сонымен қатар, консервативті топтар да ынтымақтасқанын айту керек.

1935 ж. халық майданы программасы 1936 ж. ақпанда сайлауда оның үкіметі құрылғанын айта отырып, оның құрамына әрқилы партиялардың кіргенін атау керек.

Азамат соғысының 3 кезеңін атап, оның алғашқы күнінен бастап, генерал Францияға Еуропаның фашистік мемлекеттер үлкен көмек көрсеткенін, оның әскери көлемін және басқа да (техникалық жағын да атаған жөн).

1936 жылдың өзінде ұлы мемлекеттер Англия ұсынысымен, Франция-жалпы 27 мемлекеттер Лигасының аясында «араласпау» жариялағанын, оның антикоммунистік астарын зерделеу қажет.

Мадрид үшін шайқас (1936 ж. күзі) жалпы Испания Республикасын қорғау бүкіл әлемді екі бөлгені, КСРО националшылдары және басқа да елдер еріктілері жөнінде материал жеткілікті. Олар жөнінде арнайы қосымша баяндамалар мен мәліметтер жинаған дұрыс болады. (студенттерге ол тақырыптарды бөліп беру керек.)

Азамат соғысының екінші кезеңінде республикашылдар ішінде бүліктер болғанын, КСРО-ның әскери көмегінің Испанияға жете алмағанын, және Мюнхен бітіміне (1938 ж. қыркүйек) орай халықаралық ахуал қиындағанын айту керек.

Азамат соғысының 3 кезеңі Англия мен Францияның Испания республикасына тікелей қысым жасауын, ал Республикада ішкі жікшілдік және бүлік басталған жағдайда Испания халық майдан үкіметі жеңіліп, франкистік диктатура орнады.

Испаниядағы азамат соғысы фашистік және антифашистік күштердің соғыс қарсаңында алғашқы сайыстары деп санаған жөн.