- •Мазмүны
- •1.1. Жалпы мәліметтер 376
- •I бөлім. Кенорындар және пайдалы қазбалар
- •1.1. Негізгі үғымдар мен аныңтамалар
- •1.2. Кенорындарды игерудің кен-геологиялық жағдайлары
- •1.3. Кенорындарды игерудің гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары
- •II бөлім. Пайдалы қазба кенорындарының ж аралу жағдайлары мен генетикалық типтері
- •Кенорындардың генетикалық жіктелімі
- •Пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктелімі
- •1.1. Кенорындардың жаралу жағдайлары мен орналасуын анықтайтын факторлар
- •1.2. Кен заттардың көзі мен олардың түзілу тәсілдері
- •Магмалың кенорындар
- •2.1. Жаралу жағдайлары
- •2.2. Кенорындарының типтері
- •3.1. Жаралу жағдайлары
- •3.2. Кенорындарының типтері
- •- Тасындылар; 2-10 - пегматит денесінің бел- демдері: 2 - блоктық кварц: 3 - ірі блоктық микроклин II: 4 - үсақ пластиналық альбит;
- •- Клевеландит-споду- мен; 7 - кварц-мусковит үялары; 10 - графика- лық кварц-микроклин;
- •- Сыйыстырушы таужыныстар
- •4 Тарау
- •4.1. Жаралу жағдайлары
- •4.2. Кенорындарының типтері
- •- Серициттелген;
- •5 Тарау
- •5.1. Жаралу жағдайлары
- •5.2. Кенорындарының типтері
- •6 Тарау
- •6.1. Жаралу жағдайлары
- •6.2. Кенорындардың типтері
- •7 Тарау
- •7.1. Жаралу жағдайлары
- •7.2. Кенорындарының типтері
- •Вулканогендік-шөгінді кенорындар қалай қалыптасады? Олардың жағдайларына, морфологиясы мен пайдалы қазбалар денелерінің қүрамына қандай ерекшеліктер тән?
- •Колчедан кенорындар жаралуының геологиялық жағдайлары мен заттық қүрамы қандай?
- •Қорғасын-мырыш жоне темір кенді вулканогендік- шөгінді кенорындардың сипаттамасы қандай?
- •8.1. Жаралу жағдайлары
- •8.2. Кенорындардың типтері
- •9 Тарау
- •9.1.Жаралу жағдайлары
- •9.2. Кенорындарының типтері
- •10 Тарау
- •10.1. Жаралу жағдайлары
- •10.2. Кенорындардың типтері
- •Ill бөлім. Пайдалы ңазбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтері
- •1.3. Хром
- •1.7. Алюминий
- •1.9. Қалайы
- •1.10. Қорғасын мен мырыш
- •1.11. Сүрме мен сынап
- •1Лз. Платина тобының металдары
- •1.14. Уран
- •1.15. Бериллий Жалпы мәліметтер
- •1.16. Тантал мен ниобий Жалпы мәліметтер
- •1.17. Литий
- •1.18. Сирекжер элементтер
- •2.1. Бейметалл пайдалы қазбалардың жіктелімі
- •2.2. Асыл (әсемтас), әшекей және техникалық тастар
- •2.6. Тальк
- •3.1. Жалпы мәліметтер
- •3.2. Жанғыш қазбалар сапасының, қүрамының және қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері
- •3.3. Көмірдің жіктелімі және негізгі пайдалану бағыттары
- •3.4. Көмір қабаттарының морфологиясы
- •3.6. Көмір кенорындарының жалпы сипаттамасы
- •IV бөлім. Пайдалы қазба кенорындарын барлау және геологиялық-өнеркәсіптік бағалау
- •1.1. Жалпы мәліметтер
- •1.2. Қатты пайдалы қазба кенорындарының қоры мен болжамдық ресурстарының жіктелімі
- •1.4. Пайдалы қазба кенорындарын барлау
- •2.1. Бағалаудың мәселелері
- •2.2. Кондициялар туралы түсінік
- •2.3. Кенорындардың өнеркәсіптік игеруге даярланғандығы
- •2.5. Пайдалы қазба кенорындарын компьютерлік модельдеу
2.3. Кенорындардың өнеркәсіптік игеруге даярланғандығы
Қатты пайдалы қазба кенорындарының қоры мен болжамдық ресурстарының жіктелімінде кенорын өнер- көсіптік игеруге даярланған деп есептеуге болатын жағ- дайлар анықталған. Бұл жағдайларға жататындар:
қор ҚМК (қор бойынша Мемлекеттік комиссия) немесе жергілікті қор комиссиясы (жаңа ашылған кенорын үшін) бекітілген;
пайдалы қазбаның заттық қүрамы мен технологиялық қасиеттері, пайдалы компоненттерді айырып алу- дың технологиялық сүлбасын жобалауға жеткілікті түбе- гейлілікпен зерттелген;
гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлар кенорынды игерудіқ жобасын жасауға жеткілікті түбегейлілікпен зерттелген;
бірінші кезекте игерілуі белгіленген бөлікшелер мейлінше түбегейлі барланған;
кен алаңы ауқымында жатқан басқа пайдалы қазбалар (аршылым таужыныстары, қалдықтар) зерттеліп, олардың пайдалану мүмкіндіктері анықталған және мөлшері есептелген;
шаруашылық және түрмыстық сумен қамтамасыз- дау мүмкіндігі бағаланған;
қоршағанортаны қорғау мен Жер қойнауын үтым- ды пайдалану бойынша шаралар әзірленген;
425
бекітілген баланстық қор кенорынның геологиялық қүрылысының күрделілігі бойынша қандай тобы- на жататынына сәйкес эр түрлі категорияларға жіктел- ген (2.1-кесте).
28-152
2.1-кесте
Геологиялық қүрылысы бойынша бөлінетін эр түрлі кенорындар тобы үшін қордың эр түрлі санаттарының арақатынасы, %
Қордың |
Металл жөне бейметалл |
Көмір мен жанғыш |
|||||
санаты |
|
пайдалы қазба |
|
|
тақтатас |
||
|
1 топ |
2 топ |
3 топ |
4 топ |
1 топ |
2 топ |
3 топ |
А |
10 |
- |
- |
- |
20 |
- |
- |
В |
20 |
20 |
- |
- |
30 |
50 |
- |
Сі |
70 |
80 |
80 |
50 |
50 |
50 |
100 |
С2 |
- |
- |
20 |
50 |
- |
- |
- |
2.4. Қорды есептеу
Геологиялық барлау жүмыстарының барлық кешенін жүргізу нәтижесінде пайдалы қазба кенорнының моделі жасалады. Жүргізілген жүмыстардың түбегейлілігі артқан сайын, ең бастысы, оларды жүргізу әдістемесінің оңтайлануына байланысты алынған модель шын нысан- ға сәйкестене береді. Жалпы түрде пайдалы қазба кенорнының моделіне кіретін эр түрлі графикалық және кестелік материалдар комплексі - тік және көлбеу қима- лардың жүйесі; тік, көлбеу және еңіс жазықтықтардағы проекциялар; блок-диаграммалар; сынамалау нәтиже- лерінің, геофизикалық, гидрогеологиялық және инже- нерлік-геологиялық зерттеулердің кестелері; сондай-ақ кенорынды сипаттайтын басқа да материалдар.
Қорды есептеудің негізгі мақсаты - пайдалы қазба мен пайдалы компоненттердің мөлшерін анықтау. Есеп- теуді оның дәлдігі мен ақиқаттылығын төмендетпей же- ңілдету үшін пайдалы қазба денелерінің пішіні мен пайдалы компоненттер таралуы біршама қарапайым түрге түседі. Қорды есептеу тәсілі мынадай тәсілдерден түрады: пайдалы қазбаның денесі контурланады; бүл контур біршама қарапайым пішінді бөлікшелерге бөлінеді. Эр бөлікшеде қорды есептеу үшін бастапқы деректердің біршама біркелкі мәндері анықталады.
Жалпы алғанда пайдалы қазбаның мөлшерін (Q)ecen- теу үшін мына формула қолданылады:
Q=Vd=Smd,
мүндағы, V - пайдалы қазбаның көлемі; S - пайдалы қазба денесінің ауданы; пг - дененің орташа қалыңдығы; d - пайдалы қазбаның орташа тығыздығы;
Пайдалы қазбадағы пайдалы компоненттің (мысалы, кендегі металдың) қоры (Р) мына формула бойынша есеп- теледі:
P=QC/100=SmdC/100, (2.2)
С - есептеу блогындағы пайдалы компоненттің орташа мөлшері.
Келтірілген (4.2.1) және (4.2.2) формулалар бойынша қорды есептеуді жүргізу үшін оларға кіретін бастапқы деректер мыналар:
S - кен денесінің (блоктың, қиманың және т.б.) ауданы, м2;
m - пайдалы қазбаның есептеу блогы ауқымындағы орташа қалыңдығы, м ;
С - есептеу блогындағы пайдалы компоненттің мөлшері,
%.
Пайдалы қазба денесінің (блоктың, қиманың, проек- цияның, негіздің, т.б.) ауданы S графикалық материалдар (план, проекция) бойынша көбінесе аспаптық тәсілмен арнайы аспап - планиметрдің көмегімен анықталады. Ауданды жуықтап анықтау үшін (планиметр жоқ болса) пайдалы қазба денесі қарапайым геометриялық фигуралар ретінде қарастырылып (егер денелердің немесе есептеу блоктарының шекаралары түзу сызықтар болса), белгілі формулалар арқылы есептеледі немесе палетка қолданылады .
(2.1)
сы - S0). Мысал ретінде айтайық, егер нүктелер эр 5 мм сайын көрсетілсе, онда палетка бөлігінің бағасы 1:1000 масштабта 25 м2, 1:2000 бен 1:5000 масштабтарда - тиісінше 100 ЖӘНӨ 625 м2 болады. Пайдалы қазба денесінің (немесе оның бөлігінің) ауданын анықтау үшін палет- каны тиісті графикалық материалдың үстіне салады да контур ішіндегі нүктелер N1 мен есептеу блогы конту- рындағы орналасқан нүктелер N2 саны есептеледі:
S=S0iV1+S0AT2/2, (2.3)
Орташа қалыңдық т әдетте орташа арифметикалық тәсілмен мына формула көмегімен анықталады:
т = т./п, (2.4)
т. - қалыңдықтың і өлшеміндегі жеке мәні, м; п - өлшеу- лердің саны;
Орташа мөлшер С - пайдалы компонент бойынша орташа арифметикалық тәсілмен (егер сынамалау интер- валдары мен сынамалар бойынша пайдалы компонент мөлшерінің жекелеген мәндерінің таралуы біршама біркелкі болса) немесе орташа өлшемдік тәсілі бойынша мына формуламен есептеледі:
С= С. х а. /2а., (2.5)
С. - пайдалы компоненттің і сынамадағы мөлшерінің жекелеген мәндері,%; а - мөлшер өлшенетін параметрдің (сынамалау интервалы, қалыңдык, аудан, көлем, тығыз- дық, сынама эсер ететін алқап, т.б.) жекелеген мәндері.
Пайдалы қазбаның орташа тығыздығы техникалық сынамалау нәтижелері бойынша анықталып, орташа арифметикалық тәсіл бойынша (2.4) формула сияқты есептеледі: d — Idt /п.
Қорды есептеу тәсілдері геометризациялау тәсілдері мен амалдарына байланысты эр түрлі болады. Есептеу тәсілін таңдау пайдалы қазба денесінің пішініне, оның өлшемдеріне, қалыңдығы мен пайдалы компоненттер таралу өзгергіштігінің дәрежесіне, кен үңғымаларының орналасуы мен жиілігіне, сонымен қатар есептеудің практикалық мәселелеріне байланысты. Жалпы саны 20-дан асатын қорды есептеу тәсілдері үш топқа бөлінеді: орташа арифметикалық, геологиялық блоктар мен қималар.
Орташа арифметикалық тәсіл, атынан көрініп түрған- дай, қорды есептеудің бастапқы деректерінің орташа мәндерін есептеп, содан кейін олардың негізінде - жалпы (2.1) және (2.2) формуласы бойынша пайдалы қазба мен пайдалы компоненттері өте әркелкі таралған пайдалы қазба қорын есептеуге қолданылады. Ол көбінесе негізгі есептеудің дәлдігін есептейтін қосымша тәсіл ретінде пайдаланылады.
Геологиялық блоктар тәсілі бойынша пайдалы қазба денесінің негізгі параметрлер мәндері бойынша жақын болатын бөлікшелері (блоктары) контурланады. Басқаша айтқанда, геологиялық есептеу блогы ауқымында пайдалы компоненттің мөлшері, дененің қалыңдығы, барлану дәрежесі (барлау торабының жиілігі немесе тығыздығы), жатые жағдайлары, пайдалы қазбаның сорты мен типі, технологиялық қасиеттері, гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлар, орташа тығыздыгы, аршу жағдайлары мен өндіру біршама бірдей болу керек.
Әрбір геологиялық блок ауқымында бастапқы дерек- тер орташа арифметикалық тәсілмен есептеледі, ал оның ауданы планиметрмен немесе палеткамен анықталады. Блоктагы қор (2.1) және (2.2) формулалар бойынша есептеледі. Кенорын бойынша жалпы қор жекелеген блок- тардағы пайдалы қазба (кен) мен пайдалы компоненттер (металдар) қорын жинақтап қосу жолымен анықталады. Ал пайдалы компоненттің орташа мәні (2.2) формула бойынша кері есептеу арқылы шығарылады, яғни:
C=P/Q 100, (2.6)
Қималар тәсілі геологиялық барлау практикасында өте кең қолданылады. Ол іс жүзінде пішіні мен геологиялық қүрылысының күрделілігі эр түрлі кен денелерінің пайдалы қазба қорын жеткілікті қарапайым және дәл есептеуге мүмкіндік береді. Бүл тәсілдің бірнеше түрлес-
тері бар: тік параллель ңималар (2.1-сурет), тік бейпа- раллель ңималар жөне көлбеу параллель қималар.
2.1-сурет. Қималар арқылы қорды есептеу тәсілі (қималардағы кен денесінің ауданы штрихталған)
]
//
2.2-сурет.
Тік параллель қималар тәсілімен қорды
есептеу сызбасы: а - план; б - кен денесінің
созылымы бойынша ңима; -есептеу
блоктарьшың үзыңдығы; 1-3 - ңима сызьщтары
Пайдалы қазбаның ауданы қималарда жоғарыда атал- ған тәсілдердің бірі арқылы анықталады, ал есептеу блогындағы пайдалы қазбаның көлемі төмендегі формула- лардың бірімен есептеледі:
а) призманың |
F=(S; + S2H2/2; |
(2.7) |
б) қиық конустың |
VHS2+S3+S2S3)l3/3; |
(2.8) |
в) сынаның |
V=SM 2; |
(2.9) |
г) конустың |
V=S3IJ 3, |
(2.10) |
мүндағы, Sj, S2, S3 - тиісті қималардағы пайдалы қазбаның ауданы, м2 (2.2-сурет); lv 12,13,14 - қималардың ара қашықтығы немесе қимадан пайдалы қазбаның сына- лану нүктесіне дейінгі қашықтық, м.
Келтірілген (2.7) мен (4.2.8) формула қималар арасында орналасқан блоктар көлемін есептеу үшін (2.2-сурет- тегі 2- және 3-блоктар) қолданылады; (2.7) формула көрші қималардағы пайдалы қазбаның аудандары бір-бірінен 40% -дан артық алшақтамаса (2-блок), ал (2.8) формула - көрші қималардағы аудандардың бір-бірінен алшақтығы 40% -дан асса (3-ші блок). Сынаның формуласы (2.9) пайдалы қазбаның сыналануы сызық түрінде болғанда қолданылады. (2.10) формула шеткі блоктардағы пайдалы қазба денесі нүктеге айналып сыналанғанда жақсы нәтиже береді (4-блок).
Пайдалы қазбаның орташа мөлшері екі немесе үш кезеңде есептеледі. Алдымен орташа арифметикалық тәсілмен металдың үңғымалар (немесе үңғымалар) бойынша мөлшері анықталады. Содан кейін қалыңдыққа орташа салмақтау тәсілімен қимадағы орташа мөлшер есептеледі - (2.5) формула. Үшінші кезеңде аудандық орташа өлшем тәсілімен екі қимаға тірелетін ішкі блок- тар үшін орташа мөлшер есептеледі. Бір қимамен шек- телген шеткі блоктар үшін осы қимадағы орташа мөлшер блок бойынша орташа мөлшер деп қабылданады.
Пайдалы қазба мен пайдалы компоненттердің кенорын бойынша жалпы коры блоктар бойынша қордың қосындысы болып табылады. Кенорын бойынша пайдалы компоненттің орташа мөлшері кері есептеу арқылы (2.6) формула бойынша анықталады.
