Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • оқытылатын заттарға әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • оқытылатын заттарға дәрілік формалар мен қолдану түрлерін таңдауды

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсеріне олардың фармакологиялық қасиеттерінің жиынтығына, фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктеріне байланысты анализ жасауды

  • ағзаның әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағыталған өзгертуге дәрілік заттарды тандау

  • алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану бойынша

Білімді бекіту:

  • оқытылатын заттардың фармакокинетикасын және фармакодинамикасын

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуің

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін

  • жағымсыз әсерлерді тануды және оларды дамыған кезде жоюды

Дағдыларды бекіту:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына (танин,,иемен қабығының қайнатпасы,висмут нитратының негізі,крахмалдан жасалған кілегей,белсендірілген көмір,аммиак ертіндісі,ментол,қыша) белгілі жағдайларда рецепттер жазу бойынша;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатың дәрілік заттардың қолданылу әдістерін таңдау бойынша;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін жергілікті анестетиктер туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу бойынша.

3.Оқытудың міндеттері:

  • дәрілік заттардың қасиеттері туралы ұғым негізінде дәрілік заттар тобын идентификациялауды үйрету

  • дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін танып білуді және жоюды үйрету

  • әр түрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін студенттерде дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Тұтастырғыш заттар (танин,иемен қабығының қайнатпасы,висмут нитратының негізі, өсімдіктекті текті тұтастырғыш заттар). Жіктелуі. Негізгі әсерлері және әсер ету механизмі. Органикалық және бейорганикалық тұтастырғыш заттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

2.Қаптағыш заттар (крахмалдан жасалған кілегей) және сорғыш заттар (белсендендірілген көмір). Әсер ету принципі. Негізгі әсерлері. Қолданылуы.

3. Тітіркендіргіш заттар (аммиак ерітіндісі, ментол, қыша). Анықтамасы. Тітіркендіретін заттардың емдік әсерлері. Теріге және шырышты қабықтарға әсері, мұнда пайда болатын рефлекстердің маңызы. Жеке тітіркендіретін заттардың сипаттамасы, олардың қолданылуы.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру

ТАНИННЫҢ ҚАБЫНУҒА ҚАРСЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 43-45 беттер, ІX-ХХ тапсырмалар.

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу: 46 бетт,7-14 есептер.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]