Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник надзор.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

3. Қарағанды облысының қала (аудан) және мамандандырылған прокуратураларының құрылу тарихы

1932 жылдың 10 наурызында Қарағанды облыстық прокуратурасы құрылды. Облысты бекітілген әкімшілік-территориялық бөлуге сәйкес, облысқа 22 аудандық және 3 қалалық прокуратуралар бағынышты болды.

1936 жылы 29 шілде айында Қарағанды облысы екіге бөлінді: Солтүстік Қазақстан, орталығы Петропавловск қаласы және Қарағанды, орталығы Қарағанды қаласы болды. Осыған сәйкес, Қарағанды облыстық прокуратурасы да екіге бөлінді: Солтүстік Қазақстан және Қарағанды прокуратуралары.

Жаңадан құрылған прокуратураға Қарағанды, Ақмола қалалары, Вишневский, Баян-Ауыл, Еркіншілік, Қорғалжың, Нұра, Телман, Кувский, Шет, Қоңырат, Қарсақпай, Қарқаралы, Жаңа-Арқа және Новочеркасский аудандарының прокуратуралары берілді.

Прибалхашстрой кентінің қайта құрылуына байланысты Балқаш қаласында 1937 ж. Балқаш қалалық прокуратурасы құрылды.

1938 ж. аудан орталығының құрылуына байланысты Ворошиловский ауданының прокуратурасы құрылды, ал Баян-Ауыл прокуратурасы ауданның Павлодар облысының құрамына ауысуына байланысты Павлодар прокуратурасының қарамағына берілді.

Осы жылы Қарағанды қаласын аудандарға бөлудің нәтижесінде Ленинский, Сталинский, Кировский аудандары құрылды. 1945 жылы тағы да екі қалалық аудан құрылды: Железнодорожный және Шахтинский.

1939 ж. Ақмола облыстық прокуратурасының құрылуына байланысты әкімшілік-территориялық бөлінуге сәйкес, оның құрамына Вишневский, Ақмола, Новочеркасский және Еркіншілік аудандарының прокуратуралары берілді.

Осы жылы Ұлытау аудандық прокуратурасы құрылды.

1940 жылы Қарсақпай прокуратурасының атауы Жезқазған прокуратурасы болып ауысады және де Осакаровка ауданының прокуратурасы құрылды.

1941 жылы Ақмола облыстық прокуратурасына Қорғалжың ауданының прокуратурасы берілді.

1945 жылы Темір-Тау қаласының прокуратурасы құрылды.

Соғыс аяқталғаннан кейін, облыста 18 қала, аудан прокуратуралары болды: 5-уі Қарағанды қаласында – Шахтинский, Кировский, Сталинский, Ленинский және Железнодорожный аудандары, Теміртау, Балқаш, Жезқазған қ.қ., Нұра, Осакаровка, Телман, Ворошиловский, Жаңа-Арқа, Қоңырат, Шет, Кувский, Қарқаралы, және Ұлытау аудандары.

1954 жылы Қазақ КСР Бас Прокурорының бұйрығымен Саран қаласының прокуратурасы құрылды.

1961 жылы Қарағанды қаласының Сталинский ауданы Октябрьский болып, ал Ворошиловский ауданы Ульяновский болып өзгертілуіне байланысты прокуратуралардың да атаулары өзгертілді.

Осы жылы Шерубай-Нұра кенті Абай қаласы, ал Тентек кенті Шахтинск қаласы болып өзгертілді. Осыған сәйкес жаңа қалаларда прокуратуралар құрылды.

1963 ж. жаңа әкімшілік-территориялық бөлінуге байланысты Жезқазған, Қоңырат, Кувский, Ұлытау, Ульяновский және Шет аудандарының прокуратуралары жабылып, Ақтоғай және Жезді прокуратуралары құрылды.

Сонымен қатар, Қазақ КСР прокурорының 11.04.1963 ж. № 343 бұйрығымен Қаражал қ. прокуратурасы құрылды.

1964 ж. селолық аудандарды жауып, бірыңғай аудандар құруға байланысты, Қарағанды облысы прокурорының 01.03.1963 ж. № 22 бұйрығымен жаңадан құрылған: Егіндібұлақ, Ульяновский және Шет аудандарында прокуратуралар құрылды.

1972 ж. КССР Бас Прокурорының 29.06.1972 ж. № 446б бұйрығына сәйкес, Қазақ КСР прокурорының 07.07.1972 ж. № 173б. бұйрығымен Молодежный, Ұлытау және Жезқазған аудандарының прокуратуралары құрылды.

1973 ж. КССР Бас Прокурорының 10.05.1973 ж. № 321б бұйрығына сәйкес, Қазақ КСР прокурорының 18.05.1973 ж. № 176б бұйрығымен Мичуринский ауданының прокуратурасы құрылды.

Осы бұйрықпен Қарағанды облысы прокуратурасының құрамынан Жезқазған облысының прокуратурасы құрылды. Оның құрамына Жезді, Жаңа-Арқа, Ақтоғай, Ұлытау және Шет аудандарының, Жезқазған, Балқаш, Қаражал қалаларының прокуратуралары берілді.

1973 ж. Жезқазған облысы Ағадыр ауданының прокуратурасы құрылды.

Жезқазған облысы Сәтпаев қ. (бұрынғы Никольск қ.) прокуратурасы 1974 ж. 01 сәуірде Қазақ КСР Прокурорының бұйрығымен құрылды.

1974 ж. 01 қаңтарда жағдайы бойынша облыс прокуратурасының құрамына Қарағанды қаласының Октябрьский, Кировский, Ленинский, Железнодорожный, Советский аудандарының, Егіндібұлақ, Қарқаралы, Молодежный, Мичуринский, Нұра, Осакаровка, Телман, Ульяновский аудандары мен Абай, Саран, Темір-Тау, Шахтинск қалаларының прокуратуралары енді.

1977 ж. Талды ауданының прокуратурасы құрылды.

1982 ж. әкімшілік-территориялық бөлінуге сәйкес Теміртау қ. прокуратурасы Металлурский және Гагаринский аудандарының прокуратураларына бөлінді.

1983 ж. 22 шілдеде еңбекпен түзету мекемелерінде заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша Қарағанды прокуратурасы құрылды.

18.06.1985 ж. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен Қарағанды облысының құрамына Теңгіз ауданы енгізілді. Сәйкесінше Теңгіз ауданының прокуратурасы Қарағанды облысының прокуратурасы құрамына енді.

1988 жылдың тамыз айына дейін облыс прокуратурасының құрамына 22 қала, аудан прокуратуралары енді (Қарағанды қаласының Октябрьский, Кировский, Ленинский, Железнодорожный, Советский аудандарының, Егіндібұлақ, Қарқаралы, Молодежный, Мичуринский, Нұра, Осакаровка, Телман, Ульяновский, Талды, Теңгіз аудандарының, Абай, Саран, Темір-Тау қ. Металлургский және Гагаринский аудандарының, Шахтинск қ., еңбекпен түзету мекемелерінде заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша Қарағанды прокуратурасы мен көлік прокуратурасы).

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 09.07.1988 ж. «Қазақ КСР әкімшілік-территориялық бөлінуіне өзгертулер енгізу туралы» Жарлығына сәйкес, Қарағанды қаласы Железнодорожный ауданының прокуратурасы (Қарағанды қ. Кировский ауданының прокуратурасына қосылған), Талды ауданының прокуратурасы (Шет ауданының прокуратурасына қосылған), Теңгіз ауданының прокуратурасы (Нұра ауданының прокуратурасына қосылған) жабылды және жойылды, сонымен қатар Темір-Тау қаласы Металлургский мен Гагаринский аудандарының прокуратуралары жабылып, Теміртау қаласының прокуратурасы құрылды.

1990 жылдың 13 қыркүйегінде Никольск қаласы Сәтпаев қаласы болып ауыстырылды, прокуратура Сәтпаев қаласының прокуратурасы болып ауысты.

09.11.1993 жылы ҚР Бас Прокурорының № 422/6 бұйрығымен Қарағанды табиғатты қорғау прокуратурасы құрылды.

1996 жылдың наурыз айында Қарағанды көлік прокуратурасы Қарағанды облысының прокуратурасы штатынан шығарылып, қайтадан құрылған Тың көлік прокуратурасына берілді.

01.01.1997 ж. жағдайы бойынша облыс прокуратурасының құрамына Қарағанды қаласының Советский, Ленинский, Октябьрский, Кировский аудандарының прокуратуралары, Ульяновский, Тельманский, Нұра, Мичуринский, Қазыбек би (Егіндібұлақ), Қарқаралы, Молодежный, Осакаровка аудандарының, Абай, Темір-Тау, Саран, Шахтинск қалаларының прокуратуралары, Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы, Еңбекпен түзету мекемелерінде заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша Қарағанды прокуратурасы енді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының әкімшілік-территоиялық құруды жетілдіру бойынша келесі шаралар туралы» 03.05.1997 ж. Жарлығына сәйкес Жезқазған облысының территориясы жабылып, Қарағанды облысына қосылды. Қазақстан Республикасының Бас прокурорының 19.06.1997 ж. № 279/6 бұйрығымен Жезқазған облысының прокуратурасы 69 жедел және 62 техникалық жұмыскерлерімен бірге жабылып, оның штаты Қарағанды облысының прокуратурасына берілді. Жезқазған облысының прокуратурасы жабылғанға дейін Жезқазған, Сәтпаев, Қаражал, Балқаш қалаларының, Ақтоғай, Тоқырауын, Шет, Ағадыр, Ұлытау, Жезді, Жаңаарқа аудандарының прокуратураларынан және Балқаштың табиғатты қорғау прокуратурасынан тұрды.

Жаңа штаттық құрылымның құрылуы кезінде жабылғандар:

- Тоқырауын ауданының прокуратурасы, Ақтоғай ауданының прокуратурасына қосылды;

- Ағадыр ауданының прокуратурасы, Шет ауданының прокуратурасына қосылды;

- Жезді ауданының прокуратурасы, Ұлытау ауданының прокуратурасына қосылды;

- Сәтпаев қаласының прокуратурасы, Жезқазған қаласының прокуратурасына қосылды.

Жоғарыда айтылған ҚР Президентінің Жарлығымен Қарағанды облысының жеке аудандарының территориялары жабылды. Соған байланысты жабылғандар:

- Телман ауданының прокуратурасы, Ульяновский ауданының прокуратурасына қосылды (кейін Бұқар-Жырау ауданы болып ауыстырылды);

- Қазыбек би (Егіндібұлақ) ауданының прокуратурасы, Қарқаралы ауданының прокуратурасына қосылды;

- Молодежный ауданының прокуратурасы, Осакаровка ауданының прокуратурасына қосылды;

- Мичурин ауданының прокуратурасы, Абай ауданы болып қайта құрылған Абай қаласының прокуратурасына қосылды.

Қарағанды қаласының жабылған Советский, Октябрьский, Кировский және Ленинский аудандарының базасында Қарағанды қаласының прокуратурасы құрылды.

Әкімшілік-территориялық бөлінуден кейін 1997 жылы Қарағанды облысының прокуратура органдарының штаты 7 қалалық (Қарағанды, Теміртау, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Саран, Шахтинск қ.қ.), 9 аудандық прокуратуралардан (Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау, Шет аудандары) және 3 мамандандырылған прокуратуралардан (Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы, Балқаш табиғатты қорғау прокуратурасы, Еңбекпен түзету мекемелерінде заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша Қарағанды прокуратурасы) құралды.

Жезқазған қаласының прокуроры бірмезгілде облыс прокурорының орынбасары болды. Оған Жезқазған қ., Қаражал, Ұлытау, Жаңаарқа аудандарының прокуратуралары бекітілді.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Құқыққорғау органдарының жүйесін әрі қарай реформалау бойынша шаралар туралы» 22.04.1997 жылғы Жарлығын орындау мақсатында МТК статистикалық бөлімшелері, ІІБ және ӘМ прокуратура орандарының құзырына берілді және Бас прокуратура жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығы құрылды. Қарағанды облысы жанындағы ҚСжәнеАО штаты 170 бірліктен құралды, олардың ішіндегі 96-сы жедел қызметкерлер және 74-і бас мамандар болды. Прокуратуралардың территориялық органдарында құқықтық статистика және ақпарат бөлімдері (топтары) құрылды.

ҚР Бас прокурорының бұйрығымен облыс прокурорының таныстыруы бойынша 1998 жылдың ақпан айында ішкі резервтер есебінен штатта 4 жедел және 3 техникалық жұмыскерлері бар Сәтпаев қаласының прокуратурасы құрылды.

1999 жылы Қарағанды облысының прокуратурасы құрамына Приозерск қаласының прокуратурасы енгізілді.

ҚР Президентінің «ҚР мемлекеттік органдары жүйесін әрі қарай оңтайландыру бойынша шаралар туралы» 22.01.1999 жылғы Жарлығына және ҚР Бас прокурорының бұйрықтарына сәйкес Қарағанды облысы прокуратурасы органдарының қызметкерлерінің маңызды бөлігі қысқартылды, Қарағанды және Балқаш табиғат қорғау прокуратуралары және Еңбекпен түзету мекемелерінде заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша Қарағанды мамандандырылған прокуратурасы жабылды.

ҚР Бас прокурорының 02.11.2000 жылғы бұйрығымен Қарағанды қаласының прокуратурасы жабылды және оның базасында Советский мен Октябрьский аудандарының прокуратуралары құрылды.

Облыс прокурорының 21.05.2001 жылғы № 36/6б бұйрығымен Советский ауданының прокуратурасы Қарағанды қаласының Қазыбек би ат. ауданның прокуратурасы болып ауысты.

2001 жылдың наурыз айында ҚР Бас прокурорының бұйрығымен Қарағанды табиғатты қорғау прокуратурасы және Еңбекпен түзету мекемелерінде заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша Қарағанды мамандандырылған прокуратурасы құрылды.

Облыс прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат Орталығы облыс прокурорының құзырынан шығарылып, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы ҚСжәнеА Орталығының (Департаментінің) иелігіне берілді.

Бүгінгі күні прокуратура органдарының құрамына енетіндер: Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданының, Октябр ауданының прокуратуралары, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Шахтинск қалаларының және Абай, Ақтоғай, Бұқар-Жырау, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Осакаровка, Ұлытау, Шет аудандарының прокуратуралары, Еңбекпен түзету мекемелерінде заңдардың қолданылуын қадағалау бойынша Қарағанды мамандандырылған прокуратурасы және Қарағанды табиғат қорғау прокуратурасы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]