Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Payd_kazba.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
6 Мб
Скачать
☆

1.2. Кен заттардың көзі мен олардың түзілу тәсілдері

Кенорындардың пайдалы минералдар массасын қа- лыптастыратын зат көздері біршама эр түрлі болады. Олар­дың негізгілері болып саналатындар: 1) қыртыстьщ не­месе мантияльщ текті магмалық балқымалар; 2) магма- дан оның белгілі бір даму сатысында бөлінуі мүмкін не­месе магма балқымасынан байланыссыз пайда болатын газды, газ-сүйық жөне сүйық ерітінділер; беймагмалық генезисті ерітінділер арасында жер қыртысы мен жогар- ғы мантияның терең бөліктерінен газсыздану кезінде жаралатын ерітінділер (Д.С.Коржинский бойынша "трансмагмалық ерітінділер"), сонымен қатар минерал- данған жер беті мен жерасты суы бөлінеді; 3) эндогендік немесе экзогендік жағдайларда механикалық және хи­миялық әрекет ықпалына үшыраган таужыныстар; бүл таужыныстар өздері арқылы балқымалар мен ерітінділер жылыстайтын геологиялық орта болады, осы ортада ері­тінділер белсенді әрекет етеді және көптеген пайдалы ком- поненттер әкеледі немесе алып шыгады; 4) эр түрлі жа- нуар мен өсімдік агзал ар тіршілігінің өнімдері; 5) ғарыш- тан келетін зат.

Пайдалы қазбалар затының минералжасаушы ортада түзілу і деәр түрлі сипатқа ие болады. Аталган зат көздері- нің эр түрлілігіне байланысты оның балқымалардан, ерітінділерден түзілуі немесе қатты күйде топтасуы ту­ралы айтуға болады. Заттың балқымалардан түзілуі маг­малық және пегматиттік кенорындар жаралган кезінде іске асып, температураның еселеп төмендеуі кезінде крис- талданатын сипатқа ие.

Ең кең таралған тәсіл - заттың сулық немесе газдық- сулық табиғи ерітінділерден бөлінуі. Бүл үдеріс әдетте температураның, ңысымның, концентрацияның өзгеруі- мен және ортаның басқа физикалық-химиялық жагдай- ларымен реттеледі. Зат ерітіндіде иондық-молекулалық формада (шынайы ерітінділер), коллоид бөлшектер (кол­лоид ерітінділер) немесе жүзгіндер түрінде болатындық- тан, оның түзілу тәсілі де эр түрлі болуы мүмкін. Олар­дың арасында мыналарды айтуга болады: 1) механикалық шөгінді; 2) коллоид ерітінділердің өз бетінше коагуляция- сы; 3) өр түрлі химиялық реакциялардың, сонымен қатар булану мен ерітінділер қанығуының нәтижесінде орын алатын химиялық түну; 4) жануар мен өсімдік ағзалар тіршілігінің және өлуінің нәтижесінде биохимиялық түзілу. Газдық ерітінділерден зат сублимация (қүрғақ айдалу) жолымен жиналады. Заттыңосы аталған тәсілдер нәтижесінде бөлінуінен пайдалы қазба жатындары жа- ралады.

Заттық ерітінділер мен қапталдас таужыныстар химия­лық алмасу реакциясына түсу кезінде түзілу тәсілін (ме­тасоматоз үдерісін) айрықша айту керек. Ол жапсарлық метасоматоздық кенорындар қалыптасу кезінде кең тарал- ған. Бүл үдерісте масса тасымалдану сүзілу-диффузиялық сипатқа ие болып, жаралған пайдалы қазба жатындары алмасу денелері болып шыгады.

Заттың қатты күйінде температура мен қысымның өзге- руі кезінде, химиялық белсенді ерітінділердің сүзілуі кезінде болатын топтануы - метаморфогендік генезисті кенорындардағы пайдалы минералдық массалар жаралуы- ның негізгі тәсілі. Бүл кезде масса тасымалдану диффузия- лық немесе сүзілу-диффузиялық сипатқа ие болады.

Жогарыда аталгандардың барлыгы пайдалы қазба ке­норындары қалыптасуының төтенше күрделілігін, кен- генез үдерістерін анықтайтын геологиялық және физи­калық-химиялық жагдайлардың эр түрлі екендігін көрсе- теді.

Бақылау сұрақтары

  1. Пайдалы қазба кенорындарының жіктемесі қандай прин- циптерге қүрылған жөне ол қаңдай бірліктерден түрады?

  2. Теңіздер мен мүхиттар түбінде пайдалы қазбалардың қандай түрлері орналасқан?

  3. Кенорындар жаралуының жағдайлары мен орналасуын анықтайтын геологиялық факторлардың сипаттамасы қан­дай?

  4. Кенорындар қалыптасатын тереңдік белдемдер қандай, эр түрлі белдемдерде кенорындардың қандай типтері қалып- тасады?

  5. Пайдалы қазбалар жағдайларын қандай физикалық- химиялық параметрлер анықтайды?

  6. Пайдалы қазба қалыптастыратын заттың қандай көздері бар және ол қандай тәсілдермен түзіледі?

2-ТАРАУ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]