Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

3.3. Енгізілетін және шығарылатын тауарлардың кедендік бағасын анықтау

Тауардың кедендік бағасын анықтағанда келісім шарт бағасына келесі шығындар енгізіледі, егер олар бұрын енгізілмеген болса:

  1. Тауарды әуежайға, портқа немесе ҚР-сының кеден аумағынан шығаратын басқа да жерлерге жеткізу шығындары:

тасымалдау бағасы;

тауарларды тиеу, түсіру, қайта тиеу шығындары;

  1. Сақтандыру бағасы;

  2. Сатушының өтеген шығындары : комиссиондық және брокерлік сыйақы;

егер сыртқы экономикалық қызметтегі тауар номенклатурасына сәйкес бағаланатын тауармен бүтін болып қарастырылса, контейнерлер немесе басқа көпайналымды таралар бағасы;

қорпатау материлдарын бағасын және қораптау жұмыстарын қоса алғандағы қорап бағасы;

  1. Сатушымен тура төлеуге жататын немесе бағаланатын тауарларды сату шартты ретінде жанама төленетін бағаланатын тауарларға байланысты роялти және лицензия алу үшін алымдар, егер мұндай роялти және алымдар төленген және төленетін баға қосылмаса;

  2. Сатушыға тура немесе жанама түсетін келесі қайта сатулардан табыс бөлігі;

  3. Сатушыға ҚР кедендік аумағынан тауарларды шығаруға байланысты компенсация жатпайтын, ҚР кедендік аумағында алынатын салықтар.

Тауардың кедендік бағасын анықтағанда келісім шарт бағасынан келесідей төлемдер мен шығындар болуы мүмкін:

а) ҚР кедендік аумағынан мұндай құрал-жабдықты шығарғаннан кейін көрсетілген техникалық, көмек немесе монтаж, құрастыру, наладкаға кеткен шығындар;

б) тауарды ҚР кедендік аумағынан шығарғаннан кейін жеткізу шығындары;

в) Тауардың ҚР кедендік аумағынан шығарылғаннан кейінгі жеткізуін сақтандыру бағасы;

г) импортталған елінде төленетін салықтар мен кедендік төлемдер.

ҚР кедендік аумағына енгізілетін тауардың кедендік құны, тарифтер мен сауда туралы Генералдық келісімнің кедендік бағалаудың ортақ қағидаларына негізделеді.

ҚР кедендік аумағына енгізілетін тауардың кедендік құнын анықтау келесі әдістерді қолданады:

  1. енгізілетін тауарлармен келісім шарт бағасы бойынша;

  2. ұқсас тауарлармен келісім шарт бағасы бойынша;

  3. біртекті тауарлармен келісім шарт бағасы бойынша;

  4. бағасын шегеру;

  5. бағасын қосу;

  6. резервті.

Тауардың кедендік бағасын анықтаудың негізгі әдісі енгізілетін тауардың келісім шарт бағасы әдісі болып табылады.

Негізгі әдісті қолдануды мүмкін болмаған жағдайда басқа әдістер рет бойынша қолданылады. Яғни, таңдалған әдіспен тауардың кедендік бағасы анықталмаса рет бойынша келесі әдіс қолданылады. Декларанттың өтініші бойынша бағаны шегеру және қосу әдістері кері ретпен қолданылады.

Қандай да бір әдіспен тауардың кедендік құнын анықтау үшін мәліметтер ҚР бухгалтерлік есеп қағидаларына сәйкес келу керек.

3.4. Кеден органдарының бағалы мәліметтерді қолдана отырып шартты түрде тауарларды шығару

Тауардың кедендік бағасын растайтын құжаттардың болмауынан енгізілетін тауарлармен келісім шарт бағасы бойынша әдісімен анықтау мүмкін болмаған жағдайда және декларантпен берілген кедендік бағаны растау мақсатында төлемдер мен салықтар төленген жағдайда кеден органы тауарды шартты түрде шығаруға құқылы.

Тауарды шығарғаннан кейін 60 күнтізбелік күн ішінде кедендік төлемдер мен салықтар төленуі тиіс.

Декларантпен ұсынылған кедендік бағаны растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін кедендік бағамен төлемдердің түзету формасымен төленген төлемдер мен салықтар қайтарылады.

Кедендік бағаны түзету формасы кеден органының, лауазымды тұлғасымен бірге толтырылады, және кеден органның депозиттік шотындағы сома мемлекеттік бюджетке аударылуға жатады. СЭҚ-ң ТН-сы, бастапқы тақырыптарда баяндалғандай тауарды классификациялау мен кодтау түсінігін, маңызын және құрамын ашу үшін сондай-ақ тауардың шығарылу елін және бағасын анықтау, яғни СЭҚ, СЭС немесе СЭҚ-ң басқа да аспектілерін атап өту керек.

4. СЫРТҚЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ТАУАР НОМЕНКЛАТУРАСЫНЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТАУАРДЫ ЖІКТЕУМЕН БАЙЛАНЫСЫ

4.1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кіріспе мағынасы

4.2. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттері. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері

4.3. Тауарларды жіктеу, кодтау және оның мағыналары

4.1. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының кіріспе мағынасы. Өнім, тауар, тауарлық саясат түсінігі мен анықтамасы

Интеграциялану кезеңінің қазіргі жағдайында материалдық құндылықтарды реттейтін және қаржылық құралдарды реттейтін біртұтас ережелермен әлемдік және аумақтық нарықтар қалыптасуда. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы – цифрлық белгі немесе цифрлық белгілер тобы (кодтары) түріндегі тауар топтарын, позицияларын, субпозицияларын, кіші субпозицияларын қамтитын тауарлар жіктеушісі. Сондықтан да сыртқы саудада айналатын тауар тізімін жүйелеу маңызды болып табылады.

Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мәні мен мазмұнын ашпай отырып, өнім, тауар, және тауар номенклатурысының ұғымдары мен түсініктерін қарастыралық.

Өнім – қоғамның нақты немесе потенциалды қажеттіліктерін қанағаттандыруға арналған қызметтің материалдық немесе материалдық емес нәтижесі. Осыған орай, өнімнің 2 негізгі ерекшелігі болады: біріншіден, ол өндірілуі керек, екіншіден, біреудің қажеттілігін қанағаттандыру керек (біреуге қажет болу керек). Сонымен қатар, өнімді өндіру қызметін кең мағынада түсіну керек: оған адам қызметімен қатар биологиялық объектілердің тіршілік қызметі кіреді.

Өнім сатып-алу сату (коммерциялық қызмет) объектісіне айналғанда тауар болады. Тауар – күрделі, көп жоспарлы, көптеген ерекшеліктерді қосатын ұғым болғандықтан, оның қандай да бір ерекшелігі айқындалған бірнеше анықтамалары бар. Жалпы анықтама бойынша тауар сату үшін өндірілген еңбек өнімі.

Нарық жүйесінде тауардың сатып алу-сату немесе тауардың ақшаға айырбасы оның басты ерекшеліктерімен байланысты – тауарды иемденгеннің қажеттіліктерін қанағаттандыру қасиеті, яғни оның тұтыну ерекшелігі.

Сондықтан да тауардың басқа да анықтамалары бар. «Тауар – бұл белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы». Сонымен, тауар – бұл тұтынушының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайдалы, керекті ерекшеліктері және элементтер кешені бар зат немесе еңбек өнімі (қызмет көрсету де болуы мүмкін). Тауардың (қызметтің) адамға пайдалылығы, яғни тауардың өз қасиеттеріне байланысты адамның нақты қажеттіліктерін қаншалықты қанағаттандыратынын немесе тұтынушының нақты қажеттілігі қандай дәрежеде қанағаттандырылатынын көрсететін тұтынушылық бағамен анықталады.

Өз табиғатына байланысты тұтынушылық қасиеттер физиикалық, биологиялық, химиялық және т.с.с. болып табылады. Тауардың (тұтыну затының) тұтынушылық қасиеттерін 3 топқа бөлуге болады:

  1. Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын (эргономикалық, утилитарлық);

  2. Материалдық емес қажеттіліктерді қанағаттандыратын (мәдени қажеттіліктер, керемет қабылдау қажеттілігі және т.б.);

  3. Уақытқа қажеттілікті қанағаттандыруды қамтамасыз ететін (мысалы, сенімділік).

Тауардың тұтынушылық құны оны тұтынуда ашылады. Нарықтық қатынастар жағдайында тауардың тұтынушылық құнын дұрыс бағалаудың алғышарты оның нарығын білу болып табылады. Физикалық, әлеуметтік және материалдық емес қажеттіліктерді қанағаттандыру процессінде тауардың потенциалды тұтынушылық құндылығы іске асырылады.

Тауар нақты, кеңейтілген және жалпыланған өнім ретінде қарастырылуы мүмкін.

Нақты өнім – берілген сипаттама мен модель кодымен ұсынылатын және нақты сипаттамасы бар базалық, физикалық маңызы. Кеңейтілген өнім ұғымы өзіне сипатымен қоса қызмет көрсетуді де енгізеді (мысалы, автокөлікті сатып алу кепілді қызмет көрсетумен, қайтару мүмкіндігімен және т.б.-мен көрсетіледі). Жалпыланған өнім - тауардың тұтынушылық қасиеттері алынған әлеуметтік – экономикалық жерде білінетін өнім.

Тауар коммерциализациялану деңгейіне дейін жеткізілуі тиіс. Бұл проекттік тауар шығаруды игеру, оның проекттік өз құнына қол жеткізуді, қажетті сынақтарда аяқтау мен тиісті құжаттарды алуды, кепілді қызмет көрсету станцияларын жасауды және т.б. білдіреді.

Тауарлар тұтынушылық (жеке қолдануы) және өндірістік мақсаттағы болып бөлінеді. Аталған әр топ тауарларын қолдану жолы әр түрлі, оларды сатып алу әр түрлі қажеттіліктермен және әртүрлі себептермен іске асады.

Тұтынушылық тауарлар (жеке қолдануға) 3 топқа бөлінеді:

  • Ұзақ мерзімді қолдану бұйымдары тоңазытқыштар, автомобильдер, жиһаз, киім және т.б;

  • Қысқа мерзімді қолдану бұымдары – азық-түлік, жуу құралдары және т.б., яғни бірден немесе шектеулі рет қолданылатындар;

  • Қызметтер – бұл адамдарға пайдалы нәтиже әкелетін іс-әрекет (жолаушыларды тасымалдау, киім жөндеу және т.б.). қызметтер сату объектісі б.т., алайда оларды қораптауға, сақтауға, тасымалдауға болмайды.

Өндірістік мақсаттағы тауарлар келесі категорияларға бөлінеді:

  1. Негізгі құрал-жабдықтар;

  2. Қосымша құрал-жабдықтар;

  3. Агрегаттар мен узелдер;

  4. Негізгі материалдар мен шикізат

Мұндай бөлініс сатып алушының бұл тауарларға әртүрлі көзқарасына және сатуға, қызмет көрсетуге әр түрлі талаптарына негізделеді.

Өндірістік мақсаттағы тауарларға сұраныс жеке тұтыну бұйымдарына сұраныспен тығыз байланыста қалыптасады.

Тауарлар классификацияланатын басқа да белгілер бар, мысалы сатыпалушылық сұраныс бойынша:

  • Күнделікті сұраныыс тауарлары (нан, сүт, қант);

  • Алдын ала сұраныс тауарлары (жиөаз, теледидар, радиоаппаратура, киім);

  • Ерекше сұраныс тауарлары (сәнді тауарлар, стереоаппаратура, маркалық шараптар);

  • Пассивті сұраныс тауарлары (жиһазды, үйді сақтандыру, мемлекеттік займ облигациялары).

Тауарларды классификациялауды ерекшелейді:

  • Жеке меншік тауардың объективті параметрлері: сапа, материал, салмақ, түс, өлшем, сыртқы түрі, келбеті, иісі, дәмі, конструкция, ақаулар саны;

  • Нарықтық параметрлері: баға, бәсекелестік қабілеті, таңдау молшылығы, тасымалдау ыңғайлылығы, тартымдылық;

  • Тұтыну процесінде қолданылатын параметрлер: беріктілігі, күтім қарапайымдылығы, ауыстыру мерзімі.

Тауарлар саясатының мінездемесінде тауарлар бірліктері, тауар асссортименті, тауар номенклатурасы, ал жаңа тауарлар жасағанда ойы бойынша тауарлар, нақты орындаудағы тауарлар, подкреплениемен тауарлар ұғымдарын айырады. Жаңа тауарларды іске қосқанда оның коммерциялық жетістігіне әсерін тигізетін басқа да мінездемелер қарастырылады.

Тауар бірлігі – бұл көлем көрсеткіштерімен, бағасымен, индивидуалдық қасиеттерімен сипатталатын жинақталған біртұтас. Бқл белгілі өлшемдегі нақты-ерлер костюмі, келісілген бағамен нақты иіссу флаконы. Тауарлар бірлігі белгілі бір ассортиментті топқа кіреді: костюм-ерлер киімі ассортимент тобына, иіссу флаконы-иіссу ассортименті тобына жатады. Фирмамаен шығарылатын тауарлар ассортиментін бірнеше тобы фирманың тауарлық номенклатурасын құрайды. Тауар номенклатурасы келесі параметрлермен сипатталады:

  • Тауар номенклатурасының тереңдігі-бұл ассортименттік топ шегінде әр жеке тауарды ұсыну нұсқалары (егер тіс пастасы түрлі расфасовкада, оның ұсыныс тереңдігі 3-ке тең, ал егер де тіс пастасы 2 түрлі хош иіспен сипатталса, онда оның ұсыныс тереңдігі 5-ке тең);

  • Тауар номенклатурасының насыщенность-фирманың бөлек қараушы тауарларының жалпы саны;

  • Тауар номенклатурасының үйлесімділігі – олардың ақырғы пайдалану, бөлу арналары немесе басқа да көрсеткіштер көз қарасынан әртүрлі ассортименттік топтар тауарларының жақындық дәрежесі;

  • Тауар номенклатурасының кеңдігі – фирмамен шығарылатын тауардың ассортименттік топтардың жалпы саны.

Жоғарыда көрсетілген 4 параметр фирманың тауар саясатын анықтайды. Ол өзінің қызметін 4 жолмен кеңейте алады:

  • Тауар номенклатурасын оның құрамына жаңа ассортименттік топтардың енгізу есебінен кеңейту;

  • Қолда бар ассортименттік топтардың толымдылығын арттыру;

  • Қолда бар тауар нұсқасының көп көлемділігі есебінен тауар номенклатурасын тереңдету;

  • Тауардың әртүрлі ассортименттік топтары арасындағы үйлесімділікті жақсарту.

Сонымен, тауар саясаты – бұл тауар номенклатурасы мен тауар ассортимент облысында фирманың шешім қабылдау қызметінің сферасы. Сонымен қатар, ол өзіне пайдалылық және жаңа өнімнің өндірісі туралы шешім қабылдауды қосады. Жаңа тауардың сипаттамасының өз анықтамалары бар. Мұндай айырмашылықтары:

  • Ой бойынша тауар – яғни, оны ойлап табушының

  • Нақты орындаудағы тауар – бұл конструктор мен технологпен жасалған тауарлар;

  • нығайған тауарлар –бұл сатудан кейін қосымша қызметпен пайда жиынтығы бар тауар.