Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Payd_kazba.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

1.1. Жалпы мәліметтер 376

1.2. Қатты пайдалы қазба кенорындарының қоры мен болжамдық ресурстарының жіктелімі 377

1.4. Пайдалы қазба кенорындарын барлау 389

Барлау мәселелері 389

Барлау принциптері 390

• • • • • • 393

Барлау жүйелері 404

Барлау үңғымаларының орналасуы 406

Сынамалаудың түрлері 412

Барлау үдерісіндегі гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық зерттеулер 428

Геологиялық қүжаттау 429

КЕНОРЫНДАРДЫ ГЕОЛОГИЯЛЫҚ- ӨНЕРКӘСІПТІК БАҒАЛАУ 433

2.1. Бағалаудың мәселелері 433

2.2. Кондициялар туралы түсінік 435

2.5. Пайдалы қазба кенорындарын компьютерлік модельдеу 449

Бақылау еүрақтары 452

Пайдалы қазбалар туралы ілімнің мәні

Жоғарыда айтылып өткендей, пайдалы қазба кенорын­дары туралы ілім кен ісінің практикалық мәселелерімен тығыз байланысты. Кенорындар геологиясын білуге олар- ды үтымды игеру де негізделеді. Осы себепті бүл пән эко- номикада үлкен мөнге ие.

Шын мәнінде, кез келген кенорын еңбек пен кен өнді- рісінің нысаны болып табылады. Пайдалы қазбалардың қоры, кен денелерінің жатые жағдайы мен морфология- сы кенорындарды ашу мен өндіру тәсілін таңдауда негізгі рөл атқарады. Аталған факторлармен қатар, пай­далы қазбалар мен оларды сыйыстырушы таужыныстар- дың қасиеті және қүрылысы, олардың тектоникалық бүзылғандығы мен жарықшақтылығы өндіріс жүйесін, минералдың шикізатты өндірудің технологиялық сүлба- сын, кен үңгімелерін жылжытудың бағыттарын, олар- ды қазу мен бекітудің тәсілдерін таңдауға эсер етіп, жер қойнауынан пайдалы қазбаларды айырып алудың то- лықтығын анықтайды.

Пайдалы ңазбалардың заттық қүрамы, қүрылымы мен бітімі өндірілген минералдық шикізатты өндеу тех- нологиясын таңдау үшін өте маңызды. Пайдалы қазба­лардың кеңістікте таралу заңдылықтарын білу шикі­затты өңдеу тиімділігін оны бөлектеп өндіру арқылы арттыру, пайдалы қазбаның сапасын өндіру кезінде ба- ғыттап қалыптастыру үшін қажет. Пайдалы қазбалар­дың жәнеоларды сыйыстырушы таужыныстардың қүра- мын, қүрылымы мен қасиеттерін, кенорындардың тек- тоникасын, гидрогеологиялық және инженерлік-геоло- гиялық жағдайларын түбегейлі зерттеу, минералдық шикізат өндірудің жаңа технологиялық тәсілдерін іздес- тіру мен енгізу үшін төтенше маңызды. Мысалы: жер астында балқыту (күкіртті), жерастылық шаймалау (мыс, уран, минералдық түздар), қатты жангыш қазба­ларды жер астында газға айналдыру (көмір, жанғыш тақтатас), т.б.

Сонымен, пайдалы қазба кенорындарының жаралу жағдайлары мен өзгеруін білу және оларды физикалық- химиялық модельдеу болашақта жасанды кенорындар жасауға және оларды қалыптастыратын табиғи үде- рістерді басқаруға мүмкіндік береді.

Пайдалы қазбаларды зерттеу әдістері. Кенорындар­ды зерттеудің түпкі мақсаты олардың экономикалық мәнін анықтауға мүмкіндік беретін геологиялық-өнер- кәсіптік бағалау болып табылады. Бүл мақсатқа пайдалы қазба денелерінің геологиялық жатые жағдайлары мен морфологиясын, заттық қүрамы мен қүрылымдық-бі- тімдік ерекшеліктерін, кенорындардың генезисін анық- тау арқылығана жетугеболады. Пайдалы қазбаларды зерт­теу әдістері далалық және зертханалық түрлерге бөлі- неді.

Далалық зерттеулер түтас кенорынның немесе оның жекелеген бөлікшелерінің геологиялық-қүрылымдық жағдайын анықтау, жатындардың пішінін, өлшемдерін, қүрылысы мен қүрамын бағалау, олардың таужыныстар- мен арақатынасын білу үшін жүргізіледі. Далалық зерт- теулер кезінде геофизикалық деректерді кең пайдала- ну арқылы түбегейлі геологиялық карталау орындала- ды.

Геологиялық барлау жүмыстарының негізінде кено- рындарға өнеркәсіптік баға беріледі, олардың гидрогео- логиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары анықталады.

Зертханалық зерттеулер пайдалы қазбалардың қүра­мын, қүрылысы мен технологиялық қасиеттерін түбегей­лі зерттеуге бағытталған. Кеннің заттық қүрамын үл- кейткіш микроскопты пайдалану арқылы минералогия- лық және петрографиялық зерттеулер бойынша нақты- лайды, химиялық қүрамын химиялық және спектрлік талдау жүргізіп анықтайды. Арнайы зерттеу әдістерін (рентген-қүрылымдық, термикалық, люминесценттік, т.б.) минералдардың қүрамы мен қүрылысын дәл диаг- ноздау үшін қолданады. Пайдалы қазбалардың техноло­гиялық қасиеттерін бағалау физикалық-техникалық жәнефизикалық-химиялық сынақтар көмегімен жүргізі­леді.

Жер қойнауындағы минералдық шикізаттың мөлше- рі мен сапасын бағалауда математикалық әдістер, олар­дың ішінде ықтималдықтар теориясы мен математика­лық статистика, қазіргі компьютерлік технологиялар маңызды рөл атқарады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]