Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

6.2. Тауардың кодталуы мен бейнелеудің үйлесімді жүйесі тауар номенклатурасының структурасының характеристикасы

ГС-ң тауар номенклатурасы НСТС сияқты 21 бөлімнен және 99 топтан тұрады оның ішінде 77,98,99 топтар болашаққа резервтелген. Алайда, олар арнайы тауарларды бөлу үшін ТН - дағы мемлекеттерге сәйкес қолданылуы мүмкін.

НГС-ң 21 бөлімінің тауардың классификациясының негізін тауарлардың әртүрлі белгілерінің жиынтығы құрайды:

пайда болуы (1,2,5);

функционалдық тағайындау (4,11,12, 17,18,19,20,21);

химиялық құрамы (3,6,7);

тауар дайындалған материалдың түрі (8,9,10,13,14,15,16) .

НГС те топтарджың пайда болу құрылымда тауарлардың өңдеудің кезектілігі принциптері қолданылады - шикізаттан жартылай фабрикатты алуға дейін одан әрі дайын өнімге дейін.

НГС- те тауардың топтары позиция және субпозиция дәрежесінде өндіріледі. Ереже бойынша позициядан немесе субпозициядан бір немесе бірнеше процукция бөлініп алынады олар дүниежүзілік саудада кеңінен қолданылады, «басқалары» үшін жалпы классификациялық топшалар қолданылады.

Тауарлық топшаларды, позицияларды, субпозицияларды құрастыруда әрбір топта өзінің белгілер жиынтығы қолданылады, бастылары: тауарларды тағайындау, оны өңдеу дәрежесі, тауар дайындалған материалдардың түрі тауардың әлемдік саудадағы салыстырмалы салмағы. ГС ТН- сы 5 дәрежеден тұрады: бөлімдер, топтар, топшалар, тауарлы позициялар , субпозициялар. НГС дәрежелері элементтер санынан тұрады (1 таблица).

Таблица 1. НТС структурасының характеристикасы

Дәреже атауы

Элементтер саны

Бөлім

21

Топ

Барлығы-99, оның ішінде әрекет етуші – 96, резервтік-3

Топша

33

Тауар позициялары

1241

Субпозиция

5019

Бөлім мен топшаларды мағыналарын тану үшін ГС-та римдік цифралар қолданылады: араб цифрлары – топ тауар позициялары және субпозициялары.

ГС-тің тауар номенклатурасында алты таңбалы кодтау қолданылады. Дегенмен НГС-те рим цифрлары бөлімдерді және топшаларды белгілеу үшін қолданғанымен, алты таңбалы цифрлы тауар кодында араб цифрлары кездеседі, олар топтың номерін тауардың позициясын және субпозициясын сипаттайды.

Тауарлардың жалпы массивтерінің бөлімдерге және жекелеген топтарға олардың топшаларға бөлінуі номенклатураны тиімді қолдану үшін өндіріледітауардың алты таңбалы цифрлық кодында тікелей тойтарыс таппайды.

НГС-тегі Алты таңбалы тауардың структурасы ондың жүйеде құрылған.: алғашқы екі цифр тауар топтарын білдіреді, алғашқы төрт цифр – тауар позицияны, бесінші, алтыншы цифр – субпозицияны білдіреді (2 сурет).

НГС-тағы тауардың алты таңбалы коды

х

х

х

х

х

Х

топ

Тауарлық позиция

Тауарлық субпозиция

2 сурет. НГС-тағы тауар кодының структурасы

ГС – ті үлкен санмен тәжірибе жүзінде қолдануды қамтамасыз ету үшін 1983 ж 14 маусымда Брюссельде ГС-ң халықаралық конвенциясына қол қойылды. Онда былай деп айтылған:

  • ГС-ң құрылу мақсаты;

  • қолданылу сферасы;

  • конвенцияның (міндеттері, жүйенің одан арғы жұмыс тәртібі) қатысушы мемлекеттерімен ГС-ті құқықтық қолдану механизмі.