Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
СЭ- ТН азаша оулы.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
203 Кб
Скачать
☆

9.2 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауарлық Номеклатурасына сәйкес тауарлардың кодын анықтау технологиясы

Тауар классификациясы арқылы шешім қабылдау процессі төрт кезеңнен тұрады :

Бірінші кезенде тауарды жатқызуға болатын ЕуразЭҚ СЭҚ ТН бөлімінін анықтауы болады. Бұл кезен тауардың нақты аты мен мінездемесін анықтаудан, классификатордың құрастыруымен танысудан тұрды.

Екінші кезенде тауар позициясын анықтауы болады.

Үшінші кезенде тауар позициясы анықталады. Кеден қызметкерi қателерге кезікпеу үшін сайланған топқа жататын ескертуді қайтадан үйренедi. Осыдан кейiн тауарды таңдаулы тауарлық позицияға жатқызу болады.

Төртiншi кезеңде соңғы процедура – кодты дұрыс беру бақылауы iске асады.

Сайып келгенде, атап өту керек, осы мәліметтің негізгі есебі – тауардың кеден ресiмдеуiне декларантпен айтылған кодтың дұрыс бергенін бақылауы,ал бұл операцияның жұп ұйымы декларация жасалған тауарға кеден төлемдерінің есептеулері дұрыс болуына әсер етеді.

Тауардың кодын практикалық анықтау мақсатында келесi сұрақтарға жауап беру керек :

  1. Бұл не?

  2. Неден жасалған?

  3. Не үшін жасалған?

  4. Қай түрде қолданылады?

  5. Жүйедегi мүмкiндік орны жалғыз бе екен?

Декларант үшін, кеден төлемдерiнің төлеуі қажет және төлеуі қажет емес дәлелдігі, сонымен бiрге тарифтік емес реттеу шараларының қолдануы ең маңызды процедура – тауардың кодын анықтаудан тәуелді болады.

Классификация кезіндегі қиыншылықтар осы мәселемен шұғылданатын тұлғаның кәсіби білімінің жеткіліксіздігінен, немесе оның СЭҚ ТНға сәйкес классификация жүйесiн қолдану сұрақтарында әлсіз дайындығынан пайда болады. Сондай-ақ, сiз декларация жасалатын тауарлардың сипаттамасын – олардың аттарын, декларация жасалатын тауарлардың негiзгi сандық және сапалық параметрлерді анықтайтын техникалық және негiзгi коммерциялық мiнездемелердi(стандарттар, сорт, марка, үлгi, артиклдер, фирма атауы, тағы солар сияқты мiнездемелер), қаншалықты көрсеткенiңiз, олардың кеден мақсаттарына арналған теңестiру мүмкiндiгi , СЭҚ ТНна нақтылы он қатарлы позициясына бiрмәндi жатқызуына тәуелдi болады.

Кеден реттеу шараларында кеден төлемдерін төлеуден жалтару немесе пайда табу амалдарын қолдану, немесе тарифтік емес реттеу шараларын қолданбау мақсатында тауарлардың өз атымен емес басқа атаулармен декларация жасалатыны өте жиі кездеседі.

9.3 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауарлық Номеклатурасын қр кеден органдарының қызметінде қолдануы,оның детализациясы және дифференциациясын жетілдіру

Алдынғы тақырыптарда аталып кеткендей, Қазақстан, Ұлттық СЭҚ ТН-ын құрастыруға арналған негiз ретiнде 1991ж 1қаңтар айынан бастап ЕО-ның ҮЖ мен ТКды қолданған. Ол 1995ж қаңтар айының 20да, Беларусь Республикасы мен Ресей Федерацияның кеден одағы туралы келiсiмнiң барлық мiндеттемелерiн қабылдап, Кеден Одағына кірді. Ал 1995 жылдың 3 қараша күні Мәскеуде бiртұтас ТМД СЭҚ ТН туралы келiсiмге қол қойылды. 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД СЭҚ ТНның екінші баспасы істей бастады. Ал 2000 жылдан бастап Ресей СЭҚ ТН еңгізілді. 2004 ж ақпан айында ҚР ҮЖ туралы Халықаралық конвенцияға қосылды.

ҚР үкiметi 2003 ж маусым айының 11 №576 қаулысымен «ортақ ЕЭБ СЭҚ ТН туралы келiсiмдер бекiту туралы» 2004 жылдың 1 қаңтарынан ҚРсында қолданысқа енгiзiлген ЕуразЭҚ СЭҚ ТН қолданылған.

ҚР кеден органдары, СЭҚ ТНның енгізілуімен қатар, оның халықаралық негiзiнiң өзгерiстері мен қосымшаларын бақылауды қамтамасыз етедi. Бұдан басқа, олар нормативтік, жеке СЭҚ ТН тауарларының классификациясын баяндайтын құжаттарды, тиісті бұйрықтар және нұсқаларды шығарады. Мысалы, ҚР Кеден Бақылау Агенттігінің (қазіргі уақыттаКТК) №205 2003 жылдың 14 мамыр айының «Кеден лабораторияларында кеден сараптамасын өткiзу ережелерін, тауарлардың сынамалары мен үлгiлерiн алу ережелерiн бекiтуi туралы» бұйрығымен сәйкес кеден сарапаттама қызметтерімен дұрыс классификация және СЭҚ ТНге сәйкес тауардың кодын дұрыс анықтау бойынша нақты жұмыс жүргізіледі.

Кеден сарапатамасының нақты мақсаты – тауарлардың сапалы құрамын анықтауға, оларды СЭҚ ТН сәйкес дұрыс классификациялауға арналған зерттеулерді өткізу. Кеден сараптамалары кеден орындарының бағыттары бойынша, алдын ала шешiм қабылдау кезінде, СЭҚ қатысушылардың және кеден тағы басқа мемлекеттiк органдар кеден iсiнiң саласында құқық бұзушылық анықтаған кезде кеден сараптаманы тағайындау қаулылары мен үндеулері бойынша жүргiзiледi.

СЭҚ ТН сәйкесімен тауардың атын және кодын, тауардың сапалы мінездемесін анықтау бойынша бақылауды жедел жүзеге асыру үшін кеден органдардың қызметкерлерімен өндіріс салалары бойынша, сапа төлқұжаты бар тауарлардың түрлері бойынша, тауарлардың техникалық және физико-химиялық бағыттардың тізбелері мен жабдықтары бойынша құжаттаманың деректер қоры құралған.

Сапа көрсеткіштерін анықтау үшін, мәлімденетін тауарлардың СЭҚ ТН тауарлық субпозицияларын дұрыс анықтау үшін қажетті лабораториялық жабдықпен әлсіз жабдықталу, сонымен бірге мінездемелерін тез анықтауға арналған экспресс-талдауды өткізетін құралдардың жоқтығы Кеден сараптама қызметі жұмысында негізгі мәселе болып тұр.

Кеден сараптамасын дамытуын әбден жетiлдiретін негiзгi перспективалы сұрақтары:

  • Тауардың сараптамалық зерттеу әдiстерiн халықаралық стандарттарға жуықтау

  • Сараптамалық зерттеу технологиясының спектрін кеңейту

  • Кадрлық жұмысын әбден жетiлдiру және кеден бақылауында мамандырылған мамандарды әзірлеу

  • Кедендік сараптаманы әрі қарай жаңғырту және қазіргі лабороториялық жабдықтарымен қамтамасыз ету

  • Кедендік сараптаманың техникалық-материалды базасын жетілдіру

ЕуразЭҚ кеден одағының құрылуы,оның мүше мемлекеттері кіретін біртұтас кеден аумағының, ал одан кейін біртұтас экономикалық кеңістіктің жасалуын ойлайды.Кеден Одағының шеңберінде ортақ кеден тарифінің қабылдануы,кеден қызметтерін басқару бірлігін қамтамасыз етуі,гармонизация, кеден және басқа заңдардың нақты жақындауы және бейiмдеуi[21 ] не тура келеді.

Ортақ кеден тарифы (ЕуразЭҚ ОКТ) – ЕуразЭҚ кеден одағын құрайтын өте маңызды бір құрамы болып келеді.

ЕуразЭҚ ОКТ мүше мемлекет қауымдастық қызметі үшін, үшінші елден әкелінген тауарға кеден баждарын бейімдеу жолымен жасалады. ОКТ аспабы тек қана баждардың алуына емес, қауымдастықпен қатар жұмыс салаларына да маңызды. Мысалы,ЕуразЭҚ сыртқы саудасына байланысты статистикалық мәлiметтердiң жиыны, немесе сауда саясатының әр түрлi шараларын қолдануы.

Сыртқы сауда айналымында жүрген барлық 100% тауар номенклатурасын келістіріп алу тамаша еді.(ЕуразЭҚ елдерi үшiн - бұл 1200 шамасында тауарлық позициялар). Дегенмен мынадай жүз пайызды бейімдеу жүзеге асатындай емес, өйткені ол ең болмаса, экономикалық мүдделер, кейде қай мемлекетте тауардың қай түріне болса да саудалық тәртіптің форс-мажорлықты да жағдайлары бар. Сондықтан, сыртқы сауда қызметінің тауар номенклатурасы, тіпті қолайлы жағдайлар болса да, барлығын бірақ бейімдеумен қамтуға келмейді.

ЕуразЭҚ елдері осы мақсатқа жету жолдарында жеткілікті үлкен жұмыс атқарды, бастапқы Кеден Одағы туралы келісім шеңберінде, ал кейін ЕуразЭҚ шеңберінде.

1995 ж қаңтар айында жеткен Кеден одағын жасау туралы келiсiмдер,сонымен бірге олардың дамуына қабылданған келісімдерді іске асыру, өзара істестікті ары қарай кенейту және унификациялау туралы Белорусия Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы үкіметтерінің іс-қимыл бағдарламасы оған қатысушыларына (Белорусия, Ресей, Қазақстан) өз импорттық кеден баждарын толық дерлік келістіру мүмкіншілігін беріп, бейімдеу денгейін 95%ға дейін жеткізді, оған тиісті Хаттамаға қол қойылды. Ақырында, әр түрлі себептердің арқасында үш мемлекеттiң арасындағы бейiмдеудiң бұл деңгейін ұстап тұруға мүмкіндік болған жок. Белоруссия-Ресей Одағы шеңберiнде кеден тарифы толық дерлік бейiмделіп тұрса да 2000 жылға қарсы ол 60% құрады

ОКТ ары қарай құрастыруға ықпал ететін бірнеше негізгі себептер:

-ЕуразЭҚ СЭҚ ТН номенклатурасын жаңа тауармен толықтыру,атап айтқанда, жоғары дәрежелі өңделген өнімдермен,жана технологиялармен.

-Қазақстан мен Ресей позицияларында маңызды айырмашылықтары(Белорусия 90%ға Ресейдің әкелу баж салықтарын қабылдады).Қазақстан Республикасының ұлттық кеден тарифы мен Ресей Федерациясы кеден тарифының айырмашылығы Ресей мен Белорусияның ұлттық тарифы 1% дан төмен болғандықтан қазақстандық нөлдік кеден баждарының мөлшер еншісі 27% жоғары.Осы айырмашылық ОКТны құрастыруға мүмкiндiк бермейдi.

-Тараптар бүкіләлемдік сауда Ұйымына(БСҰ) қосылғанда позиция дәрежелеріне келісуі керек.Бірлестік елдері БСҰ қосыла тұрып, егер олардың нарықтарына түрлі шарттардың кесірінен үшінші елдерден тауарлар келетін болса, ОКТны және Кеден одағын құру өте қиын болатыны дәлел.

Бұл екі процесті келістіру деген талпыныстар Кеден Одағы туралы келісімдердің шеңберінде 1997 жылдар кезінде де қолданылған. Соның негізінде одақ елдерінің позицияларын бір бірімен бiр уақытты келіскен кезде БСҰмен келіссөздерді дербес жүргізу қағидасы қойылған. Позицияларды келiстіру тетiгі жұмыс iстеген жоқ, нәтижесінде 1998 жылдың қарашасындағы Қырғыз республикасыны БСҰ-ға кiруі болды.

БСҰмен келіссөздердің нәтижесінде тиісті үйлестіру жоқ болғанда ЕуразЭҚ мүше мемлекеттердің сыртқы саясат қызметінің реттеулі біртұтас реттінің анықталуы өте күрделі болады.

ОКТның құрылуына ыкпал ететін маңызды факторы Бірлестік мемлекеттерінің ұлттық экономикасына сезгіш болатын тауарлардың бар болуы. Мұндағы сөз мемлекет импорт реттеуіне «қол бостандығын» сақтап оларды тарифтік бейімдеу тауар тізімінен шығарғысы келген тауарлар туралы болып жатыр. Әдетте осы дәрежеге мемлекет,әлеуметтік немесе экономикалық себептер бойынша қатты қызығып тұрған (және бiрлестiк әрiптестерінен оларды ала алмайтын), немесе, керiсiнше, өте қызықтырмаған, ұлттық өндiрушiні қорғайтын импорттың заттары жатады.

Қазіргі келісімдерге сәйкес қауымдастық елдерінің үкіметі жыл сайын Бірігу комитетімен бекітуі үшін сезгіш тауарлардың ұлттық тізімдерін қалыптастырады.

Осы тізімге қосылатын тауарлардың саны жыл сайын орналастырылатын «квота» - әр мемлекеттің әр өткен жылдың жиынтық импортындағы еншісімен шектеледі. 2002 жылда бұл еншi жиынтық импорттың 15% құрады, 2004 жылда 8%,ал 2005 жылда 5% дейін түсті. Соның ішінде Тажiкстан үшін ерекшелік бар: сезгіш тауарлардың тізімі тек қана бір позициядан – глиноземнан тұрады, оның еншісі осы мемлекеттің жиынтық импортының 25% аспауы керек.

Ұлттық тізімінің тауар номенклатурасы бойынша екі жақ ЕуразЭҚке Бірігу комитетіне дерек беріп, әкелінген кеден баждарының мөлшерін өз алдына өзгерістерді енгізу құқығын сақтайды,ЕуразЭҚ Ортақ Кеден тарифының Негізгі тізіміне қосылған тауар номенклатурасы.(ЕуразЭҚ ОКТ ТН)

ЕуразЭҚ дамыту басым бағыттарын іске асыру сәйкес шарамен 2003-2006 және келесі жылдары да мүше мемлекеттердің сезгіш тауарлардың, 3000 жуық позиция немесе СЭҚ ТН 25% (жиынтық импорттың 5%) құрайтын Құрама тізімі ұйымдастырылды.

ЕуразЭҚ Ортақ Кеден тарифын ары қарай құруға арналған шарттарды жасау үшін сезгіш тауарлар тізімінің құрастыру қағидасын, құн шектеуді ( әрбір мемлекеттің өткен жылғы жиынтық импортындағы еншісі) сандық шектеуге (позициялардың саны) ауыстыру жолымен өзгертуі керек. Осы шешімді қабылдау ЕуразЭҚ СЭҚ ТНдағы біріңғайланғаң жалақилерінің де еншісін, ЕЭБ СЭҚ ТНдағы сезгіш тауарлардың да еншісін анықтап біртұтас бөлімге келтіреді.

Келесі қадам болып әрбір қауымдастық елдері үшін сезгіш тауарлардың ұлттық тізімін диференциациялауға арналған критерийлерді өндеуі болуы керек.

()

Қазiргi кезеңде ҚР КТК сарапшылық қызметінің ары қарай дамытуын баяулататын сұрақтар қатарының жылдамдатылған шешiмi керек:

  • Квалификацияланған кадрлардың жетіспеуі, штатт санын үлкейтудің қажеттігі, олардың ондіріс қызметінің, тұрмыстық орналасуы мен денсаулық қорғау сұрақтар қатарының шешілмегендігі.

  • Әлсiз материалды-техникалық база, қазiргi лабораториялық жабдықтармен жеткiлiксiз қамтамасыз етілуі және жеткіліксіз қаржыландыру;

  • Жұмыс орындарының жеткiлiксiз компьютеризация, анықтама - iздестiру деректер қорларына, мекемелiк ақпараттық базасына рұқсаттың жоқтығы.

  • ЦТЛде бар, жұмыс iстейтiн нормативтарға және техника қауiпсiздiктерi талаптарға сәйкес, лабораториялық жабдықтарын орналастыруға арналған жұмыс бөлмелерiнiң және уәкiлеттi органдардың кеден iстерi сұрақтар бойынша аймақтық бөлiмшелерінің жеткіліксіздігі.

  • Кеден лабораториялардың кеден ресiмдеу және тауарлар мен көлiк құралдарды бақылау технологиясында әрі қарай интеграциялану сұрағының шешiлмегендiгi.

  • ҚР КТК бөлiмшелердiң құқық қорғау қызметіндегі сарапшылық мүмкiндiктерiн жеткiлiксiз қолдану.

  • ЦТЛ шетел кеден лабораториялармен өзара әрекеттесу тетiгiнiң жоқтығы.

Бұл сұрақтардың шешiлмегені республика кеден сарапшылық қызметтерiнiң алдында тұрған міндеттерді орындауына кедергі жасайды, кеден сараптамалары зерттеулердiң сапа мен өткiзу жеделдігіне және сыртқы сауда қызметіне қатысушыларға қызмет көрсету кезіндегі зерттеуіне кері ісері тиеді, мемлекет бюджетіне тиiстi түсімдерді үлкейтуге мүмкiндiк бермейдi.

Тауар айналымы құрылымының өзгерісімен сауда қатынасының даму процессі жүріп келеді, демек, СЭҚ ТН өзгерістерді өткеруде.

2008ж қаңтар айының 1нен бастап Қазақстан 2007ж болжамымен БСҰ ҮЖге өтуін жүзеге асыра бастады. Оның алдында, 2006 жылдың наурыз айына дейін, бірінші алты таңбалардың денгейінде өзгерістер мне қосымшаларды еңгізу жұмыстарын өткізген 2002 жылдың болжамы болған. Сонда, мәмілелерге қатыспайтын тауар кодтары шығарылды, ал жана тауар тізімдері, керісінше, кенейді. Мысалы, 060310 «жаңа қиылған гүлдер» субпозициясынан жеткізілген тірі гүлдің кеңейген ассортиментінің жеке аттары ерекшеленген. Мысалы,060311 «раушан гүлдері», 060312 «қалампырлар» 060313 «орхидеялар». Бiр уақытта 071130 (каперстер), 081030 (қара, ақ, қызыл қарақат және тұшала ) дегендер сияқты субпозициялар шығарған. Басқа жағынан қарағанда, жана кодтарды иемденудің алып келген зардабы: мысалы үшін, Қазақстандағы дәрі препараттардың (ҚҚС салмайтын) бір тобы үш топқа бөлінген. Сонымен бірге, құрамында витамині бар дәрi препараттар биологиялық белсендi қосымшалардың салық өндiруге (ҚҚС 15%), мемлекеттiк баж жиынына (10%) жататын тобына жатқызылды.

Бүкiләлемдiк кеден ұйымына қатысушы-елдердің көбісінде 2007 жылдың қаңтар айының 1нен бастап өзгерістер енгiзiлген.

Әрбір елдің мемлекеттік органдарына нормативтік құқықтық актлерді және ақпараттық тауарлардың еңгізілген өзгерістермен, сәйкес кодынан тұратын жүйелерді келтіру үшін уақыт қажет. Кеден органдары мен СЭҚ қатысушылар жағынан тауарлар 2007 ж болжамының ҮЖне өткен елдерден әкелінген кездегі қателіктерден құтылу үшін Қазақстан кеден органдарымен жана ЕуразЭҚ СЭҚ ТН мен корреляция кестелері бағытылды. Корреляция кестелерi - бұл 2002 жыл болжамының ҮЖсі мен 2007 жыл болжамының ҮЖсіне өтудің салыстырмалы кестелері.

Сөйтіп, тауарларға ілеспе құжаттарында айтылған тауар кодтары мен Қазақстан аумағында декларантпен айтылып отырған тауар кодтарының субпозиция деңгейінде айырмашылықтары шығып жатқан кезде, ең алдымен корреляция кестесі мен 2007 ж болжамының ҮЖсімен негізделген ЕуразЭҚ СЭҚ ТН қолдану қажет.

Соңғы 15-20 жылдарда ТМД елдерінде құрылым өрнектеулердің процесстерінде жарық бейнеленген дезинтеграция бар болған, және көбінесе ішкі қажеттіктерін қанағаттандыруына бағытылған еді.

Бірақ, экономикалық кірігуден максималды эффектін алу үшін Интеграция Біріктігінің қатысушы елдердің тек саяси уйлесімі ғана емес, мемлекеттерді тапқандықтан ұлт кірісу шаралар жиынын да құрастыруы қажет. Мысалы, ЕуразЭҚ кеден одағының барлық мүшелерi сауда балансының оң сальдосын алғысы келедi. Бiрақ түсiнiктi, мынау негiзiнен орындалмайтын нәрсе. Негiзiнен, экономикалық кiрiгудiң бiр де бiр формасы барлық интеграциялану процесiнiң қатысушылары үшiн жан-жақты тиiмдi бола алмайды.

2009 жылы қарашаның 27 Минскiнде кездесуде Қазақстан, Ресей және Белоруссияның мемлекет басшылары кеден одағын жасауы туралы келiсiмге қол қойды, нақ сонымен қатысушы елдер интеграциялану процестерiн үдетуге толығымен дайынын айқындады. Бұл мемлекеттер қазiргi өзара тәуелдi әлемде тәуелсiздiгіңді, қауiпсiздiк пен мүдделеріңді бiрлесе қорғау жеңілдеу екенін әдiл және объективтi түсiнедi. Әсіресе, БСҰға кіру кезінде, сауда жүргiзудің , оның мүшелерi үшiн кейде тиiмдi емес болатын, өз шарттарын регламенттейтіні. Кеден одағы БСҰға бiртұтас құраммен кiруге ниет етеді, бұл өз саудалық, Одаққа қатысушы елдерінің мүдделеріне қысым жасамайтын шарттарын қорғау үшін ең жақсы әдiс.

2009 жылы 10 желтоқсан күні Санкт-Петербург қаласында жасалған Кеден одағының комиссиясы СЭҚ қосылу бойынша шаралар жоспарын, интеграциялық сауда тәртiбiнiң жасау Тұжырымдамасын,Интеграция ақпараттық одақ жүйесін жасау Тұжырымдамасын қарап шықты, Кеден статистиканы кірістіру келісіміне өзгерістерді еңгізді. Ресей, Қазақстан, Белорусия Кеден одағын құрастыру шеңберінде 2010 жылдың 1 қаңтар күні Бiртұтас Кеден кодексi күшiне ендiріледі. Енгiзiлген бiртұтас кеден тарифының базасын Ресей кеден тарифының 92% құрайды. Осыған байланысты Қазақстанға 5000 позициялар бойынша бажды жоғарылатуға көну тура келдi. Мысалы, кеден кеңiстiгiнiң аумағында кіргізілетін автокөліктердің баждары жаңа автокөлік құнынан 30%, ал қосталған автокөлiк құнынан 35% құрайды. 2009 жылы қазақстанда авто баждары 10% құрады. Үш мемлекеттің бiртұтас кеден кодексi мақұлданғаннан кейін, Ресей мен Белоруссия шекарасында кеден ресiмдеуi қысқартылады. Ал Қазақстан-Ресей шекарасында тек қана 2011 жылы болады. Бірақ Қазақстан 2010 жылдың 1 шiлдеден бастап Ресей шекарасымен кеден орындарын қысқартуға тырысып жатыр. Шекараның ашылуы құжаттардың үйiндiсiн, кеден декларацияларын ресiмдеу, тауарларды уақытша сақтау қоймаларында ұстау және оған баяғыдай ақша төлеу қажетті емес болатынын білдіреді. Үлкен тұтынушы нарығы (165 миллиондай адам) құрастырылады, кәсiпкерлiктi дамытуға арналған үлкен мүмкiндiктер жасалады.

Бiрақ сонымен бiрге жана үш мемлекеттер кеден одағы балансталмағанын ұмытуға болмайды. РФ дауысы бұл жерде 57% құрайды, ал Қазақстан мен Белорусия 21,5% дан. Демек, біз Ресейге тиімді жолмен жүреміз. Басқа жағынан қарағанда Ресейлiк серiктестiктерiмен нақты күресте Қазақстанда бәсекеге түсе алатын кәсiпорындар пайда болуы мүмкін.

Бiзше, экономикалық кiрiгудi күшейту мақсаттарда, өзара мүдделiлiк саясатын өткiзуi, үш қатысушы мемлекеттердің әрбір мемлекеттің экономикалық орындылығына сүйене бәсекелестiк артықшылықтарын қолдану дұрысырақ болар едi. Егер кеден одағының мүше мемлекеттері әрбiр елдiң, олардың экономикалық қауіпсіздігіне залал етпейтін, тап бәсекелестiк артықшылықтарының тиiмдi дамытуларын ұсынатын ұлт мүдделерiн үйлестіре алған кезде ғана бүкіл Одақтың жұмыс жасау бiрлескен жүйелiк эффекті бұл елдерiнiң бүгiнгi ҰЖТ сомасынан асады. Бізде экономикалық интеграция арқылы өз позицияларымызды күшейтуге нақты мүмкіншілік бар. Оған 2014-2015 жылдары болатын экономикалық кеңiстiктiң құрастыруы мүмкiндiк туғызады. Кеден және экономикалық кеңiстiктердің анығында, дамыған елдердің нарығына қарағанда қазақстандық тауарлар мен қызметтерi әлдеқайда бәсекеге түсе алатынырақ болып көрiнедi.

Үш мемлекеттiң бiртұтас Кеден кодексi тауар кодттарының классификациясын жетiлдiруi мен әрі қарай детализациялауын талап етедi.