Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

Семей мемлекеттік медициналық университеті тәжірибелік сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар

Мамандық: СТОМАТОЛОГИЯ

Пән: ФАРМАКОЛОГИЯ

Кафедра: ЖАЛПЫ ФАРМАКОЛОГИЯ

Курс: ІІI

Тақырып № 6.1.: «Эфферентті жүйеге әсер ететін заттар:

адренотежеуші заттар.»

Тақырып № 6.2.: «Аралық бақылау № 2.»

Құрастырушы:

Фармакология кафедрасының аға оқытушысы,

м.ғ.к.__________________ Амренова Қ. Ш

Аударған:

Фармакология кафедрасының аға оқытушысы:

__________________Нугманова З.Е.

Семей 2009ж.

1.ТАҚЫРЫП № 5.2.: Эфферентті жүйеге әсер ететін заттар: адренотежеуші заттар.

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • оқытылатын заттарға әр түрлі дәрілік формаларына рецепттер жазу

  • оқытылатын заттарға дәрілік формалар мен қолдану түрлерін таңдауды

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсеріне олардың фармакологиялық қасиеттерінің жиынтығына, фармакодинамикасы мен фармакокинетикасының ерекшеліктеріне байланысты анализ жасауды

  • ағзаның әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағыталған өзгертуге дәрілік заттарды тандау

  • алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдану бойынша

Білімді бекіту:

  • оқытылатын заттардың фармакокинетикасын және фармакодинамикасын

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуің

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмдерін

  • жағымсыз әсерлерді тануды және оларды дамыған кезде жоюды

Дағдыларды бекіту:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына (фентоламин гидрохлориді, празозин, пропранолол, атенолол, лабетолол, резерпин)белгілі жағдайларда рецепттер жазу бойынша;

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшерін және концентрациясын есептеу;

  • оқытылатың дәрілік заттардың қолданылу әдістерін таңдау бойынша;

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін жергілікті анестетиктер туралы мәліметтерді іздеу және өңдеу бойынша.

3.Оқытудың міндеттері:

  • дәрілік заттардың қасиеттері туралы ұғым негізінде дәрілік заттар тобын идентификациялауды үйрету

  • дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін танып білуді және жоюды үйрету

  • әр түрлі ауруларда препараттарды тиімді таңдауды қамтамасыз ету үшін студенттерде дәрілік заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары туралы ұғым қалыптастыру

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1.Адренотежеуші заттар (фентоламин гидрохлориді, празозин, пропранолол, дигидроэрготамин). Альфа-адреноблокаторлардың фармакодинамикасы. Селективті және селективті емес альфа-адреноблокаторлар. Қолданылуы. Мүмкін болатын асқынулар.

2.Бета-адреноблокаторлардың негізгі қасиеттері және қолданылуы. Таңдамалы әсер ететін (атенолол) және ішкі симпатомиметикалық белсенділігі бар (окспренолол) бета-адреноблокаторлар. Бета-адреноблокаторлардың жанама әсерлері.

3.Альфа, бета-адреноблокаторлар (лабетолол).

4.Симпатолитиктер (гуанетидин,(октадин), резерпин). Октадин мен резерпиннің негізгі әсерлері, әсер ету механизмі және орналасуы,олардың салыстырмалы сипаттамасы. Қолданылуы. Жанама әсерлері.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]