Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2. Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу,дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу және фармакологиядан өз бетімен білім алу дағдысын меңгеру бойынша

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі;

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою.

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың (изониазид, рифампицин, стрептомицин сульфаты, этамбутол, пиразинамид, бензилпеницллиннің натрий тұзы, бициллин-5, бийохинол) әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау және жою;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын дәрілік заттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

Туберкулезге қарсы заттар (изониазид, рифампицин, стрептомицин сульфаты, этамбутол, пиразинамид).

  1. Жалпы сипаттамасы, әр түрлі топтардан препараттардың туберкулезге қарсы әсерінің механизмі. Жеке препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Жанама әсері.

  2. Туберкулезді үйлесімді емдеудің қағидалары. Туберкулезді емдеу үшін қолданылатын антибиотик препараттары.

  3. Лепраға өарсы заттар. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

Спирохеталарға қарсы заттар (бензилпенициллиннің натрий тұзы, бициллиндер-1,-5, бийохинол).

  1. Бензилпенициллин препараттарының спирохетараларға қарсы қасиеттері.

  2. Висмут препараттарының әсер ету механизмі, мерезді емдеу үшін қолданылуы. Жанама әсерлері.

  3. Резервтегі спирохеталарға қарсы антибиотиктер: азитромицин, тетрациклин және т.б.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау-дискуссия

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау 379-381 беттер, I-XV тапсырмалар, 385-387 беттер, I-XI тапсырмалар;

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу 382-383 беттер, XIII.3.1.-XIII.3.2. есептер;

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

ИЗОНИАЗИДТІҢ ТУБЕРКУЛЕЗГЕ ҚАРСЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

Кесте 1

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

ВИСМУТ ПРЕПАРАТТАРЫНЫҢ СПИРОХЕТАЛАРҒА ҚАРСЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

Кесте 2

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]