Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу,дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу және фармакологиядан өз бетімен білім алу дағдысын меңгеру бойынша

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі;

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою.

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың (тетрациклин, доксициклин, хлорамфеникол, гентамицин, полимиксин – М, рифампицин, эритромицин, ванкомицин, линкомицин) әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау және жою;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын дәрілік заттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Макролидтер. Әсер ету механизмі. Микробтарға қарсы спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Жанама әсерлері.Жаңа макролидтер (азитромицин), олардың ерекшеліктері.

  2. Линкозамидтер – линкомицин, клиндамицин. Әсер ету механизмі. Микробтарға қарсы спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Жанама әсерлері.

  3. Стафилококктарға қарсы антибиотиктер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Микробтарға қарсы спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Резервтегі антибиотиктер (ванкомицин). Жанама әсерлері.

  4. Тетрациклиндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Жартылай синтетикалық тетрациклиндердің әсер ету ерекшеліктері. Әсер ету спектрі мен фармакокинетикасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

  5. Хлорамфеникол (левомицетина) тобы. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсерету спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Жанама әсерлері.

  6. Аминогликозидтер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсерету спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Жанама әсерлері.

  7. Полимиксиндер. Жалпы сипаттамасы. Жіктелуі, әсер ету механизмі. Әсерету спектрі мен фармакокинетикасының ерекшеліктері, қолданылуы. Жанама әсерлері.

  8. Рифампициндер. Рифампициннің әсер ету спектрі мен механизмі. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау-дискуссия

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау 358 бет, XXII тапсырма, 364-367 бет, I-XXV тапсырмалар;

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу 367-369 беттер, XIII.1.7.-XIII.1.9. есептер

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

ПОЛИМИКСИНДЕРДІҢ МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

Кесте 1

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

АМИНОГЛИКОЗИДТЕРДІҢ МИКРОБТАРҒА ҚАРСЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

Кесте 2

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]