- •Мазмүны
- •1.1. Жалпы мәліметтер 376
- •I бөлім. Кенорындар және пайдалы қазбалар
- •1.1. Негізгі үғымдар мен аныңтамалар
- •1.2. Кенорындарды игерудің кен-геологиялық жағдайлары
- •1.3. Кенорындарды игерудің гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жағдайлары
- •II бөлім. Пайдалы қазба кенорындарының ж аралу жағдайлары мен генетикалық типтері
- •Кенорындардың генетикалық жіктелімі
- •Пайдалы қазба кенорындарының генетикалық жіктелімі
- •1.1. Кенорындардың жаралу жағдайлары мен орналасуын анықтайтын факторлар
- •1.2. Кен заттардың көзі мен олардың түзілу тәсілдері
- •Магмалың кенорындар
- •2.1. Жаралу жағдайлары
- •2.2. Кенорындарының типтері
- •3.1. Жаралу жағдайлары
- •3.2. Кенорындарының типтері
- •- Тасындылар; 2-10 - пегматит денесінің бел- демдері: 2 - блоктық кварц: 3 - ірі блоктық микроклин II: 4 - үсақ пластиналық альбит;
- •- Клевеландит-споду- мен; 7 - кварц-мусковит үялары; 10 - графика- лық кварц-микроклин;
- •- Сыйыстырушы таужыныстар
- •4 Тарау
- •4.1. Жаралу жағдайлары
- •4.2. Кенорындарының типтері
- •- Серициттелген;
- •5 Тарау
- •5.1. Жаралу жағдайлары
- •5.2. Кенорындарының типтері
- •6 Тарау
- •6.1. Жаралу жағдайлары
- •6.2. Кенорындардың типтері
- •7 Тарау
- •7.1. Жаралу жағдайлары
- •7.2. Кенорындарының типтері
- •Вулканогендік-шөгінді кенорындар қалай қалыптасады? Олардың жағдайларына, морфологиясы мен пайдалы қазбалар денелерінің қүрамына қандай ерекшеліктер тән?
- •Колчедан кенорындар жаралуының геологиялық жағдайлары мен заттық қүрамы қандай?
- •Қорғасын-мырыш жоне темір кенді вулканогендік- шөгінді кенорындардың сипаттамасы қандай?
- •8.1. Жаралу жағдайлары
- •8.2. Кенорындардың типтері
- •9 Тарау
- •9.1.Жаралу жағдайлары
- •9.2. Кенорындарының типтері
- •10 Тарау
- •10.1. Жаралу жағдайлары
- •10.2. Кенорындардың типтері
- •Ill бөлім. Пайдалы ңазбалар кенорындарының өнеркәсіптік типтері
- •1.3. Хром
- •1.7. Алюминий
- •1.9. Қалайы
- •1.10. Қорғасын мен мырыш
- •1.11. Сүрме мен сынап
- •1Лз. Платина тобының металдары
- •1.14. Уран
- •1.15. Бериллий Жалпы мәліметтер
- •1.16. Тантал мен ниобий Жалпы мәліметтер
- •1.17. Литий
- •1.18. Сирекжер элементтер
- •2.1. Бейметалл пайдалы қазбалардың жіктелімі
- •2.2. Асыл (әсемтас), әшекей және техникалық тастар
- •2.6. Тальк
- •3.1. Жалпы мәліметтер
- •3.2. Жанғыш қазбалар сапасының, қүрамының және қасиеттерінің негізгі көрсеткіштері
- •3.3. Көмірдің жіктелімі және негізгі пайдалану бағыттары
- •3.4. Көмір қабаттарының морфологиясы
- •3.6. Көмір кенорындарының жалпы сипаттамасы
- •IV бөлім. Пайдалы қазба кенорындарын барлау және геологиялық-өнеркәсіптік бағалау
- •1.1. Жалпы мәліметтер
- •1.2. Қатты пайдалы қазба кенорындарының қоры мен болжамдық ресурстарының жіктелімі
- •1.4. Пайдалы қазба кенорындарын барлау
- •2.1. Бағалаудың мәселелері
- •2.2. Кондициялар туралы түсінік
- •2.3. Кенорындардың өнеркәсіптік игеруге даярланғандығы
- •2.5. Пайдалы қазба кенорындарын компьютерлік модельдеу
2.6. Тальк
Жалпы мәліметтер
Тальктің химиялық формуласы - Mg3[SifiiQ](OH)2. Қүрамы бойынша оған жақын келетін минерал - пирофиллит Al2[Sifil0\(OH)2, оның қоры мен өндірісі тальк- пен бірге есептеледі. Бүл минералдардың ең маңызды қасиеттері - үнтақтағы ақтығының жоғарылығы, май- лылығы, химиялық инерттілігі, жақсы уатылу қабілеті, гидрофобтылығы (су жүқпайды), оттөзімділігі, ди- электрлік қасиеттері, сорбциялық қабілеті. Осы сипаттамасы тальк пен пирофиллитті қағаз, лак-бояу, резина, керамика, химия (үлы химикаттар), тәтті тағамдар, парфюмерия мен фармацевтика өнеркәсібі салаларын- да, қүю ісінде (қүю қалыптарын үнтақпен жабады) кең қолданылуын қамтамасыз етеді.
2.3-сурет. Баженов кенорны (И.ФРоманович және т.б. бойынша):
1-2 - перидотит: 1 - кенсіз, 2 - жиекті асбест желілі;
3 - ірі асбест торы бар перидотит пен серпентинит;
4-8 - серпентинит: 4 - ұсақ торлы асбест желілі, 5 - үсақ желілі, 6 - асбест желішігі мен жекелеген желілер, 7 - тақтатасталған асбест аралас, 8 - тақтатасталған;
9 - тальктенген серпентинит, талькті, тальк-карбонат- ты, тальк-хлоритті таужыныстар; 10 - габбро; 11 - диорит, диорит-аплит, кварцты порфир, гранодиорит дайкалары
Өнеркөсіптің тальк шикізатына қоятын талаптары оның пайдалану бағыттарына байланысты. Тамақ пен парфюмерия салаларында қолданылғанда шикізат қүрамын- дағы күшәланың мөлшері шектеулі болуын (0,0014% -дан аспауы керек) ңадағалайды, кабель өнеркәсібі - мыс пен марганецті, керамика - темірді шектейді. Кендегі тальктің мөлшеріне байланысты талькит (тальк >75%) пен талькті тас (45-75%) бөлінеді. Олар өз кезегінде тальк-магнезит, тальк-хлорит және тальк-доломит түрлестеріне жіктеледі. Талькит өндірісі ашық және жерасты төсілдерімен жүр- изіледі, талькті тас - тек қана ашық тәсілмен өндіріледі. Ол үшін кен алдымен тақталарға кесіледі, ал қалдықтар ары қарай өнделеді.
Кенорындар тальктің қоры бойынша ірі (>5 млн. тонна), орташа(0,5-5) және үсақ(<0,5) масштабтарға бөлінеді.
Тальк пен талькті тастың әлемдік қоры 500 млн. тонна шамасында. Олар шоғырланған елдер - ТМД, АҚШ, Жапония, Корея Республикасы. ТМД аумағында тальк шикізатының 72% -ға жуық қоры Сібірдіңірі кенорнын- да (Алғуй, Кирғитей, Светлый Ключ пен Онот) шоғырланған. Тальк өндірісінің әлемдік көлемі 6 млн. тонна: Жапония (2 млн. тонна), АҚШ (1 млн. тонна), ТМД, сонымен қатар Корея Республикасы, БХР, Франция, Италия, Испания, Үндістан.
Тальктің қүны оның сапасына байланысты 3-110 $/т шамасында өзгереді.
Қазақстанда тальк пен талькті тастың бірнеше кенорны мен кенбілінімдері анықталған. Кенорындардың көпшілігінде тальк магнезитпен (тальк-магнезит кені) бірге кездеседі. Балансқа алынғаны екі кенорын: солтүстік Балқаш маңындагы Кентерлау (талькті тастың қоры 17,6 млн. тонна) мен Батыс Қазақстандағы Қарақүдық (тальктің қоры 53,2 млн. тонна, магнезит - 28,6 млн. тонна). Бүл ауданда тальк пен талькті тастың нашар зерттелген Ебеті кенбілінімдер тобы бар.
Шығыс Қазақстанда ең ірі тальк-магнезит кенорындарының бірі - Күршім кенорны орналасқан (қоры 342 млн. тонна). Бүл кенорынның, жалпы осы ауданның пер- спективасы жоғары. Қазақстанның оңтүстігіндегі Кіші Қаратауда тальк жатындары фосфоритпен ассоциацияла- нады (Шолақтау кенорны). Үлкен Қаратауда тальктің жөкө Бессаз кенорны (талькті таужыныстар 40 млн. тонна шамасында) мен Ақшешек кенбілінімі анықталған.
Солтүстік Қазақстанда Жітіғара тальк кенорны (Ближний бөлікшесі) барланған, оның қоры бойынша 9,1 млн. тонна, ал болжамдық ресурсы 3 млн. тонна шамасында. Аймақта бірқатар үсақ тальк кенбілінімдері анықталған.
Жалпы алғанда Қазақстанда тальк пен талькті тастың ірі шикізат базасы бар, олар іс жүзінде игеруге дайын.
2.7.Флюорит
Жалпы мәліметтер
Флюорит (балқытқыш шпат) СаҒ2 балқытқыш фтор қышқылы мен оның басқа қосылыстарын, соның ішінде алюминий өндірісіне қажет жасанды криолит (АІҒ3) алу- дың шикізаты ретінде пайдаланылады. Металлургия өнеркәсібінде кеннің балқу температурасын төмендете- тін және шлакты сүйылтатын флюс ретінде қолданылады; шыны өнеркәсібінде ол шынының пісуін жылдам- датып, мөлдірлігін жақсартады, шыны мен эмальға сүттей ақ түс береді. Ақаусыз мөлдір, өлшемі 6x6x6 мм- ден асатын кристалдар оптикалық флюорит ретінде қарас- тырылады.
Балқытқыш шпат шикізатына қойылатын жалпы та- лаптар жоқ, оларды эр түтынушы өзі анықтайды. Өнді- рілетін кендегі флюорит мөлшері 30% -дан кем болмауы керек, мүндай кен байытуды қажет етеді. Қазіргі кезде кен қүрамындағы флюорит мөлшері бүдан да жүтаң (флюорит >14%) кенорындар игеріле бастады.
Ірі кенорындардағы флюорит қоры >1 млн. тонна, орташаларда - 0,1-1, үсақтарда - <0,1 млн. тонна.
Балқытқыш шпаттың өнеркәсіптік кенорындары 27 елде белгілі. Оларда кеннің жалпы қоры (флюорит мөлшері >35%) 160 млн. тонна. Қоры бойынша ірі кенорындары бар елдер - ОАР, АҚШ, Мексика, Таиланд, Италия, Канада, Испания, Франция, ҚХР. Флюориттің әлемдік жыл- дық өндірісі 2,5 млн. тонна. Оның өндірісі бойынша жетекші елдер - Мексика, Франция, Испания, Таиланд, Италия, ОАР, АҚШ, Канада. Флюориттің сенімді шикізат базасы ТМД елдерінде бар.
Флюориттің элем биржасындағы қүны 100-170 $/т шамасында.
Қазақстанда флюорит минералдық-шикізат базасы- ның жағдайы жеткілікті қанағаттанарлық. Қазіргі кез- де бірнеше кенорын ашылып барланған. Олардың ішінде ең ірісі Оңтүстік Қазақстандағы Тасңайнар кенорны, ол стратиформдың кальцит-флюорит жөне кварц-флюорит кені жатындарынан түрады. Масштабы бойынша үсақ- тау саналатын Қүланкетпес, Мыңарал, Шығыс Қаражал, т.б. желілі кварц-кальцит-флюорит кенорындары, сонымен қатар флюорит-барит кенорындары (Бадам). Флюо- риттің едәуір ресурсы Орталық Қазақстандағы Солнечное кенорнының төменгі сортты карбонат-флюорит ке- нінде (флюоритті өктас) бар. Бүл кенорындардың бар- лығы да игерілмейді, олар резервке жатқызылған. Қазақстанда фторды ілеспе ретінде айырып алу Қаратау алабы фосфорит кенін өңдеу кезінде жүргізіледі. Қазақстандағы флюорит кенінің анықталған және нақтыланған қоры ондаған млн. тонна деп бағаланады.
2.8.Цеолит
Жалпы мәліметтер
Цеолит - сілті және сілтіжер металдардың қаңқалы сулы алюмосиликаты. Бүл топқа 40-тан аса минерал кіреді, олардың ішінде жекелеген түрлерінің ғана (клиноптило- тит, шабазит, эрионит, морденит, филлипсит) пайдалы қасиеттері болып, өнеркәсіптік концентрация қалыптас- тырады. Цеолиттің айрықша қасиеттері олардың қүрылы- сына байланысты. Олар - қаңқалы-қуысты қүрылымды. Алюмосиликаттар тетраэдрлердің күрделі сақиналарын жасап, қуыстармен (кеуек, арналар) тесіледі. Бүл қуыс- тар бір-бірімен жөне кристалл бетімен жалғасып жатады. Табиғи жағдайларда қуыстар мен арналарда су болады, оны цеолит суы деп атайды. Қыздырған кезде бүл су қаңқаның қүрылымын бүзбай бөлінеді. Дегидратацияланған цеолит суды қайта сіңіруге қабілетті. Цеолит қуыстары эр түрлі заттармен де толуы мүмкін. Осы қасиеті бойынша цеолит минералдарды сорбент пен катализатор ретінде пайдаланылады.
Табиғи цеолиттер - пайдалы қазбалардың жаңа типі, олар өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының өр түрлі са- лаларында 1960-шы жылдардан қолданыс таба бастады. Цеолитті қолданатын ең маңызды салалар мыналар: өнеркәсіп кәсіпорындары шығарған газдарды күкірт оксидінен, қаланың суы мен аңаба суды азот аммонитінен, мүнай өңдеу суын, ауызсу мен техникалың суды тазарту; табиғи газды, ауаны, азот пен басқа газдарды қүрғату және тазарту; ауыл шаруашылық дақылдарының өнімді- лігін арттыру; мал шаруашылығының өнімділігін үлғай- ту. Сонымен қатар, табиғи цеолитті теңіз суындағы және ақаба судағы металды айырып алуға, газға айналдырыл- ған көмір өнімдерінен аммиакты сорбциялау үшін; резина, пластмасса, қағаз, беріктігі жоғары және әсемдік це- ментке белсенді қоспа мен толтырғыш ретінде; шырын- ды, этил спиртін тазарту мен ағартуға; минералдық ты- ңайтқыштарды жабысып қалудан сақтауға, дәнді дақыл- дарды қүрғатуға, суды радиобелсенді элементтерден та- зартуға пайдалану.
Кен шикізатының сапасы цеолиттің мөлшерімен, оның минералдық және химиялық қүрамымен, оптағыш (сорбциялағыш) және ион алмастырғыш қасиеттерімен бағаланады. Қүрамындағы цеолит мөлшері 75% болатын таужыныстар байытылмай-ақ қолданыла береді. Цеолиттің мөлшері 40-60% болатын таужыныстар байыту- ды қажет етеді.
Цеолит пен цеолитті таужыныстардың қорын есептеу кейбір елдерде ғана жөне жекелеген кенорындар бойынша жүргізілген. Олардың әлемдік қоры іс жүзінде шексіз саналады. ТМД-да 60-тан аса кенорын белгілі: Закарпа- тьеде (Крайнинское, Сокирница, Водима), Грузияда (Тед- зами, Дзегви), Арменияда (Ноемберян), Әзірбайжанда (Айдаг - 2.4-сурет, Кемерлин), Сахалинде, Приморьеде, Шығыс Сібірде. Олардағы цеолиттің (клиноптилолит, морденит пен филлипсит) қоры 3,6 млрд. тонна шамасында. Ірі қор АҚШ, Жапония мен Италияда бар. Цеолиттің өндірісі шетелдерде қазіргі кезде 1 млн. т. шамасында (1965 жылы - 13 мың тонна).
Қолдану саласы бойынша тауарлық табиғи цеолиттің қүны 10-200 $/т.
f gg§« [Ш*
2.4-сурет. Айдаг кенорны бљлікшесініһ геологиялыһ һимасы (АН Л у лиев бойынша)-.
1-4 - әктас: 1-2 - кампан-маастрихт (1-тақталанған ашың-сүр, 2-сүр қүмтасты), 3 - жоғарғы сантон ақ түсті, 4 - туфогендік материал бар; 5 - ақ цеолитті туф (дербес Айдаг қабаты)
Қазақстанда цеолиттің төрт кенорны белгілі. Олардың екеуі (Шанқанай мен Тайжүзген) қоры өнеркәсіптік ка- тегориялар бойынша бағаланып барланған. Кенорындар өлшемдері бойынша орташа санатқа жатады. Тайжүзген кенорнындағы (Шығыс Қазақстан) цеолиттің қоры 7 млн. тонна, болжамдық ресурсы - 215 млн. тонна, Шанқанай- да (Оңтүстік Жоңғар) - 4,3 млн. тонна. Оңтүстік Қазақстанда Алтынем ел (қоры 41 млн. тонна) және Қаржантау кенорындары алдын ала бағаланған. Қазақстанның цеолит кенорындарын пайдаланудың кен-техникалық жағдайлары қолайлы. Табиғи цеолит шикізатының әлеуеттік түтынушылары - ауыл шаруашылығы, цемент, химия, металлургия, т.б. өнеркәсіптер.
2.9. Магнезит пен брусит Жалпы мәліметтер
Магнезит MgCOs кристалл агрегаттары мен аморфты масса түрінде кездеседі. Брусит Mg(OH)2 негізінен мо- номинералды парақталған, талшықты және түиірлі агрегаттар түрінде кездесіп, бруситит деп аталады. Магнезит пен бруситит өнеркәсіпте негізінен термикалық өңделген өнімдер түрінде және кейде табиғи күйінде пайдаланылады. Бүл кеннің термикалық өңделген басты туындылары - каустикалық магнезит пен жасанды пери кл аз.
Каустикалық магнезит эр түрлі қүрылыс, әсемдік, жылу- және дыбысоқшаулауыш материалдар өндірісінде қолданылатын магнезийлік цементтің негізі ретінде пайдаланылады. Жасанды периклаз (MgO) қүнды оттөзімді болғандықтан, оттөзімді кірпіш, магнезит стакан, болат қүю, күкіртқышқыл мен цемент өндірісінде ішкі төсеніш алуға қолданылады.
Магнезит пен бруситтің сапасына қойылатын талап техникалық шарттармен және стандарттармен анықта- лып, олардағы MgO, CaO, Si02, Fe2Oa мөлшерін шектейді. Магнезит пен бруситтің әлемдік қоры есептелмеген. Кенорындар жатындардың қалыңдығы 1 м-ден кем болмаса және аршу коэффициенті 2 м-ден аспаған жағдайда ашық тәсілмен игеріледі. Шетелдерде аморфтық магнезиттің ірі желі кенорындары жерасты тәсілімен өндіріледі. Бру- сит өндіретін елдер - ТМД, АҚШ және Канада. Магнезиттің өлемдік өндірісі (ТМД-ны қоспағанда) 8 млн. тоннадан асады. Оның негізгі көлемі КХДР, Грекия, ҚХР, Австрия, АҚШ, Бразклия мен Түркия үлесіне тиеді. ТМД магнезиттің қоры мен өндірісі бойынша жетекші орын алады.
Металлургиялық магнезит үнтағы мен оттөзімді магнезит бүйымдарының қүны 10-60 $/т шамасында.
Гидротермалық Саткинск кенорны (14 кенорын тобы) қальщдығы 500 метрдей доломит қатқабатында орнала- сып, диабаз дайкаларымен тілімденген (2.5-сурет). Қабат тэрізді денелер доломитпен үйлесімді жатады. Магнезит айқын кристалды.
Қазақстанда магнезийлік оттөзімділерді өндіруге жарамды магнезиттің қоры барланған кенорындар: Са- рықүлболды, Кеңеспай, Масьянов, Кентерлау. Магнезит
2.5-сурет. Саткинск тобындағы Гора Карагай магнезит кенорнының геологиялық картасы (М.И.Гарань бойы нша):
1 - тасынды; 2 - мергельді доломит; 3 - доломит; 4 - магнезит; 5 - диабаз; 6 - қалдық үйінді
кенорындары кеңістікте серпентиниттің мору қырты- сымен байланысты кобальт-никель жөне тальк кенорын- дарымен тығыз ассоциацияланады. Барлық кенорындарда тальк-магнезит кені дамыған. Ол 20-30 % таза магнезит қосқаннан кейін магнезийлік оттөзімділер өндіру үшін шикізат болуы мүмкін. Жете зерттелмеген басқа кенорындардың арасында қоры бойынша ең ірісі - Күршім кенорны, оның магнезит кенінің қоры {С1+С2 санатты) 342 млн. тонна. Тальк-магнезийлі таужыныстардың үсақ кенбілінімдері Шар мен Горностаев ги- пербазитті белдемінде, сондай-ақ Алтай мен Шығыс Тар- бағатайдың басқа аудандарында кең дамыған. Магнезит Кемпірсай кенді ауданы хромит кенорындарының кенді алаңдарында белгілі. Миллионное кенорнында магнезиттің қоры 5 млн. тонна, оның ішінде "таза" магнезийлі шикізат - 1 млн. тонна, болжамдық ресурс- тар - 14,1 млн. тонна.
Қазақстанда магнезит қорын үлгайтудың перспекти- васы оң бағаға ие болады.
2.10. Минералдық тұздар
Жалпы мәліметтер
Минералдық түздарға сілті және сілтіжер металдар- дың суда еритін хлорид, сульфат пен кабонаттары, сондай-ақ аралас қүрамды қосылыстар жатады. Ең маңызды практикалық рөлді мына минералдар атқарады: га- лит NaCl, сильвин КСІ, бишофит MgCl26H20, карналлит KClMgCl26H20, каинит KClMgSO4ЗЯ20, эпсомит MgSOJHfi, тенардит Na2S04, мирабилит Na2S0410Hp, лангбейнит K2S042MgS04, табиғи сода Ма2С0310Я20, т.б.
Табиғатта минералдық түздар түзды таужыныстар жасайды. Олардың аты қүрамындағы басты минералға (ол 60%-дан аеуы керек) байланысты болады және түздық (рапа) түзеді. Барлық түзды таужыныстарда өр түрлі мөлшерде галит, гипс, ангидрит, карбонаттар мен саз минералдары кездеседі. Практикалық мәнге ие бо- латындар - астүз, сильвинит, карналлит, лангбейнитті және каинитті таужыныстар.
Тастүз астүз (өндірілген көлемінің 65%-ға жуығы), консервант ретінде және химия өнеркәсібінде каустикалық пен кальцийленген сода, хлор, түз қышқылын, мүсәтір, хлорлы аммоний және т.б. алуға пайдаланылады. Астүздың сапасына қойылатын жалпыға ортақ та- лаптар жоқ. Эр кенорын үшін қорды есептеуге дербес кондициялық көрсетқіштер тағайындалады. Астүз үшін хлорлы натрийдің мөлшері 97% (II сорт), техникалық түзда - 97,5-98 %, ал жемдік түзда - 90-95 %-дан кем болмауы керек. Өнеркәсіп қоятын талаптар кальций, магний, калий, сульфаттар мен ерімейтін қалдық сияқты зиянды қоспалардың мөлшерін де шектейді.
273
18-152
Магний түзы металл магний мен оның химиялық қо- сылыстарын алу үшін пайдаланылады. Натрий сульфаты, химия, шыны, целлюлоза-қағаз және текстиль өнеркәсібінде, фотоматериалдарды өңдеуге қолданылады.
Тастүздың әлемдік ресурсы 10 трлн. тонна, ал өндірісі 170 млн. тонна. Өндіріс жүмыстары ТМД, ҚХР, АҚШ, Германия мен Польшада шоғырланған. Калий түздары- ның әлемдік ресурсы 67 млрд. тонна (К20 есебінде), анықталған қоры 5,3 млрд. тонна. Олардың негізгі кенорындары орналасқан елдер - ТМД, Канада, Германия, Израиль, Иордания мен АҚШ. Калий түздарының өлемдік өндірісі 100 млн. тоннадан асады, оларды ең көп көлемде өндіретін елдер - ТМД, Канада, Германия, Франция мен АҚШ. Тастүз бен калий түздарының кенорындарында өндіріс жүмыстары жерасты тәсілімен және кейде жерас- тында шаймалау бойынша жүргізіледі.
Калий түздарының қүны 70-80 $/т шамасында.
Қазақстанда калий түздарының негізгі барланған қоры мен болжамдық ресурсы Солтүстік Каспий маңында (негізінен хлорлы калий түздары) жәнө Ақтөбедегі Орал тауы маңында (негізінен сульфат калий түздары) орналасқан. Солтүстік Каспий маңында балансқа алын- ғаны калий қостотығының 8 млн. тоннасы ғана, болжамдық ресурсы (Pj-P3) 500 млн. т шамасында (Индер, Шал- қар, Сатымола, т.б.). Ақтөбедегі Орал тауы маңындағы баланстық қордың жиынтық көлемі (С2-мен қоса алын- ғанда) 100 млн. тонна шамасында (Жылан кенорны). Бүл кенорынның кені әсерлі жиынтықты сульфат-калий ты- ңайтқыштарын алуға жарамды. Калий түзы кенорындарының болжамдық ресурсы 300 млн. тонна. 1980-жыл- дары калий түздарының болжамдық ресурсы Батыс Қазақстан бойынша 1 млрд. тоннаны қүрады, соның ішінде сульфат (полигалит) типті түз үлесіне 217 млн. тонна келеді.
Бораттар. Каспий маңы ойпаңы Қазақстанда бор кенінің барланған ЖӘНӨ болжамдық ресурстары шоғырланған жалғыз аймақ болып табылады. Галогендік типті бораттар- дың есептелген баланстық қоры екі ірі кенорын - Индер мен Сатымоланың үлесіне тиеді.
Каспий маңы бор-шикізат базасын нығайтудың негізгі резерві ретінде бор-калий түздары бола алады. Олар жеңіл балқытылады және ңорының үлкен масштабымен сипат- талады (Индер, Сатымола, Шалқар, т.б.).
Бор-калий кені кешенді, олардан борга ілеспе калий, магний және бром айырып алынады.
Бор кенінің болжамдық ресурсы Каспий маңының 15 түз күмбезі бойынша ондаған млн. тоннаға бағала- нады. Бор өнімдерін алудың әлеуеттік көзі Каспий маңы ойпаңының түзды көлдері мен мүнай суының түз- дықтары (рапа) болып табылады.
Астүз, натрий сульфаты мен табиғи сода. Ңазақстанда қазба (тас) түздар мен түзды көлдердің көптеген кенорындары анықталған. Тастүздың мол қоры Каспий маңы түз күмбездерінің ядролары мен Шу-Сарысу ойпаңы күмбез қүрылымдарында орналасқан. Тастүздың ең ірі Индер (Белая Ростошь) кенорны Индер түз күмбезінің дөңесіне орналасқан. Мүндағы астүздың (техникалық сорттары) барланған қоры 709 млн. тонна, оның ішінде өнеркөсіптік категориялар бойынша барланғаны 40 млн. тонна шамасында. Кенорын игеруге даярланған. Барланған Тоғай- баймешіт кенорнындағы тас- пен астүздың қоры 70,5 млн. тонна. Индер ауданында ірі көлдік Индер кенорны орналасқан, түзтүнба-тамақтық астүздыңқоры 1,5 млрд. тонна шамасында, оның өнеркәсіптік категориялар бойынша барланғаны - 647 млн. тонна. Кенорын 1993 жылдан пайдаланылуда. Каспий маңындағы басқа көлдік астүз кенорындары - Кішкенетүз, Балғасынтүз, Оймашатүз, Қорғантүз, сондай-ақ масштабы бойынша үсақ консер- вацияланған кенорындар бар. Солтүстік ЖӘНӨ Оңтүстік Қазақстанда түзтүнба астүздың барланған кенорындар- дағы қоры, млн. тонна: Үлкен Қалқаман - 14,8; Марал- ды - 29,3; Жақсы Қылыш - астүз 70 және сульфат түзы 80 млн. тонна.
Табиғи натрий сульфатының шикізат базасы Жақсы Қылыш көлінен басқа көмілген түздық, түптік мирабилит, кейде тенардит түзілімдерімен толығады. Олардың 10 көлдік кенорындары өнеркәсіптік категориялар бойынша барланған. Сульфат-натрий түздарының қазба жа- тындары Оңтүстік Қазақстанның тауарлық және тау- бөктерлік ойпаңдарында (Шөладыр, Ащыкөл, Үзынсу, т.б.), Шығыс Каспий маңьгаың платформалық депрессия- ларында және Арал маңында белгілі. Шөладыр кенорнының болжамдық ресурсы мынадай, млрд. тонна: тастүз - 2,5; сульфат түздары - 1,5; гипс - 0,43. Ол іздеу-бағалау жүмыстары сатысында барланған.
Жалпы алғанда Қазақстанда астүз бен натрий суль- фатының ірі қоры бар. Республикада табиғи соданың кенорындары мен кенбілінімдері нашар зерттелген. Каль- ңийленген және каустикалық сода алу үшін сода шикі- затының (астүз, бор, өктас, бақалшақтас) мол қоры Батыс Қазақстанда орналасқан. Сода шикізаты (тастүз бен жазатын бор) Белая Ростошь кенорнында ғана балансқа алынған.
Табиғи сода кенорындарын іздеуге Предуралье мен Каспий маңы перспективалы болып қалуда.
2.11. Фосфат шикізаты
Жалпы мәліметтер
Фосфат шикізаты ретінде негізгі мәнге апатит пен фосфорит ие, олардың химиялық формуласы Са5[РОл]3 (Ғ,СІ,ОН). Апатит минералының қүрамына қоспалар ретінде стронций, барий, магний, сирекжерлер, т.б. кіреді. Апатит табиғатта кең тараған минерал, бірақ негізгі өнеркәсіптік мәнге оның сілтілі және ультра- негізді-сілтілі таужыныстардағы концентрациясы мен олармен байланысты постмагмалық жаралымдары ие.
Фосфорит - шөгінді таужыныс (саз, карбонат, аралас қүрамды), олардың қүрамы негізінен фторапатитке жа- қын. Фосфорит уран, сирекжер, стронций сияқты эле- менттерге бай келеді. Сондай-ақ оның қүрамына ванадий, титан, цирконий, алтын және т.б. кіреді.
Фосфат шикізатының басым массасы фосфор мен қүрама тыңайтқыштар өндірісінде пайдаланылады. Бүл тыңайтқыштар ішінде ең көп таралғаны - қарапайым және қос суперфосфат. Оларды химиялық өңдеу арқылы алады, яғни химиялық жолмен фосфордың ерімейтін қосылыстары жақсы еритін және өсімдік жақсы сіңі- ретін түрлерге өзгертіледі. Апатит концентратынан да- йындалған суперфосфат қүрамында 20% шамасында еритін Рг05 болады. Фосфориттен алатын суперфосфат- тың сапасы нашарлау келеді. Фосфоритті механикалық өңдеу (майдалау) арқылы фосфорит үнын алады. Ол көбінесе қышқылдығы жоғары күлді топырақты тыңай- туға қолданылады. Фосфат шикізаты, сонымен қатар химиялық өнеркәсіпте фосфор, фосфор қышқылын және оның түздарын, синтетикалық жуғыш заттар өндіруге, қара металлургияда феррофосфор алуға және медицина- да пайдаланылады.
Өнеркәсіптік кен арасында дербес апатитті және ке- шенді (апатит-магнетит, апатит-кальцит, апатит-титан- магнетит) түрлері ажыратылады. Апатит-нефелин кені флотация әдісімен жақсы байытылып, жоғары сортты апатит концентраты (39,4% Р205) алынады.
Фосфорит минералдық қүрамы мен бітімдік-қүры- лымдық белгілері бойынша мынадай табиғи литология- лық түрлерге бөлінеді: микротүйірлі, түйірлі жалбыр (тасберішті), тасмалталы және конгломератты, бақал- шақты, қопсық және тас. Фосфордың мөлшері бойынша дербес фосфорит пен фосфатты қүм, мергель, әктас бөлінеді. Фосфориттің сапасы Р.ръ мөлшерімен және зиянды қоспалар (MgO, Ғе203, С02,А1203, т.б.) болуымен анықталады.
Фосфат шикізаты жерасты тәсілімен де, ашық тәсілмен де өндіріледі. Апатит кенін жерасты тәсілімен өндіргенде Р20. мөлшері 8%-дан, ал ашық тәсілмен өндіргенде - 6% - дан кем болмауы керек. Апатит кенорындарында кенді ашық тәсілмен өндіру аршылым коэффициенті 20-дан аспаған, ал жатынның минимал қалыңдығы 10 м болған кезде жүргізіледі. Фосфорит кенорындарында аршылым коэффициенті 25 м, шомбал фосфорит қабатының мини- мал қалыңдығы 1 м, жалбыр фосфорит қабаты - 0,5-1 м, бақалшақ фосфорит қабаты - 0,3 м болу керек.
Кенорындар қорының масштабы бойынша: ірі - фосфорит шикізатының қоры >200 млн. тонна, орташа - 50-200 млн. тонна, үсақ - <50 млн. тонна болады.
Фосфат шикізатының ңоры шетелдерде 100 млрд. тоннадан асады. Олардың ішінде фосфориттің үлесіне (20- 45% Р205)99% қор, ал апатиттің үлесіне небәрі 1% (10% P2Os) ңор тиеді. Өте ірі фосфорит кенорындары орналасқан елдер - Морокко, Мысыр, Алжир, Тунис, Сирия, Уганда, АҚШ. ТМД-да фосфат шикізатының қоры 15 млрд. тонна, оның ішінде 2 млрд. тоннасы - жиынтықты темір кенді және сирекметалды кенорындарда, ал апатит кенінің үлесіне өнеркәсіптік фосфат шикізаты қорының 40%-дан астамы кіреді. Фосфат шикізатының өндірісі шетелдерде 100 млн. тоннадан асады. Өндірістің негізгі көлемі (70%) АҚШ пен Мароккода. Фосфат шикізатының қүны оның сапасына байланысты.
Фосфорит кені (30% Р2Ог) 2000 жылы 30 $/т шамасында болған.
Қазақстанда есепке алынған фосфат кенінің баланстық қорында негізгі мәнге фосфорит (микротүйірлі жәнө жалбыр) кені ие. Фосфорит кенорындары екі ірі алапта шоғырланған: Кіші Қаратау (микротүйірлі фосфорит) ЖӘНӨ Ақтөбе (жалбырлы фосфорит). Кіші Қаратау алабы 14 өнеркәсіптік кенорынды (Шолақтау, Көксу, Жаңа- тас, Көкжон, т.б.) біріктіреді. Олардың баланстық қоры 550 млн. тонна. Алаптың болжамдық ресурсы 2 млрд. тонна деп бағаланады. Ақтөбе алабы 9 кенорынды (Ши- лісай, Алға, Богданов, Көктөбе, т.б.) бірікті-реді, олардың жиынтық баланстық қоры 125 млн. тонна фосфор- дың бесокисі. Бүл қордың үлкен бөлігі (90 млн. тонна) Шилісай кенорнында шоғырланған. Алаптың болжамдық ресурсы 104 млн. тонна Рг05 деп бағаланады. Фосфат шикізатының Қазақстанда нашар зерттелген резерв- тік көзі - апатит кені, ол Көкшетау ауданында орналасқан (Красномай массиві) кенорындардан түрады. Фосфат шикізатының маңызды резерв көзі Торғайдың Соколов, Сарыбай, Қашар ЖӘНӨ басқа кенорындарындағы апатитті магнетит кені болып табылады. Олардың байы- ту өнімдерін тазартқан кезде жыл сайын 100 мың тонна апатит конңентратын алуға мүмкіндік бар.
Апатит кенінің болжамдық ресурсы 147 млн. тонна фосфор ангидриті деп бағаланады.
Қазаңстанның батысы мен оңтүстігінде (Маңғыстау, Арал маңы, Торғай) жалбырлы фосфоритпен катар түйлі фосфорит кең дамыған. Олар әзірше фосфорит кенінің болжамдық ресурсында шамалы мәнге ие болғанымен, өндіру мен байыту технологиясының қарапайымдығы- на байланысты ңызығушылық туындатады.
Фосфат шикізатының белгілі бір үлесіне фосфат-глау- конитті қүм ие (Батые Қазақстан мен Павлодардағы Ертіс маңы). Олардың қоры мен болжамдық ресурсы жүздеген млн. тонна. Фосфорит-глауконит кені қүрама минералдық тыңайтқыш алу үшін жоғары сапалы шикізат сана- лады.
Өнеркәсіптік кенорындарының типтері
Апатит кенорындарының басты өнеркәсіптік типі - магмалық, олар сілтілі нефелинді сиенит интрузиялар- мен байланысты. Бүл типті өнеркәсіптік кенорындар Қола түбегінде (Хибин массивіндегі кенорындар - Кукис- вумчорр, Юкспор, Апатитті цирк, Расвумчорр үстірті, Коашва), сонымен қатар Гренландия, Оңтүстік Африка, Бразилия мен Канадада белгілі.
Фосфорит үшін негізгі орынды шөгінді және мору кенорындары алады. Олар Қазақстанда, Монғолияда, Авст- ралияда, АҚШ-та, сонымен қатар Бельгия, Франция, Үлыбритания, Марокко, Алжир, Тунис, Мысыр, Сирия, Ирак, Иран мен Түркияда кең дамыған.
Шетелдерде фосфорит шикізатының қоры мен өндірісі шөгінді фосфорит кенорындарымен байланысты (кеннің қоры 88%, Р2Оь қоры 95%, концентрат өндірісі 93%). Апатит кені карбонатит кенорындарынан ғана өндіріледі (кеннің қоры 12%, Р2Оъ қоры 5% және концентрат өндірісі 7%).
Кенорындардың кен-геологиялық сипаты
Қаратау фосфоритті ал абы. 1936 жылы И .И. Машкара Кіші Қаратау жотасында үсақ түйірлі кремнийлі-карбо- натты төменгі кембрий фосфорит қабаттарын ашқан, олардың қүрамындағы Р,ръ мөлшері 18-37 %. Ал 1937- 1946 жылдары геологтар П.Л.Безруков пен Б.М.Гим- мельфарб созылымы бойынша 120 км, ені 25-30 км Кіші Қаратау фосфоритті алабын контурлаған. Алапта 40-тан аса эр түрлі ірілікті кенорындар мен кенбілінімдер анықталған және алдын ала зерттелген. Осы жылдары алап- тагы фосфориттің қоры 2 млрд. тонна деп бағаланған. 1946 жылы алаптың бірінші кенорнын игеру басталып, Қаратау қаласы салынды. 1960-80 жылдары Қаратау ала- бына үлкен мән беріліп, оны арнайы барлау үшін Жаңа- тас геологиялық-барлау экспедициясы (ГБЭ) үйымдас- тырылған. Фосфоритті қабат ашылған жолақтың ішінде 49 жеке кенорын анықталған. Барлық кенорындар аймақтық үстаным бойынша 5 топқа бөлінеді (2.1-кесте).
Бірінші топ кенорындары. Бүл топқа ірі Шолақтау-І кенорнынан басқа бірқатар шағын: Тамды, Арбатас, Сүлейменсай, Насынқүл, Шолақтау-ІІ, Қотырбүлақ, Жетімшоқы-І және II кенорындары кіреді. Олардың бәрін 1937-1938 жылдары Қаратау экспедиңиясының іздеу партиясы ашып, зерттеген, ал 1955-1956 жылдары - Оңтүстік Қазақстан геологиялық басқармасының Байқадам кешенді ГБЭ жүмыс жүргізген.
Өндірістік Шолақтау кенорны (2.6-сурет) Қаратау қала- сынан оңтүстікке қарай 5 км жерде орналасқан, одан арғы жағын жарылым қиып тастаған. Фосфоритті қабат 3 бу- даға бөлінеді: 1) төменгі - карбонатты фосфорит, Р20- мөлшері 100-200 м тереңдікте 19-33 %, ал жер беті маңында (1-6 м) 26-29 %; 2)фосфатты-кремнийлі (1,5-7 м)- кремнийлі фосфорит пен кремнийдің жүқа қабатшала- рынан түрады. РгОь мөлшері 2-3-тен 20-22 %, орташа мәні 14%; 3) жоғарғы (басты) фосфоритті - негізінде анық сақ- талған фосфоритті конгломерат (0,3-0,5 м) жатады, буданың қалыңдығы 6-12 м. Фосфорит оолитті-түйірлі, псам- митті, Р2Оъ 35-36 %-ға жетеді.
бөлігінің геологиялық қимасы
(Б.М.Гиммельфарб пен А.С.Соколов бойынша):
1 - жоғарғы девон конгломераты; төменгі силур мен ортаңғы кембрий таужыныстары; 2 - әктас пен доломитит; 3 - "қошқыл әктас" қабаты; фосфоритті серия кендері; 4 - басты фосфоритті; 5 - фосфат-кремнийлі жөне төмен фосфоритті; б - кремнийлі; 7 - "төменгі доломитит" қабаты; төменгі кембрий таужыныстары; 8 - кремнийлі; 9 - бірінші және екінші доломитит қабаттары; 10 - жарылымды бүзылыстар
2.1-кесте
Кіші Қаратау фосфорит кенорындары
Топ |
Кенорын |
Үзындығы, км |
Кабат- тар саны |
Орташа қалыңдығы, м |
р2о5 орташа мөлшері, % |
Қоры, % Жалпы- ға |
|
Жетімшоңы I |
1,8 |
1 |
2,8 |
22,0 |
|
|
Жетімшокьі II |
0,35 |
|
6,3 |
22,0 |
|
|
Қотырбүлақ |
1,5 |
1 |
1,25 |
18,5 |
|
|
Шолақтау I |
0,75 |
1 |
2,0 |
27,0 |
|
I |
Шолақтау II |
4,5 |
1 |
11,6 |
25,8 |
4,0 |
|
Арба тас |
4,0 |
1 |
0,4 |
19,3 |
|
|
Тамды |
10,0 |
1 |
0,4 |
19,0 |
|
|
Насынкүл |
1,6 |
1 |
5,0 |
27,0 |
|
|
Сүлейменсай |
0,5 |
1 |
1,0 |
80,7 |
|
II |
Көктал Тесіктас Шилібүлак Ақсай I (III) Ақсай II Түйесай (I и II) Қыршабақты II Қыршабақты I Қыршабақты III |
5,0 2,3 2,7 7,0 8,0 4,3 6,0 5,5 0,5 |
1 1 1 1 1 1 1 1 |
0,6 3,5 4,0 14,5
|
22,0 29,0 24,0 24,0 25,0 24,0 25,0 12,0 21,0 |
12,0 |
|
Жетімтал |
12,0 |
1-2 |
0,8 |
25,0 |
|
|
Қарашат |
4,0 |
1-2 |
1,5 |
30,0 |
|
|
Бүркітті I |
6,0 |
2 |
3,1 |
26,0 |
|
|
Бүркітті |
1.0 |
1 |
1,0 |
27,0 |
|
|
Дегерес |
1,5 |
1 |
1,2 |
27,0 |
|
|
Жылан |
5 |
1 |
3,0 |
28,0 |
|
III |
Алажар |
5,5 |
2 |
2,0 |
26,0 |
4,0 |
|
Актас |
1,0 |
1 |
0,4 |
25,0 |
|
|
Батырбай I |
5,0 |
1 |
1,5 |
26,0 |
|
|
Батырбай II |
5,5 |
1 |
1,5 |
26,0 |
|
|
Солтүстік |
4,0 |
1 |
2,0 |
26,0 |
|
|
Бүркітті |
1,0 |
1-2 |
3,0 |
26,0 |
|
|
Қотыртас |
|
|
|
|
|
|
Ақжар |
6,1 |
2-4 |
1,5-1,8 |
21,8 |
|
|
Жартас |
0,5 |
1 |
8,0 |
30,0 |
|
|
Арқарлысай |
2 |
1-2 |
5,0 |
25,0 |
|
|
Көксу |
13 |
2 |
11,0 |
26,3 |
|
IV |
Үшбас I (оң жаға) |
5 |
1-2 |
8,0 |
26,0 |
24,0 |
|
Үшбас (сол жаға) |
4 |
7 |
25,0 |
26,0 |
|
|
Герес |
6 |
1 |
10,6 |
25,7 |
|
|
Таутары |
1,0 |
1 |
4,5 |
27,0 |
|
|
Жаңатас, |
23,0 |
2 |
21,0 |
25,1 |
|
|
бөлікшелері: |
|
|
|
|
|
|
Шошкабүлақ |
|
|
|
|
|
|
Орталық |
|
|
|
|
|
|
Тоғызбай |
|
|
|
|
|
|
Бүркітті Гиммельфарб |
12,0 |
2 |
10,0 |
25,7 |
|
V |
|
|
|
|
56,0 |
|
|
Кокжон, |
3,4 |
1 |
10,9 |
27,3 |
|
|
болікшелері: |
21,0 |
1 |
2,0 |
29,0 |
|
|
Аралтөбе |
4,5 |
1 |
14,4 |
27,4 |
|
|
Атқүм |
11,2 |
1 |
11,0 |
25,7 |
|
|
Кесіктөбе |
4,0 |
1 |
0,5 |
25,0 |
|
|
Қыстас |
3,0 |
1 |
0,2 |
22,3 |
|
|
Бабаата |
|
|
|
|
|
|
Қарауылтөбе |
|
|
|
|
|
Кенорын қүрылымдың жағынан ірі антиклин қатпа- рының аударылған солтүетік канаты. Таужыныстардың еңістігі кенорынның шығыс бөлігінде тікше 80-850, ал қиыр батысында - 60-750. Кенорынды 1943-1945 жыл- дар аралығында Б.М.Гиммельфарб барлаған. Байыту фаб- рикасы бар Қаратау қаласының маңында болғандықтан, кенорынды игеру 1946 жылдан басталған. Кен өндіру 90 м тереңдікке дейін ашық тәсілмен, ал 1970-ші жылдары жерасты шахтасына өтіп, "Молодежный" кенішінің жыл- дық өндіру көрсеткіші 1 млн. тонна болған. Кеннің барланған А+Б+С^ санаттықоры 18478мыңтонна(Р2054812 мың тонна), С2 санаты бойынша - 4930 мың тонна (-Р20. 1263 мың тонна).
Екінші топ кенорындарын 1937-1938 жылдары Қаратау экспедиңиясының іздеу партиясы ашып зерттеген. Көктал, Тесіктас, Шилібүлақ ЖӘНӨ Қыршабақты I, II және III кенорындарының өндірістік мәні төмен. Түйе- сай I және II кенорындарындағы фосфоритті қабаттың қалыңдығы 4-23 м, орташа мәні 10 м, Ррй мөлшері 23,7% . Түйесай-І кенорнында 200 м еңіс тереңдікте есептелген фосфорит қоры В санаты бойынша 1756 мың тонна, Cj - 5591 мың тонна, С2 - 15550 мың тонна, ал P2Os орташа мөлшері 23,6%. Түйесай-ІІ кенорнындағы қор С2 санаты бойынша 2460 мың тонна, Р2Оъ мөлшері 24%. Бір ескеретіні, бүл кенорындардың қоры орташа қалыңдығы 6 м және Р2Оъ мөлшері 23% -дан асатын фосфорит қабатының бөлігі бойынша ғана есептелген.
Өндірістік Ақсай I, II ЖӘНӨ III кенорындары Үлкен Ақтау жотасының солтүстік-шығыс беткейінің суайрық бөлігінде, Қаратау қаласынан солтүстік-батысқа қарай 40 км жерде орналасқан. Кенорындарды 1938-1941 жылдары Б. М. Ги м м ел ьфарб барл аған, ал 1951-1955 жылд ар аралығында Ақсай (1955 жылдан - Байқадам) геология- лық-барлау партиясы (ГБП) түбегейлі барлап, қорын есептеп, игеруге даярлаған. Кенорындардың геологиялық қүрылысына венд кешені мен төменгі палеозой түзілімдері кіреді, олар кіші қарой және тамды серия- ларынан түрады. Фосфоритті қабат төрт будаға бөлінеді: 1) фосфат-кремнийлі - кенорынның тек қана солтүстік- батыс бөлігінде дамыған, фосфоритті кремний мен крем- нийлі-карбонат таужыныстар қабатшаларынан түрады, қалыңдығы 8 м-дей, Р2Оь орташа мөлшері 20-21%; 2) төменгі карбонатты-фосфатты - барлық кенорын бойынша кездеседі және негізінен ірі және орташа тақталан- ган карбонатты фосфориттен түрады. Солтүстік-батыс бөлікте қалыңдығы 2-3 м, Р20. мөлшері 20-22%, Si02 - 12-14%, ал оңтүстік-шығысында - 8-19 м, Р,0 - 25- 27%-ға артып, Si02 - 9-10%-ға дейін азаяды, СО,, мөлшері 8-12%; 3) кремнийлі-карбонатты-фосфатты - тақ- таланған кремнийлі-карбонатты фосфориттен түрады, қалыңдығы 3-12 м, Рръ 25-26%, Si0213-16%, С02 8-9% ; 4) жоғарғы карбонатты-фосфатты - шомбал карбонатты фосфориттен түрады, қалыңдығы 1,5-6,0 м, Р2Ог< 18-22%, SiOz 12-16%, С0212-15%.
Фосфоритті қабаттың қалыңдығы 27,6 м-ге дейін, орташа мәні 12,2 м, созылымы бойынша үзындығы 8 км, құлау бағытында 1035 м тереңдікке бойлаған. Жатысы аударылған, еңістік бүрышы оңтүстік-батысқа қарай 60-870. Фосфорит кенінен электротермиялық әдіспен сары фосфор алынады. Өнеркөсіптік қоры, мың тонна: А+В+С, санаттары бойынша кен 148227, Рръ 35316; С2 - кен 31385, Р205 7580; тысбаланстық - кен 31483, Pp. 5385. Кенорын 1960 жылдан бастап ашық тәсілмен иге- рілуде. 2000 ж. жерасты тәсілімен кен өндіруге шахта даярланған.
Үшінші топ өндірістік мөні төмен бірқатар үсақ кенорындарды қамтиды. Олар Ақсай және Көксу кенорындарының аралығында орналасқан.
Төртінші топ бірнеше үсақ және өндірістік кенорындарды біріктіреді. Ақжар кенорны 1957 жылы зерттел- ген, ол өзі аттас аңғардың солтүстік-шыгыс беткейіне орналасқан. Қалыңдығы 30-65 м фосфоритті қатқабатта 4-5 кенді қабат бөлінеді, олардың қалыңдығы 1,5-тен 10-18 м, Рр& орташа мөлшері 19-24%. Фосфорит сыйыстырушы таужыныстармен бірге солтүстік-шығысқа қарай 30-420° бүрыш жасайды. Кеннің қоры, мың тонна: А+В+С1 санаттары бойынша 294088, Р20Г) 50721; С2 - 97698 кен, 25401 Рръ.
Үшбас кенорны 1980-1985 жылдар аралығында түбе- гейлі барланған. Кенорында қалыңдығы 10-12 м фосфоритті екі қабат анықталған, солтүстік-батыста олар 4-5 қабат жасап, жиынтық қалыңдығы 28 м болады. МҚК бе- кіткен қоры, мың тонна: кен A+B+Cj санаттары бойынша 17393, Ррь 4522; С2 - кен 97698 және Р205 25401.
Көксу кенорны - солтүстік-шығысқа 30-400° бүрыш- пен қүлаған моноклин. Кенорынды алғаш 1937-1938 жылдары П.Л.Безруков пен Б.М.Гиммельфарб ашқан, ал 1961-1965 жылдары Жаңатас ГБЭ ғеолоғтары (Г.В.Страхов, Д.А.Айдымбеков, В.В.Дикарев, Е.А.Овчинников, т.б.) түбеғейлі барлап, қорын есептеген. Кенорынның үзындығы 13 км. Фосфоритті шолақтау свитасының қүрамында екі буда бөлінеді. Төменгі фосфоритті буданың қалыңдығы 4-16 м, Р205 орташа мөлшері 26-28 %, тереңінде 23-27 %. Жоғарғы фосфоритті буда 5-6 м, бу- дадағы P2Os орташа мөлшері 25-30%. Бекітілген өн- діріетік қоры, мың тонна: кен A+B+Cj санаттары бойынша 161090, Р2Оъ - 39857; С2 бойынша кен - 503, Ррь - 131; тысбаланстық кен - 167164, Рръ ~ 40953. Көксу кенорнының ңоры жалпы Кіші Қаратау бойынша жи- ынтық қордың 12 %-ын қүрайды.
Бесінші топқа өндірістік Жаңатас, Көкжон, Гиммель- фарб ЖӘНӨ бірқатар үсақ кенорындар кіреді. Жаңатас кенорны Жаңатас қаласынан 5 км оңтүстік-батысқа қарай Үлкен Ақтау жотасының бойында орналасқан, үзындығы 21,7 км. 700 м тереңдікке дейін түбегейлі, ал 1000 м-ге дейін жекелеген үңғымалармен барланған. Геологиялық қүрылысы, қалыңдығы және өнімді буда- ларының сапасы бойынша эр түрлі 4 бөлікшеден түрады (оңтүстік-шығыстан бастап): Бүркітті, Тоғызбай, Орта- лық жөне Шошқабүлақ. Кенорында фосфоритті шолақ- тау свитасының (жасы төменгі кембрий) қүрамы мейлін- ше толық және мынадай будалардан түрады (төменнен жоғары қарай): 1) төменгі доломит горизонты - 1,5-3 м; 2) кремнийлі (7-18 м), оның жоғарғы жағында Ррь орташа мөлшері 5%; 3)фосфатты-кремнийлібуда(0,7-8 м), Ррь мөлшері 8-15,-кейде 25%; 4) төменгі фосфоритті буда- 8-17м; 5)фосфатты-тақтатастыбуда(5-16м)-Рр, мөлшері 12-17%; 6) жоғарғы фосфоритті буда (5-20 м) - Рр. мөлшері 23-30%, кейде одан да жоғары. Алаптағы ең ірі бүл кенорында барлық қордың 35% -ы шоғырланған. Кенорынды алдын ала барлауды 1939-1941 жылдары Б.М.Гиммельфарб пен Г.Н.Рюриков жүргізген. 1955- 1959 жылдар арлығында Байқадам ГБП геологтары түбегейлі барлап, қорын есептеген, ал 1965 жылы оны төрт карьермен игеру басталды. 1990 жылы фосфорит кенін өндіру 6 млн. тоннаға жеткен. Өндірістік қор, мың тонна: кен А+В+Сх категориялары бойынша - 787466, Р.,Оъ - 187241; С- 317558 кен, 75589 Рру
Гиммельфарб кенорны Жаңатас Орталық кеніші карье- рінің өндірістік алаңынан оңтүстік-батысқа қарай 3 км жерде орналасқан. Ол жер бетіне шықпайды, 150-1000 м тереңдікте үңғымалармен барланған, созылымы бойын- ша 11,0 км-ге бойланған. Өндірістік фосфоритті қабат орналасқан шолақтау свитасының қалыңдығы 50-60 м. Кенорын қазір түбегейлі барланған. Есептелген қоры А+В+С1 санаттары бойынша, мың тонна: кен (Р20. орташа мөлшері 25,57%, Si02 - 3,41%) - 328000, Р2Оь - 86480; С2 - кен 239000, Р205 64300.
Көкжон кенорны Кіші Қаратау жотасының солтүстік- батыс бөлігінде, Жаңатас кенорнынан оңтүстік-батысқа қарай 4-5 км жерде орналасқан. Үзын жолақ түрінде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа қарай 40 км-ге созылып, төрт бөлікшеге бөлінеді (оңтүстік-шығыстан бастап): Аралтөбе жер бетіне шықса, қалғандары (Атқүм, Кесіктөбе мен Қыстас) төрттік түзілімдер тысымен жа- былған. Шолақтау свитасындағы фосфоритті горизонт кенорын бойынша үзіліссіз созылып, күңгірт-сүр және қарафосфориттен түрады. Қабаттың жалпы қалыңдығы 25-50 м. Кенорын толық түбегейлі барланған. Бекітіл- ген өндірістік қоры санаттар бойынша, мың тонна: А+В+С1 - 505024 кен, 130840 Р205; С2 - 90523 кен, 23711 Р205; тысбаланстық - 52854 кен, 13462 Р205.
2.12. Күкірт шикізаты Жалпы мәліметтер
Күкірттің жер қыртысындағы орташа кларкі 0,03%. Оның шамалы бөлігі ғана табиғатта сомтума түрінде кездеседі. Бүл элементтің басқа көздеріне металдар сульфиді, сульфаттар (гипсит пен ангидрит), табиғи жанғыш газдардағы күкіртсутек, күкіртті мүнай, битум - ды қүмтас жатады. Күкіртті ілеспе түрде коксхимия өндірісінде және түсті металдар кенін металлургиялық өңдеу кезінде алады. Табиғи сомтума күкірт кристалл ЖӘНӨ аморфты түрде кездеседі. Температура 114-119°С шамасына жеткенде күкірт балқып, сүйыққа айналады. Оның бүл қасиеті күкірт кенін байытқан кезде және жерасты шаймалау әдісімен өндіруге пайдаланылады.
Күкірт шикізатының негізгі көлемі (70-90%) күкірт қышқылын алуға пайдаланып, ол фосфор, азот және калийлі тыңайтңыш, эр түрлі химикаттар өндіруге, мүнай өнімдерін тазартуға, бояу мен пигмент, синтети- калың талшыңтар, қопарғыш заттар, жуғыш заттар, пластмасса алуға ңолданылады. Сонымен ңатар, күкірт пен оның ңосылыстары целлюлоза-қағаз, фармацевтика, тамақ пен текстиль өнеркәсібінде, ауыл шаруашы- лығында (тыңайтңыш пен зиянкестермен күресетін зат ретінде) пайдаланылады.
Сомтума күкірт кенорындары ңорының мөлшері бойынша мынандай масштабтарға бөлінеді: ірі - қоры >10 млн. тонна, орташа - 1-10 млн. тонна, үсаң- <1 млн. тонна. Кен күкірттің мөлшері бойынша қоңды (S>25%), орташа (10-25% ) және жүтаң (5-10% ) түрлерге бөлінеді. Күкіртті таужыныстардың қүрамы бойынша сомтума күкірт кені әктас, сазды, мергельді, ңүмтасты және гипситті типтерге бөлінеді. Олардың бітімдік түрлестері мынандай: жолақ, секпілді, желішікті, үялы және дисперсиялық. Зияндық қоспаларға гипс, битум, күшәла, селен жатады. Күкірт элементіне деген техникалық та- лап мемлекеттік стандарттармен анықталады.
Сомтума күкірт кенорындары карьерлермен немесе жерастылық шаймалау әдісімен игеріледі. Күкірт кен қабатының минимал жүмыстық қалыңдығы 0,5-1 м, ал аршылым коэффициенті 20-40 м. Жерастылық шаймалау әдісінде үңғымаларға аса ыстық су айдайды, ол күкіртті жатқан жерінде ерітіп шығарады. Бүл әдіс белгілі бір кен-геологиялық жағдайларда (күкіртті таужыныстардың суөтімділігі, ал олардың астындағы және үстіндегі таужыныстардың оттөзімділігі, күкірттің мөлшері 10% шамасынан артық болуы) қолданылады. Күкіртті осы әдіспен айырып алу 40% шамасынан аз болмайды.
Пирит кеніндегі күкірттің минимал мөлшері 20% болады. Масштабы бойынша ірі, орташа және үсақ кено- рындардағы күкірттің қоры тиісінше >5,0,7-5 және <0,7 млн. тоннаны қүрайды. Күкіртті ангидрит, сонымен қатар металлургия зауыттары шығаратын газдан айырып алынады, оның мөлшері 3%-дан кем болмауы керек. Сондай-ақ күкіртті табиғи газдардан (мөлшері 20%), мүнайдан (1-5%) алады. Қосымша күкірт көзі ретінде қазба көмір (күкірттің мөлшері 0,5-9,5%), би- тумды қүм, гипс пен ангидрит кенорындары саналады.
Шетелдердегі сомтума күкірттің жалпы қоры 650 млн. тонна шамасында, анықталғаны - 350 млн. тоннадай. Бүл қордың негізгі көлемі шоғырланған елдер - Ирак, АҚШ, Чили, Мексика, Жапония, Италия, Иордания. Пириттің қоры 1,9 млрд. тонна, оның орналасқан жерлері - Сауд Ара- виясы, Испания, Жапония, Үндістан, Канада, Норвегия. Күкірттің жалпы қоры 70% -ы байланысты мүнай мен газ кенорындары Таяу Шығыста орналасқан. Күкірттің ірі ресурсы қазба көмір кенорындарында (22 млрд. тонна), гип- сит пен ангидритте (7 млрд. тонна), битумды қүмда (2 млрд. тонна) анықталған.
Күкірттің әлемдік өндірісі 54 млн. тонна шамасында ар- тады. Шетелдерде күкірт өндірісі жалпы көлемінің (39 млн. тонна шамасында) 22,8% -ы сомтума күкірт кенорындары- нан алады (АҚШ, Мексика, Иран), 11 % -ы пириттен (Испания, Жапония, Италия, ОАР), 44,4%-ы газдар мен мүнайдан (Канада, АҚШ, Франция), 15,6%-ы металлургиялық газдардан (Канада, АҚШ, Австралия, Жапония, Финляндия) айырып алынады.
Техникалық күкірттің қүны 100-140 $/т шамасында.
Қазақстанда күкірттің үсақ және жеткіліксіз зерттел- ген екі кенорны белгілі: Каспий маңы ойпаңының шығыс бөлігіндегі Подгорненское мен Қаратаудағы Үлкен Бурылтау. Іздеу сатысындағы жүмыстар бойынша Подгорненское кенорнының болжамдық (авторлық) ресурсы 5 млн. тонна шамасында бағаланады. Кен жерасты шаймалауәдісімен игеругежарамды. Түз күмбездері кең дамыған, олардың кепроктарында көптеген бейөнер- кәсіптік күкіртбілінімдер табылған Каспий маңы ойпаңының сомтума күкіртке перспективасы толық анық- талмаған. Өнеркәсіптік күкірт кенденуінің сульфат-
карбонат типті түз күмбездерінен кепрок-индикатор бойынша анықтау әдістемесі проблема болып қалуда.
Қазақстанда сомтума күкіртпен қатар колчедан кенін- де де жалпы және пирит күкіртінің едөуір ресурсы бар. Кенді Алтай кенорындарындағы жалпы және пирит күкіртінің қоры ондаған млн. тонна болады. Николаев ке- норнындағы күкірттің мөлшері 14 млн. тонна, Орловта - 8,6 млн. тонна, Текелі кенорындары тобында -10 млн. тонна шамасында. Майқайың, Абыз, Қүсмүрын, т.б. кенорындар да күкірт кеніне бай. Күкірттің үлкен ресурсы респуб- ликаның түсті металлургия зауыттарының күкіртті газ- дарында бар. Қазіргі кезде күкірт Каспий маңындағы мүнай кенорындарының қалдығы ретінде өте көп мөлшерде шоғырлануда.
2.13. Диатомит, трепел, опока
Жалпы мәліметтер
Аталған таужыныстар белсенді минералдық қоспалар- ға және жеңіл бетон толтырғыштарын өндіру шикізатына жатады. Мүндай толтырғыштар түйірлердің ірілігі 5 миге дейін болғанда орташа тығыздығы 1200 кг/м3, ал ірілігі 5-40 мм болса - 1000 кг/м3 болатын кеуек органикалық минерал. Бүл топқа, сонымен қатар пемза (көбіктас), жа- нартау жөне әкті туф, кеуек әктас пен әктас-бақалшақтас, перлит кіреді.
289
19-152
Кремнийлі таужыныстарды өнеркәсіпте ңолдану олардың айрыңша қасиеттеріне негізделеді. Өндірілген өнімнің басым бөлігі (70%) үнтақтар алуға: сүзгіш үнтақ, пластмасса толтырғышы, резина, бону, химия және медицина препараттарын алуға түтынылады. Бүл таужыныстар белсенді қоспалар ретінде цемент өнеркәсібінде қолданылады. Сонымен, олардың едәуір бөлігі жеңіл бетон толтырғышы ретінде, термолиттік тасшақпа, керамзит сияқты гравий, жеңіл салмақты кірпіш, т.б. өндірісінде қолданылады. Кремнийлі таужыныстарға олардың пайдалану бағыттарына байланысты кремнезем мөл- шеріне, қүм мен темір оксид қоспаларына, ылғалдылы- ғына, орташа тығыздығына эр түрлі талаптар қойылады. Кремний таужыныстар ірі кенорындарындағы қор мөлшері бірнеше миллион тонна, орташа кенорындарда - жүздеген мың-миллион тонна, үсақ кенорындарда - <100 мың тонна.
Кремнийлі таужыныстардың әлемдік қоры 3,4 млрд. тонна шамасында, олар ТМД (2,5 млрд. тонна), АҢШ, Дания, Франция және бірқатар елдер аумағында шоғырланған. Шетелдердегі өндіріс көлемі (АҚШ, Франция, Германия, Мексика, Перу, Бразилия, т.б. елдер) 1,6 млрд. тоннадан асады. ТМД-да тек қана цемент өнеркәсібі үшін 7 млн. тонна кремнийлі таужыныстар алынады.
Олардың қүны (жартылай фабрикат түрінде) 2-21 $/т шамасында.
2.14. Табиғи тас қүрылыс материалдары
Жалпы мәліметтер
Бейметалл пайдалы қазбалардың бүл тобына магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстар жатады. Олар механикалық өңдеуден өткізіледі. Қолданылуына, тас өңдейтін өнеркәсіпте өндіру мен өңдеу тәсіліне байланысты олардың өнімі екі түрге бөлінеді:
1) кесек тас - өлшемдері эр түрлі блоктар түрінде өнді- ріліп, ары қарай өңдеуден өткен соң қаптама (әсемдік), жол төееніші (шойтас, қырлытас) және қабырға (кесілме) тас ретінде пайдаланылады;
2) бүрыс пішінді жаппай өндірілетін тас - сындырыл- ған тас (шойтас), оны таужыныс массасын қопарьга алып, үсақ фракцияларын іріктеу арқылы алады және уатылған тас (тасшақпа, жаңқа, жасанды қүм), оны өндірілген таужынысты уатып, фракцияларға бөлу нәтижесінде алады.
Эр түрлі мақсатқа мынадай таужыныстар пайдаланылады:
іргетас салу (шойтас, кесілме және жарылған тас) - берік таужыныс түрлерінің барлығы;
қабырға қаластыру (қабырға тастары мен блоктар, тегістелген тас) - кеуек таужыныстар: әктас- бақалшақ- тас, туф, доломит, қүмтас;
сыртқы қалтама (қаптама тақта мен тас, профильдік элементтер) - гранит, габбро, базальт, жанартаулық туф, мәрмөр, тығыз әктас, қүмтас;
ішкі қаптама (қаптама тақталар, профильдік элементтер) - мәрмәр, мөрмәрленген әктас, травертин, жанартаулық туф;
жол төсеніші (жақтаулық тас, қырланған және жарылған тас) - гранит, диорит, габбро, базальт, қүмтас, тығыз өктас;
гидротехникалық қондырғылар қүрылысы (уатылған, жарылған және тегістелген тас, дөңбек тас) - тығыз әктас, доломитит, қүмтас, диорит, габбро, базальт, диабаз.
Табиғи қүрылыс материалдарына деген өнеркәсіптік талаптар өте эр түрлі, бүл олардың эр түрлі салаларда пай- далануына байланысты болып, тастың физикалық және технологиялық қасиеттерімен анықталады. Олардың ең маңызды қасиеттеріне беріктігі мен үзақ төзімділігі жатады. Беріктігі (механикалық әрекеттерге қарсыласуы) эр түрлі көрсеткіштермен - сығуға, созылуға, иілуге, соққыға, езуге қарсылығымен сипатталады. Қүрылыс та- сының ең басты спиттамасы - сығуға беріктік шегін МЕМСТ оның пайдаланылу бағыттары бойынша анықтайды.
Тастың үзақ төзімділігі оның беріктік (қаптама тас үшін әсемдікте) сипаттамасын физикалың және химия- лық үдерістер үзақ эсер еткенде сақтау қабілетімен анықталады. Үзақ төзімділікті бағалау үшін маңызды сынақ - тастың аязға төзімділік коэффициентін анық- тау болып табылады. Ол тас беріктігінің ңиклдік тоңа- зыту және жібіту барысында төменденуін көрсетеді.
Айтылған көрсеткіштермен қатар таужыныстың қолдану саласына байланысты орташа тыгыздығы, кеуектілігі мен жарықшақтылығы, су жүтуы, суқанықтығы, түтқыр- лығы, өңделгіштігі, жылтырланғыштығы, түсінің түрақ- тылыгы, жылуоқшаулауыш қасиеттері, т.б. анықталады.
Қүрылыс тасы кенорындары қоры бойынша ірі (қоры >30 млн. м3), орташа(15-36 млн. м3)жөнеүсақ(<15 млн. м3) болып бөлінеді. Қүрылыс тастарының әлемдік қоры іс жүзінде шексіз. Бірақ минералдық шикізат кенорындарының бүл түрі көлік жолдар торабы дамыған экономика- лық иғерілген аудандар ауқымында ғана өндіріледі. Ондіріс жүмыстары бүрғылау-қопару жүмыстарын қолдану арқылы ашық тәсілмен жүрғізіледі. Сонымен қатар механикалық жару және таскескіш қүралдарды пайдала- нады. ТМД аумағында қүрылыс тасын ірі масштабта Карелия, Кола түбеғі, Украинаның оңтүстіғі, Қырым, Солтүстік Кавказ, Закавказье, Орта Азия, Қазақстан, Орал, Батыс және Шығыс Сібір мен Қиыр Шығыста өндіреді. Қүрылыс тастары өндірісінің жалпы көлемі 500 млн. м3 шама- сынан асады.
Қазақстанда қүрылыс материалдары өнеркөсібінің қуатты шикізат базасы жасалған. Бүл шикізаттың барлық негізгі түрлерінің көптеген кенорындары барланған. Соңғы жылдары қүрылыс материалдарының 1500- нан астам кенорны есепке алынған. Олардың жартысын кірпіш-жабынқыш сазы, қүм-гравийқоспасы, қүрылыс тасының кенорындары қүрайды. Қалған кенорындарды қүрайтын қүрылыс материалдар түрі: қаптама және қабырға (кесілме) тастар; цемент (әктас, саз таужыныс, витрофир), керамзит (саз, саздақ, сазтас, тақтатас), пет- рургиялық (базальт, габбро, диабаз) шикізат; минерал- дық бояу (пигментке жарамды), гипсит пен ангидрит. Республика қүрылыс материалға деген өз қажеттілігін толығымен қанағаттандырады, шикізатпен жеткілікті қамтамасыз етілген. Есепке алынған кенорындардың игерілгені 30%-дан аспайды.
Қаптама, қабырға және кесілме тастар. Қазақстанда қаптама, қабырға және кесілме тастардың көптеген кенорындары мен кенбілінімдері бар. Қаптама тастар арасында гранит, габбро, порфир, туф, мәрмәр мен мәрмөр- ленген әктас, ал қабырға тастарында - әктас пен бақал- шақтас басым. Көптеген кенорындар барланған, бір бөлігі пайдаланылса, ал басым бөлігі резервте немесе консерва- цияланған. Барланған қаптама материал кенорындары арасында он шақтысы - гранит (Қордай, Желтау, Теректі, Жалғыз-5, Алатағыл, Межовское, т.б.), үшеуі - габбро (Топар, Шарықтас, Қатынадыр), екеуі - амазонит (Май- көл, Золотоноша), төртеуі 7 порфирит пен туф (Ақбастау, Арқарлы, Қарлығаш, Сарыбүлақ), тоғызы - мәрмәр (Таскөл, Екпінді, Саяқ, Ащыбүлақ, Қалжыр, Комаров, Тесіктас, Теректі, Дөңгелек), отыздан астамы - әктас-ба- қалшақтас (Жетібай, Бейнеу, Сауыр II, Қызыл Түран, Маңғыстау II мен III, Желтау, Сауытты, Шекара, Ералы, Кокосты 3, Разъезд №4,6, Түлкілі, Монтайтас, Қотырбү- лақ және т.б). Кесілме тастың, яғни өктас-бақалшақтас- тың негізгі қоры (150 млн. м3 шамасында, оның ішінде 20 млн. м3-тен астамы - қаптама сортты) бес кенорында шоғырланған. Қазақстанның қаптама, қабырға және кесілме материалдармен қамтамасыздығы жоғары.
Керамзит шикізаты. Қазақстанда керамзит шикізатын өндіру бойынша шикізат базасы қанағаттанарлық. Ол жеңіл балқитын саз, саздақ, сазтас (аргиллит), сазды тақ- татас, т.б. шикізат түрлерінен түрады.
Керамзит шикізатының жалпы қоры 300 млн. м3-ден асатын 32 кенорын есепке алынған. Олардың ішінде өнеркәсіптік категориялар бойынша барланғаны 150 млн. м:,-ден асады. Қордың 80% -ы 10 ірі кенорында шоғырланған: Дарбаза (қоры 26,5 млн. м3), Алабота (15,0 млн. м3), Аденсу (15,0 млн. м3), Данилов (13,6 млн. м3), Бүзулық (12,8 млн. м3), Келес (13,8 млн. м3), Сор (12,5 млн. м3), Ақбүлақ (10,3 млн. м3), Алебастр (9,6 млн. м3), Боровское (71,1 млн. м3). Басңа кенорындардың шикізат ңоры 2-5 млн. м3 шамасында. Сарыбай темір кенорнында саз шикізаты аршылым таужыныстары қүрамына кіреді, оның ңоры 14 млн. м3-тен асады. Керамзит сазының ірі шоғыр- лары Батыс Қазақстанда анықталған (Сазды, Тамды, По- годаев, Түксай, т.б. кенорындар). Керамзит саздарының барланған кенорындарының көбі игерілмейді.
Петрургиялық шикізат. Қазақстанда петрургиялық шикізаттың потенциалы үлкен. Олар тас қүю мен минералдық мақта бүйымдары өндірісіне жарамды базальт, габбро-диабаз, т.б. таужыныстар. 1990-шы жылдардың басына дейін есепке алынғаны 11 кенорын болған, олардың өнеркәсіптік категориялары бойынша барланган қоры 75 млн. тонна шамасында. Бүл шикізаттың ең ірі кенорындары: Даубаба (қоры 19,4 млн. тонна), Тасқүр- сай (15,7 млн. тонна), Үшқызыл (6,7 млн. тонна), Дар- менсай (5,9 млн. тонна), Қараөзек (5,7 млн. тонна), Козырев (3,8 млн. тонна), Бедарев (3,2 млн. тонна), Қарамазар (2,8 млн. тонна), т.б. Белгілі кенорындарды жете барлау мен жаңа кенорындарды ашу арқылы қорды молайтуға мүмкіндік бар. Орталық Қазақстандағы Ақсораң кенорнының волластониті жоғары сапалы минералдық мақта алуға жарамды екені анықталған. Бүл кенорындағы волластониттің қоры 50 млн. тонна деп бағаланады.
Қазақстандағы петрургиялық шикізаттың жалпы ресурсы тас қүю өндірісін үйымдастыруға толық жеткі- лікті.
2.15. Карбонат таужыныстар Жалпы мәліметтер
Карбонат таужыныстарға әктас, мәрмәр, бор, мергель, доломитит, травертин, гажа, магнезит пен сидерит жатады. Олардың ішінде магнезит пен сидерит айрықша пайдаланылады, сондықтан бүл бөлімде қарастырылмайды.
Әктас - негізінен кальциттен түратын шөгінді таужыныс. Кейде оның қүрамына арагонит, сынықты материал, саз, органикалық зат, кварц, опал, халцедон, пирит, темір оксиді, сидерит, глауконит, фосфорит, т.б. қоспалар кіреді. Ол көбінесе қатты әрі тығыз болады. Оның орташа тығыздығы 2,9 т/м3-қа дейін (ба- қалшақтастарда 1,2-1,5 т/м3), кеуектілігі эр түрлі, беріктігі 200-300 МПа шамасына дейін жетеді, бірақ көбінесе 30-80 МПа болады. Таза әктастың қүрамы СаО (56,04 ) және С02 (43,96 ).
Мәрмөр - метаморфтық үдерістер нәтижесінде қайта кристалданған әктас, оның қүрылымы гранобласты.
Бор - әктастың түрлесі, ақ түсті біркелкі масса, нашар цементтелген, жақсы жүғатын таужыныс. Ол негізінен планктондық жөне теңіз түбі организмдерінің қаңқа қал- дықтарынан және қалқандарынан түрады. Бүл қалдық- тар химиялық жолмен түзілген үнтақ кальцитпен цемент- теледі. Бордың орташа тығыздығы 1,5-1,6 т/м3, кеуектілігі 40-50%, табиғи ылғалдылығы 20-35%, беріктігі төмен - қүргақ күйде 5 МПа шамасынан аспайды.
Мергель - карбонат таужыныс, қүрамында 25-50 саз материал бар.
Доломитит - карбонат таужыныс, қүрамында доло- миттің мөлшері кальциттен асады. Таза доломититте СаСОя - 54,35 , MgC03~ 45,65 немесе СаО - 30,41, MgO - 21,86 , С02 - 47,73 болады. Физикалық-механикалық қасиеттері бойынша доломитит әктасқажақын. Доломитит пен әктастың арасында аралық карбонат таужыныстардың үздіксіз қатары түзіледі, оның шеткі мүшелері таза әктас пен таза доломитит болып шығады.
Травертин (әкті туф) - жеңіл кеуек таужыныс, кальций карбонатының ыстық немесе салқын көздерінен шөгуі нәтижесінде жаралады.
Гажа - болбыр, үнтақ тэрізді көмірқышқыл каль- цийдің қопсық массасы. Ол көл-батпақ сушараларда ерітінділер ден СаСОа түнуы нәтижесінде түзіледі.
Әлемде жыл сайын 5 млрд. тонна карбонат таужыныс өндіріліп, өңделеді. Оларды өндірілу көлемі мен түтыны- луы бойынша бейкен пайдалы қазбалар ішінде қүм-гра- вий материалдарменғанасалыстыруғаболады. Карбонат таужыныстардың түтынылу қүрылымы эр түрлі елдерде әркелкі. Өндірілген материалдың 70-80 шамасы қүры- лыста пайдаланылады, ал қалғаны - өнеркәсіптің басқа салаларында (шыны - 0,5%, флюс әктас - 6,4% , химия - 2,3%, қант өндірісі - 2,5%, целлюлоза-қағаз - 0,2 бен ауыл шаруашылығында негізінен қышқыл топырақты әктілеу үшін).
Цемент өндірісінде пайдаланылатын таужыныс қүрамында СаО>АО%, MgO<3,8%, SO <1,2%, ал Si02, Al203 пен Ғе2Оя мөлшері қанығу коэффициентінің КҚ, силикат MS және алюмототық МА модульдерінің қажетті мәнін қамтамасыз ету керек.
Кк = [Са0-(1,65А/г03 + 0,35 Ғе203 + 0,7 S03)]:2,8S/02
формуласы бойынша анықталып, оның мәні 0,8 бен 0,92 аралығында өнеркәсіп талаптарын қанағаттандырады.
M=Si02/(Al203 + Fe2Os)
формуласы арқылы анықталатын силикат модулінің мәні 1,2...3,5 болады.
МА=А1203/Ғе203
алюмототық модулі 1. ..2,5 мәндерінде талаптарды қанағаттандырады.
Бүл сипаттамалардың максимал мәндері (0,92; 3,5 және 2,5) ең оңтайлы саналады. Мүндай клинкер алу үшін қоспалардың 3,3%-ға дейінгі ең жоғарғы мәнінде карбонат пен саз таужыныстардан түратын шикізаттың қүрамында СаО 42,2% ;Si0214,1% ;AZ203 3,1% ;Ғе203 1,6 болу керек.
1 тонна клинкер алу үшін 1,5 тонна әктас немесе 1,6 тонна бор, немесе 1,8 тонна мергель жүмсалады. Ақ және түсті цемент алу үшін карбонат шикізатында бояғыш темір оксидтері (0,35%-ға дейін) мен марганец оксид- тері (0,04%-ға дейін) шектеулі болу керек. Ал СаО мөлшері 54-60% -дан аз болмайды.
Карбонат таужыныс кенорындарының көпшілігі ашық төсілмен өндіріледі. Жерасты тәсілі сирек қолданылады. Оларды өңдейтін зауыттар көбінесе кенорындар маңына салынады.
Әлемдегі карбонат шикізаттың қоры іс жүзінде шексіз. ТМД елдеріндегі қоры 20 млрд. тонна. Карбонат таужыныстардың әлемдік өндірісі 5 млрд. тонна шамасында. Оларды ең көп көлемде ТМД, АҚШ, Жапония мен Германия өндіреді.
Әктастың қүны 1-3 $/т шамасында.
Қазақстанда цемент өндірісінің потенциалы шексіз десе де болады. Цемент шикізатының жалпы қоры (әктас, саз таужыныс) миллиардтаған тонна деп анықталған. Өнеркәсіптік категориялар бойынша барланғаны 2 млрд. тоннадан асады. Баланстық қордың негізгі массасы 15-20 кенорында шоғырланған. Ең ірі кенорындар: Сарыапақ (қоры 707,>8 млн. тонна), Астахов (әктас - 350 млн. тонна, саз - 253 млн. тонна), Шекубаев (268 және 23 млн. тонна), Көксор (161,6 млн. тонна), Ағала- тас (150 млн. тонна), Қызылқүрт (125,5 млн. тонна), Ақсуат (бор - 110,5 млн. тонна), Новотаубинск (103,4 млн. тонна), Мыңарал (82,6 және 38,6 млн. тонна), Са- жаев (75,0 млн. тонна), Керегетас (70,6 млн. тонна), Қы- зылжар (44,8 ЖӘНӨ 20,0 млн. тонна), т.б. Қазақстан аумағында портландцементке белсенді минералдық қоспа- лардың бірнеше кенорны барланған: витрофир кенорындары - Бабенов (қоры 19,0 млн. тонна), Даубаба (20,0 млн. тонна), Арқарлы (9 млн. тонна); опока мен диатомит - Жаңа Іле (25,0 млн. тонна), Шипов (21,6 млн. тонна), Қүдық (20 млн. тонна), Өтесай (17,0 млн. тонна), т.б.
Долмититтің мол қоры Солтүстік және Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бүл жердебарланған белгілі ірі кенорындар: Алексеев (жалпы қоры 36 млн. тонна), Қарабауыр (71 млн. тонна), Сарықүм (106 млн. тонна). Бүл аймақтағы доломититтің перспективалық ресурста- ры 400-500 тоннаға бағаланады. Долмититтің бірнеше кенорны мен кенбілінімдері Оңтүстік Қазақстанда ор- наласқан. Олардың ең белгілілері Көкжон, Жаңатас (112 млн. тонна), Тектүрмас, Баянкөл (100 млн. тонна шамасында), т.б. Алғашқы деректер бойынша барлық кенорындардың доломититі металлургияда оттөзімді материал ретінде пайдалануға жарамды.
2.16. Қүм мен қүм-гравий материалдар
Жалпы мәліметтер
Қүм, гравий және басқа сынықты таужыныстар (мал- татас, дөңбектас-шақпатас материал) эр түрлі минерал- дың ңементтелген сынықтары мен түйірлерінен, таужы- ныс сынықтарынан түрады. Олардың пішіні мен жүмыр- лану дәрежесі эр түрлі болып, гранулометриялық жөне заттық қүрамымен сипатталады.
Сынықты таужыныстардың гранулометриялық қүрамы бойынша бірегей жалпыға ортақ жіктелімі жоқ. Жіктелімдердің көпшілігінде минералдар мен таужыныстардың өлшемі 0,1-1 мм аралығындағы түйірлерін қүм деп атаса, ал 1-10 мм - гравий, өлшемдері 10-100 мм аралығындағы сынықтартасмалта, ал 100 мм-ден ірілері тасдөң- бек деп аталады. Табиғи қүм мен гравийді қүрылыс шикізаты деп қарастырғанда, олардың сапасын бағалау үшін МЕМСТ 24100-80 басшылыққа алынады. Ол бойынша өлшемдері 0,005-5 мм таужыныс пен минерал сынықтары - қүмға, 5-70 мм - гравийге, ал 70 мм - тасшақпаға жатқы- зылады. Аталған МЕМСТ талалтары бойынша қүрамындағы гравий өлшемді сынықтар 10% -дан аспайтын үсақ түйірлер - қүм таужыныс, егер 10% -дан асса - гравий-қүм (көбінесе қүм-гравий деген атау қолданылады) таужыныс деп аталады. Қүрамында гравий 10-дан жәнетасдөңбек 5 - дан асатын таужыныстарды тасдөңбекті-гравийлі қүм деп атайды. Оларды өндіргенде алынған материал қүм, гравий мен тасдөңбек қүрамдас бөліктерге жіктеледі. Гравий 5- 10,10-20,20-40 ЖӘНӨ 40-70 мм фракңияларға сортталады.
Заттық қүрамы бойынша мономинералды, олигоми- нералды (көбінесе 2-3 минералдан түрады) жөне поли- минералды түрлерге бөлінеді. Қүмда кварц пен далаш- паттар басым кездеседі. Қоспа ретінде слюда, карбонат, гипс, мүйізалдамыш, магнетит, анартас, сонымен қатар тозаң саз бөлшектер, органика мен таужыныстардық үсақ сынықтары болуы мүмкін. Гравий мен дөңбектас- тар гранит, гнейс, кварцит, эр түрлі тақтатас, қүмтас, т.б. таужыныс сынықтарынан түрады.
Қүм мен қүмды-гравий материалдың қолданылуы бүл сынықты таужыныстардың өр түрлі физикалық қасиеті- не байланысты. Өндірілген қүм мен гравийдің негізгі бөлігі (ТМД-да 95 -ы) қүрылыс өнеркәсібінде бетон толты- рушысы ретінде, ал қүм сонымен қатар қүрылыс ерітінді- лерін алуға пайдаланылады. Айрықша таза кварц қүм шыны, керамика, металлургия өнеркөсібінде, сондай-ақ ферросилиций, кремний карбиді, т.б. алуға қолданылады.
Гравийдің гранулометриялық қүрамы бетонның ақ- қыштығы мен цементтің шығынын анықтайды. Гравий ірі және үсақ фракциялардан түрып, қуыстардың көлемін мейлінше азаюына байланысты цемент шығынын да мүмкіндігінше азайтатын біркелкі қүрамымен сипатта- лады. Оның қүрамында массасы бойынша пластина сияқты немесе ине пішінді түйірлер 15, ал босаң таужыныстар (пластина мен ине тэрізді түйірлердің беріктігі дома- лақ пішінді сынықтарға қарағанда төмен) 10 шамасынан аспау керек. Бетонның беріктігі түйірлер бетінің си- патына да байланысты. Мәселен, нашар жүмырланған, беті кедір-бүдыр гравий беті тегістерге қарағанда цемент- пен жақсы ілініседі.
МЕМСТ қолдану бағытына қарай гравийдің мынадай көрсеткіштерін анықтайды: цилиндрде сыққанда уатыл- ғыштыгы (бетон толтырғышы), сөрелі барабанда желінгіштігі (автомобиль жолдарының қүрылысында), мүнарада соққыға қарсыласуы (теміржол балласты). Орташа тығыздығы 1200 кг/м3-ден асатын, ал түйірлерінің өлшемі 5 мм-ге дейінгі қүм бетон толтырғышы, қүрылыс ерітінділері, теміржол мен автожол қүрылысы үшін пайдаланылады. Ол гранулометриялық қүрамы, тозаң, саз, үйық бөлшектердің, қабаттас, күкіртті қосылыстар, орга- никалық заттар, т.б. бойынша МЕМСТ талаптарына сай келуі қажет.
Шыны мен керамика өнеркәсібінде қолданылатын кварц қүм үшін ең маңызды көрсеткішіне оның химиялық қүрамы жатады. Кремний тотықтың мөлшері 90% - дан кем болмау керек. Сондай-ақ кальций оксидінің, ал ю- мототықтық және хромофтор элементтердің(темір, хром, титан, ванадий, никель) мөлшері шектеулі болады. Ферросилиций, кремний карбиді, сүйық шыны, сонымен қатар түрпі (абразив) пен сүзгіш материалдар өндірісінде пайдаланылатын қүмда кремний тотығының мөлшері жоғары болу қажет. Қалыптық қүмдағы кремний тоты- ғының мөлшері 97% -дан кем болмауы, ал саз фракциясы - 1,1% -дан, сілті мен сілтіжер элементтер - 1 % -дан, Ғе2Оа - 0,6%-дан аспау керек.
Қорының масштабы бойынша қүм-гравий кенорындары ірі (қоры >30 млн. м3), орташа (10-30) және үсақ (<10), ал қүрылыс қүмының кенорындары ірі (қоры >15 млн. м3), орташа (10-15) және үсақ (<10) түрлерге бөлінеді. Қүм мен гравийдің әлемдік өндірісі 8,3 млрд. тоннадан асады, оның ішінде АҚШ - 1 млрд. тонна, ал ТМД - 0,5 млрд. тонна шамасында. Кварц қүмның қоры шектеулі болғандықтан, оны алмастырушының көзі ретіне қүмтас, кварцит, желі кварцты, т.б. пайдаланылады. Қүм мен гравийді карьерде гидромониторлар көмегімен немесе су астында жүзіп жүретін жерсорғыш снарядтармен өндіреді.
Шыны қүмы. Қазақстанда кварц шыны қүмының бірнеше кенорны барланған. Ең ірі кенорындар Оңтүстік Қазақстанда: Арал (қоры 18 млн. тонна), Қалқан (14 млн. тонна), Ғүрыншыбүлақ (4,7 млн. тонна), т.б. Шығыс Қазақстанда (Павлодар, Ертіс маңы) Қалқаман (3 млн. тонна), ал Батыс Қазақстанда Мүғалжар (8 млн. тонна) кенорындары анықталған.
Шыны өндіруге жарамды кварц қүмының елеулі қоры қалыпты материалдар балансында ескерілген (Мыс Бакланий кенорны - Зайсан маңы, Апанов Солтүстік Қазақстанда, т.б.). Қазақстанда шыны қүмды шикізат кено- рындарын ашудың мүмкіндіктері жеткілікті.
2.17. Саз бен каолин
Жалпы мәліметтер
Қүрамы мен қасиеттері. Саз таужыныс деп негізінен бөлшектерінің өлшемі 0,005 мм кейбір жіктелімдерде 0,002 мм монтмориллонит пен палыгорскиттен түратын таужыныстар тобын айтады. Минералдық қүрамы бойынша каолинитті, монтмориллонитті, гидрослюдалы, палыгорскитті және полиминералды саз таужыныстар бөлінеді. Бүл таужыныстардьщ басты химиялық ком- поненттері - Si02, Лірз, Hp, аз мөлшерде ТЮ2, Ғерз, МпО кездеседі, көбінесе 10 қүмайт кіреді. Таужыныстар күрамына саз фракциялар деп аталатын майда бөл- шектермен қатар өлшемі 0,1-0,01 мм қүмайт пен өлшемі 0,1-2 мм қүм фракциялары кіреді.
Тығыздалу мен цементтелу дәрежесі бойынша саз таужыныстар сазға, сазтасқа және саз тақтатасқа бөлінеді. Саз - керіштелмеген, байланысты бөлшектері бір-бірімен түтас байланысқан шөгінді таужыныс. Ол суға жібіп, иленетін масса жасайды, өзіне берілген пішінді сақтау мен қалыптану қабілетіне ие. Отқа күйдірілген иленген масса қатты тас қасиетін қабылдайды. Сазтас (аргиллит) - тас сияқты шөгінді таужыныс, минералдық қүрамы бойынша саз сияқты, бірақ суда жібімейді. Саз тақтатас - тығыз, тақталанған метаморфтық таужыныс, ол гидрослюдалы, хлорит, каолинит, басқа минералдар жүрнағы- нан, кварц, далашпат және бейсаз басқа минералдардан да түрады.
Саз таужыныстар арасында каолин, оттөзімді саз, бентонитті және палыгорскитті саз бөлінеді.
Каолин - қүрамындағы минералдар ішінде каолинит тобындағы минералдардын каолинит, диккит мөлшері 50%-дан кем болмайтын таужыныс. Егер каолинді минералдар мөлшері 50% -ға жетпейтін болса, мүндай тау- жынысты каолинді деп атайды, мысалы, каолинді қүм.
Оттөзімді саз - негізінен каолин тобындағы минералдардан және еркін алюмототық минералдардан түрады. Ол диспериялылық дәрежесініц үлкендігімен және балқу температурасының жоғарылығымен сипатталады. Оның қүрамында каолиндерге қарағанда таужыныстардың оттөзімділігін төмендететін темір оксидтері мен гидроксидтері, кварц, сульфидтер мен карбонаттар едәуір аз болады.
Бентонит - майда дисперсиялы саз, қүрамындағы монтмориллонит тобының минералдары 60% -дан кем бол- мауы керек. Бүл минералдардың өлшемі 60% -дан аз болса, бірақ негізінен монтмориллониттен түрса, мүндай саз бентонитті деп аталады. Бентонит пен бентонитті саз қүрамында қоспалар ретінде аралас қабаттылар: гидрослюда, палыгорскит, цеолит, галлуазит, т.б. минералдар болады. Алмасу катиондарының қүрамы бойынша сілтілі және сілтіжер бентонит бөлінеді. Сілтіжер бентониттің техно- логиялық сипаттамасы төмендеу болатындықтан, ол натрий препараттарымен өңдеп, жақсартуды қажет етеді.
Палыгорскитті саз - негізінен анизотропиялылығы күрт білінетін палыгорскит минералынан түрады. Палыгорскит алюминий мен магнийдің сулы силикаты, қүрылымы қабатты-таспалы, кристалдары ине-талшық кейіпті және жіктілігі жетік. Бүл аталғандар минерал - дың айрықша физикалық-химиялық қасиеттері - таң- дамалы адсорбциялық, гидрофильдік, катализдік, т.б. көрсеткіштерін анықтайды.
Саз шикізаттың пайдалану салаларын анықтайтын эр түрлі қасиеттері саз таужыныстың заттық және түйір- өлшемдік қүрамына байланысты. Сондықтан бүл қасиет- тер технологиялық деп аталады. Оларға жататындар - пластикалық, оттөзімділік, дәнекерленгіштік, байланыс- тырғыштық қабілеті, қаптағыштық, түсі, суы мол түрақ- ты суспензия жасауға қабілеті мен химиялық инерттілігі.
Қолданылуы. Саз таужыныстар іс жүзінде барлық салада қолданылады: кен ісінде - үңғыма бүрғылаған- да, үңгуір комбайндарының жүмысы мен бүрғылау- қопару жүмыстары кезінде; былғары өнеркәсібінде был- ғары мен теріні өңдеуге; тамақ өнеркәсібінде - шарап, алкогольсіз ішімдіктер, қант пен нан-тоқаш бүйымда- рын дайындауға; өнеркәсіпте - текстиль, автомобиль жасауда, оптика өндірісінде, қағаз, резеңке, парфюмерия бүйымдарын даярлауға; ауыл шаруашылығында, мал шаруашылығында, химия өнеркәсібінде, металлургия мен медицинада пайдаланылады. Саз таужыныстар табиғи күйде, бірақ көбінесе өңделген күйде пайдаланылады. Олардың негізгі массасы күрылыс бүйымдары, қарапайым және нәзік керамика, оттөзімді материалдар, цемент, керамзит өндірісінде пайдаланылып, қүрылыс пен гидроизоляциялық материал ретінде қолданылады. Шикізаттың жарамдылығы - одан түтынушының қаже- тін өтейтін және қазіргі нормативтерге сай бүйымдар жасауға болатындығымен анықталады.
Саз кенорындары қоры бойынша ірі (қоры > 20 млн. тонна), орташа (5-20) және үсақ (<5) түрлерге бөлінеді. Бенто- нитті саздардың әлемдік қоры 2 млрд. тонна (оның ішінде 1,15 млрд. тонна шетелдерде), ал өндірісі 9 млн. тонна (АҚШ - 4 млн. тонна, ТМД - 2,5 млн. тонна) шамасында. Каолиннің қоры ТМД-да 450 млн. тонна, өндірісі 4 млн. тонна (АҚШ-та қоры 7 млн. тонна). Оттөзімді саздың әлемдік қоры 3,4 млрд. тонна, өндірісі - 2,25 млн. тонна.
Каолиннің қүны сапасына қарай 1-160 $/т шамасында өзгереді.
Қазақстанда каолиннің барланған бірқатар кенорындары бар. Олардың ең ірілері - Солтүстік Қазақстандағы Алексеев пен Елтай, Батые Қазақстандағы Союзное кенорындары. Сонымен қатар бүл жерде Валентинов, Са- сықкөл, Митрофанов, т.б. кенорындар орналасқан. Кенорындар бойынша каолиннің есептелген жалпы қоры едөуір. Тек қана Алексеев пен Елтай кенорындары бойынша баланстық қор 220 млн. тонна, тысбаланстық - 20 млн. тоннадан асады. Каолиннің негізгі түтынушылары - керамика, шыны мен целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің меке- мелері. Барланған қор ондаған жылға жетеді. Сонымен қатар Қазақстанда каолиннің көптеген үсақ кенорындары мен кенбілінімдері бар, олардың көпшілігі жеткіліксіз зерттелген, ал қажет болғанда бағалануы ЖӘНӨ барлануы мүмкін.
Қиын балқитын саз негізінен қарапайым керамика өндірісіне қажет шикізат ретінде қолданылады. Қазақ- станда қиын балқитын саздың ондаған кенорны анықталған. Негізгі қор Орталық, Оңтүстік ЖӘНӨ Шығыс Қа- зақстан кенорындарында шоғырланған. Орталық Қазақстанда қоры өнеркөсіптік категориялар бойынша барланған кенорындар - Целиноградское (13,6 млн. тонна) мен Төңкеріс (2,9 млн. тонна). Авторлық қоры баға- ланған кенорындар: Сасықкөл - 4,5 млн. тонна, Қара- жігіт - 2,6 млн. тонна, Айзантомар - 10 млн. тонна шамасында.
Оңтүстік Қазақстандағы өнеркәсіптік қызығушы- лыққа ие кенорындар: Ленгір(18,1 млн. тонна), Қасқа- су (18 млн. тонна шамасында), Шеңгелді (12-14 млн. тонна), Көктөбе, т.б. Аймақтың жиынтық қоры 30 млн. тоннадан асады. Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптік мәнге ие кенорындар - Горностаев (3,6 млн. тонна), Шағыл (4,7 млн. тонна), Митрофанск (1,4 млн. тонна), Ахми- ров (0,5 млн. тонна, болжамдық қоры 16 млн. тонна), Қүйған (2,0 млн. тонна), т.б. Батыс Қазақстанда Хром- тау кенорны барланған (9,3 млн. тонна).
Көптеген кенорындардың каолинді сазы қиын бал- қитынға және оттөзімдіге жатады. Бірқатар жағдайда қиын балқитын саз ретінде Қазақстан аумағында кең дамыған бентониттің кейбір түрлестері қолданыла алады. Баланстық қоры бар бірнеше бентонит кенорындары барланған. Қордың бір бөлігі С2 санаты бойынша есеп- телген. Жекелеген кенорындар алдын ала бағаланған.
Ең көп практикалық қызығушылыққа ие - Оңтүстік және Шығыс Қазақстан кенорындары. Оңтүстік Қазақстанда - Дарбаза және Келес кенорындары, олардың жиынтық қоры 58,0 млн. тонна; Андреев, Дзержинское, Елдерсай кенорындары - жалпы қоры 100 млн. тоннадан асады. Бүл кенорындарда бентонитпен қатар палы- горскитті саздың ірі қоры анықталған (380 млн. тонна шамасында), олардың жартысынан астамы (236,8 млн. тонна) Дзержинское кенорнының үлесіне келеді. Шығыс Қазақстанда бентонитті саздың Маңырақ кенорындар тобы белгілі, олардың жалпы болжамдық ресурсы 50 млн. тонна шамасында. Таған (қоры 10,6 млн. тонна), Дино- заврлы (4 млн. тонна шамасында), т.б. кенорындардағы бентонит жоғары сапасымен айрықшаланады.
Солтүстік Қазаңстанда бентониттің үш: Қүсмүрын, Верховое және Южное кенорны барланған, олардың қоры (С2 санатты) 180 млн. тоннадан асады, ал өнеркәсіптік санаттар бойынша - 40 млн. тонна шамасында.
Қазақстанныңбентонит пен палыгорскит саздарының шикізат базасы оларды өнеркөсіп пен ауыл шаруашы- лығының эр түрлі саласында кең пайдалануға мүмкіндік береді.
2.18. Техногендік кенорындар
Жалпы мәліметтер.
Пайдалы қазбалардың техногендік кенорындары жер қыртысында геометриялық үйымдасқан кен өндірісі, металлургия, химия мен басқа кәсіпорындардың қал- дықтарынан пайда болады. Олар мөлшері мен сапасы бойынша туынды шикізат ретінде өнеркәсіптік пайдалануға жарамды.
Қара металлургияда үйінді мен тастанды қоймала- рындағы таужыныс массасы өндірілген және байыту кезінде өңделген темір кені массасының 85 шамасын қүрайды. Байыту фабрикалары 1 тонна түсті металл кон- центратын өңдеп, қоймаларға 30-100 тонна қалдық жібереді. Байыту кезіндегі кен ысырабы кең ауқымда өзгеріп, негізінен кен мен сыйыстырушы таужыныстар аралығында орналасады. Осыған байланысты бүл компоненттер концентрат қүрамына да, байыту қалдықтары қүрамына да кете береді.
Табиғи күйде немесе қүрамындағы қүнды компонент- терді және зиянды элементтерді жете айырып алу мақ- сатында өңдеуден өткізілген кен өндіруші, байытушы, металлургия көсіпорындарының қалдықтарын қүрылыс материалы ретінде де қолдануға болады. Бүл шикізат кірпіш, силикатты бетон, қаптама материал, портландцемент, толтырғыш материал өндіруге, шыны мен керамика өндірісінің шикізаты ретінде пайдаланылады.
305
20-152
кенін жарты ғасырдан астам уақыт бойы өңдеп келген. Қазір оның қалдықтарынан мыс және басқа металдарды қайта жете айырып алу мен таужыныс үйінділерінен, тастандыларынан эр түрлі қүрылыс материалдарын (оның ішінде минералдық мақта да бар) алу өнеркөсіптік төжірибеден өткен. Қарағанды көмір шахталарының үйінділері мен байыту фабрикаларының тастандылары бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіруге, қүрылыс материалдарын жасауға кең пайдаланылады. Мүндай жүмыстар Соколов-Сарыбай КБК-да мақсатты жалға қой- ылған. Бүл комбинаттың жыл сайынғы қуаты 176 млн. кен массасына жетеді. Қалдық үйінділерді қайта өңдеу арқылы кен ысырабын азайтуға мүмкіндік туды, ал тасшақпа фракциялайтын тас уатқыш зауыт жылына 1 млн. м3 тау- жынысты пайдаланады. Аршылым таужыныстарын- дағы саз - керамзит зауытының шикізаты, ал қүм - тол- тырғыш материал ретінде пайдаланылады.
Дегенмен, байыту фабрикаларының қалдықтарын кең масштабта қүрылыс материалы ретінде пайдаланбау, олардың қүрамында аз мөлшерде болса да эр түрлі қүнды материалдың болуына байланысты. Өйткені орасан зор қалдық үйінділері мен тастанды қоймаларындағы мате- риалды алдагы уақытта қайта өңдеу қолға алыну керек. Осыған байланысты фабрикалардың тастандылары әзірше өте аз мөлшерде пайдаланылады. Мәселен, 1989 жылы мыс өнеркәсібі кәсіпорындарының тастанды қалдықта- рын игеру 1,7 мөлшеріндеғанаболған. Темір кенін өңдеу саласындабүл көрсеткіш біршама жоғары, қалдықтарды қайта пайдалану көлемі 15 шамасында.
Өнеркәсіп қалдықтарын үйіп сақтау қоршаған ортаға мынадай бағыттарда теріс ықпал жасайды: шаруашы- лыққа пайдаланатын жерлерді бүлдіру және басып қалу; су көздерін ластау және гидробалансты бүзу (әсіресе, тас- тан қамал жасағанда); атмосфераны ластау. Осыған байланысты техногендік кенорындарды игерудің өнеркәсіптік те, практикалық (экономикалық) мәні де, эколо- гиялық маңызы да үлкен.
Техногендік кенорындардың типтері
Өнеркәсіптік өндіріс қалдықтары негізінен пайдалы қазбаларды өндіру, байыту мен металлургиялық өндеу технологиялық үдерістеріндегі бірқатар жетімсіздіктердің нәтижесі болып табылады. Осыган байланысты өнеркәсіптік қалдықтардың мынадай кейбір типтерін қарастырамыз: кен өндіруші кенорындардың қалдықтары; байыту фабри- каларының тастандылары; металлургиялық қождар мен отын күлі; шикізатты химиялық өңдеу қалдықтары.
Кен өндіруші кеңорындардың қалдықтары негізінен аршылым таужыныстары болып табылады. Заттық қүрамына қарай олар эр түрлі қүрылыс материалдарын өндіру үшін пайдалануға жарамды. Олар көбінесе тасшақпа - бетон толтырғыштары, теміржол қүрылысында балласт, т.б. ретінде қолданылады.
Байыту фабрикаларының қалдықтары кен байыту қалдықтары мен тас көмір байыту қалдықтарына бөлінеді. Кен қалдықтары байыту тастандыларының орасан зор көлемін жасаса, ал көмір қалдықтары күйген және күйме- ген таужыныстардан түрады. Байыту қалдықтарының қолайлы заттық және гранулометриялық қүрамы оларды табиғи кварц қүмдарының оларды алмастырушы ретінде, силикат қабырға мен қаптама материалдар өндірісінде, автоклавта қатаятын шыны ыдыстарын жасауға, асфальтбетон қоспалары, қүрылыс ерітінділері, бетон, т.б. ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
Металлургия қожы темір кенін домнада балқытқан- да пайда болады. Кенсіз таужыныстар кокс күлімен дәнекерленіп, силикат балқыма - домна қожын жасайды. Қож түсті металл кені мен концентраттарын балқыт- қанда да жаралады.
Отын күлі қатты отын (көмір) энергетикалық қондыр- ғыларда жанған кезінде жаралады. Қож бен күл негізінен цементтіңәр түрлі сорттарын, байланыстырғыш материал, минералдық мақта, тасқүю өндірісінде пайдаланылады.
Шикізатты химиялық өңдеу қалдықтары - пайдалы қазбаларды гидрометаллургиялық және химиялық өңдеудің нәтижесі. Бүл үдерістер нәтижесінде өндірістік қалдықтар үлкен көлемде жаралады, оларға кек, шлам, т.б. жатады. Бүл қалдықтар цементтің арнайы түрлерін, кірпіш, жабынқыш, т.б.өндірісінде қоспа ретінде пай- даланылуы мүмкін.
Дегенмен, кен-байыту комбинаттарының қалдықтарын пайдалану проблемасы өнеркәсіптік масштабы іс жүзінде әлі толық шешімін таппағанын да айту керек. Оған бірқатар себептер кедергі болуда: қалдықтардың эр түрлі сорттарына стандарттардың жоқтығы; қалдық- тарды есепке алудың ведомствоаралық үйлесімсіздігі; қалдықтарды сақтау мен пайдалануда мемлекеттік түжырымдаманың жоқтығы.
Бақылау сүрақтары
Бейметалдар тобына қандай пайдалы қазбалар жатады?
Бейметалл пайдалы қазбаларды бағалаудың ерекшеліктері неде?
Бейметалл пайдалы қазбалардың өнеркөсіпте пайдалану бағыттары бойынша жіктелімі қандай?
Асыл, әшекей және техникалық тастар қалай жікте- леді? Олардың сапасы қалай анықталады?
Алмас пен басқа асыл және әшекей тастардың қоры мен өндірістік көлемі қандай?
Асыл жөне әшекей тастардың эндогендік кенорындарының геологиялық қүрылысы мен заттық қүрамы бойынша сипаттамасы қандай?
Асыл және өшекей тастардың экзогендік кенорындарының заттық қүрамы, кен денелерінің морфологиясы, жатые жағдайлары бойынша негізгі ерешеліктері қандай?
Графиттің қандай қасиеттері оның өнеркәсіпте пайдалану бағыттарын анықтайды?
Графиттің қоры мен өндірісі эр елде қандай болады?
Слюда тобындағы минералдар өнеркөсіптің қандай салаларында қолданылады?
Мусковит пен флогопиттің қоры мен өндірісі туралы деректер қандай?
Вермикулиттің қасиеттері, кенорындары мен пайдалану бағыттары қандай?
Асбесттің қоры мен өндірісі қандай елдерде шогырлан- ған?
I 1. Асбесттің минералдық қүрамы, кенорындары мен пай- ди.'іану салалары қандай?
I 5. Тальк шикізатының сапасына өнеркәсіп қандай та- іішітар қояды?
16. Тальк пен талькті тастың қоры мен өндірісі туралы ді'ректер қандай?
1 7. Тальктің гидротермалық және метаморфтық кенорын- дпрының геологиялық жағдайлары қандай?
Флюорит өнеркәсіптің қандай салаларында қолданы- нііды?
Флюориттіқ қоры мен өндірісі туралы қандай дерек- •іч'Р бар?
Флюорит кенорындарының типтері, заттық қүрамы мен геологиялық жағдайлары.
Флюоритке қойылатын өнеркәсіптік талаптар қандай?
Магнезиттің қасиеттері, қолданылуы, кенорындары- ііың геологиялық ерекшеліктері қандай?
Цеолиттің қасиеттері мен заттық қүрамы қандай?
Цеолит өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қандай салаларында қолданылады?
Цеолит кенорындарының өнеркәсіптік типтері мен геологиялық сипаты қандай?
Минералдық түздар дегеніміз не, олардың басты минералдық шикізат түрлері?
Тастүз бен калий түздары өнеркәсіпте қандай сала- ларда қолданылады?
Тастүз бен калий түздарының қоры мен өндірісі туралы деректер қандай?
Қазба түздардың кенорындары қандай топтарга бөлінеді, олардың тектоникалық қүрылысы мен жатые жағдайлары қандай?
Қазіргі заман түз кенорындары деген не, олар қайда таралған?
Фосфат шикізатының минералдық жаралымдары қандай, олар өнеркәсіптің қандай салаларында қолданылады?
Фосфат шикізаты ретінде қолданылатын кендердің өнеркәсіптік типтері мен кондициялары қандай?
Фосфат шикізатының қоры мен өндірісі қандай, оның ең ірі кенорындары қандай елдерде таралған?
Платформалық және геосинклиндік фосфорит кенорындарының геологиялық қүрылысы қандай, олар қайда таралған?
Күкірт жер қыртысында қандай формада болады, оның өнеркөсіптік мәні қандай?
Күкіртті өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының қандай салалары түтынады?
Сомтума күкірт кенорындарының масштабы қандай, олар қандай тәсілдермен өндіріледі?
Сомтума күкірт кенорындары қандай елдерде шоғырланған, олардың ңоры қандай?
Кремний таужыныстарының қасиеттері мен өнеркәсіп- те қолданылуы қандай?
Кремний таужыныстардың қоры мен өндірісі қандай, кенорындарының геологиялық ерекшеліктері неде?
Табиғи қүрылыс материалдары ретінде қандай таужыныстар қолданылады?
Таужыныстардың қүрылыс материалдары ретінде пай- даланылуын анықтайтын ең басты қасиеттері, оларға қойы- латын өнеркәсіптік талаптар қандай?
Магмалық, шөгінді және метаморфтық таужыныстардың ең ірі кенорындарының мысалдары қандай?
Қандай карбонат таужыныстар байланыстырғыш материалдар ретінде пайдаланылады, олар шаруашылықтың басқа салаларында қалай қолданылады?
Карбонат таужыныстардың цемент өнеркәсібінде қолдану мүмкіндігі қандай?
Геосинклиндік, платформалық және аралық кенорындар карбонат таужыныстарының сипаттамалары мен мысалдары қандай?
Қүм мен қүм-гравий материалдар қандай салаларда пайдаланылады?
Өнеркәсіптік пайдалану салалары бойынша қүм мен қүм-гравий материалдардың қасиеттерін анықтайтын МЕМСТ-тар қандай?
Өнеркөсіптік қүм-гравий кенорындардың басты генетикалық типтері қандай?
Саз деген не, саздың басты минералдары қандай, каолин сазының ең басты қасиеттері?
Саздың айрықша қасиеттері мен негізгі пайдалану бағыттары қандай?
Саздың қандай кенорындары бар, олардың қысқаша сипаттамасы қандай?
Техногендік шикізат көздері қандай?
Кен өндіруші көсіпорындардың қалдықтарын қалай пайдалануға болады?
Байытушы фабрикалар мен металлургия көсіпорын- дарының қалдықтарын қандай мақсаттарда пайдалануға болады?
Химиялық өндіріс шикізаттарынан қандай қалдықтар пайда болып, қандай бағыттарда қолданылады?
ЖАНҒЫШ ҚАЗБАЛАР
