Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

2.3. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар

ҚР ның кедендік шекарасы арқылы өтетін тауарлар мен көлік құралдары кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылаудан өтуі міндетті. Олар халықаралық сатып алу сату келісімшарттарды жүзеге асыру тәртібі басқа да негіздер бойынша жылжиды.

Тауарлар мен көлік құралдарының негізгі қағидалары мен ҚР ның кеден кодексіне сәйкес, ҚР ның барлық тұлғаларына кедендік шекара арқылы тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тең құқық берілген.

СЭҚ-ты бақылау ҚР үкіметінің оңаша тауарлар мен қызметтерге тарифтік және тарифтік емес шараларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Оңаша тауарлардың экспорты мен импортына тарифтік емес шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау, еліміздің қорғаныс қауіпсіздігі мен халықаралық қауіпсіздік, халықтың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны сақтау, шикізаттың, ҚР-ның мәдени мұраларын сақтау мақсатында жүргізіледі.

Осылайша, СЭҚ-тің енгізуі қарастырылған кеңсмелік құжаттарда, кез келген жауапты тұлға әкелу мен әкетуге құқылы.

СЭҚ қатысушылардың есебі – кедендік органдармен қажетті жағдайда ҚР–ның құқық қорғау және бақылаушы органдарының қатысуымен жүзеге асырылатын құқықтық ұйымдастырушылық және бақылаушылық инспекциялық шаралар кешені.

Есепке СЭҚ-і жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар жатады, қызметі аясында СЭҚ қатысушының мемлекеттік тіркеу орны орналасқан кедендік органда жүзеге асырылады.

Есеп кедендік органдармен келесі құжаттарнегізінде жүзеге асырылады:

  1. Мемлекеттік тіркеу куәлігі – нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  2. ҰКЖС (ұйымдар мен кәсіпорындардың жалпы сынаптамасы) – кодын көрсетіп, статистикалық басқармамен берілді заңды тұлғаның статистикалық карточкасы.

  3. Салық төлеушінің номері көрсетіліп, салық органдарымен берілген, тіркеу анықтамасы

  4. Есепшоттың теңгемен немесе валютамен ашылғандығы туралы банктен анықтама.

Құжаттардың түп нұсқасын көшірмемен бірге ұсынбаған жағдайда, көшірме нотариалды куәландырылмауы мүмкін. Сонымен қатар көшірілмелерді түп нұсқасымен салыстырып тексерген соң, кедендік органдармен куәландырылады.

Есепке ұсынылған құжаттар арнайы бумаға көшірленеді немесе тігеледі. Берілген құжаттар негізінде кедендік органдармен бекітілген үшін бойынша СЭҚ қатысушының есептік карточкасы хаттамаланады. (Төмендегі үлгіні қараңыз)

(Қазақстан Республикасы кеден органының атауы)

СЭҚ –ке қатысушының есептік карточкасы №

ҰКЖС коды: ____________________________________

Ұйымның аты: ____________________________________________________

СОАТО: ___________ ______________________

Коды облысы, қала

Кәсіпорын дәрежесі _______ _________________________________

Код атауы

__________________________________________________

Есептік есепшоттың (теңге) №

____________________________________

Валюталық есепшоттың № (валюта атауы)

Адрес: __________________________________________________________

пошталық индекс; қала

Статистикалық басқармада тіркелген күні ____________________________

Жауапты

инспектор ________________ ____________________________

(қолы) (Аты-жөні)

Күні

Инспектордың жеке номері

мөрінің орны

Есептік карточканың бір нұсқасы кедендік органда, екінші СЭҚ қатысушыға барлық құжат есепке қабылданғаннан күннен келесі жұмыс күні аяқталғанға дейін кешіктірілмей берілуі тиіс.

Есептік карточкада көрсетілген мәлімет негізгі кедендік рәсімдеу жүргізу барысында түптік кедендік декларацияның мазмұнындағы ақпараттарды тексеру мақсатында кедендік органдармен қолданылады.