- •Пәннің оқу-әдістемелік кешені
- •5B072800 - Өңдеу өндірістерінің технологиясы (салалар бойынша) және 5в072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы мамандықтары үшін пәнінің оқу-әдістемелік материалы
- •1.2 Тамақ өнеркәсібіндегі аналитикалық химияның маңызы
- •Химияның негізгі стехиометриялық заңдарын қолдана білу;
- •Сонымен бірге заттың мөлшері «моль» деген ұғымды түсініп,
- •Газдардың заңдарын қолданып, олардың молярлық массаларын анықтауды білу қажет.
- •2.1. Гомогенді жүйедегі тепе-теңдік. Диссоцициялану реакциялары
- •Әлсіз қышқыл мен әлсіз негіздің ерітінділерінің рН есептеу.
- •2.2. Әлсіз электролиттердің диссоциациясына біртектес иондардың әсері.
- •Судың диссоциациясы. Сутектік және гидроксидтік көрсеткіштер.
- •Дәріс № 3. Буфер ерітінділер, тұздар гидролизі
- •Буфер ерітінділер
- •Тұздар гидролизі
- •3.1 Буфер ерітінділер
- •4.2. Аморфты және кристалды тұнбалар
- •Дәріс №5. Гравиметриялық анализ әдісінің орындалу техникасы
- •5.2 Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
- •5.2 Гравиметрия әдісіндегі есептеулер
- •6.1. Стандартты заттар, олардың ерітінділерін дайындау
- •6.2. Титриметрияда қолданылатын ыдыстар
- •6.1. Стандартты заттар, олардың ерітінділерін дайындау
- •6.2. Титриметрияда қолданылатын ыдыстар
- •Титрлеу әдісінің түрлері
- •Қышқыл-негізді титрлеу, әдістің мәні, қолданылуы
- •7.1 Титрлеу әдісінің түрлері
- •7.2 Қышқыл-негізді титрлеу, әдістің мәні, қолданылуы
- •8 .1 Қышқыл-негіздік индикаторлар
- •8.2. Тамақ өнеркәсібінде техника-химиялық тексеруге қышқыл-негіздік титрлеуді қолдану
- •9.1. Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып титрлеу әдісі
- •9.2. Перманганатометрия, бихроматометрия, иодометрия
- •9.1. Тотығу-тотықсыздану реакциясын пайдаланып титрлеу әдісі
- •10.3 Комплексонометриялық титрлеу
- •11.1 Тұндыру тәсілімен титрлеу
- •11.2 Аргентометрия. Роданометрия
- •11.1 Тұндыру тәсілімен титрлеу
- •11.2 Аргентометрия. Роданометрия (тиоцианометрия )
- •Потенциометрия. Потенциометриялық титрлеу
- •Кондуктометриялық анализ
- •12.2 Кондуктометриялық анализ
- •13.1 Вольтамперометрия. Амперометриялық титрлеу
- •13.2 Кулонометриялық анализ
- •1)Түсті индикаторлар әдісі.
- •2)Потенциометриялық әдіс.
- •3)Амперометриялық әдіс.
- •14 .1 Абсорбционды спектроскопия.
- •14.2 Фотометриялық (спектрофотометриялық) титрлеу
- •15.1 Хроматография, негізгі түсініктері
- •15.2Хроматографиялық анализ
- •15.1 Хроматография, негізгі түсініктері
- •15.2 Хроматографиялық анализ
- •Сабақтың мақсаты: Гравиметрия әдісіндегі тұнбаға түсіру жағдайын, фильтрлеуді, үлгі алуды үйрену
- •Жұмысты орындау
- •Сабақтың мақсаты: Кептіргіш пеште жұмыс орындауды үйрену, бюксті тұрақты массаға келтіруді білу
- •Қышқыл–негіздік титрлеу, протолитометрия
- •§69 [Алексеев] ).
- •Жұмысты орындау
- •Натрий гидроксиді мен карбонатын бір ерітіндіден анықтау
- •Жұмысты орындау
- •Нанның қышқылдығын анықтау
- •Жұмысты орындау
- •Жұмысты орындау
- •Зертханалық жұмыс тотығу-тотықсыздану реакциясын қолданып титрлеу, редоксиметрия
- •Жұмысқа байланысты сұрақтар:
- •Жұмысты орындау
- •Жұмысқа байланысты сұрақтар
- •Тақырыпқа байланысты сұрақтар:
- •Хлорлы сутек қышқылын потенциометриялық титрлеу
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 12 бір негізді қышқылды кондуктометриялық анықтау зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Судың жалпы кермектігін анықтау
- •Әлсіз және күшті қышқыл қоспасын кондуктометриялық титрлеу.
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 13 мысты амперометриялық титрлеу Зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 14 ауыз суындағы темірді (ііі) роданидті комплекс түрінде фотометриялық әіспен анықтау зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
- •Кобальт (іі) ионының концентрациясын анықтау
- •Зертханалық сабақтың тақырыбы № 15
- •Тұнбалық хроматография әдісі арқылы элементтерді анықтау
- •Тұнбалық хроматография әдісімен никель иондарының концентрациясын анықтау
- •Химиялық зертханада жұмыс істеу ережелері және зертханалық жұмыстар есебін өткізу тәртібі
- •Лабараториялық жұмыс2
- •Лабараториялық жұмыс3
- •Лабараториялық жұмыс6
- •2. Берілген системадағы дисперсті фазанын тұнбаға
- •IV. Жұмыстың барысы:
- •V.Бақылау сұрақтары мен есептері.
Зертханалық жұмыс тотығу-тотықсыздану реакциясын қолданып титрлеу, редоксиметрия
Тақырыптың маңыздылығы : Тотығу-тотықсыздану титрлеу тәсілдері тотығу-тотықсыздану реакцияларына негізделген. Титрант ретінде тотықтырғыш немесе тотықсыздаңдырғыш болатын қосылыстардың ерітіндісі пайдаланылады, анықталатын қосылыс не тотықтырғыш, не тотықсыздаңдырғыш қасиет көрсетуі керек. Титрлеу барысында тотықтырғыш пен тотықсыздаңдырғыш арасындағы реакция нәтижесінде жүйенің потенциалы өзгереді, эквивалентті нүктеге жақындағанда секіріс болады. Редокс индикаторларды қолданып титрлеудің соңғы нүктесін дәл аңықтауға болады. Титрлеуге жұмсалған титранттың көлемін біле тұрып, анықталған компоненттің /не тотықтырғыш, не тотықсыздаңдырғыш / мөлшерін есептеуге болады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеуі титранттың табиғатына байланысты топтастырылады:
-перманганатометрия-титрантKMnO4 ерітіндісі;
-иодометрия-титрант I2 және Na2S2O3 ерітінділері;
-бихроматометрия-титрант К2Сr2O7 ;
-нитриметрия-титрант KNO2;
-броматометрия-титрант KВrO3;
-цериметрия-церий /1V/ тұздары ерітінділері т.б.
Индикаторды тирлеу қисықтарына және әрекеттесетін қосылыстардың тотығу-тотықсыздану потенциалдарына сүйеніп таңдайды.
Сандық анализде келесі шарттарды қанағаттандыратын тотығу-тотықсыздану реакциялары пайдаланылады:
1/ қайтымсыз және жанама процестер жүрмеуі тиіс;
2/химиялық реакцияның жылдамдығы жоғары, өнімдерінің құрамы тұрақты болуы қажет;
3/ эквивалентті нүкте анық (дәл) анықталуы қажет.
Анықтауда әртүрлі тәсілдерді қолданады /тура,кері,жанама / титрлеу.
Тотығу-тотықсыздану реакциясының ЭКҚ 0,4 В болғанда тура титрлеу тәсілін пайдаланады, себебі бұл жағдайда реакция қажетті жылдамдықпен және аяғына дейін жүреді. Тура титрлеу тәсілімен мысалға йод (титрант Na2S2O3 ерітіндісі), темір/II/ (титрант KMnO4 ерітіндісі) т.б. анықталады.
Кері тирлеу тәсілін баяу жүретін тотығу-тотықсыздану реакцияларында пайдаланады. Бұл жағдайда тирленетін ерітіндіге I-титрант қосып, біраз уақытқа қояды (реакция толық ,аяғына дейін жүру үшін). Содан соң әрекеттеспей артық қалған титрантты (I), II-титрантпен тирлейді. Бұл тәсіл көбіне тотықтырғыштар немесе тотықсыздандырғыштармен баяу әрекеттесетін органикалық қосылыстарды анықтау үшін пайдаланылады, мысалы салицил қышқылын броматометриялық әдіспен анықтау (I-титрант KВrO3, II-титрант-тиосульфат ерітіндісі).
Орынбасушы реагентпен тирлеу (жанама тәсіл) - анықталатын компонент орынбасушы реагенттің эквивалентті мөлшерін бөледі, қосымша реагентті белгілі титрантпен титрлейді. Бұл тәсіл бойынша көбіне өзі тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайтын компонентті анықтайды. Мысалы, Са 2+ (өзі тотығу-тотықсыздану реакциясына қатыспайды) оны СаС2О4 күйіңде тұнбаға түсіріп бөліп алып, ерітіп, ерітіндідегі Н2С2О4-ті KMnO4 ерітіндісімен титрлейді. Титрлеуге жұмсалған KMnO4 ерітіндісінің көлемі арқылы кальцийдің мөлшерін аңықтауға болады.
Тотығу-тотықсыздану титрлеу тәсілі әртүрлі факторларға байланысты: температураға (тотығу-тотықсыздану реакциясының жылдамдығы артады), рН-қа (оттекті тотықтырғыштар мен тотықсыздандырғыштарға қатысты), комплекс және тұнба түзуші реагенттерге. Осы факторларды өзгерте отырып, тотығу-тотықсыздану титрлеуімен анықталатын қосылыстардың санын арттыруға болады.
Зертханалық сабаққа әдістемелік нұсқаулар
Перманганатометрия. Калий перманганатының (КMnO4) нормальды концентрациясы мен титрін аммоний оксалаты не қымыздық қышқылы арқылы анықтау.
