Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Payd_kazba.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

IV бөлім. Пайдалы қазба кенорындарын барлау және геологиялық-өнеркәсіптік бағалау

1-ТАРАУ

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ГЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ

ЖҮЙЕСІ

1.1. Жалпы мәліметтер

Жер қойнауын геологиялық зерттеу рет-ретімен және жоспарлы түрде жүргізіліп, қойнау туралы қажет гео­логиялық ақпарат алуды ғана емес, сондай-ақ пайдалы қазбаның өнеркәсіптік шогырларын дер кезінде анық- тап, бейөнеркәсіптік шоғырларды сүрыптауды да қам­тамасыз ету керек. Жер қойнауын геологиялық зерттеу- дің жалпы жүйесінде мынадай негізгі төрт кезеңді бөлу- ге болады: аумақты геологиялық картаға түсіру; пайда­лы қазбаларды іздеу; кенорындарды барлау және игеру (өндіру).

Геологиялық зерттеу кезеңдері бірнеше сатылар реті- нен түрады:

    1. Қазақстан аумағын аймақтық геологиялық зерт­теу, ол өз кезегінде екі сатыға бөлінеді: а) масштабы 1:1 ООО 000-1:500 000 аймақтық геологиялық-геофи- зикалық зерттеулер; ә) масштабы 1:200 000 (1:100 000) аймақтық геофизикалық, геологиялық түсіру, гидрогео­логиялық және инженерлік-геологиялық жүмыстар;

    2. масштабы 1:50 000 (1:25 000) түбегейлі геология­лық түсіру жүмыстары мен жалпы іздеу;

    3. іздеу жүмыстары; /

    4. іздеу-бағалау жүмыстары; '■ ' -

    5. алдына ала барлау; / • -

    6. түбегейлі барлау;

    7. кенорындарды жете барлау:

а - өнеркәсіптік игерілмегендерді;

ә - өндірістегілерді;

    1. өндірістік барлау.

Жер қойнауын геологиялық зерттеудің эр сатысын­да оны геологиялық-өнеркәсіптік багалау да қоса жүргізіледі. Оның мақсаты - жер қыртысының пайда­лы минералдану шогырлары болуы мүмкін немесе кеніш қүрылысын жүргізуге болатын бөлікшесінің нақты не­месе ықтимал мәнділігін анықтау. Осы мақсатта таужы­ныстар мен пайдалы қазбалардың қүрамы мен қүрылы­сы, жатые жағдайлары, тектоникалық бүзылғандығы- ның дәрежесі мен сипаты, кенорынның гидрогеология­лық және инженерлік-геологиялық сипаттамасы, аудан­ның географиялық-экономикалық жағдайлары, т.б.

Геологиялық-өнеркәсіптік бағалау, геологиялық зерт­теу сияқты үдайы жүретін үдеріс. Оның мәнісі әрбір жаңа ашылымның, үңғыманың сипаттамасы, сынаманы зерт­теу нәтижесі ары қарай да ескеріле отырып, осы дерек- тер бойынша қажетіне қарай өнеркөсіптік игерудің бар­лық сатыларында тиісінше түзету енгізіліп отырылуын- да.

Сонымен, жер қойнауын геологиялық-өнеркәсіптік бағалау үшін қажет геологиялық ақпаратты оны иге­рудің кеніш жобалауға дейінгі кезеңдерінде, яғни ке- шенді геологиялық түсіру, дәлдік дәрежесі эр түрлі іздеу мен барлау нәтижесінде, ал кейінгі кезеңдерінде - жете барлау (кен алаңы ауқымындағы барлау), өндірістік бар­лау мен кен-өндіріс жүмыстарын геологиялық қамсыз- дандыру деректері бойынша алады.

1.2. Қатты пайдалы қазба кенорындарының қоры мен болжамдық ресурстарының жіктелімі

Кенорындар қоры мен қатты пайдалы қазбалардың болжамдық ресурсының бекітілген жіктелімінде Қазақ­стан бойынша болжамдық ресурстарды бағалаудың, қорды зерттелгендік дәрежесі мен экономикалық мәні бойынша есептеу мен мемлекеттік есепке алудың, со­нымен қатар кенорындарды өнеркәсіптік игеруге даяр- ланғандығын анықтау жағдайларының бірегей прин- циптері белгіленген.

Қор мен болжамдық ресурс деп кенорын (кенбілінім) немесе оныңбөлікшесі ауқымындағы пайдалы қазбалар мен пайдалы компоненттер мөлшерін айтады. Олар жер қойнауында анықталады да пайдалы қазбаны өндіру, тасымалдау, байыту мен өңдеу кезіндегі ысырабының мөлшерін ескермейді. Қүрылыс материалдарының қорын есептеу (болжамдық ресурстарды бағалау) көлем бірлігінде, басқа пайдалы қазбалар - массасы бойынша жүргізіледі.

Экономикалық мәні бойынша қордың екі тобы бө­лінеді: баланстық және тысбаланстық.

Баланстыққа қабылданған (бекітілген) кондицияларға сай қазіргі немесе игеріле бастаған техника мен техно­логия бойынша жер қойнауын тиімді пайдалану мен қорғау талаптарын сақтай отырып пайдаланылуы эко­номикалық түрғыдан үтымды қор жатады.

Тысбаланстық деп саналатындарға қазіргі кезде пай­даланылуы экономикалық түрғыдан тиімсіз немесе қазіргі техника мен технология бойынша мүмкін емес, бірақ алдағы уақытта баланыстыққа өтуі ықтимал қор саналады. Қордың бүл тобы оны жер қойнауында сақтау- дың мүмкіндігі дәлелденгенде немесе жер қойнауынан баланстық қорға ілеспе түрінде айырып алу тиімді және қоймаларда (үйінділерге) сақтауға болатын жағдайлар­да ғана есептеліп, ескеріледі.

Тысбаланстық топқа эр түрлі себептер бойынша мы­надай қор жатқызылуы мүмкін: пайдалы қазба немесе пайдалы компонент мөлшерінің саны аз; оның қүрамын- дағы пайдалы компоненттің мөлшері аз, ал зиянды қос- палардың мөлшері жоғары; пайдалы қазбаның қалың­дығы аз; өндіру жағдайлары өте күрделі (мысалы, сулы- лық аномал жоғары, тектоникалық бүзылғандығы өте күрделі, т.б.) болуына байланысты. Осыған байланысты өндірілетін кеннің қүнын арттыруға әкелетін байыту- дың немесе өңдеудің қымбат та күрделі сүлбасын қолда­ну қажеттігі туындайды.

Зерттелгендік дөрежесіне байланысты кенорындар­дың тиісті бөлікшелерінде пайдалы қазба қорының төрт санаты (категория) бөлінеді: А, В, С ЖӘНӨ С . Олардың ішінде А, В және С1 санатты қор барланған, ал С2 санат- ты қор алдын ала бағаланған деп аталады. Қорды тиісті бір санатқа жатқызу үшін пайдалы қазбаның эр түрлі дөлдік дәрежесіндегі кеңіетік-морфологиялық ерекше- ліктері (1.1-кесте, 1-6-шы көрсеткіштер), сапалық си- паттамалары (7-10-шы көрсеткіштер), кен-техникалық жағдайлар (11-ші көрсеткіш) зерттеледі. Осы 1.1-кесте- дегі көрсеткіштермен қатар, қордың белгілі бір санатқа жататындығын анықтау үшін пайдалы қазбаның техно­логиялық қасиеттерін мынадай дәрежеде зерттеу қажет: А санаты үшін - технологиялық сүлба жобасын жасауға; В санаты үшін - принциптік технологиялық сызбаны таңдауға; Cj мен С2 санаттары үшін - пайдалы қазбаның өнеркәсіптік қүндылығын негіздеуге жеткілікті.

Сонымен, қордың санаты пайдалы қазба мөлшерін анықтаудың дәлдігін ғана емес, оны өндіретін кенорын бөлікшесінің геологиялық және кен-техникалық ерек- шеліктері зерттелуінің толықтыгы мен ақиқаттылығын сипаттайды (1.1 ЖӘНӨ 1.2-суреттер).

Болжамдық ресурс әдетте жер қойнауын геологиялық зерттеудің бастапқы сатыларында бағаланады. Жүргізіл- ген зерттеулердің нақтыланғандығына және алынған де- ректердің анықтылығына байланысты болжамдық ресурс- тардың үш санаты бөлінеді: Р^, Р2 және Рг

Р санатты болжамдық ресурс көбінесе өндірістегі кенорындардың шеттерінде бағаланып, С2 санатты қор контурларынан тыс алаңдарды барлауды кеңейту арқы- лы қорды толыңтыру мүмкіндігін қарастырады. Бүл са- натты ресурстар геологиялық, геофизикалық және гео- химиялық зерттеулер негізінде жүргізілген іздеу-бар- лау жүмыстарының нәтижесі бойынша, пайдалы қазба мөлшері мен сапасын геологиялық әкстраполяциялау деректері бойынша, сонымен қатар кендену шоғырла- нуының литологиялық, стратиграфиялық және қүры­лымдық сілтемелерін ескере отырып есептеледі.

Рг санатты болжамдық ресурс ірі масштабты геология­лық түсіру кезінде анықталған пайдалы минералдану білінімдері, сонымен қатар табиғаты жекелеген үңғыма- лар бойынша зерттелген геофизикалық және геохимия- лық ауытқулар негізінде жаңа кенорындар ашу мүмкін­дігін сипаттайды. Р2 санатты ресурсты болжамдық сан­дық бағалау белгілі кенорындардағы сияқты алдын ала қарастырылған параметрлер бойынша жүргізіледі.

Р3 санатты болжамдық ресурс геологиялық түсіру ке­зінде анықталған стратиграфиялық, литологиялық және тектоникалық сілтемелер негізінде жаңа өнеркәсіптік кенорындар болудың әлеуеттік мүмкіндігін бағалауға негізделеді. Бүл санатты болжамдық ресурстарды сандық бағалау белгілі өнімді аудандар мен аймақтарға таралған пайдалы қазбалардағы сияқты ықтимал параметрлер бо­йынша жүргізіледі.

Қордың жіктелімінде пайдалы қазбалардың барлық кенорындары геологиялық қүрылысының күрделілігі, сапасының өзгергіштігі және кен денелерінің жатые жағдайлары бойынша төрт топқа біріктіріледі.

1.1-кесте

Эр түрлі санатты қордың қажет дәрежеде зерттелгендігінің сипаттамасы

Зерттейтін факторлар мен көрсеткіштер

Қордыһ категориясы

А

В

С,

Сг

1. Кен денелерінің көрсеткіштері«

Толық нақтыланған

Толық нақтыланған

Айқындалған

Геологиялық және геофизика- лық деректері бойынша бағаланған және жекеле­ген кен үңгімелерімен айғақталған

2. Кен денелерінің пішіні

Толық нақтыланған

Негізгі ерекшеліктері нақтыланған

Айқындалған

3. Жатые элементтері

Толық нақтыланған

Негізгі ерекшеліктері нақтыланған

Негізгі ерекшеліктері нақтыланған

4. Денелердің ішкі қүрылысы мен

морфологиясы өзгергіштігінің сипаты жөне заңдылығы

Бөлінген және контурланган

Орналасу заңдылықтары нақтыланған

Негізгі ерекшеліктері нақтыланған

5. Пайдалы

ңазбалар денелерінің ішіндегі кенсіз жөне бейкондицияльщ бөлікшелері

Бөлінген және контурланган

Орналасу заңдылықтары нақтыланған

Үзілгіштік мүмкіндігі багаланған

6. Жарылымдық бүзылыстар

Барлыгы нақтыланып, амплитудалары нақтыланған

Ірілері нақтыланған, үсақтарының кездесу жиілігі бағаланған

Болу мүмкіндігі бағаланған

7. Пайдалы қазбалардың табиғи түрлестері (минералдық типтері)

Толық нақтыланған

Анықталған

Анықталған

Жекелеген лабороториялық сынамалар немесе

байқаулар бойынша немесе салыстыру бойынша анықталған

8. Руданың өнеркөсіптік (технологиялық) сорттары

Нақтыланған

жөне контурланган

Бөлінге, олардың арақатынасы нақтыланған

Таралуының жалпы заңдылықтары нақтыланған

9. Қүнды жөне зиянды компоненттердің қүрамы, қасиеттері, таралуы

Толық нақтыланған

Минералдық формалары анықталған

10. Кондициялар

көрсеткіштері бойынша сапаның сипаттамасы

Барлық көрсеткіштері бойынша анықталған

11. Инженерлік- геологиялық және гидрогеологиялық жагдайлары

Толы қ нақтыланган

Негізгі көрсеткіштері, олардың аршу мен өндіруге

әсері анықталған

Негізгі көрсеткіштері нің алдын ала сипаттамасы берілген


1.1-сурет. А және В санат­ты қорды барлау түбегейлілігінің көрінісі:

  1. - А санатты қор;

  2. - В санатты қор;

  3. - кен жатынының шы­найы контуры; 4 - барлан­ған қордың контуры;

5 - барлау үңғымалары; 6 - барлау кен үңғымалары

1.2-сурет. 1 - Ct санатты қорды барлау түбегейлілігінің көрінісі; 2 - кен жатынының шынайы контуры; 3 - барлан­ған қордың контуры; 4 - барлау үңғымалары


    1. топқа қүрылысы қарапайым, жатые жағдайлары бүзылмаған немесе шамалы бүзылған, қалыңдығы үстам­ды, ішкі қүрылысы, сапасы мен пайдалы компонент- терінің таралуы біркелкі кенорындар немесе олардың бөлікшелері жатады. Мүндай нысандарда барлау жүмы- сы қорды А және В санаттарына дейін барлауды қамта­масыз ететін дәлдікпен жүргізілуі мүмкін.

    2. топқа геологиялық қүрылысы күрделі, қалыңдығы мен ішкі қүрылысы әзгергіш немесе жатысы бүзылған және пайдалы компонеттерінің сапасы үстамсыз, неме­се пайдалы компоненттері әркелкі таралған кенорындар немесе олардың бөлікшелері кіреді. Сондай-ақ бүл то­пқа қүрылысы қарапайым, бірақ кен-геологиялық жағ­дайлары өте күрделі көмір мен тастүз кенорындары жа­тады. Бүл кенорындарды А санатына дейінгі дөл-дікпен барлау тиімсіз. Олардың қоры В және санаттарына дейін барланады.

    3. топқа геологиялың қүрылысы күрделі, қалыңдығы мен ішкі қүрылысы күрт езгергіштігімен сипатталатын немесе жатысы қарқынды бүзылысқа үшыраған, неме­се сапасы үстамсыз және пайдалы компоненттері әркелкі таралған кенорындарды немесе олардың бөлік- шелерін біріктіреді. Бүл кенорындарда қорды В сана- тына дейін барлаудың өзі тиімсіз, қор С санатында ғана барланады.

    4. топқа геологиялық қүрылысы өте күрделі кенорын­дар немесе олардың бөлікшелері кіреді. Бүл топтағы ке­норындардың ерекшеліктеріне пайдалы қазба дене­лерінің қалыңдығы мен ішкі қүрылысының күрт өзгер­гіштігі немесе жатысының қарқынды бүзылғандығы және пайдалы компоненттердің өте әркелкі таралғандығы жатады. Бүл кенорындарды барлау үлкен көлемде жерас­ты қазу жүмыстарын жүргізуді қажет етеді.

Кенорындардың геологиялық қүрылысының күрделі - лігі бойынша келтірілген топтамасы барлау мақсатында пайдаланылып, қорды есептеу талаптарын анықтайды және іс жүзінде минералдық шикізаттың барлық түр- лерінің кенорындары қорын жіктеуге қолданылатын ҚМК (қор бойынша Мемлекеттік комиссия) арнайы нүсқаулықтарына негіз болып табылады.

Эр түрлі санатты қордың өнеркәсіптік қолданылуы негізінен кенорындар геологиялық қүрылысының күрделілік дәрежесіне байланысты болады.

1-топ кенорындарында А санатты қор өндірісті ағым- дық жобалауға (бір жыл ауқымындағы кен жүмыстары- ның жоспарын жасауға) және кен жүмыстарын жедел басқаруға пайдаланылады. В санатты қор (дәлірек айт- қанда, А және В санатты қордың жиынтығы) кен жүмыс­тарын перспективалық жоспарлау үшін, кен өндіретін кәсіпорнын салуға қажет күрделі қаржыны негіздеуге және кенорынды игерудің техникалық жобасын жасауға пайдаланылады. Cj санатты қор әлі игерілмеген жаңа ке­норында түбегейлі барлаудың жобасын жасауға, ал иге- рілудегі кенорындарда - дамудың перспективалық жос- парларын негіздеуге немесе үзақ мерзімге реконструк- циялауға (5 жылдан аса), сондай-ақ жете барлау жобала- рын жасау үшін пайдаланылды. С2 санатты ңор өнді- рістегі кенорындарда көбінесе ескерілмейді (өте ірі және жақсы зерттелген кенорындарды санамағанда), ал жаңа кенорындарда - ары қарай жүргізілетін геологиялық бар­лау жүмыстардың бағыттары мен көлемін негіздеуге пай­даланылады.

Геологиялық қүрылысының күрделілігі 2-топқа жа- татын кенорындарда А санатты қордың міндетін В санат­ты қор, ал В санаттының - Сх санатты қор атқарады.

3-топтағы кенорындарда А және В санатты қордың функңиялары Сj санатына өтеді, ал 4-топтағы кенорын­дарда перспективалық жоспарлау мен күрделі қаржы- ны негіздеуге С2 санатты қордың өзі жетіп жатыр.

Шетелдерде қолданыстагы пайдалы қазбалар қорының жіктелімі де осы екі принңипке: оларды өндіру мен иге­рудің зерттелгендік дәрежесі (болу ықтималдығы) мен экономикалық тиімділігіне (үтымдылығына) негіздел- ген. Бірақ шетелдердің көпшілігінде жекелеген дербес жіктелімдер пайдаланылады. Мысалы, АҚШ-та зерттел- гендігі бойынша қордың екі тобы бөлінеді: анықталма- ган (undiscovered) және анықталган (identified). Анық- талмаған ресурстар өз кезегінде екі санатқа - теориялық (speculative) пен гипотезалық (hypothetical); анықтал- ғандар үшке - ықтимал (inferred), есептелген (indicated) жөне өлиіенген (measured) түрлерге бөлінеді. Ресурстар өндірісініңүтымдылығы бойынша екі топқа бөлінеді: қор (reserves) және шартты ресурстар (conditional recources).

1.3. Геологиялық түсіру мен іздеу

Геологиялық түсірудің, яғни карталаудың нәтиже- лері бойынша, табиғаты пайдалы қазбалар кездесуіне байланысты болуы мүмкін іздеу белгілері мен сілтеме- лері бойынша немесе геофизикалық пен геохимиялық аномалиялар анықталған жағдайда геологиялық іздеу- лер жүргізіледі. Олар эр түрлі зерттеулер мен жүмыстар кешені болып табылып, геологиялық түсіру үдерісінде анықталған пайдалы минералдану білінімдерінің неме­се іздеу белгілерінің, немесе сілтемелерінің өнеркә­сіптік мәнін бағалау мақсатында жүргізіледі.

Іздеу белгілері деп берілген ауданда пайдалы минерал­дану болуын көрсететін белгілі бір нақты фактілерді са- найды. Олар геологиялық та (пайдалы қазбалардың жер бетіне шығуы, олардың деллювий мен аллювий қүрамын­дағы сынықтары, негізгі және ілеспе элементтердің то- пырақ пен өсімдік күліндегі жоғары концентрациясы, т.б.), бейгеологиялықта(тарихи-археологиялық, көне кен үңғымаларының табылымдары, балқыту пештерінің қал­дықтары, тиісті топонимика, аңыздар, т.б.) сипатты бо­луы мүмкін.

Іздеу сілтемелері немесе критерийлері - берілген ауданда пайдалы қазба болуының мүмкіндігін куәлан- дыратын тікелей немесе жанама геологиялық фактілер. Оларға пайдалы қазбалардың жаралу немесе орналасу жағдайларын анықтайтын эр түрлі стратиграфиялық, литологиялық, магмалық немесе тектоникалық сипат­ты, геологиялық факторлар жатады.

Іздеу белгілері мен сілтемелерінің деректері негізінде жүргізілетін геологиялық іздеулер зерттеудің түбе- гейлілігін біртіндеп арттыратын кезеңдер бойынша орындалады: масштабы 1:50 ООО (1:25 ООО) жалпы іздеу, масштабы 1:25 000-1:5 ООО іздеу жүмыстарынан кейінгі 1:5 000-1:1000 іздеу-бағалау жүмыстары. Әрбір келесі кезең оның алдыңғы кезеңде оң нәтижелер берген жағ­дайда ғана үйымдастырылады.

Жалпы іздеудің негізгі мәселесі - іздеу белгілері мен сілтемелерінің перспективалылығын тексеру, геология­лық түсіру үдерісінде анықталган геофизикалық және геохимиялықаномалиялардыңтабиғатын нақтылау. Осы сатыда зерттелген аумақтарды геологиялық-өнеркәсіптік бағалаудың мақсатына Р., санатты болжамдық ресурстар- ды анықтау мен ары қарай іздеу жүмыстарын жүргізуге перспективалы бөлікшелерді ажырату жатады.

Іздеу, ал содан кейінгі іздеу-бағалау жүмыстары пай­далы қазбаның бары анықталған бөлікшелерде жүргізі- ліп, шағын көлемді кен қазу жүмыстарымен, химиялық талдаулармен, геофизикалық зерттеулер жүргізумен жалғастырылады. Олардың мәселесі - пайдалы қазба кенбілінімін геологиялық-өнеркәсіптік бағалау. Іздеу үдерісінде сандық өлшеулер біршама шағын көлемде жүргізілетіндіктен, олар көбінесе С2 санатты қордың өзін есептеуге жеткіліксіз болып шығады. Сондықтан геоло- гиялық-өнеркөсіптік бағалаудың негізі ретінде есептеу- лер емес, пайдалы қазба денелерінің пішіні мен өлшем­дері туралы негіздемеленген жорамалдар, олардың сапа- лық көрсеткіштері мен өндірудің кен-техникалық жағ­дайлары пайдаланылады. Бағалаудың негізгі төсілі - ба- ламалау, яғни анықталған кенбілінімдердің параметр- лерін зерттеуден өткен белгілі кенорындармен салысты- РУ-

Мүндай салыстырулардың ақырғы нәтижесіне Р2 не­месе Рх (іздеу жүмыстарының нөтнжесі бойынша) санат­ты болжамдық ресурстарды бағалау С2 санаты бойынша (іздеу-бағалау жүмыстары сатысында) қорды есептеу жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]