Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  • Орталық жүйке жүйесінің негізі нейромедиаторлары\нейромодуляторлары (норадреналин, серотонин, дофамин, ацетилхолин, аминқышқылдар, пептидтер, пуриндер т.б.), олардың ОЖЖ қызметтерін реттеудегі рөлі. Синаптикалық берілудің әр кезеңдеріне дәрілік заттардың әсері. ОЖЖ-не әсер ететін заттардың жіктелуі.

  • Наркозға арналған заттар- галотан (фторотан), наркозға арналған эфир, азоттың шала тотығы, натрий- тиопенталы, пропанидид, кетамин, натрий оксибутираты. Наркоздың күйіне жалпы сипаттама. Наркоздың түрлері мен сатылары. Наркозға арналған заттардың қысқаша физико-химиялық сипаттамасы. Мүмкін болатын молекуляры әсері. «Наркотикалық кеңдігі» сипаттамасына түсінік.

  • Ингаляциялық наркозға арналған заттардың жіктелуі ( белсенділігі, наркоздың өту жылдамдығы, наркотикалық кеңдігі, жүрек- қантамыр жүйесіне әсері, өртке қауіптілігі).

  • Ингаляциялық емес наркозға арналған заттардың әсерлерінің ерекшеліктері. Әсерлерінің ұзақтығы бойынша жіктелуі. Олардың салыстырмалы сипаттамалары ( белсенділігі, наркоздың өту жылдамдығы, созылу уақыты, кейінгі әсерлері)

  • Қолданылуы, жанама әсерлері, наркозға арналған заттарды жұптастырып қолдану.

  • Этил спирті. Жергілікті және резорбтивті әсері. ОЖЖ- не әсері. Энергетикалық мәні. Медициналық практикада қолданылуы.

  • Этил спиртінің токсикологиялық сипаттамасы. Жүрек- қантамыр жүйесіне, асқазан- ішек жолдарына, бауыр және басқа да органдар мен жүйелерге әсері. Созылмалы улану және емі, алкоголизм және оның әлеуметік аспектілері. Алкоголизм фармакотерапиясының принциптері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

кіші топтарда жұмыс істеу

РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж бойынша тапсырмаларды орындау. 121-123 беттер. тапсырма I-ХI.

РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж.бойынша тапсырмаларды орындау. 123-125 беттер. тапсырмалар II.1.1- II.1.2.

6.Әдебиет:

Негізгі:

1.Харкевич Д.А. Фармакология: ОқулықАлматы. «Эверо». 2009.- 605 бет.

2.С.Б. Сламжанова «Жалпы рецептура» : - Алматы. «Эверо». 2009.- 112 бет.

Қосымша:

1.Харкевич Д.А. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД».2010- 486с.

2.Аляутдин Р.Н. Фармакология. Учебник. Москва. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2008. -591 с.

3.Аляутдин Р.Н. Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии. Изд. дом «ГЭОТАР-МЕД». 2009- 391с.

4.Бертрам Г. Катцунг. Базисная и клиническая фармакология (перевод д.м.н., проф. Э.Э. Звартау.)- Санкт-Петербург, 2007, т. 1 .

5.Клиническая фармакология / Под ред. В.Г.Кукеса./- М.: медицина, 2009, 528с.

6.Машковский М.Д. Лекарственные средства. М., 2011.-1206 с.

7. Бақылау:

І. Білімнің бастапқы деңгейін

Жазбаша бақылау түрінде жүргізіледі. Әр студентке билет беріледі. Билетте үш ситуациялық тапсырма берілген: 1 және 2 – қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып рецепт жазу, 3 – дәрінің әсер ету механизмін не классификациясын сипаттау. Рецепттерде жазылатын препараттар сабақтың МАҚСАТЫ бөлімінде берілген препараттарға сәйкес болуы керек (Дағдыларды бекіту бөлімін қараңыз).

Бастапқы білім деңгейін бақылауға арналған тапсырмалар:

І. Қолданылатын және қолданылмайтын жағдайларды көрсете отырып дәрігерлік рецепт түрінде ЖАЗУ:

1.Ультрақысқа әсерлі көктамырішілік наркозға арналған зат.

2. Антигипоксиялық қасиетке ие наркозға арналған зат.

3. «Диссоциативті анестезия» шақыратын наркозға арналған зат.

4. Барбитур қышқылының туындысына жататын наркозға арналған зат.

5. Хирургтың қолын өңдеу үшін қолданылатын этил спирті.

6. Компресске қолданылатын этил спирті.

ІІ. СИПАТТАУ:

1. Наркозға арналған заттардың жіктелуі.

2. Фторотанның наркотикалық әсер ету механизмі.

ІІ. Білімнің қорытынды деңгейін

Студенттердің сабақтың тақырыбы бойынша алған білімдері мен меңгерген дағдыларын бағалау үшін сабақтың соңында тест түрінде жүргізіледі.

Қосымша 1

Препаратардың тізімі

№

Препараттардың атауы

Жиі қолданылатын дәрілік түрлер

Наркозға арналған заттар

1. Ингаляциялық наркозға арналған заттар

1

Галотан (фторотан)

2

Наркозға арналған эфир

3

Азоттың шала тотығы

2. Ингаляциялық емес наркозға арналған заттар

1

Натрий тиопенталы

2

Пропанидид

3

Кетамин

4

Натрий оксибутираты

1.ТАҚЫРЫП № 7.2.: Ұйықтатқыш заттар.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]