Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Учебник надзор.doc
Скачиваний:
7
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2 Қазіргі кезеңдегі прокуратура органдарының даму проблемалары және перспективалары

Қазақстан Республикасында болып жатқан демократиялық түрленулердің маңызды өлшемдерінің бірі прокуратура органдарының тиімді жұмысы болып табылады. Демократиялық құқықтық мемлекеттіліктің қалыптасуы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, елдегі заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету көбінесе прокуратураны ұйымдастыру мен қызметінің жағдайына тәуелді. Прокуратура органдарының құқықтық мәртебесін жетілдіру сұрақтарын зерттеу өзектілігі, сонымен қатар, олардың рөлі мен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) елдерінің мемлекеттік механизміндегі орны туралы көп жылдық пікірталастармен ерекшеленеді.

Соңғы бірнеше жылдар ішінде прокуратура органдарының қызметтері мен мәртебесін жетілдіру бойынша көп жұмыстар арқарылды. Прокуратура органдарының басқа мемлекеттік органдармен салымстырғанда реформаға көп ұшырамағандығын мойындау қажет. Сонымен қоса, біздің пікірімізше, прокуратура органдарының дамуындағы ең маңызды реформалары тергеу аппаратын тарату мен прокуратурадан қылмыстарды тергеу қызметін алып тастау болды. Заңдық ортадағы белсенді қызығушылық прокуратура органдарынан тергеу қызметін алып тастауға әкеліп соқты.

Бұл тек қана маман иелері арасында ғана емес, сонымен қатар, күллі заңдық жұртшылық арасындағы пікірісталастар мен ыстық даулар пәніне айналды және олар әлі күнге дейін жалғасуда. Қазақстан Республикасының күшіне еніп қойған, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оперативті-іздеу қызметі бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен прокуратура органдарына қылмыстарды тергеу қызметі қайта қайтарылды. Осы Заңмен сәйкес, прокурорға өз өндірісіне кез-келген қылмыстық істі алу, қылмыстық-процессуалдық заңда анықталған реттілікке тәуелсіз, ол бойынша тергеу жүргізу құқығы беріледі. Қылмыстық істерді тергеуді Бас прокуратураның арнайы прокурорлары Департаменті мен жалпы штаттық сан шегінде, қосымша бюджеттік қаражаттың бөлінуінсіз облыстар прокурорларының көмекшілері жүзеге асырады деп қарастырылған. Прокуратура органдарын реформалау үрдісі оның алдындағы мақсаттармен сәйкес ары қарай жалғасады деп ойлаймыз .

Прокуратура заңдардың дәл және біркелкі пайдаланылуына жоғары қадағалауды жүзеге асыратын орган ретінде, заңнамалық және басқа да нормативтік – құқықтық актілердің Негізгі заңның әрпіне ғана емес, сонымен қатар рухына да сәйкес келуіне мүдделі. Осы мақсатпен прокуратура өзінің заңдық актілерін Конституция мен Қазақстан Республикасының басқа заңнамалық актілеріне сәйкестігін тексеру ревизиясына мәжбүрледі. Өкінішке орай, Қазақстан Республикасының 1995 жылдың 21 желтоқсанындағы «Прокуратура туралы» Заңының жекелеген нормалары соңғы жылдардағы конституциялық реформаларды ескермейді. Мысалы, ҚР «Прокуратура туралы» Заңының 47 бабы әлі күнге дейін прокурорға қылмыстық істі сотқа жіберу кезінде жолын кесу шарасын таңдау, өзгерту немесе қолданбау құқығын береді. Прокурордың аталмыш құқығы нақтылауды қажет етеді, себебі Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 21 мамырындағы «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңымен сәйкес, тұтқындау немесе қамауға алуды тек қана сот шеше алады, бұл туралы ҚР Конституциясының 16 бабында айтылған. «Прокуратура туралы» Заңның жекелеген нормалары басқа заңдар нормаларымен қарама-қайшы келеді. Мысалы, осы Заңның 11 бабымен сәйкес Бас прокурор Жоғарғы Сот Кеңесінің мүшесі болып табылады, ал ҚР 2008 жылдың 17 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі туралы» Заңында Жоғары Сот Кеңесі Төраға, хатшы мен ҚР Президенті тағайындайтын және босататын басқа да мүшелерден тұрады делінген.

Сонымен қоса, «Прокуратура туралы» Заңда ішкі қарама-қайшылықтар бар. Мысалы, Заңның 11 бабы Бас прокурорға облыс прокурорларын және оларға теңестірілген прокурорларды қызметке тағайындау және қызметтен босату құқығын береді. Бұл ретте 14 баппен сәйкес, аталған тағайындаулар «Республика Президентінің рұқсатымен» ғана жүзеге асырылады. Заңның 11 бабындағы заңдық олқылық айқын көрінеді. Және республика прокуратурасының республика Президентіне ғана есеп беретін орган болып табылатынын ескерсек, онда барлығы өз орнына тұрады. Біздің пікірімізше, облыс прокурорлары, қалалық, аудандық прокурорлар мен оларға теңестірілген прокурорлар өкілеттіліктерінің Заңда 5 жыл деп қарастырылған мерзімдері туралы баптар қайта қарау мен нақтылауды талап етеді. Мүмкін бұл мерзім ҚР Конституциясының 83 бабында анықталған, Бас Прокурор өкілеттіліктерінің конституциялық мерзіміне шартты және автоматты түрде «байланған» болар.

Осымен қоса, «Прокуратура туралы» Заңда Қазақстан Республикасының 2009 жылдың 17 шілдесіндегі «ҚР кейбір заңдық актілеріне оперативті-іздеу қызметі сұрақтары бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңының баптары көрініс табуы тиіс, ол бойынша прокурорға өз өндірісіне қылмыстық істі қабылдау және ол бойынша тергеу жүргізу құқығы беріледі. Көріп отырғанымыздай, 1995 жылы қабылданған «Прокуратура туралы» Заң қайта қарауды талап етеді. Және бұл өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажеттілігін айқын көрсететін Заң позицияларының шағын бөлігі ғана болып табылады. Біздің ойымызша, осындай жұмыс жақын арада аяқталады.

Конституцияның 83 бабымен бекітілген, прокуратураның заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіру құқығы нақтылау мен қайта қарауды талап етеді. Прокуратура органдарының арсеналында осы құқықты жүзеге асыру механизмі жоқ, және бүгінгі күнге дейін прокуратура өзінің аталмыш құқығын пайдаланбаған. Көптеген сұрақтар туындайды: қашан, қай сәтте және кімге Бас прокурор Конституция мен республиканың басқа да заңдарына қайшы келетін заңдарына наразылық білдіруге құқылы. Сөзсіз, заңдарға наразылық білдіру механизмдерін анықтау үрдісінде, мүмкін, бірінші кезекте, Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Парламенті мен оның депутаттарының мәртебесі туралы» және «Прокуратура туралы» Конституциялық Заңына қажетті өзгертулер енгізу қажеттілігі пайда болатын шығар. Республика Конституциясына өзгертулер енгізу қажет болмады деп алайық, себебі қабылданған Заңға Республика Президентінің қолын қойғызу үшін ұсыну тәртібі өзгерген жоқ. Біздің ойымызша, осы сұрақты талқылау жеке зерттеуді және оны жүзеге асырудың әртүрлі нұсқаларын талдауды талап етеді.

Елбасы, Президент Н. Назарбаев 2009 жылдың сәуір айында құқық қорғау органдарының жетекшілерімен өткізген отырысында сөз сөйлей келе, прокуратура органдары алдына нақты міндеттер қойды және оларды шешу біз үшін бірінші кезектегі мәселе болып табылады. Ол үлкен қоғамдық резонансқа ие кейбір қылмыстардың ашылмай қалғандығын тура атап көрсетті. Көше қылмысымен күрес әлсіз жүргізілуде, кейбір аймақтарда ұйымдасқан қылмыстық топтар белсенділік танытуда.

Сондай-ақ, Президент құқық қорғау органдары қызметінің әлсіз үйлестірілгендігін атап көрсетті. Қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін прокуратура органдары қызметін бағалау критерийлері жасалды – халықтың прокуратура органдарына деген сенімінің деңгейін арттыру. Мұның мәні, прокурорлар үшін басымдық дегеніміз, ең алдымен, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Өкінішке орай, прокурордық әрекет ету тәжірибесі басқаны дәлелдейді. Талдау көрсетіп отырғандай, көбінесе бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырмаумен және қызметті бағалаудың өзін ақтамаған критерийлерімен байланысты. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, әсіресе оперативті бөлімшелердің кез-келген жолмен қылмыстарды ашуға талпынуы, азаматтардың құқықтарына зиян келтіру есебінен «жоғары көрсеткіштерге» қол жеткізетіндері құпия емес. Прокурорлардың қылмыстық қудалау органдарының қызметтік жайларынан заңсыз ұсталған азаматтарды босату фактілері осының дәлелі болып табылады. Осындай жағдайлар қауіп туғызады, себебі өсу тенденциясына ие.

Айта кететін жайт, қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде жекелеген аналитиктердің осының салдарынан қылмыстық пайдакүнемдік-зорлық қылмыстардың өсетіні жайлы күңгірт болжамдар шындыққа жанаспады. Қазақстан Республикасындағы ресми статистика жалпы ел бойынша жалпы қылмыстық және ауыр қылмыстар санының төмендегені туралы дәлелдейді. Мысалы, 2009 жылдан бастап 2010 жылға дейін тіркелген қылмыстар саны 12,9% төмендеді. 2011 жылы тіркелген қылмыстар саны 10,3% қысқарды. Адам өлтіру, зорлау, ұрып-соғулар, қиянат жасау, тонау, ұрлық, сонымен қатар, хулигандық пен көлік ұрлау саны қысқарды. 2011 жылы прокурорлық қадағалау шаралары нәтижесінде ел бойынша есепке алудан жасырылған 2,5 мыңнан астам қылмыстар анықталды. Және бұл, өкінішке орай, айсбергтің көрінетін ғана бөлігі. Осымен байланысты қылмыстық сот жүргізу саласында прокуратура органдары қызметіндегі негізгі тұспал азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау болып табылады. Негізгі мақсат тергеу, анықтау мен қылмыстық-атқару жүйе органдары қызметінің заңдылығын қамтамасыз ету болып табылады. Прокурорлардың қадағалауы кезінде негізсіз қозғалған 398 қылмыстық іс өз күштерін жойды. Уақытша ұстау изоляторынан 296 тұлға босатылды. Аталған заң бұзушылық фактілері бойынша құқық қорғау органдарының қажетті қызметтік тұлғалары қылмыстық және тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресу сұрақтары прокуратура органдары назарының эпиорталығында орналасқан. Ел Президентінің 2011 жылдың қаңтарындағы Бас прокуратураның кеңейтілген отырысында осы құбылыспен күресу деңгейі мен сапасына қатаң сыны бүгінгі күні де өзінің өзектілігін жоғалтпады. Мысалы, қылмыстық қудалау органдары 2011 жылы қозғалған 51 қылмыстық істің (ҚР Қылмыстық кодексінің 235 және 237 бап.) тек 32-ін ғана сотқа берген. Бірақ осы көрсеткіштер де олардың әрбір үшіншісі бойынша соттар ұйымдасқан қылмыс элементтерін жоққа шығаратын ақтау актілерін енгізу фонында өзінің өзектілігін жоғалтады. Соңғы жылдары мұндай тенденция тұрақты сипатқа ие. Мысалы, 2007 жылы соттар 54 қылмыстық істердің 22-і бойынша ұйымдасу мен бандитизмнің кәсіби белгілері жоққа шығарылды, ал 2008 жылы 51 қылмыстық істен – 19 бойынша. Мұндай статистика, ең алдымен, қылмыстық қудалау органдарының қылмыстық қызметтің ұйымдасқан субъектілерін әшкерелеудегі кәсіби біліктілігіне күдік туғызады. Себептер әдеттегідей біреу ғана – қаралып отырған қылмыстық істер бойынша тергеудің біліксіз жүргізілуі, қылмыстық үрдістің негіз қалаушы принциптерін ескермеу, қылмыстық істердің ашық сарсаңға салынуы және т.б. Сөзсіз, қадағалаудың осы саласында прокуратура қылмыстық қадағалау органдарынан қылмыстық істерді тергуедегі жүйелілікті, сонымен қатар, тергеліп отырған қылмыстық істер айналасындағы жағдайды жасанды ушықтырудың әртүрлі фактілерін болдыртпау, әсіресе, қоғамға әйгілі болған істер бойынша.

Есірткіні заңсыз пайдалану қылмыскерлік туғызады, қоғамның моральдық ұстанымдарын жоғалтып, ұлттың болашағын жойып, мемлекеттілік негіздерін бұзады, сондықтан есірткінің заңсыз айналымымен және нашақорлықтың таралуымен күрестің өзектілігі арта түсуде. Осы мәселенің өзектілігі мен көкейкестілігінің мәні Қазақстандағы құрамында есірткі бар өсімдіктердің өсуінің жалпы ауданы 1 млн. га асады.

Сонымен қатар, өзінің географиялық орналасуына байланысты Қазақстанның аумағы есірткіні Азиядан, бірінші кезекте, Ауғаныстаннан Еуропаға тасымалдаудың тразитті «коридорына» айналды. БҰҰ-ның жыл сайынғы есірткімен күрес жөніндегі баяндамасының мәліметтері бойынша, бүгінгі күні ауған опиаттарының жартысынан астамы Орталық Азия елдері арқылы Ресей мен Еуропаға жөнелтіледі. 2009 жылғы жағдай бойынша, 56 мыңнан астам нашақорлар есепте тұр, олардың ішіндегі шамамен 700-і 14 жасқа толмаған балалар. Осы факт түсініктемені қажет етпейді деп ойлаймыз, және есірткінің таралуының маңызды қауіпінің жеткілікті дәлелі болып табылады.

Бүгінгі күні Қазақстанда есірткі қылмысымен күресуге арналған қажетті құқықтық база бар. Қазақстан 1961 ж., 1972 жылы түзетулер енгізілген есірткі құралдары туралы Тұтас Конвенцияға қосылды, сонымен қатар, БҰҰ-.ның 1988 жылғы есірткілік құралдар мен психотропты заттардың заңсыз айналымымен қарсы күрес туралы Конвенцияны бекітті. Қазақстанда 10.07.1998 ж. бекітілген №279-1 «Есірткі құралдары, психотропты заттар, олардың заңсыз айналымына және пайдаланылуына қарсы тұру прекурсоры мен шаралары туралы» Заң (17.07.2009 жылы өзгертулер мен толықтырулар енгізілген) әрекет етеді. Өз қызметінде құқық қорғау органдары, өкінішке орай, көбінесе тек қана есірткі тұтынушыларды ғана анықтайды. Жеткізушілер – тұрақты қылмыстық топтар, қылмыстық қоғамдастықтар жетекшілері – шеберлікпен бүркемеленеді және сирек жағдайда сот төрешілерінің қолына түседі. Осымен байланысты қылмыстық қудалау органдары үшін кәсіби есірткі бизнесін әшкерелеу қиындығы үлкен мәселе болып келеді. Есірткі кәсібіне мамандандырылған ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметі, Қазақстанның тек үш аймағында ғана анықталған: Алматы қаласында, Павлодар және Батыс-Қазақстан облыстарында.

Прокурорлық тәжірибе көрсетіп отырғандай, Қазақстан аумағы арқылы есірткі тасымалына басқа мемлекеттер азаматтары тартылады. Негізінен бұл Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей азаматтары. Осымен байланысты шетелдіктер жасайтын қылыстар санының едәуір арту сұрағы аса маңызға ие болуда. Айта кететін жайт, Қазақстан Орталық Азия аймағының мойындалған көшбасшысы болған сәттен бастап бұл жаққа шетелдіктер легі құйылды, оның ішінде Орталық Азия республикаларынан, Шешенстан және даулардың басқа да зоналарын келген келімсектер пен қашқындар. Және жақсы өмір мен жоғары табыс іздеп елге кеңестік кеңістік тұрғындары ғана емес, сонымен қатар Қытай, Турция, тіпті африкалық континент тұрғындары да келе бастады, олар қылмыстық байланыстар орнатып, өздері тұрған мемлекеттерден Қазақстан аумағынан есірткі транзиті жолдарын жасайды. Бүгін Қазақстан тағы бір қиындыққа тап болды - қылмыс жасаған шетел азаматтарының тұлғаны куәландыратын ешқандай құжаттары жоқ. Құжаттардың жоқтығы жауапкершілікке тарту процедурасын қиындатады. Құжатсыз жауапкершілікке тарту да мүмкін емес, елден шығару да мүмкін емес. Тұлғаны сәйкестендіру, белгілі бір мемлекетке жатуын анықтау процедурасы – қиын және ұзақ жұмыс. Осы мәселеде, әрине, оперативтілік қажет. Бұған қоса, шетел азаматтарды мемлекет есебінен ұстауға тура келеді, олардың түзету мекемелерінде болуы халықаралық криминалдық байланыстардың орнатылуы мен бекітілуіне, аталмыш континенттің интернациалануына, этностық белгі бойынша қылмыстық топтардың қалыптасуына ықпал етеді. Жағдайдың осылай ушығуы кешіктірмей миграциялық заңдардың сақталуын қадағалауды күшейту мен халықаралық шарттарды қайта қарау да қарастырылған шаралар кешенін қабылдауды талап етеді.

Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандығының сақталуын қадағалау прокуратура қызметінің жеке бағыты ретінде ерекшеленген. Қазақстан Республикасы әлемдік экономикалық және қаржылық қауымдастығына шоғырландырылған. Прокуратура органдары елдің экономикасы мен әлеуметтік саласына елеулі әсерін тигізетін әлемдік экономикалық және қаржылық дағдарыс жағдайында жұмыс жасайды. Дағдарыстың кері салдарын минимизациялау мақсатында прокурорлардың қадағалау қызметі негізінен азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қорғауға (жұмыс орындарының қысқартылуы, жұмыстан босату, жалақыны төлемеу), қаржылық-несиелік сектордағы құқықтық қарым-қатынастардың тұрақтылығын қамтамасыз етуге, оның ішінде, дағдарысқа қарсы шараларға бөлінетін қаржының пайдаланылу заңдылығына бағытталды. Мұндай көзқарас 314 мыңнан астам азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді. Өз қызметінде прокуратура органдары 2009 жылдың 22 сәуіріндегі Елбасының «Қылмыскерлікпен және сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту мен Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау қызметті алдағы уақытта жетілдіру бойынша қосымша шаралар туралы» Қаулысын басшылыққа алады. Барлығымыз білетіндей, ұқсас көзқарастар 2008 жылдың қазанында Страсбургте өткен, Консультативті кеңес ұсыныстарынан шығатын еуропалық прокурорлар қызметінде қарастырылған. Әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау көп жақты болып табылады және құрамына азаматтардың еңбек, зейнетақы, баспаналық құқықтарын, сонымен қатар, денсаулық пен білім алу құқығын қорғау кіреді. Осы саладағы азаматтардың құқықтарының бұзылуының мысалдары, өкінішке орай, өте көп. Азаматтардың әлеуметтік құқықтарын мәселесі бойынша прокурорлар жалақыны төлемеумен байланысты мәселелерді шешуге ерекше мән береді. Бүгінгі күні прокурорлардың әрекет ету шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 7 млрд. теңгені құрайтын 190 мыңнан астам жұмысшылардың жалақысы бойынша борыштардың төленуі қамтамасыз етілді. Мысалы, «Казахалтын» ГМК АҚ бір ғана ұсынысы бойынша жалпы сомасы 54 млн. теңгені құрайтын 977 жұмысшылар алдындағы жалақы бойынша борыш өтелді. Астанада прокуратураның араласуынан кейін «Құлагер» құрылыс корпорациясы жалақы бойынша 10 млн. теңгені құрайтын борышты жапты. Ұқсас мысалдар әрбір аймақта бар деуге болады. Жалақыны уақтылы төлемеген тұлғаларға қатысты қабылданған шаралар нәтижелері бойынша әртүрлі жауапкершілік түрлеріне мыңнан астам адам тартылды.

Әлемдік экономикалық дағдарыспен байланысты еңбектік қарым-қатынас саласындағы адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мәселесі аса мәнге ие болды. Штаттың қысқаруымен байланысты жұмыстан босату, өз еркі бойынша «мәжбүрлі» жұмыстан босату, қызметкерлерге қойылатын талаптарды асыра сілтеу, шетелдік жұмыс күшін тарту және т.б. жағдайларының саны артты. Дағдарыс кезеңінде халықты жұмыспен қамту сұрағының да мәні зор. Жүргізілген тексерістер нәтижелері сұранысты еңбектің ішкі рыногы есебінен, яғни Қазақстан Республикасы азаматтарының қанағаттандыру мүмкіндігінің бола тұра, шетелдік жұмыс күшінің тартылу фактілерінің жалғасып келе жатқанын дәлелдейді. Мұндай жағдайлар қадағалаушы прокурорлар тарапынан аса назар аудару пәніне айналуда. Жұмыс берушілердің Қазақстан азаматтарына қатысты кәсіби талаптарды жасанды түрде арттыру фактілері анықталған. Аталмыш жағдайлар, өкінішке орай, сирек емес, бұл жағдайлар аталмыш жұмыс орындарына біліктілігі төмен шетел жұмысшыларын қабылдау кезінде де көрініс тапқан. Прокурорлық тексерістер нәтижелері бойынша жергілікті атқару органдарының еңбек пен халықты еңбекпен қамту заңнамасын бұзғаны үшін шетелдік компаниялардан 680 шетелдік жұмысшыларды тартуға берілген 589 рұқсат кері қайтарылып, еңбекке 347 шетелдікті тарту туралы 227 рұқсаттың күші тоқтатылды.

Еңбек құқықтары саласында басқа да бұзушылықтар бар. Қауіпсіздік техникасын, еңбек режимін сақтау, жұмыстан босату бойынша сұрақтар туындайды. Прокуратура органдары Қазақстан азаматтарының еңбек жағдайлары бойынша шетелдік компанияларда шеттетілуінің алдын-алу бойынша шаралар қабылдайды. Себебі мұндай жағдайлар еңбек ұжымдарында даулар туғызады және олар жақсылыққа алып келмейді. Еңбек заңдарында Конституцияда, сонымен қатар, қатысушылары Қазақстан мен компаниялары Қазақстан Республикасында өз қызметін жүзеге асыратын мемлекеттер болып табылатын халықаралық шарттарда бекітілгенімен, жұмысшыларды шеттетуге тыйым салатын тікелей нормалар жоқ. Прокуратура органдарының ұсынысы бойынша осы саладағы еңбек заңнамасын жетілдіру бойынша шаралар «2009-2012 жылдарға арналған адам құқығын қорғау саласындағы әрекеттердің ұлттық жоспарына» енгізілген. Прокуратура алдағы уақытта да өзінің өкілеттіліктерін пайдалана отырып, еңбек саласындағы заңдардың орындалуын қадағалап, азаматтар пайдасына соттарға шағым түсіретін болады. Прокуратура органдарының экстремизм мен терроризм жағдайларына қарсы әрекет ету және жол бермеу жұмысы басқа да құқық қорғау және өкілетті мемлекеттік органдармен үйлестіріле жүргізіледі. Жалпы алғанда, соңғы бес жыл бойы Бас прокуратураның өтініштері бойынша Қазақстанда соттық тәртіппен 14 террорлық және бір экстремистік ұйымның қызметіне тыйым салынды.

Пенитенциарлық жүйе мекемелерін тексеру нәтижелері бойынша прокуратура органдары КУИС басшылығына кадрлық жұмысты ұйымдастырудағы амалдарды өзгертуге, бас бостандығынан айыру орындарындағы жағдайды сауықтандыру бойынша шаралар қабылдауға, тұтқындардың үндеулерін уақтылы және сапалы қарастыру бойынша ұсыныс берді. УИС мекемелерінің жабдықталуын бақылау, тыйым салынған заттарды іздеу мен табу құралдарымен жақсарту қажеттілігі бар. Себебі зонаға тұтқындарға есірткі әкелут жағдайлары сирек емес. Жалпы тұтқындалғандарды республиканың пенитенциарлы жүйесінде ұстау жағдайлары БҰҰ-ның Экономикалық және әлеуметтік кеңесі бекіткен, тұтқындарды ұстаудың минималды стандартты ережелеріне жақындатылған. Бүгінгі күні телефон арқылы сөйлесу санына қойылған шектеулер алынған. Сотталған адам, колонияда байланыс болған жағдайда, ұзақтығы он бес минутқа дейін шексіз сөйлесе алады.

Үкіметтік емес ұйымдардың бастамасы бойынша 2005 жылдан бастап республиканың барлық облыстарында қоғамдық бақылау комиссиялары әрекет етеді. Жалпы алғанда мемлекетте өткізілетін қылмыстық және қылмыстық-атқару саясаты құқықтық қарым-қатынастарды жалпы гуманизациялау мен демократизациялаумен сипатталады. Жазалау мақсаттарына қол жеткізу үшін сотталғанға қатысты тәртіптік және шектеу шаралары ғана емес, сонымен қоса мадақтау шарасы да пайдаланылады. ЕҚЫҰ орталығы, Орталық Азиядағы Халықаралық түрме реформасының өкілдігі 2009 жылдың мамырында пенитенциарлық жүйеде жүргізіліп жатқан жұмысқа оң бағасын берген болатын.

2009 ж. 1 қыркүйегінде Парламент сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде Президент Нұрсұлтан Назарбаев жаһандық қаржы дағдарысының жағымсыз салдарын жеңіп шығу үшін, әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қауырт шешу үшін Қазақстанда қажетті заң шығаратын негіз құрылғанын ерекше атап өткен болатын. 2009 жылдың ішінде тұрақтандыру шараларына мемлекет 19 млрд. доллар бағыттады, бұл елдің ЖІӨ-ң 14%-на сәйкес келеді. Халықаралық сарапшылардың бағасы бойынша, Қазақстан ТМД елдерінің ішінен дағдарысқа қарсы саясат тиімділігінің көрсеткіші бойынша көш бастап келеді. Кәсіпкерлер айтарлықтай қолдауға ие болды. Шағын және орташа бизнес 134 млрд. теңге игерді. Бағдарламаны барлығы шағын кәсіпкерліктің 2,5 мың субъектісі пайдалана алды.

Осыған байланысты прокуратура органдары бюджет қаражатын мақсатты және тиімді жұмсалуына қадағалауды жүзеге асырады. Тексеріс барысында мемлекеттік органдардың жекелеген жетекшілері мен лауазымды тұлғалары, әсіресе елде экономикалық және қаржы дағдарысының салдары елеулі болып жатқанда, бюджет қаражатын тиімді және оңтайлы пайдалану жөнінде шаралар қабылдамай жатқаны анықталды.

Атап айтқанда, Бас прокуратураның денсаулық сақтау органдарымен ақысыз медицина көмегін дәрі-дәрмектік қамсыздандыруға арналған қаражаттың игерілуінің мониторингін өткізу барысында өрескел жайттар анықталды. Дәрі-дәрмектер олардың құнынан он есе асатын бағалар бойынша сатып алынды. Мысалы, Алматы облысында «Апротинин» дәрісінің бірлігі небары 290 теңгеге сатылып алынса, ал Атырау облысында болса 10,5 есе қымбатқа – 3500 теңгеге сатылып алынды. «Десмопрессин» дәрілік құралының бірлігі Шығыс Қазақстанда 409 теңге бағамен сатылып алынса, Оңтүстік Қазақстанда сол дәрі 23 917 теңгеге, яғни 58 есе қымбат бағаға сатылып алынды. Әрине, мұндай жағдайлар орынды алаңдаушылықты туғызады. Прокурорлық тексерістер нәтижелері бойынша барлығы 22 мыңнан астам заңсыз құқық актілерінің күші жойылды және өзгертілді. Мемлекет кірісіне 26 млрд. теңгеден астам ақша төленді.

Халықтың тауарлар мен қызметтерге деген тұтынушылық қабілеттілігі айтарлықтай төмендеп, халықты жұмыспен қамтумен қиындықтар пайда болған әсіресе осындай кезеңде кәсіпкерлер құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету, оларды мемлекеттік органдар тарапынан заңсыз араласудан қорғау да прокуратураның қадағалау қызметінде басым сипатта болып отыр. 2009ж. 1 шілдеде елде 2008ж. 21 ақпанынан бастап әрекетте болған шағын және орта кәсіпкерлікке тексеруді жүргізуге мораторийдің мерзімі аяқталғаны белгілі. Мораторийдің аяқталған кезінен бастап кәсіпкерлік ортада бақылаушы мемлекеттік органдар тексерістерді жүзеге асыру бойынша қызметті іске қосады деген пікір пайда болды. Бақылаушы мемлекеттік органдардың шағын және орта кәсіпкерлікке өткізген тексерістерінің талдауы олардың алаңдайтын негізі бар екенін көрсетеді. Статистика көрсетіп отырғандай, мораторийдің әрекет етуінің тек қана 2008ж. 21 ақпанынан бастап 31 желтоқсанына дейінгі мерзімінің ішінде шаруашылық жүргізуші субъектілерді тексерудің жалпы көлемі 168 121, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты – 73 512 құрады. Әрине, бұл сандар таң қалдырады. Кәсіпкерлік субъектілеріне тексерістерді заңсыз жүргізу оқиғаларын тоқтату прокуратура органдарының ерекше бақылауында болып отыр. Мұндай оқиғаларды, сонымен қатар бизнесмендер құқықтарының басқа да бұзылуларын кідірмей тоқтату мақсатымен прокуратураның аймақтық органдарында ұтқыр топтар құрылды. Прокурорларға мұндай топтардың жұмысына кәсіпкерлер ассоциациялары мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін тарту тапсырылған.

Прокурордың азаматтық сот шығаруға қатысу мәселесі ерекше назар салуды талап ететін жағдай. Прокурордың қатысуы мүмкін істерінің сипаты әр алуан. Сотта прокурор тіпті талап шығару тәртібінде біреудің бұзылған мүддесін қорғаған жағдайда да заңның сақтаушысы ретінде көрінуі керек. Тәжіибелеуші заңгерлер арасында, сонымен қатар ғылыми ортада прокурордың азаматтық сот шығаруға қатысуының орындылығы мен қажеттілігі мәселесі оқтын-оқтын пайда болып отырады. Сонымен қоса берілген мәселені жекелеген зерттеушілер жақтардың теңқұқықтылығы мен бәсекелестігін қамтамасыз ететін үдерістің қатысушысы ретіндегі прокурордың рөліне күмән келтіреді. Осыған байланысты Бас прокуратура 2009ж. қыркүйегінде Астанада Еуропада қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі Ұйымның Орталығымен және Қазақстанның қорғаушылар Одағымен бірлесе отырып «Азаматтық сот шығаруға қатысушылардың бәсекелестігін және теңдігін қамтамасыз ету мәселелері» тақырыбына дөңгелек үстел жүргізудің бастаушысы болды. Дөңгелек үстелдің жұмысына мемлекеттік, құқық қорғау, сот органдарының, адвокатураның өкілдері мен шетел сарапшылары қатысты. Азаматтық сот шығаруда жақтардың бәсекелестігі мен теңдігін қамтамасыз ету мәселелері қызу айтыс туғызды. Талқылау нәтижелері қазіргі замандағы әлеуметтік және экономикалық даму прокурордың азаматтық үдеріске қатысуынан толығымен бас тартуға әлі мүмкіндік бермейтінін көрсетті. Прокуратура – бұл азаматтар материалдық жағдайынан тәуелсіз, салық төлемей өз құқықтарын қорғау үшін бара алатын жалғыз мемлекеттік орган.

Мемлекеттің мүдделерін сотта ұсыну жөніндегі прокуратураның қызметі сот шығарудың (қылмыстық, азаматтық) барлық түрлеріне қатысуды білдіретін ҚР Конституциясының 83 бабында тікелей бекітілген. Берілген ереже Республиканың Конституциялық Кеңесінде өзінің расталуын тапты, ол мемлекеттің мүдделерін сотта ұсынуды прокуратураның конституциондық қызметі деп ресми түрде мойындады. Сонымен қатар ол прокурордың азаматтық сот үдерісіндегі өкілдігінің кең ауқымы ол орындайтын міндеттер мен қызметтермен байланысты екенін анықтады.

Айта кету қажет, прокуратураның азаматтық үдеріске қатысуы жақтардың бәсекелестігі мен теңдігін бұзбайды, себебі заңдылықты қамтамасыз ету мен сотқа заңды және әділетті шешім қабылдауға көмектесуге бағыталған. Іс бойынша ақырғы шешім қабылдау қызметі, сөзсіз, сотқа тиесілі. Осыған байланысты прокуратураның азаматтық сот шығаруға қатысуы жөніндегі рөлін елде қалыптасқан сот тәжірибесі мен құқықтық мәдениеттің ерекшелігін ескере отырып, шетел тәжірибесін бұлжытпай көшірмей қарастыру қажет, оның үстіне прокуратура сауда ұйымдарының мүдделері бәсекеге түсетін кезде қуынушы ретінде сотта ешқашан болып көрмеген.

Мемлекет басшысы Президент Н. Назарбаев 2009ж. сәуір айында құқық қорғау органдарының жетекшілерімен кеңесте сөз сөйлей отырып құқық тәртібі органдарының қызметіндегі әлсіз үйлестіруге тікелей көрсеткен болатын. Мемлекет басшысының тапсырмаларымен сәйкес Бас прокуратураның үйлестіруші қызметін және елде заңдылық пен құқық тәртібін нығайту, қоғам мен мемлекеттің мүдделерін, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатымен құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігін күшейту бойынша шаралар қабылданды.

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының Үйлестіруші Кеңесінің мәжілісінде әрбір органнан – Кеңес мүшесінен өкілдер қатарынан оның тұрақты әрекет етуші Секретариаты құрылған, сонымен қатар жемқорлықтың едәуір қомақты жағдайларын дер кезінде анықтау және тергеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін Штаб құрылған. Кеңес мәжілісінде елде заңдылық пен қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға, құқық қорғау органдарының өзара әрекеттестігінің тиімділігін арттыруға бағытталған мемлекет Басшысының тапсырмаларын орындау барысы туралы, сонымен қатар ұйымдасқан қылмыскерлікпен күресуді күшейту бойынша қосымша шараларды қабылдау мәселелері қаратырылды. Аталған мәселелерді ортақ талқылаудың нәтижелері бойынша құқық қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, азаматтардың өмірін, денсаулығын және меншігін қылмыстық қол сұғудан іс жүзінде сақтау бойынша қажетті шаралар шығарылды. Құқық қорғау органдарына келесі жағдайларға ерекше көңіл бөлуге ұсынылады:

- жемқорлық пен экономикалық қылмыскерліктің алдын-алуға;

- ұйымдасқан қылмыстық топтардың қалыптасуы мен қылмыстық әлем өкілдерінің мемлекеттік құрылымдарға енуіне жол бермеуге;

- экономиканың және мемлекеттік басқарудың нақты салаларында жемқорлық механизмдердің пайда болу себептері мен шарттарын жоюға;

- есірткі саудасына қарсы күресу мен одан алынған қаржыны заңдастыру мәселесі бойынша шараларды қабылдау.

Қазіргі кезде Кеңес статусын Қазақстан Республикасының «Прокуратура туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жолымен заңды түрде бекіту бойынша жұмыс жүргізіліп келеді, бұл, біздің пікірімізше, жоғарыда аталған шаралармен қоса Кеңесті қылмыскерлікпен күресті үйлестірудің беделді және әсерлі құралы етуге мүмкіндік береді. Қазақстанда заң кадрларын дайындаудың көшбасшысы, әрине, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті болып табылады.

Болашақ заңгерлерді дайындауда Л.Гумилев атындағы Евразиялық ұлттық университет, Қазақ гуманитарлық заң институты және елдің бірқатар басқа да заң факультеттері белсенді ат салысып келеді. Заңды білім беру деңгейін жоғарылату мәселесі Қазақстан үшін ғана емес, ТМД елдерінің басым бөлігі үшін өзекті болып табылады.

Қазіргі таңда заңды білім беруге қатысты және болашақ заңгерлерді дайындау мәселесі бойынша жөні бар сынды жиі естуге тура келеді. Прокуратура органдарына қызметке 21 жасқа енді ғана толған, заң мамандығы бойынша жұмыс тәжірибесі жоқ, тәжірибелік қызмет дағдылары жоқ заң ЖОО-ң түлектері келеді. Үздік түлектер прокуратура органдарында қызмет етуден гөрі, жеке саладағы мансапты жиі таңдайтын жағдай қалыптасты.

Прокуратура органдарына қызметке заң ЖОО-ң түлектерін қабылдау жағдайы болашақта қайта қарастырылады деп үміттенеміз. Прокуратура органдары өзінің кадрларын тәрбиелеп, қызметке тек анағұрлым дайындалған заңгерлерді ғана қабылдауға тырысады, себебі прокуратура органдарының алдында тұрған міндеттер өте маңызды. Салыстыру үшін сот лауазымына қызметке тұру үшін анағұрлым қатаң талаптар қойылады. Және бұл талаптар елдің Конституциясының 79 бабымен тәртіптелген, онда 25 жасқа толған, жоғары заңдық білімі бар және заң мамандығы бойынша жұмыс өтілі екі жылдан кем болмайтын азаматтар ғана сот бола алады деп көрсетілген. Сонымен қоса сот болуға үміткерлер біліктілікті анықтайтын емтихан тапсырулары қажет.

Болашақ соттар Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының Әділеттілік Институтында магистерлік дайындықтан өтеді. Бас прокуратураның жанында С.Ескараев атындағы құқық тәртібі мен заңдылық мәселелерін зерттеу, прокуратура органдары кадрларының біліктілігін арттыру Институты қызмет жасап келеді. Институттың негізгі міндеттері мыналар болып табылады: прокуратура органдары қызметкерлерінің біліктілігі мен кәсіби білімдерін арттыру курстарын дайындау және жүргізу, сәйкес салалық, мамандандырылған бағдарламалар бойынша олардың іскерлік қасиеттерін жетілдіру; прокурорлық тексерістерді жүргізу және заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша құралдарды, тәжірибелік ұсыныстарды, жалпылауларды дайындау.

Өкінішке орай, прокуратураға мамандарды прокурорлық бақылаудың мәселелерін ғылыми зерттеумен дайындау мен тәжірибелік қызмет арасындағы шиеленіскен ажырағандық сезіледі. Өзінің жеке жоғары білікті кадрларын дайындау, прокуратура органдарының қызметіндегі өзекті мәселелер бойынша ғылыми зерттеулерді жүргізу мәселелерінің көтерілуінің негізі бар. Келешекте берілген институт қызметінің мәселелері сәйкес материалдық-техникалық негіз бен қаржы мүмкіндіктері бар болған кезде қайта қарастырылатын болады. Бұл мамандарды дайындаудың едәуір жоғары сапалы деңгейіне көшуге және ғылыми зерттеулерді жүргізуге барлық алғышарттарды жасайды.

Ғылыми-зерттеу қызметі де қайта ұйымдастыруды талап етеді. Бас прокуратура қызметінің жеткіліксіз ғылыми қамсыздануының негізгі себептерінің бірі прокурорлық қызметтің қазіргі кездегі мәселелерін зерттеу және саралаумен айналысатын ведомстволық ғылыми мекеменің жоқтығы болып табылады. Кеңестік уақытта ғылыми әзірлемелерді КСРО Бас прокуратурасының Жалпыкеңестік ғылыми-зерттеу институты жүзеге асырған болатын. Прокуратураны жетілдіру болашағын зерттеу нәтижелері теория саласында талқылауды қажет етеді.

Прокуратураның басты міндеті - істің жағдайын ғылыми негізделген болжау, сезіну, білу негізінде елдің барлық тіршілік әрекетінің салаларында сенімді қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жетіліп келе жатқан қауіп-қатерлердің алдын-алу және жою, оның ішінде прокурорлық жауап қайтару шараларымен оларға нәтижелі түрде қарсы күресу болып табылады. Бұдан Бас прокуратура Институтын дербес жоғары оқу орны мен ғылыми орталыққа – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Академиясына қайта құру қажеттілігі жетілгендігі келіп шығады. Қазіргі таңда ТМД елдерінің басым бөлігінде Бас прокуратураның жанында ведомстволық оқу орны мен заңдылық пен құқық тәртібі мәселелерін әзірлеу бойынша ғылыми орталық ретіндегі Академия әрекет етеді. Біздің пікірімізше, мұндай тәжірибе прокуратура органдары үшін пайдалы болар еді.

Заңдылық пен құқық тәртібін нығайту бойынша прокуратура органдарының тиімді қызметі жеке құрамға, оның дұрыс таңдалуына, кадрларды орналастырып, тәрбиеленуіне байланысты болады. Бұл жұмысқа үнемі ерекше назар бөлініп отыруы қажет. Кадрлармен жұмысты ұйымдастыру «Прокуратура туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы», «ҚР ұлттық қауіпсіздігі туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңдарымен, Бас прокурордың және облыс прокурорының нұсқаулықтарымен, ережелерімен, бұйрықтарымен, нұсқауларымен қатаң сәйкесе отырып құрылады.

Бұл жұмыстың жағдайы облыс прокуратурасының алқасында, қауырт жиналыстарда үнемі қарастырылып отырады, ал олар, өз кезегінде, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерін және қалалық, аудандық прокурорларды кадрлармен жұмыстың маңызды учаскелеріне бағыттауға мүмкіндік береді. Кадрлармен жұмыстың маңызды бағыттарының бірі қызметкерлердің кәсіби деңгейін жоғарылату болып табылады.

Жас мамандарға ерекше назар бөлінеді. Онда кәсіби оқытудың алуан түрлері мен әдістері белсенді түрде қолданылады. Негізінен кәсіби деңгейді жоғарылату жүйесі өз бетімен оқу, семинарлар-кеңестер, стажировка, жағымды тәжірибемен алмасу сияқты түрлермен жақсы үйлеседі. Сонымен қатар облыс прокуратурасының құрылымдық бөлімшелері жас қызметкерлерге көмек құралы ретінде прокурорлық бақылаудың барлық салалары бойынша әдістемелік жинақтарды шығарады.

Жас мамандармен жұмыста облыс прокурорының орынбасары жетекшілік ететін және прокуратураның анағұрлым тәжірибелі қызметкерлерінің қатарынан құралатын облыс прокуратурасының тәлімгерлер Кеңесі маңызды рөл атқарады. Кадрларды тәрбиелеуде аттестациялық комиссия қызметінің рөлі де ерекше.

Кадрларды тәрбиелеуге прокуратура органдарының ардагерлері мен құрметті қызметкерлері қомақты үлес қосады. Прокурордың ант қабылдауына, бірінші дәрежелі шен мен қызмет куәлігін алуына ерекше мән беріледі. Бұл шаралар мүмкіндігінше маңызды оқиғалар мен мерекелерге сәйкес ұштастырылады. Ардагерлер мен олардың отбасы мүшелеріне материалдық жағынан болсын, басқа мәселелерде болсын көмек көрсету мәселелері де назардан тыс қалмайды. Облыс прокуратурасының ардагерлері олармен тұрақты кездесулер өткізіліп жататын әрбір қалалық, аудандық прокуратураға бекітілген. Физикалық дайындық мәселелері де назардан тыс қалмайды. Аптасына екі рет спорт кешенінде спорттың әр түрлері бойынша жаттығулар мен жарыстар өткізіліп жатады. Кадрлармен жұмыста өткізілген шаралар тәрбиелік және сақтандыру жұмысының деңгейін жоғарылатуға, облыстағы заңдылыққа бақылау жасауды күшейтуге мүмкіндік бере отырып, жалпы облыс прокуратурасы органдарының қызметін жақсартуға оң әсерін тигізіп отырады.

Прокуратура органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арнайы кепілдіктер бар. Қазақстан Республикасының «Қылмыстық үдеріске қатысушы тұлғаларды мемлекеттік қорғау туралы» Заңына сәйкес прокурор, оның отбасы мүшелері мен жақын туыстары мемлекеттік қорғауға алынуға тиіс. Қорғау шаралары да сол Заңда тәртіптелінген. Прокурорлардың заңды қорғау кезінде айтарлықтай қауіп-қатерге тап болатыны оларды қорғау қажеттілігін талап етеді. Параға сатып алу, өзіне тарту және прокурорды заңды бұзуға көндіру тәсілдерінің басқалары да, оларға да, оларың отбасы мүшелеріне де физикалық әсер ету жағдайлары да жоққа шығарылмайды. Берілген Заңды қабылдау сәтінен бастап прокурорларға қатысты қауіпсіздік шараларын қолдану қажеттілігі туындаған жоқ. Және мұндай қажеттілік мүлдем туындамайды деп үміттенемін. Алайда, Халықаралық прокурорлар ассоциациясының мәліметтері бойынша прокурорлар мен олардың отбасы мүшелерін мемлекеттік қорғау әлемнің көптеген елдері үшін өзекті мәселеге айналып отыр. Прокурордың тәуелсіздігі мен жеке қауіпсіздігін мемлекеттік қорғау бақылау қызметін жүзеге асыруда, қылмыстарды тергеуде олардың тиімді қызметінің маңызды кепілі болып табылады.

Президент құқық қорғау органдарының алдына бірқатар міндеттер қойды, олардың ішінде басқарушы кадрлардың құрамын сапалы жақсарту, жүйе ішінде жемқорлықтан әбден арылу мен прокуратураны кездейсоқ адамдардан тазалау қажеттілігі де бар. Құқық қорғау органдарының жетекшілерімен кеңесте мемлекет Басшысы ертеректе жұмыстан босатылған тәжірибелі қызметкерлерді құқық қорғау жүйесіне қайтарып, олардың қатарынан кәсіби кадрлық өзекті қалыптастыруды және олардың тәжірибесін жас қызметкерлерге аманат ету үшін қажетті жағдайлар жасауды ұсынған болатын. Сол тенденция бағытталды: прокуратура органдарына ертеректе түрлі себептермен (жемқорлық немесе басқа да жағымсыз себептерді есептемегенде) басқа құрылымдарға ауысқан кәсіби мамандар қайтарылып жатыр. Сонымен қоса прокуратура органдарының қызметкерлерінің жалпы көлемі жақын уақытта өзгермейді.

Прокуратура органдары азаматтар прокуратура органдарының қызметі туралы да, прокуратура органдарының қызметімен байланысты оларды қызықтыратын мәселелер бойынша да қажетті ақпаратты алуына талпынады. Қазіргі таңда Бас прокуратураның – www.procuror.kz. сайты әрекет етеді. Прокуратура сайт оқырмандарымен кері байланысты орнатуға мүдделі және туындап жатқан мәселелердің сындарлы талқыға салынуына үміттенеді. Осыған байланысты 2009ж. 10 шілдесінде ел Президенті ҚР «Ақпараттық-байланыс желілері мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң шығарушы актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Сол Заңға сәйкес барлық интернет-қорлар: веб-сайттар, чаттар, блогтар, интернет-форумдар, электрондық кітапханалар және басқалары дәстүрлі БАҚ тартылатын қылмыстық, азаматтық және әкімшілік жауапкершілікпен бірге бұқаралық ақпарат құралдарына теңестіріледі.

Қазіргі таңда «электрондық үкімет» шеңберінде мемлекеттік органдар ақпараттық-байланыс технологияларын кеңінен пайдалану жолымен электрондық құжат айналымы тәртібіне кезеңдеп өтіп жатыр. «Электрондық үкімет»-ті құру және мемлекеттік органдарға ақпараттық технологияларды енгізу мемлекеттік аппараттың тиімді қызмет етуін қамтамасыз ету мәселелерінде мемлекет өткізіп жатқан әкімшілік реформалардың маңызды бөлігі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы «электрондық үкімет»-ті құру шеңберінде және оның сәтті аяқталуы үшін «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының бірыңғай ақпараттық-талдау жүйесі» (БАТЖ) жобасын жүзеге асыру, сонымен қатар жүйелеу мақсатымен бірқатар қажетті шараларды жүргізеді.

Прокурорлық бақылаудың дамуымен қатар Қазақстанда Бас прокуратура қызметінің үдерісін басқару жүйесі де дамып келеді. Басқарудың мұндай жүйесі қазіргі замандағы саяси, экономикалық және әлеуметтік талаптарға сай болуы қажет. Жүйенің дамуында халықаралық және ұлттық стандарттарға жауап беретін қазіргі замандағы ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген ақпараттандыру саласын дамытудың маңызы аз емес.

Түрлі мемлекеттік құрылымдардың ақпараттық жүйелерін енгізу бойынша көп жылдық тәжірибені ескере отырып, сонымен қатар қазіргі таңдағы экономикалық жағдайда назарға ала отырып, прокуратура БАТЖ-ң техникалық тапсырмасын қайта қарастырып, оның тұжырымдамасы әзірледі. Бұл жағдайда жаңа бағдарламалық қамсыздандыруды құрастыру емес, прокуратура органдары қызметінің арнайы түрлеріне қатысты болатын әрекеттегі бағдарламалық өнімді – «Мемлекеттік органдардың электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесін» (МОЭҚАБЖ) жетілдіру қарастырылады, бұл экономикалық жағынан да, техникалық жағынан да пайдалы болады.

БАТЖ-ды құрудың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының біртұтас ақпараттық кеңістігін қалыптастыру болып табылады, бұл прокурорлық бақылаудың тиімділігін айтарлықтай жоғарылатуға және Конституция мен республика заңдарының орындалуын, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жүйені құрудың мүмкіндіктеріне келесілерді жатқызуға болады:

1. Қызметтің бақылау-қадағалау саласында Бас прокуратураның Орталық аппаратының, облыстық, ауданаралық, қалалық және соларға теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралардың қызметкерлерімен шешемідерді қабылдауды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету. Берілген мақсатқа жетудің көрсеткіші оларға белгіленген рөлдермен және оған рұқсат етудің нақты құқықтарына сәйкес прокуратура органдарының қызметкерлеріне іс жүргізуде айналатын ақпаратты ұсынудың толықтылығы болып табылады.

2. Басшылықтың нұсқаулары мен тапсырмалары және олардың орындалуы туралы ақпаратты біртұтас қорға біріктіру жолымен Бас прокуратура қызметкерлерінің коммуникативтілігін жақсарту есебінен үдерістерді басқару және шешемідерді қабылдау тиімділігін арттыру. Берілген мақсатқа жетудің көрсеткіші қызметкерлерді жетекшілердің тапсырмалары туралы хабардандыру және сәйкесінше жетекшілерді тапсырмаларды орындау нәтижелері туралы хабардандыру болып табылады.

3. Бас прокуратураның облыстық және соған теңестірілген прокуратуралармен, қалалық және аудандық прокуратуралармен, ведомствоішілік ұйымдармен ақпараттық өзара әрекеттесудің шапшаңдығын арттыру және нәтижесі ретінде олардың қызметінің тиімділігін арттыру. Берілген мақсатқа жетудің көрсеткіші қажетті ақпаратты іздеуге жұмсалатын уақытты қысқарту, оған енуге рұқсат алу мен оны өңдеу болып табылады, бұл прокуратура органдары қызметкерлері қызметінің тиімділігінің дәрежесін жоғарылатады.

4. Жинақтау үдерістерін автоматтандыру және әрбір қызметкер бойынша ақпаратты прокуратура органдарының басшылығына тапсыру есебінен кадрлық саясатты жүргізу сапасын арттыру. Берілген мақсатқа жетудің көрсеткіші Департамент пен Кадрлар Басқармасының бизнес-үдерістерінің ұзақтылығын қысқарту (қорға енгізу, қызметке қабылдау, лауазымға тағайындау, аттестация нәтижелерін тіркеу және т.б.) мен прокуратура органдары басшылығының әрбір қызметкер туралы толық және өзекті ақпаратты алуының шапшаңдығы болып табылады.

5. Мемлекеттік құқықтық статистика мен прокуратура органдарының бақылау-қадағалаушы қызметінің нәтижелері туралы бекітілген талдау есептерін қалыптасырудың қомақтылығын төмендету. Берілген мақсатқа жетудің көрсеткіші мемлекеттік құқықтық статистика мен прокуратура органдарының бақылау-қадағалаушы қызметінің нәтижелері туралы бекітілген талдау есептерін қалыптастыру тәртібінің автоматтануы болып табылады. Сонымен қатар атап өту қажет, прокуратура органдарының арасында БАТЖ бағдарламасы шеңберінде электрондық құжат айналымын енгізу барлық қағаз өніміне, байланыс қызметіне, пошта-телеграф және шабармандық қызметтерге кететін шығындарды айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік туғызады. Прокуратура органдарын ақпараттандыру бойынша жұмыстың лайықты болашағы бар. Айтар болсақ, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер бойынша Комитеті (Комитет) бес автоматтандырылған ақпараттық жүйені енгізді (ААЖ): «Бірыңғай жүйеге келтірілген статистикалық жүйе», «Арнайы есептер», «Автоматтандырылған дактилоскопиялық ақпараттық жүйе», «Азаматтардың өтініштерінің бірыңғай есебі», «Ақпараттық сервис» (Үкіметтің 2004ж. 24 желтоқсанында шыққан №1374 қаулысымен бекітілген 2005-2007жж. арналған Мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есептерді дамыту Бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде Комитет бес автоматтандарылған ақпараттық жүйені енгізді).

Жоғарыда аталаған ақпараттық жүйелердің көмегімен Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құқықтық статистика мен арнайы есептер туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру тәртібі туралы», «Жемқорлықпен күрес туралы» (мемлекеттік қызметке орналасу кезінде тексеру), Әкімшілік кодексінің (құқық бұзушылықтың қайталануына тексеру), Қылмыстық-процессуалдық және Қылмыстық кодексінің (қылмыстардың қайталануы туралы мәліметтер) заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі. Мысалы, ақпараттық жүйелердің қызмет етуінің арқасында анықталатын құқық бұзушылықты қайталап жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартудың нәтижелері бойынша бюджетке салынған айыппұлдар түріндегі қомақты қаржы түседі. Құқық қорғау органдары жедел түрде алатын Комитет ақпаратының арқасында іздеуде болған қылмыскерлер ұсталынып, қылмыстардың басы ашылады, сол арқылы мемлекетке, жеке және заңды тұлғаларға қылмыстық қол сұғулармен келтірілген шығындардың орны толтырылады. Жалған кәсіпкерлік жағдайларын, қасақана және жалған банкроттылықты тоқтату мақсатымен мемлекеттік «Жеке тұлғалар» мәліметтер қорына шынайы уақыт тәртібінде Комитеттің ақпараттық жүйелерінен арнайы есептердің жекелеген түрлері беріледі. Осылай, Комитеттің ақпараттық жүйелері тұлғалардың көрсетілген санатының қылмыстық әрекеті жолымен мемлекетті миллиардтаған соманы ұрлаудан қорғауға бағытталған. Комитетте жоғарыда аталған бес автоматтандырылған ақпараттық жүйені құру құқықтық ақпаратты жинақтауды, өңдеуді және таратуды автоматтандыруға мүмкіндік берді. Субъектілерден «онлайн» тәртібінде корпоративті желі арқылы Комитеттің аймақтық органдарына келіп түсетін барлық ақпараттық есеп құжаттары ақпараттық жүйе арқылы құқықтық статистика мен арнайы есептердің Республикалық мәліметтер қорына келіп түседі, нәтижесінде есептерді жүргізудің тиімділігі мен оларды мүдделі құқық қорғау мен мемлекеттік органдарға жедел түрде ұсынуға қол жеткізілді.

Осылай, ақпараттық технологияларды құқықтық статистика мен арнайы есептер саласына енгізу елдің мемлекеттік құқықтық ақпараттық статистикалық жүйесінің жетілдірілуі мен дамуын, мемлекеттік органдарды, жеке және заңды тұлғаларды елдегі заңдылық пен құқық тәртібінің жағдайы туралы тиімді ақпараттық қамсыздандыруды қамтамасыз етеді. Кейін де прокуратура органдары мемлекеттік басқарудың сапасын жоғарылату бойынша шаралар кешенін өткізетін болады, ақпараттық жүйелерді және қазіргі таңдағы ақпараттық технологияларды енгізу мен жетілдіру жөніндегі қызмет жалғаса береді.

Семинар сабақтарының сұрақтары

1. Қазақстан Ресубликасындағы прокурорлық қадағалау курсының пәні, жүйесі және мазмұны

2. Прокуратура Қазақстанның мемлекеттік‑құқықтық институттарының жүйесінде.

3. Прокуратураның пайда болуы және оның дамуының негізгі тарихи кезеңдері мен құқықтық негізі

4. Қазақстан Республикасының прокуратура органдарының ұйымдастырылуы мен қызметі

5. Прокуратура органдарын ұйымдастырудың және олардың қызметінің принциптері

6.Прокуратура органдары қызметінің негізгі бағыттары мазмұны.

7.Прокуратура органдарының жүйесі және оларды ұйымдастыру.

8. Қазақстан Республикасы прокуратурасының құқықтық актілері

9. Прокурорлық қызметтің негізгі бағыттары

10. Құқықтық актілерінің сипаты

11. Құқық қорғау органдарының қызметінің құрылымы, үйлестірудің маңызы мен мақсаты.

12. Үйлестіру қызметінің негізгі бағыттары мен түрлері.

13. Кадрларды сұрыптау мен қызметке алу

14. Прокуратура органдарының қызметкерлерінің біліктілігін арттыру, тәрбиелеу және әлеуметтік, құқықтық қорғау.

15. Адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалардың және мемлекеттің мүдделерінің сақталуын қадағалаудың маңызы мен міндеті.

16. Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалау.

17. Органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың құқықтық актілері мен іс-әрекеттерінің заңға сәйкес келуін қадағалау.

18. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, заңды тұлғалар мен мемлекет мүдделерінің сақталуына қадағалауды ұйымдастыру жұмыстары.

19. Қадағалауды жүзеге асыру кезіндегі прокурорлардың өкілеттігі мен қадағалау актілері.

20. Жедел іздестіру қызметіндегі рокурорлық қадағалаудың маңызы мен міндеті.

21. Алдын ала анықтау заңдылығына прокурордың өкілеттігі.

22. Жедел-іздестіру қызметінің заңдылығына қадағалауды ұйымдастыру.

23. Тергеу мен анықтама заңдылығына прокурорлық қадағалаудың объектісі, маңызы мен мақсаты.

24. Прокурордың анықтама мен тергеу заңдылығын қамтамасыз ету жөніндегі өкілеттігі.

25. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын субъектілер.

26. Тергеу мен анықтама органдарының заңды қолданылуына қадағалау жасау кезіндегі прокурорлардың құқықтық актілері.

27. Жасалған немесе әзірленіп жатқан қылмыстар туралы өтініштер мен хабарларды қабылдағанда, тіркегенде, шешкенде заңдылықтың сақталуына прокурорлық қадағалау.

28. Тергеу мен анықтама органдарының сезікті адамдарды ұстауының заңдылығына прокурорлық қадағалау.

29. Әкімшілік іс жүргізудегі прокурордың құзыреті.

30. Прокурордың сотта мемлекеттің мүддесін білдіру жөніндегі қызметін ұйымдастыруының маңызы.

31. Прокурордың әкімшілік істер бойынша сотқа қатысуы.

32. Прокурордың сотта әкімшілік істер бойынша қатысуының маңызы мен мақсаты.

33 Прокурордың аппеляциялық және қадағалау сатысандағы сотқа қатысуы.

34. Басқа елдің азаматтарымен заңды тұлғаларын құқықтарын қамтамассыз етудегі прокурорлық қадағалау

35. Халықаралық келісімдердегі прокурордың рөлі

36.Прокуратура органдарының стратегиялық дамуына шолу

37. Құқықтық мемлекеттегі прокуратураның жаңаша рөлі

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]