Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың әртүрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың дәрілік формасын және қолдану әдісін таңдау

  • тақырып бойынша оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу

  • сырқаттар мен синдромдарды білу, науқастың жеке ерекшеліктерін есепке алу,дәрілік заттардың фармакокинетикалық және фармакодинамикалық сипаттамаларын білу негізінде препараттарды таңдау

  • ғылыми әдебиеттермен жұмыс істей білу және фармакологиядан өз бетімен білім алу дағдысын меңгеру бойынша

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білуі тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтары;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуі;

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдері;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және жанама әсерлері, олардың алдын алу және пайда болғанда жою.

Студент істей алуы тиіс:

  • оқытылатын дәрілік заттардың (кальций хлориді, андроксон, викасол, тромбин, аминокапрон қышқылы, ацетилсалицил қышқылы, гепарин, фибринолизин) әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатын препараттардың енгізілу жолдарын таңдау;

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін анықтау және жою;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін оқытылатын дәрілік заттар туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу.

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Гемостатикалық заттар. Анықтамасы. Жіктелуі. Қолданылуы.

  2. Агреганттар - кальций хлориді, кальций глюконаты, адроксон. Препараттардың әсер ету механизмі. Салыстырмалы сипаттамасы. Жүйелі және жергілікті қолдану көрсеткіштері. Препараттардың жанама әсерлері.

  3. Коагулянттар - викасол, тромбин, фибриноген. Препараттардың әсер ету механизмі. Салыстырмалы сипаттамасы. Жүйелі және жергілікті қолдану көрсеткіштері. Препараттардың жанама әсерлері.

  4. Фибринолиздің ингибиторлары – аминокапрон қышқылы, кальций глюконаты, контрикал. Жіктелуі. Препараттардың әсер ету механизмі. Салыстырмалы сипаттамасы. Жүйелі және жергілікті қолдану көрсеткіштері. Препараттардың жанама әсерлері.

  5. Антитромботикалық заттар. Жіктелуі. Қолданылуы..

  6. Антиагреганттар – ацетилсалицил қышқылы, дипирадамол, пентоксифилин. Гликопротеин рецепторларының антагонисттері. Тиклопидиннің фармакологиялық ерекшеліктері. Фармакологиялық әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.

  7. Антикоагулянттар – гепарин, неодикумарин, фенилин, фраксипарин, эноксапарин, фепромарон. Фармакологиялық әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.

  8. Фибринолитикалық заттар – фибринолизин, стрептолиаза, стрептодеказа, урокиназа. Фармакологиялық әсерлері. Препараттардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы.

  1. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау-дискуссия

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау 277-281 беттер I-XIX тапсырмалар

  • РЛЗФ Д.А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу 282-285 беттер IX.1.-IX.6. есептер

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

ГЕПАРИННІҢ ҰЮҒА ҚАРСЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

Кесте 1

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]