Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Metod_rekomendatsii_dlya_zanyaty_GOSO_2006_prak...doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1 Мб
Скачать
☆

2.Мақсаты:

Үйрету:

  • оқытылатын заттардың әр түрлі дәрілік формаларына рецепттерді жазуды

  • оқытылатын заттардың дәрілік формалары мен қолдану тәсілдерін таңдауды

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакологиялық қасиеттерінің жиынтығына, әсер ету механизмдері мен әсерінің орнына байланысты әсерлеріне анализ жүргізуді

  • ағзаның әр түрлі мүшелері мен жүйелерінің қызметін бағытап өзгертуге дәрілік заттарды тандауды

  • алған білімді болашақ кәсіби қызметте қолдануды

3. Оқытудың міндеттері:

Студент білу керек:

  • оқытылатын дәрілік заттардың фармакокинетикасы мен фармакодинамикасының жалпы заңдылықтарын

  • оқытылатын дәрілік заттардың жіктелуін

  • оқытылатын дәрілік заттардың әсер ету механизмін

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз және кері әсерлерін, олардың алдын алу және дамыған кезде жою шараларын

Студент үйрену керек:

  • оқытылатын дәрілік заттардың әр түрлі дәрілік формаларына (магни сульфаты, мидокалм, фенобарбитал, фенитоин (дифенин), этосуксимид, диазепам) белгілі жағдайларда рецепттерді жазуды

  • оқытылатын дәрілік заттардың мөлшері мен концентрациясын есептеуді

  • оқытылатын дәрілік заттардың енгізу жолын таңдауды

  • оқытылатын дәрілік заттардың жағымсыз әсерлерін таныду және оларды жоюды

  • клиника және дәріхана қызметкерлерін, тұрғындарды ақпараттандыру үшін дәрілерілік заттар туралы мәліметтерді іздеуді және өңдеуді

4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:

  1. Тырысуға қарсы заттар. Анықтамасы. Әсер ету принципі.

  2. Әр түрлі фармакологиялық топтардан препараттардың тырысуға қарсы әсері (бензодиазепин туындылары, натрий оксибутираты, лидокаин, барбитураттар, магний сульфаты, мидокалм, натрий вальпроаты, финлепсин). Олардың әсерлерінің ерекшеліктері. Белсенділігі, әсерінің ұзақтығы мен жылдамдығы, тыныс алу орталығына тежеуші әсері бойынша сипаттамасы.

  3. Эпилепсияға қарсы заттар. (фенобарбитал, фенитоин (дифенин), этосуксимид, карбамазепин, клоназепам, натрий вальпроаты, диазепам, ламотриджин). Анықтамасы. Классификациясы. Эпилепсияға қарсы заттардың мүмкін болатын әсер ету механизмдері.

  4. Эпилепсияның фармакотерапиясының негізгі принциптері.

  5. Эпилепсияның әр түрлі формаларында жеке препараттардың әсерінің тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы. Эпилепсиялық статусты басу үшін қолданылатын заттар. Эпилепсияға қарсы заттардың жанама әсерлері.

5. Сабақ беру және оқыту әдістері:

  • дискуссия - тақырыптың негізгі сұрақтарын талдау

  • кіші топтарда жұмыс істеу

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша тапсырмаларды орындау: 137-140 беттер, I-Х тапсырмалар.

  • «Руководство к лабораторным занятиям по фармакологии» Д. А. Харкевич 2005 ж. бойынша есептерді шешу: 140 бет, II.4.1.есеп.

  • фармакодинамикалық алгоритмдерді құру:

ДИФЕНИННІҢ ТЫРЫСУҒА ҚАРСЫ ӘСЕРІНІҢ МЕХАНИЗМІ

Кесте 1

Деңгей

Әсер ету нүктесі

Әсерлері

1. Молекулалық-клеткалық

2. Тіндік не мүшелік

3. Жүйелік не организмдік

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]