Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Payd_kazba.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

3.2. Жанғыш қазбалар сапасының, қүрамының және қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері

Көмірдің қүрамы

Петрографиялық қүрамы. Көмірді макроскоппен зерттеу кезінде (негізінен жылтырлығы бойынша) мак- ротиптер немесе литотиптер, сондай-ақ олардың түрлес­тері бөлінеді (3.1-кесте). Бүл үшін көмірдің жекелеген линзалары мен қабатшаларының пішінін, өлшемін және кезектесу сипатын пайдаланады. Олар жылтырлығы, жарықшақтылығы меномырылым бетініңбедері бойын­ша ажыратылады.

Дербес литотипке қалыңдығы 20 мм-ден асатын көмір қабатшалары жатады. Көмірдің белгілі бір литотипке жататындығын анықтаган кезде оның метаморфизм дәре- жесі ескеріледі. Өйткені метаморфизм күшейген сайын көмірдің жылтырлығы да үдайы артады. Қоңыр көмір, тас көмір және антрацит сатысындағы көмірге жататын бірдей литотиптер өздерінің эр түрлі жылтырлығымен сипатталады. Осыған байланысты көмір үлгісінің жыл­тырлығы, яғни оның белгілі бір литотипке жататындығы,

3.1-кесте

Ңабатта көмірдің көзмөлшермен анықталатын қүрамдас бөліктері

Литотип

Литотиптер түрлестерін бвлудің белгілері

Көмір қабаттары бітімі ндегі қатысуы

Жылтыр — кларен Жартылай жылтыр - дюрен- кларен Жартылай күчгірт - кларен дюрен

Күңгірт - дюрен Витрен

Фюзен

Қцрамы кцрделі литотиптер

Біркелкі, монолитті, жер сияқты. Қабаттылықты, линза төрізді- қабаттылықты (жекелеген қабатшалар мен линзалардың қалыңдығы 2 мм), жүқа қабаттылықты (қалыңдығы 2 мм)

Қцрамы қарапайым литотиптер

Монолит, біркелкі Талшық, күйе торізді

Көмір қабаттарын немесе будаларын жасайды; олардың ауқымында көбінесе бір-бірімен кезектесе қабатталады.

Көмір қабаттарында қалыңдығы л 0,1 мм-3 см қабатшалар мен линзалар түрінде көп кездеседі.

Қалыңдығы п 0,1 мм-3 см линзалар, кейде комір қабаттарын жекелеген қабатшалар жасайды

қүрамындағы витрен қабатшасы мен линзасы жылтыр- лығымен салыстыру арқьілы анықталады. Витрен - көмір қүрамындағы біркелкі және ең жылтыр қүрамдас бөлігі. Егер көмірдің жиынтық жылтырлығы витрен жылтыр- лығынан аз өзгеретін болса, онда бүл көмір жылтыр лито- типке - кларенге жатады. Фюзеннің жылтырлығы өте төмен, оған бүл белгісі бойынша көмірдің күңгірт лито- типі - дюрен жақын келеді. Сондықтан көмірді макро­скоп петрографиялық зерттегенде, бірінші кезекте оның қүрамында қарапайым қүрамды литотиптер - витрен мен фюзен болуын анықтайды. Көмірдің жартылай жылтыр және жартылай күңгірт литотиптері - дюрен-кларен мен кларен-дюрен, олар жылтырлығы бойынша кларен мен дюрен арасындағы аралық жағдайда.

321

Көмірдің айтылған петрографиялық қүрамдастары жарықшақтылығы бойынша бір-бірінен айтарлықтай өзгешеленеді. Бүл олардың әркелкі морутығымен және морутықтың метаморфизм үдерісінде өзгеруімен байла­нысты .

21-152

Жаралу жағдайы бойынша көмірде жарықшақтың үш типі бөлінеді (3.2-кесте): Ең қарқынды, яғнижиі жарық- шақтылық витрен мен кларенге тән. Олар, әсіресе, эн­догендік жарықшақтардың жиілігі бойынша күрт ай- рықшаланады. Жарықшақтылықты табиғи немесе кеніш ашылымдарында зерделейді (3.1-сурет).

3.2-кесте

Көмірдегі жарыңшаңтардың жіктелімі

Типі

Үзілу кезіндегі кернеудің сипаты

Жаралуының

негізгі факторлары

Негізгі багыты (қабаттылык бойынша)

Формасы

Бетінің сипаты

Эндогендік

Созылу

Метаморфизм

Перпендикуляр

Параллель

немесе

шеткі

беттері

біріккен

Тегіс, жылтыр, жылыстау байқалмайды

Экзогендік

Сығылу

Тектоника (пликативтік пен дизъюнк-

тивтік

дислокация)

Эр түрлі

Атыз, айғыз,

белесті

сорғалама

немесе

сырғанау

айнасы

түріндегі

жылыстау

байқалады

Гипергендік

Созылу

Сына төрізді

Әркелкі бүдырлы

3.1-сурет. Көмір жарық- шақтылығын шахтада зерделеу (суретте - автор)

Көмірдің көптеген қасиеттері мен сыртқы пішіні оны күрайтын компоненттердің сандық арақатынасына бай­ланысты. Микрокомпонент немесе мацерал деп көмірдің бірдей бастапқы затының үқсас жағдайларда жаралған элементар қүрамдас бөлігін айтады. Микрокомпонент- гер органикалық және бейорганикалық (минералдық) түрлерге бөлінеді. Микроскоп астында олар түсі, шағы- лыстыру қабілеті, сыну көрсеткіштері, қүрылымы мен микробедері бойынша жіктеледі. Зерттеудің түбегей- лілігі мен мақсатына байланысты көмір қүрамында же­келеген микрокомпоненттер немесе олардың топта- ры анықталады.

Жер сияқты қоңыр көмірде, оның витринизаңия үде- рісіне әлі өтпегендігіне байланысты, витриниттің орны- на МЕМСТ 12112-78 бойынша гуминит Н бөлінеді. Гу- минит тобына гумотелинит Ht, гумодетринит Hd және гумоколлинит Hk кіреді. Литотиптердің жуық микро- компоненттік қүрамы 3.3-кестеде берілген.

3.3-кесте

Көмір литотиптерінің микрокомпоненттік қүрамы

Литотип

Мөлшері, %

витринит

инертит, липтинит, пен минералдық кірінділер

Витрен

Жылтыр - кларен

Жартылай жылтыр - дюрен-кларен

Жартылай күңгірт - дюрен-кларен

Күңгірт дюрен

Фюзен

100

>75 60-75 45-60 <45

<25 25 40 40 - 55 >55

100 (инертинит)

Элементтік қүрамы. Көмір химиясында элементтік қүрам деп оның органикалық бөлігіндегі негізгі элемент- тер - көміртек, сутек, оттек, азот пен органикалық кү­кірттің мөлшерін айтады. Бүл элементтер молекулалық қүрамы бойынша күрделі заттар жасап, жанғыш қатты қазба түрлерінің барлығында болады. Бүлардан басқа көмір органикалық массасының қүрамына фосфор мен кейбір сирек элементтер де кіреді, олардың мөлшері проңенттің мыңдық, ал кейде миллиондық бөлігінен ас- пайды.

Тікелей химиялың талдау бойынша көміртектің, су- тектің, азоттың және күкірттің мөлшері анықталады. Көміртек мөлшері әдетте элементтердің айырмасы бо­йынша есептеп шығарылады. Көміртек мөлшері қоңыр көмірден антрацитке қарай 69% -дан 96 % -ға дейін арта- ды. Сутек концентрациясы гумус көмірде 1,3-6,5 % ара­лығында өзгереді: қоңыр көмірде - 4-6,5 % тас көмірде - 3,5-6 %; антраңитте - 1,3-3 % болып, олардың петрогра- фиялық қүрамына айтарлықтай байланысты болады: лип- тиниттің мөлшері өскен сайын артса, фюзинит түрлесте- рінде азаяды. Сутек концентраңиясының максимумы (7,5-10,5% -ға дейін) сапропель көмірде байқалады.

Көмірдегі оттектің мөлшері мынандай (%): қоңыр көмірде - 20-30; тас көмірде - 2-18; антрацитте - 0,1-2. Азот концентрациясы гумус көмірде 0,3-3% аралығында өзгереді. Оның максимум мәні пермь көмірінде болады (Кузнецк, Тунгус, Минусинск, Таймыр және Печора алап- тары) - ол карбон көмірлері (Донецк, Қарағанды алапта- ры, т.б.) мен юра (Майкөбен, Иркутск,Оңтүстік Саха мен Канск-Ачинск алаптары) көміріндегіден 2 есе көп.

Күкірт қазба көмірде үш типті қосылыстарда - суль- фидтерде (негізінен пирит), органикалық заттар (меркоп- тан, тиофен, т.б.) мен сульфаттарда кездеседі. Оның мөлшері көмірде бейорганикалық жөне органикалық қосылыстар формасындакең ауқымда өзгереді. ТМД-ның еуропалық бөлігінде орналасқан алаптардың көмірі жо­ғары күкірттілігімен (>1,5%) ерекшеленеді. Атап айт- қанда, жекелеген алаптар көміріндегі күкірт мөлшері мынадай шамада өзгереді (%): Қарағанды -1,5-2,5; Днеп­ропетровск - 3,5-5; Донецк - 1,5-4,5; Львов-Волынск - 2,5-4,5; Кизелевск - 5-7,5; Подмосковье - 3-7,8. Аз күкірттіге (<1 %) Канск-Ачинск, Кузнецк және Оңтүстік Саха алаптарының көп бөлігі жатады.

Күкіртті көмірді энергетикалық мақсатқа пайдалан- ғанда күкірт (сульфаттан басқалары) S02 түрінде түтін газдарымен шығып, атмосфераны ластайды, сондай-ақ қазандықтар, мүржалар мен аппаратураларды коррозияға үшыратады. Кокстеген кезде көмірдің едәуір бөлігі көмірден кокске өтеді де оның сапасын айтарлыңтай төмендетеді.

Фосфор көмірдегі күкірт сияқты зиянды қоспаға жа­тады. Оның концентрациясы проценттің жүздік бөлікте- рінен сирек асадЫ, бірақ кейбір жағдайларда оның мөлшері 0,02 % болғанның өзінде, көмір металлургия­лық кокстің айрықша сорттарын алу үшін қолдануга келмейді деп саналады. Донбасс көмірінің қүрамында фосфордың мөлшері <0,01 %, Кузбаста - 0,02 %-ға дейін, ал Қарагандыда - >0,02 % (0,11%-ға дейін), кө- мірді кокстегенде фосфор кокстің қүрамына өтіп, домна үдерісінде ол металға өтеді де, оның морутығына (сал- қын күйде сынғыштыгына) әкеледі.

Топтық қүрамы. Қазба көмір қүрамында көбінесе мынадай заттардың тобы - битумдер, гумин қышқыл- дары, фульвоқышқылдар (оның ішінде гиматомелань- дар) және көмірдің қүрамынан битум мен гумин қыш- қылдарын айырып алған соң қалатын өнім - қалдық көмір бөлінеді.

Көмірдің физикалық және механикалық қасиеттері

Көмір метаморфизмінің қүрамы мен дәрежесінің күрделілігін бөлек багалауга жол ашатын петрология әдістерін кең қолдану, зертханалық зерттеу өдістері бо­йынша оның эр түрлі қасиеттерін болжауга үлкен мүм- кіндіктер берді. Көмірпетрографиялық әдістер көмірдің физикалық-механикалық және химиялық-технология- лық қасиеттері мен оның петрографиялық қүрамы, мета­морфизм дәрежесі, тотықсыздануы арасында тығыз бай- ланыс бар екенін айқындады. Көмірдің петрографиялық қүрамы мен метаморфизмінің дәрежесін сандық әдістер қолданып сипаттау нәтижесінде бүл айтылғандар нақты- ланды. Осыған байланысты көмірдің белгілі бір қасиет­терін анықтайтын себептерді түсінумен қатар, кейбір жағ­дайларда бүл қасиетті сенімді болжауға да мүмкіндік туды.

Оптикалық қасиеттері. Көмірдің негізгі оптикалық көрсеткішіне витриниттің шағылыстырғыштық қабілеті жатады, ол көмір метаморфизмін бағалауға кең ңолдану тапты. Витриниттің шағылыстыру қабілетінің сандың мәні (й0, %) жылтырланған беттен шағылысңан жарық қарңындылығының оған тік түскен жарыққа қатынасы- мен анықталады. Бүл көрсеткіш көмірдің эр түрлі мик- рокомпоненттерінде бірдей емес. Осыған байланысты ол көмірді микроскоп астындаанықтағанда басты көрсеткіш ретінде қарастырылады. R0 көрсеткішінің ең үлкен мәні инертинит тобындағы микрокомпоненттерге, ал ең кіші мәні - липтиниттерге тән.

Витринит аралық орынға ие болады. Оның шағылыс- тырғыштық қабілеті қазіргі кезде көмір метаморфизмнің ең сенімді көрсеткіші саналады. Витриниттің иммерсия- лық майда (R0) немесе ауада (RJ анықталған шағылысты­ру қабілетінің көрсеткіші бойынша көмір метамор- физмнің шкаласы жасалған (3.4-кесте).

Физикалық-механикалық қасиеттері. Бүл қасиеттер- ге көмірдің беріктігі, жарықшақтылығы, метансыйым- дылығы, қопарылу қауіптілігі жатады. Олар басқа фак- торлармен қатар (қалыңдығы, көмір қабаттарының еңістік бүрышы, т.б.) кен кәсіпорындарын түрғызудың және қондырғылар мен өндіріс машиналарын таңдау- дың негізгі жобалық көрсеткіштерін анықтайды.

3.4-кесте

Көміржаралу үдерісінің эр түрлі сатысындағы

витриниттің шағылыстыру қабілеті

Көмір

Саты

По, %

10 Ra, шартты бірлік

Қоңыр

О!

<0,26

<58

02

0,26-0,41

58-66

Оз

0,42-0,52

-

Тас

I

0,5-0,64

70-76

II

0,65-0,84

77-82

ІІэ-Ш

0,85-0,99

83-86

III

1-1,14

87-90

IV

1,15-1,49

91-97

IV-V

1,5-1,74

96-102

V

1,75-1,99

103-107

VI

2-2,47

108-115

Антрацит

VI-VIII

2,48-3,49

116-130

VIII-IX

3,5-4,7

131-145

ІХ-Х

>4,7

>145


Механикалың беріктігі көмірдің соққыға және желі- нуге ңарсы тұру ңабілеті ретінде ңарастырылады. Ол көмірді газға айналдыруға, электрод пен қүю өндірісіне қажет термоантрацит алуға жарамдылығын бағалауға үлкен мәнге ие. Беріктігі мен жарыңшаңтылығына өндірілген көмірдің гранулометриялың қүрамы байла­нысты болады. Бүл көрсеткішті білу тасымалдау сызба- сын және түрлерін таңдауға, шахта, карьер және байы­ту фабрикаларының технологиялық типі мен санын, сон­дай-ақ отынды шығару мен сорттарының көрсеткіштері бойынша жоспарлауға қажет. Қабаттағы көмірдің берік - тігіне шахтада газ бен тозаңның күрт бөлініп шығып, қопарылу қүбылысы да байланысты. Қабаттағы көмірдің беріктігі 1,96 шартты бірлік шамасынан артқанда (М.М.Протодьяконов межелігі бойынша) қабатты қопа- рылысқа жатпайды деп қарастыруға болады.

Тозаң түрінде жағуға арналған көмір үшін оның үнтақталғыштық қасиеті маңызды мәнге ие болып, ол үнтақтауға кететін энергия мөлшерімен бағаланады.

Көмірдің механикалық беріктігі көбінесе оның қатты- лығы бойынша бағаланды. Көмірдің минералогиялық қаттылығы Мосс межелігі бойынша 1-ден 5-ке дейін өзге­реді. Витриниттің қаттылығы қоңыр көмірде 2-ден аспа- са, антрицитте 4-ке дейін жетеді. Жекелеген микроком- поненттердің микроқаттылығы ауқымды өзгереді, ол көмір метаморфизмінде де айтарлықтай өзгереді. Витри­ниттің микроқаттылығы қоңыр көмірде 100-200 Н/мм2, тас көмірде 300-500 Н/мм2, ал антрицитте - 2000 Н/мм2- ге дейін. Тас көмірдегі липтиниттің микроқаттылығы 250 Н/мм2, ал инертиниттің - 500-1500 Н/мм2 шамасын­да болады.

Тығыздық d - көмірдің кеуектері мен жарықшақта- рын есептемегендегі көлем бірлігінің массасы (кг/м3, г/см3). Көмірдің тығыздығы метаморфизм үдерісінде ал- ғашында біртіндеп төмендеп, көмірдегі көміртек мөлшері 85-87 % шамасында болғанда минимал мәнге жетеді (1,25- 1,28 г/см3). Содан кейін біртіндеп артып, антрацитте мак- симумына жетеді (1,5-1,8 г/см3). Көмірдің қүрамында минералдық қоспалардың мөлшері артқан сайын оның тығыздығы орташа алғанда күлділіктің эр процентіне шамамен 0,1%-ға артады. Тас көмір қүрамындағы пет- рографиялық микрокомпоненттер арасында ең тығызы инертинит (d = 1,48-1,5 г/см3), ал ең жеңілі липтинит (1,12-1,18 г/см3) болады.

Көмірдің тотығуға және өз бетінше түтануға бейімдігі оның заттық қүрамымен байланысы. Ашық тәсілмен өндіргенде шахта кентіріктерінде, тасымалдау мен қой- мада сақтау кезінде көмір кейде өз бетінше түтанып жана бастайды. Сонымен қатар, тотыққан кезде көмірдің тех- нологиялық қасиеттері өзгеріп, тіпті оның кейбір багыт- тары да пайдалануға жарамдылығын (мысалы, кокстеу- ге) толық жоғалтуға дейін барады. Көмірдің түтануына сондай-ақ оның метаморфизм дәрежесі де үлкен ықпал жасайды. Жалпы алғанда, көмір метаморфизм сатысы төмен болған сайын, оның өз бетінше түтану қабілеті арта береді. Метаморфизмнің эр түрлі сатысы мен өз бетінше түтануы бойынша эр түрлі көмірдің петрографиялық қүрамын зерттеу көрсеткендей, оның қүрамында инер­тинит мөлшері артқан сайын өз бетінше түтану қабілеті де жоғарылайды.

Шахтаның өртқауіптілігін олардың кен-геологиялық факторларға байланысты бағалау үшін Г.Е.Иванченко мен т.б. Қарағанды шахталарында болған эндогендік өрттер туралы статистикалық деректерді қарастырған. Шахтаның өртқауіптілігінің көрсеткіші ретінде олар осы шахтаны пайдалану кезеңінде орын алған өрттің жиілігін (Q) алған. Зерттеу көрсеткендей, барлық қарас- тырылған факторлар ішінде ең үлкен ықпал жасайты- ны - көмірдегі фюзиниттің (инертиниттің) мөлшері екен:

Q = H(AF2 + B), (3.1)

мүндағы, Н - көмір қабатының қалыңдығы, м; Ғ - фю­зиниттің (инертиниттің) мөлшері (көлемі бойынша), %; А мен В теңдеудің түрақтылары, олар Караганды ала- бында мынадай мәндерге ие: А = 0,44; В = 0,0147.

Көмір қабаттарының өртқауіптілігі оларды қүрайтын көмірдің өз бетінше түтану қабілетіне байланысты екені даусыз. Көмірдің өз бетінше түтануына бейімділігі Мак- ҒЗИ өдістемесі бойынша зертханалық зерттеулер арқы­лы газдық сипаттамасын (S) білу жолымен анықталады. Г.Н.Крикуновтың Қарағанды алабында жүргізген жүмыс- тары көмірдегі инертиниттің (фюзинит) мөлшерімен газ- дың сипаттамасы S арасындағы анықталған байланыс тура сызық теңдеуі бойынша бейнеленеді:

S = 4,73 +0,73 Ғ, (3.2)

Көмірдің петрографиялық қүрамы, сондай-ақ сіңіріл- ген оттек пен көмір тотыққанда бөлінетін (t = 200°С кезін­де) көмірқышқыл газдың СО 2 мен СО мөлшеріне эсер етеді.

Жанғыш қатты қазбаларды техникалық талдау

Техникалық талдауға көмір мен жанғыш тақтатастың күлділігін, ылғалдың, күкірт пен фосфордың мөлшерін, үшпа заттардың шығымын, қызу бөлгіштігін, бірік- кіштігін, кокстелгіштігін және сапасы мен технология­лық қасиеттерінің кейбір басқа сипаттамаларын анық- тауға арналған әдістерді біріктіреді. Бірқатар жағдайлар- да, көмірдің өнеркәсіпте пайдалану бағыты белгілі бол- ған кезде, жартылай техникалық талдау жүргізіледі, яғни көмірдің ылғалдылығы мен күлділігі ғана анықталады.

Ылғалдылық. Көмірде ылғалдың бірнеше түрлестері бөлінеді: беткі, жалпы (ішкі ылғал мен ауа-қүрғақ көмір ылғалынан түрады), пирогенетикалық және гидраттық.

Беткі ылғал көмірді өндірген кезде уатылған бөлшек- тердің сыртқы бетінде болып, оны сақтағанда және та- сымалдағанда еркін шығып кетеді.

Жалпы ылғал көмірді 105-110°С температурада түрақ- ты массаға дейін кептірген кезде бөлініп шығады. Сырт- қы ылғал жалпы ылғалдың уатылған көмірді зертхана­лық жағдайларда ауа-қүрғақ жағдайға дейін кептірген- де буланып кететін бөлігі, ал ауа-қүрғақ көмір ылгалы - көмірді ауадағы қүрғақ күйге жеткізгенде оның қүра­мында қалатын бөлігі.

Пирогенетикалық ылғал көмірді қүрайтын органика­лық заттардың термикалық деструкциялануы (қүры- лымсыздануы) кезінде жаралады.

Гидраттық ылғал - минералдық қоспалар қүрамына кіретін ылғал.

Жүмыстық массадағы жалпы ылғал W көмір сапасы көрсеткішінің негізгілерінің бірі саналады. Жер тәрізді қоңыр көмірде оның массалық үлесі 60% -ға жетеді, ты­ғыз қоңыр көмірде - 16%-ға дейін төмендейді, тас көмірде 4-6% болса, ал антраңиттебіршама жоғарылап, 5-8%-ға дейін жетеді.

Сыртқы ылғал көмірді вагондарда қыс кезінде тасы- малдағанда (оның көмірдегі мөлшері 5%-дан асса) мүздап, қатып қалуына себеп болады. Сондай-ақ, ол бун- кердегі көмірдің жабысып қалуына және ірілігі бойын­ша жіктелген көмір үсағының нығыздалуына әкеледі. Жоғары ылғалдық көмірдің жылутехникалық және тех- нологиялық қасиеттерін нашарлатады.

Күлділік - отынның жанғыш бөлігі жанып кеткеннен кейін және үшпа қосылыстар шығып кеткен соң қала­тын жанбайтын қалдығы (күлі). Жанбайтын қалдық (күл) отынның минералдық қүрамдастарының қыздыры- луы мен толық тотығуы нәтижесінде, ал кейде олардың органикалық қосылыстар қүрамына кіретін элемент- тердің тотығуынан жаралады. Көмірдің ішкі және сырт­қы күлі бөлінеді.

Ішкі күл органикалық затпен химиялық байланысқан күл жасаушы компоненттерден немесе көмірдің органи­калық затында майда дисперсиялық күйде болатын мине­ралдық қалдықтар дан қалыптасады. Сыртқы күл көмір қабаттарындағы ірілеу минералдық кірінділерден, соны­мен қатар қабатшалар түріндегі және көмір қабаттарын сыйыстыратын таужыныстардан пайда болады. Бүл таужы­ныстар өндірілген көмірге қосылып кетеді. Ішкі күлдің мөлшері Донбастың ең таза көмір түрлестерінде 1,2-7,5 %,

Кузбаста - 1,9-5,9 %, Қарағанды алабында - 3,4-9,2 % бо­лады. Сырткы күлділік көмірде п • 10 % -ға жетеді.

Көмірде күлділіктің артуы оның жылу бөлгіштік осерін төмендетеді, оны өңдеудің тиімділігіне, атап айт- қанда, кокстеу технологиясы мен кокстің сапасына теріс ықпал етеді.

Үшпа заттардың шығымы. Пиролиз (термикалық ыдырау) кезінде көмірден үшпа заттар бөлініп шығады және қатты көміртекті қалдық жаралады. Үшиа заттар сүйық өнімдер буынан түрады, ол бөлме температурасы- на дейін салқындағанда конденсацияланады жөне газ- дардан - СО, С02, шекті жөне шексіз көмірсутектерден (негізінен CHJ түрады. Үшпа заттардың шығымы - өте маңызды сипаттама, ол ежелден көмірдің өнеркәсіптік жіктелімінің негізгі параметрлерінің бірі - көмірдің химиялық кемелденгендігінің көрсеткіші ретінде пай­даланылады.

Үшпа заттардың шығымы антраңитте 10%-ға дейін, қоңыр көмірде 40% -дан асса, ал тас көмір үшін 10-50% аралығында өзгереді. Бүл көрсеткіш көмірдің петрогра­фиялық қүрамына байланысты. Жалпы жағдайда ең көп үшпа заттар шығымы липтинит тобындағы микроком- ионенттерге тән, ал ең азы — инертинитте.

Қызу бөлгіштік. Меншікті қызу бөлгіштік жанғыш қатты қазбалардың ең маңызды сипаттамаларының бірі саналады. Ол жылутехникалық есептеулерде, эр түрлі кенорындар көмірінің жылутехникалық қасиеттерін салыстыруға, өзара және отынның басқа түрлерімен са- лыстыруға, қоңыр және тас көмірді ажыратуға және олардың тотыққандығын анықтауға қолданылады. Бүл көрсеткіш көмір метаморфизмі кезінде өзгереді (3.5- кесте).

Біріккіштік - уатылған тас көмірді ауасыз ортада қыздырғанда оның пластикалық күйге өтіп, кеуек мо­нолит жасау қабілеті. Көмірдің біріккіштігін метамор­физмінің I жәнә II сатылары шекарасында білінеді, ал III сатысында максимумға жетіп, VI сатысында жойы- лады. Газды, қоңды, кокстелетін, жүтаң кокстелетін

3.5-кесте

Метаморфизмнің эр түрлі сатысындағы гумус көмірдің элементтік қүрамы мен еқ жоғарғы меншікті жылу бөлгіштігінің өзгеруі

Метаморфизм сатысы

Cdaf,%

Hdaf,%

Qdaf,%

Ndaf, %

Qdaf, МДж/кг

О,

63-71

4.4-6.3

20-28

0.7-1

25.3-28.9

ог

65-76

4.1-5.3

17-24

01-1.2

25.5-29.7

03

68-77

4.0-5.8

16-22

1-1.4

27.6 32.6

I

74-60

5.1-5.7

12-16

1-2.5

30.6-33.5

II

79-83

5.2-5.9

8-12

1.3-2. 5

32.2-34.7

III

83-87

5-5.6

5-9

1.1-2. 5

34.5-35.8

IV

87-90

4.7-5.1

3-6

1.1-2.5

34.7-36.8

V

89-91

4.2-4.8

2.5-3

1.1-2.5

35.4-36.6

VI

90-92

3.7-4.4

2-3

1-2.5

34.5-36.2

VII VIII

90-95

1.8-3.7

1-2

1-1.5

35.1-35.6

ІХ-Х

94-97

1-2

<1

<1

33.5-33.9

және жүтаң бірігетін көмірдің беріккіштік қабілеті бар (қоңыр, үзын жалынды, жүтаң көмір мен антрицит бірікпейді), ал көмір қүрамындағы микрокомпоненттер- ден - витринит, липтинит және жартылай семивиринит осындай қасиетке ие. Көмірдің біріккіштігі оның кокс- химиялық өнеркәсіпте пайдалану мүмкіндігін анықтай­тын негізгі көрсеткіш болып табылады.

Біріккіштік туралы алғашқы үғымды үшпайтын кокс қалдығы - тигльде үшпа заттар шығымын анықтаған кезде қалған балқыманың сипатын бере алады. Сыртқы түрі мен беріктігі бойынша үнтақ тәрізді, жабысқан (жай- лап басқанда үнтаққа айналады), нашар біріккен (саусақ- пен жайлап қысқанда жеке кесектерге сынады), балқы- май біріккен (жекелеген кесектарге сындыру үшін біршама күш жүмсау керек), күмпимей балқып біріккен (беті күмісше жылтыраған жалпақ) ЖӘНӨ күмпие балқып біріккен (беті күміс металша жылтыраған күмпиген үшпайтын қалдық) балқымалар түрі ажыратылады.

Беріккіштікті сандық түрғыдан бағалау үшін ең көп таралғаны - JI.M. Сапожниковтың пластометриялық әдісі. Бүл әдістің мәнісі пластометриялық аппаратта, МЕМСТ 1186-87 қарастырылған жағдайларда мынадай сандық мәндерді анықтауға сай келеді:

  1. отыруы (семуі) - х;

  2. көмір көлемінің оның жартылай кокстен кокске өткенде ақырғы кішіреюі және пластикалық ңабаттың қалыңдығы - у;

  3. көмір пластикалық күйде болатын қатты фазалар (өз- гермеген көмір және жартылай кокс) шекаралары ара­сындағы максимал қашықтығы.

Кокстелгіштік - көмір түйірлері қоспасының даяр- лау мен кокстеудің берілген жағдайларында ірілігі мен беріктігі қажет мөлшердегі қатты көміртекті қалдық (кокс) жасау қабілеті.

Кокстелгіштік тура және жанама өдістермен бағала- нады. Тура әдістер сыналатын көмірді немесе көмір қос- пасы (шихтаны) зертханалық немесе жартылай зауыт жағдайларында кокстеп, ары қарай алынған кокстің фи- зикалық-механикалық қасиеттерін зерттеуді қарастыра- ды. Зертханалық жағдайларда массасы 3 кг (МЕМСТ 9251- 74), ал жартылай зауыт жағдайларында массасы 50 кг (тәжірибелік кокстеу кокс пешінде орнатылған металл жөшікте жүргізіледі) немесе 200-300 кг (шағын кокс пеш- тері) сынамаларда жүргізіледі. Тәжірибелік кокстеу ке­зінде кокстің физикалық-механикалық қасиеттері оны үлкен немесе барабандарда мемлекеттік стандарттар та- лабына сай сынау жолымен анықталады. Бүл сынауда екі сипаттама анықталады - М40 кокстің уатылғыштығы және М10 кокстің желінгіштігі. Коксті үлкен (Сундгрен) барабанында сынаған кезде оның 150 айналудан кейінгі қалдығы және опырымдағы үсақтық (<10 мм) мөлшері анықталады.

Көмірдің байытылғыштығы оның гранулометриялық және фракңиялық қүрамын зерттеу негізінде анықта­лады.

Түйірөлшемдік қүрамын анықтағанда көмірді дөңге- лектесіктерініңдиаметрі 150,100 және50 мм, ал квадрат тесіктерінің өлшемі 25x25,6x6,1x1 және 0,5x0,5 мм еле- уіштерден елеп өткізеді. Фракңиялық талдау көмір сы- намасын тығыздығы 1,3,1,4,1,5,1,6 және 1,8 г/см3 фрак- ңиялық ауыр сүйықтарда жекелеген кластарға бөлу ар- қылы жүргізіледі. Бөлшектердің ірілігі 1 мм-ден кіші көмірдің фракциялық талдануы центрифугалау әдісімен жүргізіледі. Фракциялық талдау нәтижелері бойынша көмірдің жекелеген фракцияларының шығымы мен олар­дың сапасы анықталады. Көмірдің байытылғыштық дәре- жесін шартты түрде тыгыздыгы 1,4-1,8 г/см3 ортаңғы (аралық) фракциялардың жиынтық шыгымын оның тау- жыныссыз массага (тыгыздыгы 1,8 г/см3-ке дейін) қаты- насын процентпен өрнектеп анықтайды.

Байытылғыштық категориялары өр түрлі көмір өзінің аралық фракцияларының мынадай шығымымен сипат- талады: жеңіл байытылатын - <4%; орташа - 4-10%; қиын - 10-17% және өте қиын - >17%.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]