Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Payd_kazba.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

I бөлім. Кенорындар және пайдалы қазбалар

1-ТАРАУ

КЕНОРЫНДАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1. Негізгі үғымдар мен аныңтамалар

Пайдалы қазба - экономиканың барлық салаларында пайдаланылатын табиғи минералдық агрегат, одан табиғи түрде немесе алдын ала өңдеу (уату, іріктеу, байыту) жүр- гізілген сон, қажет металдар немесе минералдар айырып алынады. Физикальщ куйі бойынша пайдалы қазбалар газ тәрізді, еүйық және қатты түрлерге бөлінеді. Газ тәріз- ділерге - көмірсутек қүрамды жанғыш газдар мен жан- байтын инертті газдар; сүйықтарға - мүнай, түздық, су; қаттыларға - пайдалы қазбалардың көпшілігі жатып, олар химиялық элементтер немесе олардың қосылыста- ры, сонымен қатар кристалл, минерал және таужыныс- тар түрінде қолданылады.

Өнеркэсіптік пайдаланылуы бойынша пайдалы қаз­балар металл, бейметалл, жанғыш немесе каустобиолит, гидроминералдық жөне газоминералдық түрлерге бөлі­неді.

Қатты пайдалы қазбалардың ең маңызды түріне кен жатады.

Кен (руда) - қүрамындағы қүнды пайдалы компо- ненттердің (металдар, олардың қосылыстары, минерал- дар) мөлшері қазіргі экономиканың, техника мен тех- нологияның ахуалы тиімді айырып алуға мүмкіндік бе- ретін, тиістісалада пайдалануға жеткілікті минералдық шикізат. Алғаш кен термині металл пайдалы қазбалар- ға қолданылған. Бүл термин біздің ежелгісақ бабалары- мыздың кенді ұралап қазып алуына байланысты, яғни үрада деген сөзінен шығуы мүмкін. Қазіргі заманда айы- рып алынатын компоненттің түріне байланысты металл (темір, мыс, қорғасын, мырыш, т.б.) кендербөлінеді. Ал компоненттерінің санына ңарай монометалды (мономи- нералды), биметалды (биминералды) және полиметалды (полиминералды) кен болады.

"Пайдалы қазба" және "кен" деген түсініктердің ма- ғынасы белгілі бір дәрежеде шартты. Олар экономика дамуының тарихи кезеңдердегі эр түрлі минералдық шикізатты түтыну қажеттілігіне сай оларды өндірудің технологиялық мүмкіндіктері мен экономикалық жағ- дайларын, өңделуінің мүмкіндігі өнеркәсіпте пайдала- нылуын көрсетеді.

Мәселен, В.И.Вернадскийдің мәліметтері бойынша, адамзат көне ғасырларда 18 элементті ғана түтынса, XVIII ғ. басталғанда олардың саны -25, XIX ғ. - 47, XX ғ. басында - 54, ал XX ғ. ортасында - 80 химиялық элемент- ке жеткен. Оларға 12 трансурандық элемент (1970 ж. ашылған) кірмейтінін ескеру керек. XX ғасырда пайда­лы қазбаларға калий түздары, уран кені, нефелин, пер­лит, волластонит, т.б. көптеген минералдық шикізат түрлері қосылған. Темірлі кварциттер (1955 жылы олар­ды байыту технологиясы қолданылған соң) мен апатит- магнетит кендері (1930-жылдары томастық тәсіл-мен балқыту енгізілуіне байланысты) да өнеркәсіптік мәнге иеболды. Соңғыжылдары техниканыңжаңасалаларын- да шашыранды металдарға (германий, галий, рений, индий, т.б.) деген қажеттілік артты. Сирекжер элемент- терді айырып алу технологиясын қолдану, оларды ар- найы жоғары сапалы болат пен қорытпалар металлургия- сында қарқынды пайдалануға жол ашты.

Пайдалы қазбалар жер қыртысының белгілі бір бөлік- шелер ауқымында шоғырланады. Олар масштабының кішірею реті бойынша провинцияларға, алқаптарға (бел- деулер, алаптар), аудандарға немесе түйіндерге, алаң- дарға, кенорындарға, кенбілінімдерге және кен денеле- ріне бөлінеді.

Пайдалы қазбалар провинциясы - жер қыртысының ірі бөлікшесі, ол платформа немесе қатпарлы белдем аумағында орналасады. Оның ауқымында өзіне тән ке­норындар болады. Осындай белгісі бойынша Шығыс Еуропа жәнә Сібір платформасы провинциялары деп боледі. Орал (герцинидтер), Кавказ (альпидтер), т.б. да провинциялар бар. Провинциялар, сонымен қатар, ми­нералдық шикізат түрлері бойынша металлогениялық, көмірлі, мүнай-газдыларға бөлінеді. Металлогениялық провинциялар арасында докембрий платформаларының, герцин, мезозой және альпілік қатпарлы белдеулер про­винциялары жіктеледі. Көмірлі провинциялар көмір жиналудың негізгі кезецдері бойынша карбон, пермь, юра, соңғы бор, палеоген-неоген провинцияларына бөлі­неді. Провинциялардың ауданы өте қомақты, жүздеген мыңнан миллиондаган км2 болады.

Пайдалы қазбалар алқабы - провинцияныц бөлігі, қүрамы мен жаралуы бойынша белгілі бір кенорындар жиынтығымен сипатталады. Олар провинцияның геоло­гиялық қүрылысын анықтайтын бір немесе топтанған ірі тектоникалық элементтерінде орналасады. Мүндай қүры- лымдарға платформаларда - қалқандар, антеклизалар мен синеклизалар, қатпарлы алқаптар ауқымында - ан- тиклиорийлер, синклинорийлер, шеткі және тауарлық ойыстар, орталық массивтер жатады. Пайдалы қазба ал- қаптарыныц ауданы ондаган мыңнан жүздеген мың км2- ге дейін өзгереді. Мүндай алқаптар ауқымында орналас- қан кенорындар белдеулік немесе алаптық сипатқа ие.

Пайдалы қазбалар белдеуі - кенорындар сызықтай созылған тектоникалық қүрылымдар ауқымында орна- ласқан алқап. Металлогениялық немесе кенді, мүнай- газды және көміржиналу белдеулеріне бөлінеді. Кенді белдеудің нақты мысалы ретінде Кенді Алтай пол иметал- ды (өлшемі 300x400 км) және Яна-Индигирка-Колыма ал­тын кенді (өлшемі 1000 х (60-100) км) белдеулерін алуға болады.

17

Алап - шөгінді пайдалы қазба қабаттары түтасқа жуық үзіліссіз таралган алқап. Оның ауданы жүздеген шаршы км2-ден мыңдаған шаршы км2-ге дейін. Мүнайдың (Батые Қазақстан, Волга-Орал, Батые Сібір, Днепр-До- недк), көмірдің (Қарағанды, Екібастүз, Торғай, Май- күбі, Донецк, Печора, Кузнецк, Мәскеу), минералдық түздар (Соликамск, Иркутск, Артемовск-Славянский), металл (темір - Кривой Рог, Керчь; марганец - Нико­поль) мен бейметалл алаптары белгілі.

Пайдалы қазбалар ауданы (тцйіні) - алқаптың бөлігі, ол кенорындардың жергілікті шоғырлануымен сипатталады. Кенді аудандар аумагы жүздеген шаршы км2-ден мыңдаған шаршы км2-ге дейін, көміржиналу түйіндері одан да үлкен. Мысал ретінде Шығыс Забай- кальедегі полиметалды кенорындардың 29 түйінін алуға болады. Караганды тас көмір алабы төрт ауданға бөлінеді (шығыстан батысқа қарай): Жогарғы Соқыр, Қараған­ды, Шерубай-Нүра және Тентек.

Пайдалы қазбалар алаңы - жаралуының ортақтығы- мен және геологиялық қүрылымының бірнеше шаршы км2-ден ондаған шаршы км2-ге дейін жететіндігімен сипатталатын кенорындар бірлестігі. Кенді алаңдардың мысалы: Жезқазған, Алмалық, Талнах, т.б. пайдалы қазбалар алаңы кенорындардан, ал кенорындар пайда­лы қазба денелерінен түрады.

Пайдалы қазба кенорны — жер қыртысының геоло­гиялық денелер түріндегі табиғи шоғырланған бөлік- шесі. Кенорындағы минералдық шикізаттың мөлшері мен сапасы экономика мен техниканың қазіргі жағда- йында өнеркөсіптік өндіріс нысаны бола алады. Пайда­лы қазбаның жер қойнауындағы масса немесе көлем бірлігімен өлшенетін мөлшері оның геологиялық қоры деп аталады.

Кенорындарға өнеркөсіп қатаң талаптар қояды, олар пайдалы қазбаларды өндірудің техникалық мүмкіндігімен және экономикалық тиімділігімен анықталады. Жер қой­науындағы пайдалы қазбалардың мөлшері мен сапасына және кенорынның кен-геологияық жағдайларына қойы- латын талаптардың жиынтыгы өнеркәсіптік кондициялар деп аталады. Сонымен, "пайдалы қазбалардың кенорны" деп аталатын түсінік тек қана геологиялық емес, негізінен геологиялық-экономикалық болып шығады.

Пайдалы қазба кенбілімі - жер қыртысындағы өнді- руге жеткіліксіз немесе әлі толық зерттеліп болмаған минералдық шикізат жиынтыгы.

Пайдалы қазба (кен) денесі немесе жатыны деп бар- лық жағынан шектелген минералдық заттар жиынты- і ын айтады. Ол жекелеген қүрылым элементтерінде не­месе олардың комбинацияларында орналасады. Эр ке- норын ауқымында бір немесе бірнеше кен денелері бо­лу ы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]