- •Рецезенттер:
- •Қр дағы сыртқы экономикалық қызмет және сыртқы экономикалық қатынастар дамытудағы мақсаты
- •Сыртқы экономикалық мәмілелер
- •Сэқ басқару органдары
- •2. Сыртқы сауда туралы халықаралық келісімдер Келісімшарт жасаудың тәртібі
- •Сыртқы экономикалық келісімдер түрлері
- •Сыртқы саудалық операциялардың сыныптамасы
- •Сыртқы экономикалық келісімшарттар және оларды жасаудың тәртібі
- •2.3. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар
- •2.4. Тауарлар жеткізілімінің базистік жағдайлары
- •Сыртқы экономикалық мәміле бойынша базистік шарттары
- •Құрылықтық және теңіздік көліктермен жетізілімнің жалпы жағдайы
- •3. Тауарлардың шығарылу мемлекетін анықтау және оның кедендік бағасы
- •3.2. Тауарлардың кедендік бағасын анықтау және түскен мағлұматтардың мақұлдау құжаттары
- •3.3. Енгізілетін және шығарылатын тауарлардың кедендік бағасын анықтау
- •3.4. Кеден органдарының бағалы мәліметтерді қолдана отырып шартты түрде тауарларды шығару
- •Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының мақсаттары мен міндеттері. «Тауар номенклатурасы» түсінігінің маңызы және оның элементтері
- •4.3. Тауарларды жіктеу, кодтау және оның мағыналары
- •5.2. Сыртқы сауданың біртұтас тауар номенклатурасы
- •5.4. Кеден қауымдастығы кеңесінің номенклатурасы
- •Тауардың кодталуы мен сипатталуының үйлесімді жүйесі
- •6.2. Тауардың кодталуы мен бейнелеудің үйлесімді жүйесі тауар номенклатурасының структурасының характеристикасы
- •6.3. Тауардың кодталуы мен бейнелеудің үйлесімді жүйесінің Еуропалық Ынтымақтастығының Құрастырылған номенклатурасы ретінде
- •6.4. Бұрынғы ксро-мен тауардың кодталуы мен бейнелеудің үйлесімді жүйесін жүргізу
- •7.2 Тмд сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасындағы бірлік өлшемі
- •Тмд сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасындағы бірлік өлшемі
- •Өлшем бірліктер
- •8.Сыртқы экономикалық қызметтің кеден номеклатурасының сәйкес тауар кодын анықтау технологиясы
- •8.2. Сыныптау шешімінің алғашқы түсінігі
- •8.3. Жою. Алғашқы шешімін өзгерту және үндеу
- •1 Ереже.
- •2 Ереже.
- •2 Б Ереже.
- •3 Ереже.
- •4 Еереже.
- •5 Ереже.
- •8.2 Алдын ала классификациялық шешiмдердiң ұғымы
- •8.3. Жою. Алдын ала классификациялық шешімді өзгерту немесе қайтару
- •9.Қр кеден органдарының қызметіндегі Еуразия экономикалық қауымдастығының Сыртқыэкономикалық қызметiндегі Тауар Номеклатурасының рөлi
- •9.1 Еуразия экономикалық қауымдастығының Сыртқыэкономикалық қызметiндегі номеклатурасының кейбiр ерекшелiктері
- •9.2 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауар Номеклатурасына сәйкес тауарлардың кодын анықтау технологиясы
- •9.3 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнің Тауар Номеклатурасын қр кеден органдары қызметінде қолдануы, оның детализациясын жетілдіруі және дифференциациясы
- •9.1 Еуразия экономикалық қауымдастығының Сыртқыэкономикалық қызметiндегі номеклатурасының кейбiр ерекшелiктері
- •9.2 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауарлық Номеклатурасына сәйкес тауарлардың кодын анықтау технологиясы
- •9.3 Еуразия экономикалық қауымдастығы Сыртқыэкономикалық қызметiнiң Тауарлық Номеклатурасын қр кеден органдарының қызметінде қолдануы,оның детализациясы және дифференциациясын жетілдіру
- •10 Тақырып. Халықаралық стандарт саласындағы кеден процедураларын жеңілдету және гармонизациясы
- •Кедендік транзит
- •Баж салығын қайтару
- •Мемлекетке кейінгі қайтармалы тасымалдау шарты бойынша уақытша қолдану шарты
- •Еркін айналымға түсетін тауарларды қайта өндеу
- •Саяхаттаушы азаматтардың қатынасындағы кедендік жеңілдіктер
- •Почтамен жіберу қатынасындағы кедендік негіздер
- •10.2 Уақытша тауар әкелуге арналған ата корнеті туралы Конвенция
- •10.3 Жүктерді халықаралық транзиттік тасымалдау туралы кедендік Конвенция
- •Халықаралық актілер
- •Қазақстанның құқықтық актілері
- •Мазмұны
- •Қр сыртқы зкономикалық қызметі дамуы мәні мен мазмұны
- •2. Сыртқы сауда туралы халықаралық келісімдер
- •3. Тауарлардың шығарылу мемлекетін анықтау және оның кедендік бағасы
- •4. Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының түсінігі және оның тауарды жіктеумен байланысы
- •5. Халықаралық сауда тәжірибесінде қолданылатын негізгі классификациялау жүйесі және тауар номенклатурасы
- •6. Тауардың кодталуы мен сипатталуының үйлесімді жүйесі
- •8.Сыртқы экономикалық қызметтің кеден номеклатурасының сәйкес тауар кодын анықтау технологиясы
- •9.Қр кеден органдарының қызметіндегі Еуразия экономикалық қауымдастығының Сыртқыэкономикалық қызметiндегі Тауар Номеклатурасының рөлi
- •10. Халықаралық стандарт саласындағы кеден процедураларын жеңілдету және гармонизациясы
- •Қамшыбаев Рахманқұл Алтынбекұлы Экономика ғылымдарының докторы, профессор Сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы
Сыртқы экономикалық мәміле бойынша базистік шарттары
Тауарға жеке меншік құқығының ауысу сәті және кездейсоқ қайтыс болуының қаупі келеді:
Темір тасымалдау кезінде сатып алушыға тауарларды шекарада бергеннен кейін
Тауарларды шекарада қарағаннан кейін- сатушының көлігімен авто жектізілім кезінде
« ИНКОТЕРМ-90» ФОБ, СНФ, ФАС немесе КАФ жағдайларында теңіздік көліктер мен тасымалдау барысында
Әуелік тасымалдау кезінде тауарларды сатып алушының елінде бергеннен кейін
Пошталық жөнелтілімде барушы елге тауарларды поштамен берген сәттен бастап
Барлық көрсетілген жағдайларда сатушы өз тауарларын сақтандыруға міндетті емес
6-схема
КАФ- құн және фрахт
Келісімшартпен көрсетілген портқа тауарларды тасымаолдау үшін сатушы кеме жалдайды және тасымалдау төлемін төлейді
СИФ- құн, сақтандыру, фрахт Сатушы кеме жалдап өз есебінен тауарды алып барады, алымдар салықтар төлейді және сақтандыру жасап барлық құжаттарды сатып алушыға тапсырады
Құрылықтық және теңіздік көліктермен жетізілімнің жалпы жағдайы
ФОБ- борт бойындағы еркіндік Сатушы кеме бортындағы тауарлардың бағасын көрсетеді және жеткізілімге байланысты барлық көліктік шығындарды өз мойнына алады
ФАС- борттың ен бойындағы еркіндік
Сатушы кеме бортына тауарды жеткізеді, бірақ тасымалдаушы өз күші және қаражатымен жеткізіліммен тауарды кеме бортына тииді
7- схема
3. Тауарлардың шығарылу мемлекетін анықтау және оның кедендік бағасы
3.1. Тауарлардың шығарылған елінің мақұлдануы және анықтаудың бағыттары, тауарларды қайта өңдеудің жеткілікті критерийлері. Тарифтік артықшылықтары (преференциялары)
3.2. Тауарлардың кедендік бағасын анықтау және түскен мағлұматтардың мақұлдау құжаттары
3.3. Әкететін және әкелінетін тауарлардың кедендік бағасын анықтау
3.4. Кеден органдарының бағалы мәліметтерді қолдана отырып шартты түрде тауарларды шығару
3.1. Тауарлардың шығу мемлекетінің мақұлдануы және анқтаудың бағыттары, тауарлардың қайта өңдеудің жеткілікті критерийлері. Тарифтік артықшылықтары (преференциялары)
Тауарлардың шығарылған елі тауарды Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелу және бұл аумақтан әкету, тарифтік және тарифтік емес шараларын қолдану мақсатымен анықталады.
Толық өңдірілген немесе жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сәйкес жеткілікті дәрежеде қайта өңделген ел тауардың шығарылған елі болып табылады.
Егер тауар өңдіруге екі не одан да көп елдер қатысса, жеткілікті дәрежеде қайта өңдеу өлшемдеріне сай келетін тауарларды қайта өңдеу немесе дайындау жөніндегі соңғы операцияларды жүзеге асырған ел тауарлардың шығарылған елі болып табылады.
Қайта өңдеудің жеткілікті өлшеуіші (критерий) болып:
Тауарларды Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН) бойынша тауар кодының тауарды қайта өңдеу нәтижесінде болған алғашқы кез келген төрт белгінің деңгейінде өзгеруі;
Бұл операциялар орын алған ел тауардың шығарылған елі болып есептелуі үшін жеткілікті өндірісітік немесе технологиялық операцияларды орындау;
Құнының пайыздық үлесі түпкі өнімнің бағасында тіркелген үлесіне жеткен кездегі тауар құнының өзгеруі (адвалорлық үлес ережесі).
Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат не тауардың шығару туралы декларация тауардың шығарылған елін растау болып табылады (1-сурет).
Тауарларды шығарған елдердің растайтын құжаттар
Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат
Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат – тауар шығарылған елді куәландыратын және сол мемлекеттің немесе, егер әкетілетін мемлекетте сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, әкетілетін мемлекеттің уәкілетті органы берген құжат
Тауардың шығарылуы туралы декларация
Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушының немесе сатушының тауарға қатысты тауардың ілеспе құжатында тауардың шығарылған елі туралы жасаған мәлімдемесі болып табылады
1-схема
Тауарлардың шығарылуы туралы сертификат – тауар шығарылған елді куәландыратын және сол мемлекеттің немесе, егер әкетілетін мемлекетте сертификат тауар шығарылған елден алынған мәліметтер негізінде берілсе, әкетілетін мемлекеттің уәкілетті органы берген құжат.
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан әкету кезінде тауардың шығарылуы туралы сертификатты, егер аталған сертификат келісім-шарттың талаптары бойынша, тауар әкелінген елдің ұлттық ережелері бойынша ұажет болса немесе аталған сертификаттың болуы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, тиісті уәкілетті мемлекеттік орган береді.
Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушының немесе сатушының тауарға қатысты тауардың ілеспе құжатында тауардың шығарылған елі туралы жасаған мәлімдемесі болып табылады.
Тауарды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасына әкелу кезінде, тауарлардың шығарылуы туралы сертификаты беру шарттары, егер:
Сол тауардың шығарылған еліне Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарға сәйкес тарифтік артықшылықтар берілген;
Кеден органында тауардың тауарларды әкелу тарифтік емес реттеу шараларымен реттелетін елдерде шығарылғаны туралы негізделген ұйғарымдар болған;
Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттарда бұл көзделген жағдайларда, тауардың шығарылуы туралы сертификат табыс етіледі.
1-тармақшаның ережелеріне қарамастан, егер:
Қазақстан Республикасының кедендік аумағына әкелінетін тауарлар таңдап алынған кедендік режимнің шарттарына сәйкес кедендік баждарды және салықтарды төлеуден босатылса;
Бір келісім –шарттың шеңберінде көп рет жеткізіп беруді, сондай-ақ нақ сол бір тауарды бір жөнелтуші нақ сол алушының атына әртүрлі келісім-шарттар бойынша қайталап жеткізіп беруін қоспағанда, әкелінетін тауарлар легінің кедендік құны тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген тоғыз жүз айлық есептік көрсеткішке балама сомадан аспайтын болса;
Жеке адамдар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізетін тауарларға Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген нормалар мен шарттар сақталатын болса;
Бұл Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделсе, тауардың шығарылуы туралы сертификатты табыс ету талап етілмейді.
Тауардың шығаруы туралы сертификаттың түпнұсқасы, тауарды кедендік ресімдеу алдын ала және уақытша декларациялау рәсімі бойынша жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, кеден декларациясымен және кедендік ресімдеуді жүзеге асыруға қажетті басқа да құжаттармен бір мезгілде табыс етіледі. Сертификат жоғалған жағдайда оның ресми расталған көшірмесі қабылданады.
Тауарлардың шығарылуын сертификатта көрсетілген мәліметтерді тауардың ілеспе құжаттарында бар мәліметтермен бірдейлендіргеннен кейін кеден органдары белгілейді. Тауардың жоғалуы, кем шығуы жағдайларын қоспағанда, оның іс жүзінде жеткізіп берілген мөлшері мен сертификатта көрсетілген мөлшері арасындағы алшақтық бес пайыздан аспауға тиіс. Өзге жағдайларда тауардың шығарылуы туралы сертификат қате ресімделген болып есептеледі.
Қазақстан Республикасы мемлекеттерге кедендік баждардан босату не оның ставкасын төмендету немесе тауарларды преференциялық әкелуге (әкетуге) квота белгілеу нысанында беретін сыртқы экономикалық қызмет саласындағы арнайы артқышылықтар тарифтік преференциялар деп түсініледі.
Тарифтік преференциялар Қазақстан Республикасының шешімі және ҚР ҚМ КБК бұйрығы бойынша беріледі.
Қазақстан Республикасының тарифтік артықшылықтары «тікелей тиеп жіберу» ережелері сақталған жағдайда беріледі. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларда, қатысушы елдер үшін тарифтік артықшылықтар беру шарты ретінде «тікелей сатып алу» ережелерінің орындалуы қажет.
