Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Payd_kazba.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

1.1. Кенорындардың жаралу жағдайлары мен орналасуын анықтайтын факторлар

Кенорындардың барлық сипаттамасы (пішіні, жатые жағдайлары, өлшемдері, заттық қүрамы) өздері орналас- қан жер қыртысы бөлікшелерінің тарихы мен геология­лық даму үдерістері арқылы анықталады. Сондықтан пайдалы қазба кенорындарын оларды қоршаған геоло­гиялық ортамен бір байланыста, пайдалы қазбалар жа- ралуына қолайлы геологиялық факторлар мен жағдай- ларды талдау арқылы зерттеу керек. Кенорындардың эр түрлі генетикалық топтары қалыптасуы үшін магма- лық, стратиграфиялық, литологиялық және тектоника­лық факторлар жетекші орын алады.

Магмалық факторлар. Эр түрлі эндогендік пайдалы қазбалар кенорындары қүрамы бойынша белгілі бір маг­малық таужыныстар жиынтығымен байланысты. Ульт- ра-негізді (дунит, перидотит, пироксенит) таужыныстар­мен платина тобындағы металдардың, хромит, никель- кобальт кендерінің, титанмагнетиттің, алмастың магма­лық кенорындары ассоциацияланады. Сонымен қатар, бүл таужыныстарда асбест, магнезит пен тальктің гидро­термалық кенорындары орналасады.

Негізді (габбро, норит, анортозит) таужыныстармен титанмагнетит пен сульфид мыс-никель кендерінің маг­малық кенорындары байланысты. Сілтілі (нефелинді сие­нит) таужыныстарға апатит пен нефелиннің магмалық кенорындары төн.

Гранит мусковит, асыл тастар мен сирек элементтердің пегматиттік кенорындары үшін түпнүсқа таужыные бо­лып табылады. Біршама қышқыл гранитоидтарға темір, вольфрам, молибденнің жапсарлық-метасоматоздық (скарндық) кенорындары, сонымен қатар алтын, мыс, қалайы, полиметалл және уран кендерінің гидротерма­лық кенорындары бейімделеді.

Пайдалы қазба кенорындарының магмалық таужыныс­тармен байланысы генетикалық (тура, анық) және пара- генетикалық болады. Генетикалық байланые жағдайында магмалық, пегматиттік және скарндық кенорындар магмалық таужыныстардың нақты массивтерімен тіке- лей ассоциацияланады, ал кен денелері олардың ауқымы- нан шықпайды. Парагенетикалың байланыс көптеген гидротермалық кенорындарда байқалады, олардың кен денелері интрузиялармен тікелей байланыста болмайды. Бірақ кенорындар да, интрузиялар да тереңдік бір магма ошағының туындылары болып табылады.

Литологиялық факторлар постмагмалық кенорындар­дың өзіндік айрықша қүралымен, физикалық-химия- лық және физикалық-механикалық қасиеттерімен си- патталатын таужыныстарда орналасуымен байқалады. Мүндай жағдайда таужыныстардың қасиеттері мен қүрамы кендену дамуына әкелетін факторлар рөлін ат- қарады.

Карбонат таужыныстарда кендік зат алмастыруы ке- зінде қалыптасқан гидротермалық кенорындар белгілі. Мыс, қорғасын-мырыш, сүрме-сынап және басқа кеннің ірі кенорындары мору таужыныстардан түратын қабат- тардағы кеуектілігі мен жарықшақтылығы жоғары тау­жыныстарда орналасады.

Стратиграфиялық факторлар экзогендік кенорын­дардың геологиялық қимадағы белгілі бір стратиграфия­лық бөліктерінде орналасуын анықтайды. Кенорындар мен оларды сыйыстырушы таужыныстар белгілі бір үде­рістер нәтижесінде жаралып, нақты геологиялық фор- маңиялар қүрамына кіреді.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалыстарымен байланысты шөгінді түзілу ырғақты жүрген. Тау жара- лудың саябырсыған кезеңіндегі теңіз трансгрессиясы кезінде темір, марганец, боксит кендерінің кенорында­ры қалыптасқан. Осыған байланысты мүндай кенорын­дар белгілі бір жастағы трансгрессиялық сериялардың төменгі жағында жатады. Көтерілу кезеңінде болатын теңіз регрессиясында (қайтуында) каустоболит пен ми­нералдық түздардың кенорындары пайда болған. Сон- дықтан олар шөгінділердің регрессиялық сериялардың жоғарғы жағында кездеседі.

Көптеген кенорындар үшін эр түрлі геологиялың қү- рылымдар ауқымында жаңсы сақталатын белгілі бір жас- ты түзілімдермен байланыста болуы тән. Мүндай байла- ныс көмірлі алаптар, минералдық түздар, фосфориттер мен темір кендерінің кенорындары ауқымында байқала­ды.

Тектоникалық факторлар. Пайдалы қазба кенорын­дарының, кенді алаңдар мен белдеулердің орналасуы әдетте ірі тектоникалық элементтермен бақыланады. Мүндай элементтерге терең жарылымдар, қатпарлы бел­демдер, тау бөктері ойыстары, тауіші қазаншүңқырла- ры, платформалық антеклизалар мен синеклизалар жа- тады.

Әсіресе, терең жарылымдардың кен бақылаушылық маңызы үлкен. Бүл белдемдер жүздеген километрге со- зылып, ені ондаған километрге жетеді. Терең жарылым­дар бойында көбінесе эндогендік кенорындар шоғырла- нады, кейде көмір мен минералдық түздар кенорында­ры орналасады. Аймақтық бастырмалар, лықсымалар, ығыспалар және мыжылу белдемдерінде түсті жөне сирек металдар кенорындары орналасқан белгілі аудандар - Кенді Алтай, Забайкалье, Кавказ.

Тектоникалық бүзылыстар кенденудің қалыптасуына қатысты өзінің жаралу уақыты бойынша кенге дейінгі, кенішілік жөне кеннен кейінгі болуы мүмкін. Кендену орналасуында ең үлкен мәнге бүзылыстардың алғашқы екі тобы ие. Кеннен кейінгі бүзылыстар көбінесе пайда­лы қазба денелерінің пішінін күрделендіретіндіктен, оларды кенорындарды игеру жүмыстарында ескеру қа- жет болады.

Металл және бейметалл пайдалы қазбалар мен каусто- болиттің көптеген кенорындары (мыс, түз, көмір және т.б.) көбінесе платформалар мен қатпарлы алқаптардың шекарасына орналасатын таубөктері ойыстарында бөлі­неді.

Жаралу тереңдігі. Пайдалы қазбалар кенорындары эр түрлі тереңдіктерде қалыптасады. Кенорындардың жа­ралу тереңдігі деп кен жаралу уақытына сәйкес келетін кездегі жер бетінен пайдалы қазбалар массасы орналас­қан жерге дейінгі арақашықтықты айтады. Пайдалы қазбалар қалыптасуының төрт негізгі тереңдік белдемін белуге болады: 1) жер беті-жер беті маңы; 2) шамалы тереңдікті (гипабиссал); 3) орташа тереңдікті (абиссал); 4) үлкен тереңдікті (ультраабиссал).

Бірінші, яғни жер беті-жер беті маңындағы белдем, жердің бетінен 1-1,5 км тереңдікке дейін созылады. Мүнда экзогендік генезисті барлық кенорындар, соны­мен қатар вулканогендік және гидротермалық-шөгінді кенорындар орналасады. Кейде жер беті маңы жағдай- ларында жекелеген магмалық және скарндық кенорын­дар жаралады.

Шамалы тереңдік (гипабиссал) белдемі 1-1,5 км-ден4 км- ге дейінгі аралықты қамтиды. Бүл тереңдік эндогендік кенорындар пайда болу үшін ең қолайлы белдем. Ол орта- ның оңтайлы физикалық-механикалық қасиеттерімен сипатталады. Осы белдемдегі таужыныстарда кенжасау- шы ерітінділер немесе балқымалар жылыстауына қолай­лы жагдайлар туындататын айырылымды бүзылыстар кең дамыған. Осы белдеммен темір мен мыстың плутоно- гендік гидротермалық, скарндық кенорындарының ба- сым көпшілігі, сондай-ақ сульфид мыс-никель мен кар- бониттердің магмалық кенорындары байланысты.

Орташа тереңдік (абиссал) белдемі 4-10 км шамасында таралады. Таужыныстар кеуектілігі мен пластикалы- лыгы, ашық жарықшақтардың болмауы ерітінділердің сіңуін қиындатады, осыған байланысты бүл белдемде сіңбелік-диффузиялық масса тасымалдау басым болады және метасоматоздық үдерістер кең таралады. Мүнда негізінен пегматиттік және жапсарлық-метасоматоздық кенорындар қалыптасады.

Үлкен тереңдік (ультраабиссал) белдемінің кенжаралуға қолайлығы өте аз. Өйткені жоғары жан-жақты қысым жағ- дайында жарықшақтар толық жабылады, таужыныстар жоғары пластикалылыққа ие болады да ерітінділер өтім- ділігі өте нашарлайды. Бүл белдемде негізінен метамор- фогендік кенорындар қалыптасып орналасады.

Эр түрлі тереңдік жағдайларында пайда болған кено­рындар әркелкі эрозиялануы мүмкін. Эрозия кесілімі- нің тереңдігі пайдалы қазба денелерінің қазіргі жер бетіне қатысты орналасуы бойынша анықталады. Кен­орындар эрозиялануыныңдәрежесі бойынша үшке бөлі­неді: бастапқы - кен денелері жаңа ғана ашыла баста- ғандықтан, кенорындардың тереңге қарай перспекти- валылығы мол; толық — кенорындардың перспективасы шектеулі; ортаңғы - бастапқы мен толық эрозиялану- дың аралыгында болады. Геологиялық барлау жүмыста- ры кезінде эрозиялық кесілімнің тереңдігін әдетте эр түрлі геохимиялық және минералогиялық әдістерді қол- дану арқылы анықтайды.

Температура мен қысым. Пайдалы қазба кенорында­ры жер қыртысының шектеулі бөлікшелерінде К6НЖЯ" саушы жүйелерде қалыптасады. Бүл жүйелердің ең ма­ңызды термодинамикалық параметрлері температура мен қысым болып табылады. Эр түрлі кенорындар қалыпта- суының температуралық интервалы жеткілікті кең экзогендік кенорындар үшін 0-50°С, ал эндогендіктерде 800-900°С, тіпті 1200-1300°С-қа дейін. Кендік үдерістің температурасын көбінесе жанама әдістермен анықтайды. Бүл әдістер арасында аталатындар: термометриялық (минералдагы газ-сүйық кірінділері бойынша), минера­логиялық (минералдық термометрлер көмегімен, ол эр түрлі минералдардагы фазалық өтулерге негізделеді), гео­химиялық (бірлескен минералдардагы элементтердің та­ралу коэффициентінің олардың қалыптасу температура- сына тәуелділігіне негізделген).

Кенжаралу үдерістері кезінде қысым әдетте жүздеген мегапаскаль (МПа) аралыгында өзгереді, кейде, мысалы кимберлиттегі алмас кенорындары жаралганда, 5-7 ГПа шамасына дейін жетеді. Қазіргі кезде қысымды анық- тайтын сенімді сараптамалық әдістер жоқ. Дегенмен, кенжасаушы жүйелердегі қысымды минералдардагы кі- рінділер қысымын өлшеу бойынша сандық түргыдан ба- галау үшін әрекеттер жасалынуда.

Кенжасаушы жүйелердің температура мен қысымнан басқа маңызды физикалық-химиялық параметрлері не ортаның қышқылдық-сілтілік көрсеткіші (рН), тотығу- тотықсыздану потенциалы (Еһ), көмірқышқыл мен күкірт режимі, иондардың химиялық белсенділігі жа­тады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]