- •1 Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қалыптасуы
- •2 Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері. «Қазақстан Республикасынағы прокурорлық қадағалау» оқу пәнінің мәні мен жүйесі
- •3 Тарау. Прокурорлық қадағалаудың қайнар көздері
- •4 Тарау. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •5 Тарау. Қр прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Ерекше бөлім
- •6 Тарау. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •8 Тарау. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •9 Тарау. Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •Тарау. Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының қалыптасуы
- •Кеңестік кезеңдегі прокурорлық қадағалау
- •2 Прокуратураның тәуелсіз Қазақстанда қалануы және дамуы
- •3. Қарағанды облысының қала (аудан) және мамандандырылған прокуратураларының құрылу тарихы
- •2 Тарау Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеттері. «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» курсының мәні мен жүйесі
- •1. Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалаудың ұғымы мен маңызы
- •2. Прокурорлық қадағалаудың мақсаты мен міндеттері
- •3. "Қазақстан Республикасының прокурорлық қадағалау" курсының мәні
- •4. Прокурорлық қадағалаудың салалары
- •5. Курстың жүйесі және басқа заң пәндерімен оның қарым-қатынасы
- •3 Тарау. Прокурорлық қадағалаудың қайнар көздері
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы
- •2. Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» заңы
- •3. Прокурорлық қадағалаудың құқықтық актілері
- •4. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу заңдары
- •5. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу заңдары
- •6. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдары
- •7.Қазақстан Республикасының өзге де заңдары
- •8. Халықаралық құқықтық актілер
- •4 Тарау. Прокуратура органдарының жүйесі, құрылымы және оларды ұйымдастыру
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдары жүйесінің ұғымы
- •Қазақстан Республикасы прокуратура органдарының жүйесі
- •5 Тарау. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарындағы кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Кадрларды іріктеу, орналастыру және тәрбиелеу
- •Прокуратура органдарында лауазымға тағайындалатын прокурорлар мен қызметкерлерге қойылатын талаптар
- •3. Прокуратура қызметкерлеріне кластық шендер беру және аттестациялау. Прокуратура қызметкерлеріне қолданылатын тәртіптік жазалар мен мадақтау шаралары
- •6 Тарау. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша жұмысты ұйымдастыру.
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақтауын прокурорлық қадағалаудың мәні, пәні және міндеттері
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерін сақтауын қадағалау бойынша прокурордың өкілеттіктері
- •Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуын қадағалау
- •7 Тарау. Қылмыспен және басқа да құқық бұзушылықпен күресу бойынша құқық қорғау органдарының қызметін үйлестіру
- •Үйлестіру қызметінің мәні, мақсаты және қатысушылары
- •Құқық қорғау органдарының үйлестіру нысандары және өзара қатынастары
- •Қылмыстықпен күресу бойынша құқық қорғау органдары қызметін үйлестірудегі прокуратура рөлін көтерудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздері
- •8 Тарау. Жедел іздестіру қызметін прокурорлық қадағалау
- •1. Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуына прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні және міндеттері
- •2. Прокурордың жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі өкілеттігі
- •3 Жедел іздестіру қызметін жүзеге асырушы органдарда заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •9 Тарау. Тергеу және анықтау заңдылығына прокурорлық қадағалау
- •Тергеу және анықтау заңдылығына қадағалаудың мәні, маңызы және міндеттері
- •Прокурордың алдын – ала тергеу және анықтау органдарына заңдардың орындалуын қадағалау өкілеттігі
- •Алдын ала тергеу және анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау жұмысын ұйымдастыру
- •Анықтау органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •Алдын ала тергеу органдарында заңдардың орындалуын қадағалау ерекшеліктері
- •10 Тарау. Прокуратураның сотта мемлекет мүддесін білдіруі
- •Прокуратура органдарының сотта мемлекет мүддесін білдіру түсінігі, маңызы және міндеттері
- •Қылмыстық істердің соттарда қаралуына прокурордың қатысуы және оның рөлі
- •Соттарда азаматтық істердің қаралуына прокурорлық қадағалау
- •11 Тарау. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қаматамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі
- •Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын бұзу анықталған жағдайда прокуратурамен қабылданатын шара қолдану актлері
- •Тарау. Халықарлық шарттардың қолданылуына және шетел азаматтары мен заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз етуіне прокурорлық қадағалау
- •1. Халықаралық ынтымақтастықтың құқықтық маңызы
- •2. Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы
- •13 Тарау. Прокуратура органдарының даму концепциясы және олардың қызметі
- •1. Қазақстан Республикасының құқықтық саясатының даму концепциясы негізіндегі прокуратураның қызметі
- •2 Қазіргі кезеңдегі прокуратура органдарының даму проблемалары және перспективалары
- •Практикалық сабақтың сұрақтары
- •1. Тапсырма:
- •2. Тапсырма:
- •3. Тапсырма:
- •4. Тапсырма:
- •5. Тапсырма:
- •6. Тапсырма:
- •7. Тапсырма:
- •8.Тапсырма:
- •9. Тапсырма:
- •10. Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •13.Тапсырма
- •Тапсырма:
- •Тапсырма:
- •16. Тапсырма:
- •17. Тапсырма:
- •18. Тапсырма:
- •19. Тапсырма
- •20. Тапсырма:
- •21. Тапсырма:
- •22. Тапсырма:
- •23. Тапсырма
- •24. Тапсырма:
- •25. Тапсырма
- •26. Тапсырма:
- •27. Тапсырма:
- •28.Тапсырма:
- •29.Тапсырма:
- •13.Прокуратураның қылмыспен күрес саласында халықаралық ынтымақтастығы.
- •30.Тапсырма:
- •31.Тапсырма:
- •Курстық жұмыстардың тақырыбы
- •Тест сұрақтары
- •7. Прокурорлық қадағалау актілері:
11 Тарау. Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау
Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын прокурорлық қадағалаудың маңызы, мәні, міндеттері мен басты бағыттары
Заңдардың орындалуын прокурорлық қадағалауда кез келген басқа да мемлекеттік қоғами пайдалы, жасампаз қызмет ретінде өзінің мәні мен міндеттері бар.
Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалаудың негізгі мазмұны мен мәні «Қазақстан Республикасының пркуратурасы туралы» Заңның «Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қадағалау» атты 3 тараудың Қадағалаудың мазмұны мен мәні деген 40 – бабында белгіленген және онда әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалауды прокуратура:
әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде, сондай – ақ істерді қарау мен әкімшілік – құқық бұзушылық жасағаны үшін жазалау шараларын белгілеген кезде заңдардың дәл әрі бірыңғай қолданылуын қаматамасыз ету;
Әкімшілік – құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде адамның және азаматтың, лауазымды адамдар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру;
азаматтардың әкімшілік – құқық бұзушылық жөнінде жүргізілген істерге байланысты кез келген актіге шағым қолдану құқығын қамтамасыз ету;
әкімшілік – құқық бұзушылық туралы заңдарды қолданған кезде заңдарды бұзуға кінәлі адамдарға шара қолдану мақсатында жүзеге асырады делінген.
Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау басқа саладағылар сияқты заң үстемдігін, бірлікті және заңдылықты нығайту, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай – ақ мемлекет пен қоғамның заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсаттарында жүзеге асырылатындығын атап өту қажет.
Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалау мемлекеттік басқару, бақылау органдарымен, басқа да органдармен шығарылатын құқықтық актілердің заңдарға сәйкес келуіне, әрі бұл заңдар бағыныштылыққа қарамастан барлық органдармен, лауазымды адамдармен және азаматтармен дәл және біркелкі орындалуына бағытталған.
Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына прокурорлық қадағалауды жүзеге асырудың маңыздылығы мемлекеттік басқару органдарының, құқық қорғау органдарының заңдарды дәл орындаулары мемлекет алдында тұрған міндеттерді ойдағыдай орындаудың аса маңызды негізі болып табылады.
Бірінші кезекте бұл органдардың міндеттері халық өмірінің деңгейін көтеру, әлеуметтік сала мен экономиканы дамытуға, мемлекеттікті нығайтуға, құқықтық мемлекетті қалыптастыруға, яғни әлеуметтік – экономикалық және басқа да реформаларды жүзеге асыруға мүмкіндік тудырады.
Әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын қадағалау жөніндегі жұмысты ұйымдастыра отырып, прокурорлар есепке аса көңіл аударады, себебі жақсы реттелген есеп жасалған жұмыс жайын қарауға көмектеседі, атқарылған жұмыстың көлемі мен белгілі бір шамада сапасын, жіберілген кемшіліктерді көрсетеді, шұғыл және статистикалық есепті жүзеге асыруды жеңілдетеді.
Әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қаматамасыз ету заңдылығын қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурордың өкілеттігі
Прокуратура органдарының лауазымды тұлғаларының заң бұзушылықтарға уақытылы шара қолдануларына, заң бұзушылықтарға мүмкіндік тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қолдануға, азаматтардың, ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге, сондай – ақ кінәлі адамдарды заңмен анықталған жауапкершіліктерге тартуға прокуратура органдарына өкілеттіктер жиынтығы берілген.
Прокурордың әкімшілік іс жүргізу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі «Қазақстан Республикасының прокуратура туралы » Заңының 41 – бабында бекітілген. Аталған бапқа сәйкес әкімшілік іс жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асыра отырып, прокурор:
уәкілетті лауазымды адамдар мен органдардан әкімшілік құқық бұзушылық туралы мәліметтерді, құжаттар мен істерді талап етуге;
құзыретіне әкімшілік – құқық бұзушылық туралы істерді қарау мен жаза қолдану кіретін лауазымды адамдар мен органдардың іс - әрекеттері мен шешімдеріне берілген шағымдарды қарауға;
азаматтарды әкімшілік ұстау мен қамаудың заңдылығын, сондай – ақ әкімшілік – құқық бұзушылыққа ықпал етудің өзге де шараларының негізділігін тексеруге;
әкімшілік – құқық бұзушылық істерді қарауға қатысуға, өтініштер жасауға, істі қарау кезінде туындаған мәселелер бойынша қорытындылар беруге;
әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуын тексеруге;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің заңды мүдделерін бұзуға жол берген лауазымды адамдарды жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолдануға;
әкімшілік – құқық бұзушылық туралы істер жөнінде іс жүргізуді қозғауға;
заңда көзделген басқа да іс - әрекеттерді жасауға құқылы.
Заңдардың орындалуын, басқару органдарымен шығарылатын құқықтық актілердің заңдылығын, адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуын, мемлекет пен ұйымдарының құқықтары мен заңды мүдделерін тексеруді прокуратура келіп түсетін хабарламалар, арыздар, шағымдар, заң бұзушылық фактілері туралы мәліметтер негізінд, сондай – ақ прокуратура органдарының жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
Прокуратура органдары сауда экономикасы, жеке және мемлекеттік меншікті қорғау негізінде экономикалық механизмге бағытталған құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету жөніндегі ауыр міндеттерді орындауға, мемлекеттік, қызметтік және еңбек тәртібін сақтауға үнделген. Прокуратура органдары министрліктер мен ведомстволардың, басқа да басқарма органдарының басшылары, лауазымды адамдарды өз міндеттерін заңдарды сақтаумен қалай орындайтындарын, осы жұмыста қандай қажетті көмектер көрсететіндерін пәрменді қадағалауды жүзеге асыруға аса көңіл бөледі, сондай – ақ олар заң бұзушылықтарды және басқа да нормативтік актілердің бұзылуын уақытылы анықтауға және жол бермеуге тиіс.
Кейінгі кезде прокурорлардың сыбайластық , бюджетке төлем төлемеу, салық және кедендік құқывқ бұзушылықтар туралы заңдардың сақталуын қадағалаулары маңыздырақ болуда.
Өз өкілеттіктерін жүзеге асыра отырып прокуратура органдары бақылауға алынған обьектлердің шұғыл-шаруашылық қызметтеріне араласуға, өзін басқа да мемлекеттік, сондай-ақ бақылаушы органдармен алмастыруға құқылы емес. Прокурордың өз өкілетінен шығатын талаптарын мекен-жайлардың заңмен немесе прокурормен анықталған мерзімдерде орындаулары үшін міндетті. Оларды орындамау заңда көзделген жауапкершіліктерге әкеп соғады.
