Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.Бүйрек шаншуында қолданылатын М-холиноблокаторлар тобынан зат.

2.Бронхоспазмды басу үшін қолданылатын таңдамалы емес әсерлі М-холиноблокатор.

3.Қарашықтың көлеміне әсер етпейтін, премедикация үшін қолданылатын М-холиноблокаторлар тобынан зат.

4.Негізінен бронхтардың холинорецепторларына таңдамалы әсер ететін М-холинотежеуші зат.

5.Асқазанның М-холинорецепторларын таңдамалы тежейтін, асқазанның ойық жарасы ауруын емдеуге қолданылатын зат.

6.Қысқа уақытқа миорелаксация үшін қолданылатын зат.

7.Антидеполяризациялық әсері бар кураретәрізді зат.

8.Басқарылатын гипотония үшін қолданылатын зат.

9.Гипертониялық кризді басу үшін қолданылатын ганглиолитик.

10.Энтеральды қолдануға арналған миорелаксант.

ІІ. СИПАТТАУ:

1.Холиноблокаторлардың жіктелуі.

2.Асқазанның ойық жарасы ауруында М-холиноблокаторлардың әсер ету механизмі.

3.Перифериялық миорелаксанттардың әсер ету механизмі.

4.Гипертониялық ауруда ганглиоблокаторлардың әсер ету механизмі

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

Қосымша 1

Препаратардың тізімі

№

Препаратың атауы

Жиі қолданылатын дәрілік түрлер

М-холинотежеуші заттар

1

Атропин сульфаты

2

Платифиллин гидротартраты

3

Метацин

4

Пирензепин

5

Ипратропий бромиді

6

Тиотропий бромиді

Н-холинотежеуші заттар

1. ганлгиоблокаторлар

1

Бензогексоний

2

Азаметоний бромиді (пентамин)

3

Гигроний

4

Пирилен

Н-холинотежеуші заттар

2.Перифериялық әсерлі миорелаксанттар

(кураретәрізді заттар)

1

Тубокурарин хлориді

2

Пипекуроний бромиді

3

Атракурий хлориді

4

Сукцинилхолин (дитилн)

5

Меликтин

1.ТАҚЫРЫП № 5.2.: Эфферентті жүйеге әсер ететін заттар: адреномиметикалық заттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]